Өмірбаяны
Шоң Едігеұлы, Шоң би (1754, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бұтағынан шыққан.
Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге бидің ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, қол астындағы халықты төрелердің билігіне қарсы ұйымдастырды. 18 ғасырдың 2-жартысында құба қалмақтардың беті қайтқаннан кейін Шоң би одан жүз жылдай бұрын өз ата-мекендерінен Орта Азияға қоныс аударуға мәжбүр болған Сүйіндіктен тарайтын Қаржас, Жанболды, Құлболды, Жолболды (Орманшы) ұрпақтарын “Төртуыл” одағына біріктіріп, Баянауыл өңіріне көшіріп әкелді. Бұл істі жүзеге асыруға оған Сәти би, Айдабол руының батыры Олжабай жәрдемдесті. Шоң би “Төртуылға” төбе би болып сайланған соң, төрелерді елден шындап ысырып шығару ісін қолға алды. Хан иемденген жайлауды тартып алу мақсатында бүкіл елін Нұра өзеннің бойына қоныстандырды. Бөкей төре Шоң би жасағына қарсы қол аттандырды. 1817 ж. маусым айында болған бұл шайқаста Шоң би жеңіп шығып, оның халық арасындағы беделі өсе түсті. 1822 ж. патша өкіметі бекіткен ереже бойынша Орта жүзде хандық жойылды. Оның орнына дуандар (округ) құрылып, оны төреден шыққан аға сұлтандар басқарды. Шоң би қарапайым халықтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан атанған тұңғыш би. Шоң би шәкірттерінің ішіндегі ең белгілісі – Шорман Күшікұлы болды. Шоң би жөніндегі жазба деректер Ресей архивтерінде көп кездеседі. Ол жөніндегі халық арасына тараған аңыз-әңгімелер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде жан-жақты айтылады. Жазушы І.Исабай осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп “Шоң би”, “Серт” атты кітаптар жазды. Павлодар қаласындағы көшелердің біріне Шоң би есімі берілген. Шоңның мәйіті Түркістан қаласына апарып жерленген. Шоң бидің ататегі қазақ шежіресінде былай таратылады. Арғын, оның ішінде Мейрамсопыдан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар). Сүйіндіктен Қаржас, Жанболды, Қүлболды, Жолболды (Орманшы) (бұл төрт ауыл аталарын ел "Төртұлы" (Төртуыл) деп атаған екен). Құлболдыдан Айдабол би, одан Жанқозы, одан Төлебай, одан Едіге би. Едіге биден ағайынды Шоң, Торайғыр билер туған.Айдаболдан Жанқозы, Малқозы,Кенжеқозы, Аққозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер), Қожагелді аталарын таратады.
Арық бимен болған оқиға
Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты: -Ар0аның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле? Сонда Арық би: -Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой, - депті. Шоң би басқа сөзге келмей, жанындагы жігіттерге қарап: -Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын беріңдер, - деп билікті көп созбай тындыра салыпты. Елдің айтуына Қарағанды Шоң би дінсіз де, діншіл де болмаған көрінеді. Керек жерінде дәрет алып, намазға да тұрған, дұға да оқыған. Ал, ел ісінің қауырт та көптігінен ол шарттардың бірін де істемеген кездері болған сияқты. Шоң бидің осы мінезін білетін қожа, молдалар оған көбінесе үйір бола бермеген. Ал, үйір болған күнде, оған әрқилы сұрақтар беріп, сүріндірмек те болыпты. Бір жолы оған Сәлі деген молда барып үйінде қонақ болып отырады. Дастарқан үстінде әртүрлі әңгіме сұрақ болатын әдет қой. Әлгі молда биге мынадай сұрақ беріпті, оған Шоң былай жауап беріп отырыпты: -Еркектің бақытты болмағы неден? -Әйелден. -Еркектің бақытсыз болмағы неден? -Әйелден. -Еркектің өрісі неден? -Әйелден. Еркектің көрісі неден? -Әйелден. -Еркектің абыройы неден? -Әйелден. -Еркектің абыройсызы неден? -Әйелден. Сөлі молда сәл сабыр етіпті де, енді мынадай сұрақ беріпті: Акылға кең, тілге шешен Шоң би оның сүрағына лайықты қысқаша бірыңғай жауап беріп отырыпты: -Әйелдің адал болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің надан болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің үй болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің би болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің күң болмағы неден? -Еркектен.
-Әйелдің сымбатты болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің қымбатты болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің базарлы болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің ақылды болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің бақылды болмағы неден? -Еркектен. Осы жерге келгенде шамасы Сәлі молданың терме сөзі ада болса керек. -Сізге дауа жоқ екен? - депті. -Сұрағыңызға қарай жауап, өзіңізге де сауап, - депті Шоң би. -"Әйелден, әйелден", "еркектен, еркектен", - дей бересіз. Түсіндіріп, таратып айтпайсыз ба, бүл бір-бір ауыз сөзіңізге кім түсінеді? Мәселенкі "жақсы мынадай болады" деп оған дәлел келтірмейсіз бе? - депті молда. Сонда Шоң би:Ей, молдеке, - депті. - "Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын" дегендей, ол сұрақтарыңызға жеке-жеке тоқталып, дәлелдер келтіріп, ұзақ-сонар әңгіме ете берсем, таң атып, күн шықпайды. Ел жататын уақыт болды, жатпайсыз ба, таңғы нәсіп тәңірден деген. Мен ертелеп жол жүруім керек, солай молдеке, әзірше сол қысқа жауапты қанағат етіп аттана тұрасыз да. Төрелер қазақ руларын өзара бөліп алып билеген. Ал төресі жоқ рудың қоғамдық істерге араласуға, белгілі бір қоғамдық мәселе жайында өз шешімін, пікірін айтуға құқы бола бермеген. Бұл кара халықты үстем тапқа кіріптар етіп ұстаудың бірден-бір жолы еді. Сондыктан да ондай рулардың билері хан тұқымынан төре сұрап жүрген. Мысалы Ахмет Байтұрсынов Қаракесек руының Шор деген биінің 1748 жылы "еліме хан қоямын" деп Барақтан 14 жасар Бөкей деген баласын сұрап әкелгенін айтады. Ресей үкіметінің Орта жүз қазақтары үшін 1822 жылы шығарған жарлығы бойынша Қарқаралыда тұңғыш ашылған (1824 жылы) сыртқы округқа Қаракесектің әр руын - Шаншарды Тама төре, Алтайды Түгім төре, Шордан тараған үш тармақтың әркайсысын Тәуке, Әбілғазы, Батыр төрелер, Әлтеке- Сарымды, Ғазы төре, Әлтөбетті Әбілмәмбет төре, Қарсен Керейді Құдайменді төре, Қояншы Тағайды Шаңқай төре, Тобықтыны Бірелі төре, Бура найманды Әли төре, Керейді Жәңгір (Бөкейдің немересі) төре басқарып келген екен. ...Айдаболдың Едігесі дүние салған кезде қазақ елінің ішкі әлеуметтік- саяси жағдайы осындай еді. Ал әкесінің билік таяғы қолына тиген Шоң мұндай әділетсіздікке немкұрайды қарай алмады. Ол бірден ел арасынан төрелерді қуу саясатын ұстанды. Бұған көнгісі келмеген төрелер халықты оған қарсы қою мақсатында Шоң жөнінде неше түрлі лақап-өсек таратты. Шоң өз кезегінде халықтан айрылып қалмау үшін ата-баба дәстурін жаңыртуға дейін барды. 1730 жылы құба қалмақтың беті қайтқаннан кейін сонау Орта Азиядан Арқаға карай қоныс аударуға бел байлағанда елдің басын қосып, күш жинау үшін Қаржас биі Сәти, Айдабол батыры Олжабай, Сүйіндіктен тараған Қаржас, Құлболды, Жанболды, Орманшы ұрпақтары "Төртұлы" деген одаққа косылып (басқа рулар да кірген) Жоңғар басқыншылығы тегеурінінен жүз жыл бұрын тастап кетуге мөжбүр болған Баянауыл өңіріне кайтып келеді. Міне, Шоңның төрелермен шайқаста күш алу үшін, яғни халықты төңірегінен шығармау үшін жаңғыртқан "Төртұлы" одағы осы еді. Ата дәстүрі қайта бас көтеріп, халық Шоңды "Төртұлыға" төбе би қылып сайлап алғаннан кейін төрелерді елден енді шындап қуа бастайды... Шоң балашағасымен қыруар ауыл болып барып, Бөкейдің жылдағы жаулауы Нұра бойын түгел алып алады. Енді Бөкей атқа қонады. Төрт жүздей Қаракесек жігітгерін сойыл-шоқпармен қаруландырып Нұраға карай жібереді. Мақсат белгілі - Шоңды жайлаудан қуып шығу. Осы тұста Жаңа- батыр баласы Жанақ ақынның (1768-1850) халықты хан қолына беруге шақырған өлеңі еске түседі. Бөкей сұмдық бастады,Қаракесек, Қуандық, Ел ішіне от тастады.Жақынын жау деп таныпты. Қаракесек бауырмен,Біз де карап жатпайық, Араны отыр ашқалы...Жинайык барша халықты, Қаракесек, Қуандық,Егізім деп жүргендер, Сүйіндікке жауықты.Сүйіндік жау деп шауыпты. Ыкыласы олардың,Қамданайы, Шоң аға, Төрелерге ауыпты.Келетін жау қауіпті. Ханның жайлауын басып алу жайлы қимылға барған Шоң да, Жанақ айтқандай, камсыз болмайтын... Халық аузында калған Шоң мен Бөкейдің Нұра соғысы 1817 жылдың маусым айында болады. Сойыл-шоқпар соғылады, бас жарылып, көз шығады, адам майып болады... Сонда да бұл соғыста Шоң жеңіп, халық алдында мәртебесі көтеріліп қалады. Сөйтіп Шоң қарапайым қазақтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан болған тұңғыш би. Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның Мұсасының, Өскенбайдың Құнанбайының, Жайнақтың Ыбырайының, Зілқараның Мұсатының, Естенестің Есенейінің әр кезде әр округқа аға сұлтан болып сайланғаны тарихтан белгілі. Торайғыр мен Шоң ағайынды кісілер екен. Бірде екеуі катты араздасып калады да, ағасына өкпелген Шоң Бағаналы (Құлнияз) Бабырға көшеді. Татуластырмақ болып басу айтқан ел жақсыларының сөзін тыңдамайды. Шоңның көші жаңа ғана шығып бара жатқанда, қозысын суға кұлатқан сол ауылдың бір қозышы баласы кездескен біреуден "ана топ кімдер, ана көш кімнің көші" деп сұрайды. Әлгі кісі мән-жайды түсіндіреді. "Анау елден кетіп бара жатқан Шоңның көші, мыналар соңынан ере алмай, киып кете алмай тұрған туғандары дейді. Осыны естіген бала таймен шапқылап отырып, көштің алдын орайды да көш бастап бара жатқан Шоңға сәлем береді. - Ассалаумагалейкум, ата, жол болсын. Қайда көшіп барасыз? - дейді. Қасқая қарап, аталап, сәлем берген баланы елеп, Шоң тоқтап жөнін айтады. Сонда бала: - Е, мұнан барсан барасын, Батан алы Бабырға. Өзіне жейтін бас болса, Сыбағаңа тартылар. Бір сындырғы қабырға, Ат пен жігітің сай болса, Барымтасына жарарсың. Қызың сұлу, тазың алғыр болса, Бозбаласына жағарсың. Ел көшкенде, сен түндігңе қарарсың. Мұндағы Торайғыр, Шоң деген, Аттан бір айырылып қаларсың, - дейді. Шоң ойланып тұрып қалады. "Не істейміз?" - деп соңына ерген ел жақсыларынан сұрайды. -Е, не істеуші ек, алға тартамыз да. Елдің бүкіл жақсысы мен жайсаңы жалынтанда тоқтамағанда, енді бір қаршадай бала айтты деп жолдан қайту ұят емес пе? - дейді. -Жоқ, олар осы баланын сөзін тауып айтса қайда қалыпты. Мен кімнен жеңілсем, соны мойындаймын, көштің бетін елге бұрыңдар, - деп Шоң райдан қайтқандығын білдірген көрінеді. -Алда, ерім-ай, енді қайтсін. Дұрыс-ақ-ау. Шоңның шоңдығын танытар мінез ғой бұл, - депті қасындағы кісілер. Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғалып, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрган бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң: -Уа, кімсің? - дейді. -Кереймін, - дейді Нұрбай. -Керей болсаң атың кім? -Атым Нұрбай. -Нұрбай қарақшы сен бе едің? -Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде калқайып жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді, - дейді Нұрбай батыр. -Жол болсын, неғып жүрсің? - дейді Шоң. -Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін. -Сенің атын Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар, - дейді Шоң. -Бәрекелді өзім де сізді анығын айтар деп едім. Әділін айттыңыз, - дейді Нұрбай. -Қалжыңға түсінбейсің бе, - дейді Шоң. Нұрбай: -"Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас" деген сөз бар. Әділ би болсаң малымды қайтар. Шоң би олардың малын қайтарып береді.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2010. - 576 б. ISBN 9965-26-175-X
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Исабай І., Шоң би, Жазушы, А., 1993
- Исабаев І., Серт, А., 1991.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
ӨmirbayanyShon Edigeuly Shon bi 1754 kazirgi Pavlodar oblysy Bayanauyl audany 1836 sonda tobe bi aga sultan Argyn tajpasy Sүjindik ruy Ajdabol butagynan shykkan Shon Bi Edigeuly 1764 1836 Orta zhүzdin atakty bii Қazak dalasynda handyk bilikti zhoyu maksatynda 1816 zh Tort uly Tortuyl odagyn zhangyrtady Odakka kirgen rulardyn bileri Sh b di bir auyzdan Tobe bi dep tanidy 1833 1836 zhyldary Bayanauyl syrtky okruginin aga sultany bolgan A Yanushkevich ozinin 1946 zh Parizhde shygargan Dnevniki i pisma degen enbeginde Shon bi үlken adam bolgan Ol halykty akylmen әdildikpen baskara bilgen dep zhazgan Tүrkistan kalasyndagy Қozha Ahmet Jassaui kesenesinde zherlengen Argyn tajpasynyn Ajdabol ruynan shykkan Abylaj han ordasyndagy biler kenesinin bedeldi mүshesi Edige bidin uly Әkesi kajtys bolgannan kejin bilikke kelip kol astyndagy halykty torelerdin biligine karsy ujymdastyrdy 18 gasyrdyn 2 zhartysynda kuba kalmaktardyn beti kajtkannan kejin Shon bi odan zhүz zhyldaj buryn oz ata mekenderinen Orta Aziyaga konys audaruga mәzhbүr bolgan Sүjindikten tarajtyn Қarzhas Zhanboldy Қulboldy Zholboldy Ormanshy urpaktaryn Tortuyl odagyna biriktirip Bayanauyl onirine koshirip әkeldi Bul isti zhүzege asyruga ogan Sәti bi Ajdabol ruynyn batyry Olzhabaj zhәrdemdesti Shon bi Tortuylga tobe bi bolyp sajlangan son torelerdi elden shyndap ysyryp shygaru isin kolga aldy Han iemdengen zhajlaudy tartyp alu maksatynda bүkil elin Nura ozennin bojyna konystandyrdy Bokej tore Shon bi zhasagyna karsy kol attandyrdy 1817 zh mausym ajynda bolgan bul shajkasta Shon bi zhenip shygyp onyn halyk arasyndagy bedeli ose tүsti 1822 zh patsha okimeti bekitken erezhe bojynsha Orta zhүzde handyk zhojyldy Onyn ornyna duandar okrug kurylyp ony toreden shykkan aga sultandar baskardy Shon bi karapajym halyktyn da el baskara alatynyn dәleldep patsha bekitken zhargyny buzdyryp aga sultan atangan tungysh bi Shon bi shәkirtterinin ishindegi en belgilisi Shorman Kүshikuly boldy Shon bi zhonindegi zhazba derekter Resej arhivterinde kop kezdesedi Ol zhonindegi halyk arasyna taragan anyz әngimeler Mәshһүr Zhүsip Kopejulynyn shezhiresinde zhan zhakty ajtylady Zhazushy I Isabaj osy takyrypta zertteuler zhүrgizip Shon bi Sert atty kitaptar zhazdy Pavlodar kalasyndagy koshelerdin birine Shon bi esimi berilgen Shonnyn mәjiti Tүrkistan kalasyna aparyp zherlengen Shon bidin atategi kazak shezhiresinde bylaj taratylady Argyn onyn ishinde Mejramsopydan Қuandyk Sүjindik Begendik Shegendik Қarakesek Bolatkozha Shubyrtpaly Қambar Sүjindikten Қarzhas Zhanboldy Қүlboldy Zholboldy Ormanshy bul tort auyl atalaryn el Tortuly Tortuyl dep atagan eken Қulboldydan Ajdabol bi odan Zhankozy odan Tolebaj odan Edige bi Edige biden agajyndy Shon Torajgyr biler tugan Ajdaboldan Zhankozy Malkozy Kenzhekozy Akkozy Қarakozy Bozkozy Tajkeltir Қoszheter Қosheter Қozhageldi atalaryn taratady Aryk bimen bolgan okigaToka ishinde Altaj elinin urylary korshi auyldyn malyn ajdap әketipti Eki el arasynda dau shygypty Bilik bitimge Atygaj Aryk bi men Toka Shon bi shygypty Shon bi iri deneli nasat kisi bolsa kerek te Aryk bi kishkene gana azharsyz adam eken Shon soz bastapty Ar0anyn Aryk bii saparyn on bolsyn Elin de ozin de zhүdep shykkan ekensin sojle Sonda Aryk bi Әlej bolsyn Akku kustyn toresi zheke zhүrip ottamas Asyl erdin zhaksysy buralky sozdi buttamas Men aryk bolsam elimnin zhogyn zhoktap zhүrgen bolarmyn Өlendi zherde ogiz semiz uryly zherde bi semiz degen Sizdin semiz bolatyn retiniz bar goj depti Shon bi baska sozge kelmej zhanyndagy zhigitterge karap Myna Aryk bidin malyn berinder malyna kosa zholyn berinder dep bilikti kop sozbaj tyndyra salypty Eldin ajtuyna Қaragandy Shon bi dinsiz de dinshil de bolmagan korinedi Kerek zherinde dәret alyp namazga da turgan duga da okygan Al el isinin kauyrt ta koptiginen ol sharttardyn birin de istemegen kezderi bolgan siyakty Shon bidin osy minezin biletin kozha moldalar ogan kobinese үjir bola bermegen Al үjir bolgan kүnde ogan әrkily suraktar berip sүrindirmek te bolypty Bir zholy ogan Sәli degen molda baryp үjinde konak bolyp otyrady Dastarkan үstinde әrtүrli әngime surak bolatyn әdet koj Әlgi molda bige mynadaj surak beripti ogan Shon bylaj zhauap berip otyrypty Erkektin bakytty bolmagy neden Әjelden Erkektin bakytsyz bolmagy neden Әjelden Erkektin orisi neden Әjelden Erkektin korisi neden Әjelden Erkektin abyrojy neden Әjelden Erkektin abyrojsyzy neden Әjelden Soli molda sәl sabyr etipti de endi mynadaj surak beripti Akylga ken tilge sheshen Shon bi onyn sүragyna lajykty kyskasha biryngaj zhauap berip otyrypty Әjeldin adal bolmagy neden Erkekten Әjeldin nadan bolmagy neden Erkekten Әjeldin үj bolmagy neden Erkekten Әjeldin bi bolmagy neden Erkekten Әjeldin kүn bolmagy neden Erkekten Әjeldin symbatty bolmagy neden Erkekten Әjeldin kymbatty bolmagy neden Erkekten Әjeldin bazarly bolmagy neden Erkekten Әjeldin akyldy bolmagy neden Erkekten Әjeldin bakyldy bolmagy neden Erkekten Osy zherge kelgende shamasy Sәli moldanyn terme sozi ada bolsa kerek Sizge daua zhok eken depti Suragynyzga karaj zhauap ozinizge de sauap depti Shon bi Әjelden әjelden erkekten erkekten dej beresiz Tүsindirip taratyp ajtpajsyz ba bүl bir bir auyz sozinizge kim tүsinedi Mәselenki zhaksy mynadaj bolady dep ogan dәlel keltirmejsiz be depti molda Sonda Shon bi Ej moldeke depti Kop soz komir az soz altyn degendej ol suraktarynyzga zheke zheke toktalyp dәlelder keltirip uzak sonar әngime ete bersem tan atyp kүn shykpajdy El zhatatyn uakyt boldy zhatpajsyz ba tangy nәsip tәnirden degen Men ertelep zhol zhүruim kerek solaj moldeke әzirshe sol kyska zhauapty kanagat etip attana turasyz da Toreler kazak rularyn ozara bolip alyp bilegen Al toresi zhok rudyn kogamdyk isterge aralasuga belgili bir kogamdyk mәsele zhajynda oz sheshimin pikirin ajtuga kuky bola bermegen Bul kara halykty үstem tapka kiriptar etip ustaudyn birden bir zholy edi Sondyktan da ondaj rulardyn bileri han tukymynan tore surap zhүrgen Mysaly Ahmet Bajtursynov Қarakesek ruynyn Shor degen biinin 1748 zhyly elime han koyamyn dep Baraktan 14 zhasar Bokej degen balasyn surap әkelgenin ajtady Resej үkimetinin Orta zhүz kazaktary үshin 1822 zhyly shygargan zharlygy bojynsha Қarkaralyda tungysh ashylgan 1824 zhyly syrtky okrugka Қarakesektin әr ruyn Shanshardy Tama tore Altajdy Tүgim tore Shordan taragan үsh tarmaktyn әrkajsysyn Tәuke Әbilgazy Batyr toreler Әlteke Sarymdy Ғazy tore Әltobetti Әbilmәmbet tore Қarsen Kerejdi Қudajmendi tore Қoyanshy Tagajdy Shankaj tore Tobyktyny Bireli tore Bura najmandy Әli tore Kerejdi Zhәngir Bokejdin nemeresi tore baskaryp kelgen eken Ajdaboldyn Edigesi dүnie salgan kezde kazak elinin ishki әleumettik sayasi zhagdajy osyndaj edi Al әkesinin bilik tayagy kolyna tigen Shon mundaj әdiletsizdikke nemkurajdy karaj almady Ol birden el arasynan torelerdi kuu sayasatyn ustandy Bugan kongisi kelmegen toreler halykty ogan karsy koyu maksatynda Shon zhoninde neshe tүrli lakap osek taratty Shon oz kezeginde halyktan ajrylyp kalmau үshin ata baba dәsturin zhanyrtuga dejin bardy 1730 zhyly kuba kalmaktyn beti kajtkannan kejin sonau Orta Aziyadan Arkaga karaj konys audaruga bel bajlaganda eldin basyn kosyp kүsh zhinau үshin Қarzhas bii Sәti Ajdabol batyry Olzhabaj Sүjindikten taragan Қarzhas Қulboldy Zhanboldy Ormanshy urpaktary Tortuly degen odakka kosylyp baska rular da kirgen Zhongar baskynshylygy tegeurininen zhүz zhyl buryn tastap ketuge mozhbүr bolgan Bayanauyl onirine kajtyp keledi Mine Shonnyn torelermen shajkasta kүsh alu үshin yagni halykty tonireginen shygarmau үshin zhangyrtkan Tortuly odagy osy edi Ata dәstүri kajta bas koterip halyk Shondy Tortulyga tobe bi kylyp sajlap algannan kejin torelerdi elden endi shyndap kua bastajdy Shon balashagasymen kyruar auyl bolyp baryp Bokejdin zhyldagy zhaulauy Nura bojyn tүgel alyp alady Endi Bokej atka konady Tort zhүzdej Қarakesek zhigitgerin sojyl shokparmen karulandyryp Nuraga karaj zhiberedi Maksat belgili Shondy zhajlaudan kuyp shygu Osy tusta Zhana batyr balasy Zhanak akynnyn 1768 1850 halykty han kolyna beruge shakyrgan oleni eske tүsedi Bokej sumdyk bastady Қarakesek Қuandyk El ishine ot tastady Zhakynyn zhau dep tanypty Қarakesek bauyrmen Biz de karap zhatpajyk Arany otyr ashkaly Zhinajyk barsha halykty Қarakesek Қuandyk Egizim dep zhүrgender Sүjindikke zhauykty Sүjindik zhau dep shauypty Ykylasy olardyn Қamdanajy Shon aga Torelerge auypty Keletin zhau kauipti Hannyn zhajlauyn basyp alu zhajly kimylga bargan Shon da Zhanak ajtkandaj kamsyz bolmajtyn Halyk auzynda kalgan Shon men Bokejdin Nura sogysy 1817 zhyldyn mausym ajynda bolady Sojyl shokpar sogylady bas zharylyp koz shygady adam majyp bolady Sonda da bul sogysta Shon zhenip halyk aldynda mәrtebesi koterilip kalady Sojtip Shon karapajym kazaktyn da el baskara alatynyn dәleldep patsha bekitken zhargyny buzdyryp aga sultan bolgan tungysh bi Sodan kejin Shon salgan izben Shormannyn Musasynyn Өskenbajdyn Қunanbajynyn Zhajnaktyn Ybyrajynyn Zilkaranyn Musatynyn Estenestin Esenejinin әr kezde әr okrugka aga sultan bolyp sajlangany tarihtan belgili Torajgyr men Shon agajyndy kisiler eken Birde ekeui katty arazdasyp kalady da agasyna okpelgen Shon Baganaly Қulniyaz Babyrga koshedi Tatulastyrmak bolyp basu ajtkan el zhaksylarynyn sozin tyndamajdy Shonnyn koshi zhana gana shygyp bara zhatkanda kozysyn suga kulatkan sol auyldyn bir kozyshy balasy kezdesken bireuden ana top kimder ana kosh kimnin koshi dep surajdy Әlgi kisi mәn zhajdy tүsindiredi Anau elden ketip bara zhatkan Shonnyn koshi mynalar sonynan ere almaj kiyp kete almaj turgan tugandary dejdi Osyny estigen bala tajmen shapkylap otyryp koshtin aldyn orajdy da kosh bastap bara zhatkan Shonga sәlem beredi Assalaumagalejkum ata zhol bolsyn Қajda koship barasyz dejdi Қaskaya karap atalap sәlem bergen balany elep Shon toktap zhonin ajtady Sonda bala E munan barsan barasyn Batan aly Babyrga Өzine zhejtin bas bolsa Sybagana tartylar Bir syndyrgy kabyrga At pen zhigitin saj bolsa Barymtasyna zhararsyn Қyzyn sulu tazyn algyr bolsa Bozbalasyna zhagarsyn El koshkende sen tүndigne kararsyn Mundagy Torajgyr Shon degen Attan bir ajyrylyp kalarsyn dejdi Shon ojlanyp turyp kalady Ne istejmiz dep sonyna ergen el zhaksylarynan surajdy E ne isteushi ek alga tartamyz da Eldin bүkil zhaksysy men zhajsany zhalyntanda toktamaganda endi bir karshadaj bala ajtty dep zholdan kajtu uyat emes pe dejdi Zhok olar osy balanyn sozin tauyp ajtsa kajda kalypty Men kimnen zhenilsem sony mojyndajmyn koshtin betin elge buryndar dep Shon rajdan kajtkandygyn bildirgen korinedi Alda erim aj endi kajtsin Durys ak au Shonnyn shondygyn tanytar minez goj bul depti kasyndagy kisiler Nurbaj batyr sozge de sheber adam eken Bir kүni biraz mal zhogalyp tүn katyp izdep zhүrip tanerten erte zhurt turmaj bir auylga keledi Қotannyn shetinde turgan bir adamga kelse Shon eken Amandaskannan kejin Shon Ua kimsin dejdi Kerejmin dejdi Nurbaj Kerej bolsan atyn kim Atym Nurbaj Nurbaj karakshy sen be edin Sizdin el kandaj kisini karakshy dejtinin kajdan bilejin bizdin el kotannyn shetinde kalkajyp zhalgyz turgandy karakshy dejtin edi dejdi Nurbaj batyr Zhol bolsyn negyp zhүrsin dejdi Shon On bes shamaly zhylky aldyryp sony izdep zhүrmin Senin atyn Nurbaj bolsa bүgin aldyrgan zhylkyn on bes bolsa erten otyz bolar dejdi Shon Bәrekeldi ozim de sizdi anygyn ajtar dep edim Әdilin ajttynyz dejdi Nurbaj Қalzhynga tүsinbejsin be dejdi Shon Nurbaj Ұly bi kalzhyn bolmas әdil bi mylzhyn bolmas degen soz bar Әdil bi bolsan malymdy kajtar Shon bi olardyn malyn kajtaryp beredi DerekkozderҚazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna LTD ZhShS 2010 576 b ISBN 9965 26 175 X Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Isabaj I Shon bi Zhazushy A 1993 Isabaev I Sert A 1991 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet