Қайнау – сұйықтықтың тұтас көлемінде бу көпіршіктерінің пайда болып, олардың сұйық бетіне шығып буға айналуы (1-текті фазалық ауысу). Сұйықтықты қыздырған кезде оның ішіндегі көпіршіктерінің көлемі ұлғайып, біртіндеп жоғары қалқып шығып жарылады да, ол сұйық бетіндегі бу фазасына айналады. Сұйықтық бетіндегі будың қысымы сыртқы қысымға теңелгенде қайнау процесі басталады. Сұйықтықтың үнемі қайнап тұруы үшін оған қажетті жылу берілуі тиіс, ол бу фазасы көлемінің ұлғаюы кезінде – бу түзілуі мен будың сыртқы қысымға қарсы жұмысына жұмсалады. Тұрақты қысым жағдайындағы сұйықтықтың қайнауы жүретін температура – қайнау температурасы (Тқ) деп аталады. Қысымның артуымен Тқ жоғарылайды (қ. Клапейрон - Клаузиус теңдеуі). Қайнаудың шектік температурасы заттың кризистік температурасы болып табылады. Химиялық таза заттың атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы – оның негізгі физикалық-химиялық сипаттамаларының бірі. Сұйықтық құрамындағы әр түрлі өте майда қатты бөлшектер немесе газ көпіршіктері қайнау орталығы деп аталады. Қайнау орталығы (ұрығы) жоқ, яғни алдын-ала бөгде қоспалардан және еріген газ бөлшектерінен мұқият тазартылған сұйықтықты қатты қыздырмай, яғни қайнатпай-ақ оның температурасын Тқ-нан арттыруға болады. Қатты қыздырылған сұйықтық қайнаған кезде қайнау процесі қауырт өтіп, жарылысқа ұқсас дыбыс шығарады да, оның темп-расы өзімен тепе-теңдікте тұрған қаныққан будың темп-расына дейін суынады. Сұйықтықта пайда болған көпіршік көлемінің артуы үшін оның ішіндегі будың қысымы сыртқы қысым (көпіршіктен жоғары орналасқан сұйық қабаттарының қысымы мен көпіршік бетінің қисықтығына тәуелді болатын капиллярлық қысымның) қосындысынан артық болуы тиіс. Бұл шарт бу мен жылулық тепе-теңдікте тұрған сұйықтықтың темп-расы Тқ-нан артық болғанда ғана жүзеге асады. Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін қайнаудың бұл түрін көпіршікті қайнау деп атайды. Мұндай қайнау кезінде қыздырылған беттің темп-расы қайнау темп-расынан аздап жоғары (Т=Т–Тқ) болады да, қыздырылған беттің темп-расын арттырғанда (Т-ны өсіргенде) бу түзілу орталықтары күрт өседі; олардан бөлініп шыққан көпіршіктер сұйықтық бетіне қалқып шығады да, сұйықтық қабаттары қауырт араласа бастайды. Бұл кезде қыздырылған беттен қайнайтын сұйықтыққа қарай бағытталған жылу ағыны едәуір артады. Жылу бергіштік коэфф. q/ арқылы өрнектеледі, мұндағы q – қыздырылған беттегі жылу ағынының тығыздығы (суретті қ.). Жылу ағынының (q-дың) шамасы ең үлкен (кризистік) мәніне жеткенде (Т–Тқ25–30С кезіндегі қайнап жатқан су үшін 1500 кВт/м2) Қайнаудың екінші кезеңі – ауыспалы қайнау басталады. Бұл кезде бу көпіршіктерінің бір-бірімен қауырт бірігуі нәтижесінде, қыздырылған беттің біраз бөлігі құрғақ дақтармен жабылады. Сұйықтыққа қарағанда будың жылу өткізгіштігі аз болғандықтан, буланудың жылдамдығы мен жылу бергіштігі (q мен ) күрт азайып, кризистік қайнау басталады. Қыздырылған бет жұқа бу қабыршағымен түгел қапталғанда үшінші – қабыршақты қайнау кезеңіне өтеді. Бұл кезде жылу қатты қызған беттен сұйықтыққа осы бу қабыршағы арқылы (жылу өткізгіштік және сәуле шығару жолымен) беріледі. қайнау бір кезеңнен екінші кезеңге ауысқандағы, q-дің өзгеру сипаты суретте көрсетілген. Қайнаудың осы үш кезеңін де кері бағытта байқауға болады; мысалы, қатты қызған металл шомбал денені суға салып шынықтыру кезінде: алдымен су қайнайды, бұл кезде дене баяу суынады (қабыршақты қайнау), онан кейін суыну жылдамдығы арта бастайды (ауыспалы қайнау) да, соңғы суыну сатысында көпіршікті қайнау ең үлкен мәніне жетеді. Көпіршікті қайнау кезінде жылу бөліп алу, суытудың ең тиімді тәсілі болып саналады. Бұл тәсіл мен реактивтік қозғалтқыштарды салқындатуда қолданылады. Қайнау процестері химиялық технологияда, тамақ өнеркәсібінде, сұйытылған газдарды өндіруде, электрондық құралдардың тетіктерін салқындатуда, т.б. ғылым мен өнеркәсіп салаларында кеңінен пайдаланылады.
Пайдаланған әдебиет
- С.Асанов мақалысы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қajnau sujyktyktyn tutas koleminde bu kopirshikterinin pajda bolyp olardyn sujyk betine shygyp buga ajnaluy 1 tekti fazalyk auysu Sujyktykty kyzdyrgan kezde onyn ishindegi kopirshikterinin kolemi ulgajyp birtindep zhogary kalkyp shygyp zharylady da ol sujyk betindegi bu fazasyna ajnalady Sujyktyk betindegi budyn kysymy syrtky kysymga tenelgende kajnau procesi bastalady Sujyktyktyn үnemi kajnap turuy үshin ogan kazhetti zhylu berilui tiis ol bu fazasy koleminin ulgayuy kezinde bu tүzilui men budyn syrtky kysymga karsy zhumysyna zhumsalady Turakty kysym zhagdajyndagy sujyktyktyn kajnauy zhүretin temperatura kajnau temperaturasy Tk dep atalady Қysymnyn artuymen Tk zhogarylajdy k Klapejron Klauzius tendeui Қajnaudyn shektik temperaturasy zattyn krizistik temperaturasy bolyp tabylady Himiyalyk taza zattyn atmosferalyk kysymdagy kajnau temperaturasy onyn negizgi fizikalyk himiyalyk sipattamalarynyn biri Sujyktyk kuramyndagy әr tүrli ote majda katty bolshekter nemese gaz kopirshikteri kajnau ortalygy dep atalady Қajnau ortalygy urygy zhok yagni aldyn ala bogde kospalardan zhәne erigen gaz bolshekterinen mukiyat tazartylgan sujyktykty katty kyzdyrmaj yagni kajnatpaj ak onyn temperaturasyn Tk nan arttyruga bolady Қatty kyzdyrylgan sujyktyk kajnagan kezde kajnau procesi kauyrt otip zharylyska uksas dybys shygarady da onyn temp rasy ozimen tepe tendikte turgan kanykkan budyn temp rasyna dejin suynady Sujyktykta pajda bolgan kopirshik koleminin artuy үshin onyn ishindegi budyn kysymy syrtky kysym kopirshikten zhogary ornalaskan sujyk kabattarynyn kysymy men kopirshik betinin kisyktygyna tәueldi bolatyn kapillyarlyk kysymnyn kosyndysynan artyk boluy tiis Bul shart bu men zhylulyk tepe tendikte turgan sujyktyktyn temp rasy Tk nan artyk bolganda gana zhүzege asady Kүndelikti turmysta zhii kezdesetin kajnaudyn bul tүrin kopirshikti kajnau dep atajdy Mundaj kajnau kezinde kyzdyrylgan bettin temp rasy kajnau temp rasynan azdap zhogary T T Tk bolady da kyzdyrylgan bettin temp rasyn arttyrganda T ny osirgende bu tүzilu ortalyktary kүrt osedi olardan bolinip shykkan kopirshikter sujyktyk betine kalkyp shygady da sujyktyk kabattary kauyrt aralasa bastajdy Bul kezde kyzdyrylgan betten kajnajtyn sujyktykka karaj bagyttalgan zhylu agyny edәuir artady Zhylu bergishtik koeff q arkyly ornekteledi mundagy q kyzdyrylgan bettegi zhylu agynynyn tygyzdygy suretti k Zhylu agynynyn q dyn shamasy en үlken krizistik mәnine zhetkende T Tk 25 30 S kezindegi kajnap zhatkan su үshin 1500 kVt m2 Қajnaudyn ekinshi kezeni auyspaly kajnau bastalady Bul kezde bu kopirshikterinin bir birimen kauyrt birigui nәtizhesinde kyzdyrylgan bettin biraz boligi kurgak daktarmen zhabylady Sujyktykka karaganda budyn zhylu otkizgishtigi az bolgandyktan bulanudyn zhyldamdygy men zhylu bergishtigi q men kүrt azajyp krizistik kajnau bastalady Қyzdyrylgan bet zhuka bu kabyrshagymen tүgel kaptalganda үshinshi kabyrshakty kajnau kezenine otedi Bul kezde zhylu katty kyzgan betten sujyktykka osy bu kabyrshagy arkyly zhylu otkizgishtik zhәne sәule shygaru zholymen beriledi kajnau bir kezennen ekinshi kezenge auyskandagy q din ozgeru sipaty surette korsetilgen Қajnaudyn osy үsh kezenin de keri bagytta bajkauga bolady mysaly katty kyzgan metall shombal deneni suga salyp shynyktyru kezinde aldymen su kajnajdy bul kezde dene bayau suynady kabyrshakty kajnau onan kejin suynu zhyldamdygy arta bastajdy auyspaly kajnau da songy suynu satysynda kopirshikti kajnau en үlken mәnine zhetedi Kopirshikti kajnau kezinde zhylu bolip alu suytudyn en tiimdi tәsili bolyp sanalady Bul tәsil men reaktivtik kozgaltkyshtardy salkyndatuda koldanylady Қajnau procesteri himiyalyk tehnologiyada tamak onerkәsibinde sujytylgan gazdardy ondirude elektrondyk kuraldardyn tetikterin salkyndatuda t b gylym men onerkәsip salalarynda keninen pajdalanylady ҚAJNAUPajdalangan әdebietS Asanov makalysyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet