«Евклидке түсініктеме», «Евклидтің 1-және 5-кітаптарының кіріспесіндегі қиын жерлеріне түсініктеме» – Әбу Наср әл-Фарабидің көрнекті шығармаларының бірі.
Евклид «Негіздерін» түсіндіруге, сынауға, кемелдендіруге арналған. Арабша түпнұсқасы табылмаған, көне еврей тіліндегі аудармасы бар. Мұнда геометрияның басты ұғымдарын негіздеу, баяндау мәселесі сөз болады. әл-Фарабидің анықтауы бойынша, геометриялық дене – физикалық дененің ең бірінші, бет – одан кейінгі, сызық – одан соңғы, ал нүкте – дененің ең жоғары абстракциясы. Осыған байланысты геометрияның нүкте, сызық, бет, дене сияқты бастапқы ұғымдарын баяндаудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі – ең әуелі түйсікке, сезімге жақын ұғымдардан бастап баяндау, екіншісі – ақылға жақын ұғымнан бастау. Ол бұл еңбегінде Аристотельдің көзқарасын дамыта отырып, нүктені сызықтан, сызықты беттен, ал бетті денеден бөліп алуға болмайды, математикалық ұғымдар ақиқат нәрсені түрліше дәрежеде абстракциялау жолымен шыққан деген қорытындыға келген. әл-Фараби Евклид «Негіздерінің» 1-және 5-кітаптарында келтірілген кейбір анықтамаларды сынға алады, түсіндіреді, түзетеді (мысалы, нүкте, түзу сызық, жазық бет, жазық бұрыш, үлес, бөлік қатынас, т.б.). «Евклидке түсініктеме» геометрияны негіздеу мәселелерімен шұғылданушы Шығыс математиктері мен философтарына үлкен әсер етті. Мысалы, Омар Һайям «Евклидке түсініктеме» әсерімен «Негіздердің» 1-кітабына түсініктеме жазып, түзулер теориясында үлкен жетістікке жеткен.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Evklidke tүsinikteme Evklidtin 1 zhәne 5 kitaptarynyn kirispesindegi kiyn zherlerine tүsinikteme Әbu Nasr әl Farabidin kornekti shygarmalarynyn biri Evklid Negizderin tүsindiruge synauga kemeldendiruge arnalgan Arabsha tүpnuskasy tabylmagan kone evrej tilindegi audarmasy bar Munda geometriyanyn basty ugymdaryn negizdeu bayandau mәselesi soz bolady әl Farabidin anyktauy bojynsha geometriyalyk dene fizikalyk denenin en birinshi bet odan kejingi syzyk odan songy al nүkte denenin en zhogary abstrakciyasy Osygan bajlanysty geometriyanyn nүkte syzyk bet dene siyakty bastapky ugymdaryn bayandaudyn eki zholy bar ekenin korsetti Onyn birinshisi en әueli tүjsikke sezimge zhakyn ugymdardan bastap bayandau ekinshisi akylga zhakyn ugymnan bastau Ol bul enbeginde Aristoteldin kozkarasyn damyta otyryp nүkteni syzyktan syzykty betten al betti deneden bolip aluga bolmajdy matematikalyk ugymdar akikat nәrseni tүrlishe dәrezhede abstrakciyalau zholymen shykkan degen korytyndyga kelgen әl Farabi Evklid Negizderinin 1 zhәne 5 kitaptarynda keltirilgen kejbir anyktamalardy synga alady tүsindiredi tүzetedi mysaly nүkte tүzu syzyk zhazyk bet zhazyk burysh үles bolik katynas t b Evklidke tүsinikteme geometriyany negizdeu mәselelerimen shugyldanushy Shygys matematikteri men filosoftaryna үlken әser etti Mysaly Omar Һajyam Evklidke tүsinikteme әserimen Negizderdin 1 kitabyna tүsinikteme zhazyp tүzuler teoriyasynda үlken zhetistikke zhetken Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet