Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары мен
Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.
Дереккөздер
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Antik dүniesinin oneri dep atalatyn ezhelgi Grekiya men Rim mәdenietinin әlemdik orkeniette alatyn orny erekshe Antik kone ezhelgi degen ugym Қajta orleu dәuirinde dүniege kelgen bul termindi italyan ojshyl gumanisteri grek rim mәdenietine bajlanysty koldangan Bүl ataudyn tүp torkini ezhelgi kone kadym zaman magynasyn beretin antikvus degen latyn sozinen shykkan Kone memleketterdin mol mәdeni murasy Europanyn barlyk halyktary onerinin korkem әdebietinin filosofiyasynyn teatrynyn zhәne t b damuyna sayasi zhәne kukyktyk kozkarastarynyn kalyptasuyna eleuli ykpal zhasady Өmir shyndygyn nakty bejnelep korkemdilik pen karapajymdylyk shynshyldyk pen sheberlik kasietterimen belgili bolgan grek zhәne rim sәuletshilerinin mүsinshilerinin zhәne keskindemeshilerinin dankty mәdeni tuyndylary kone zaman tarihy turaly ugymymyzdy kenejtip kana kojmaj mәdeniettin askak үlgisi retinde kүni bүginge dejin oz mәnin zhojmaj otyr Kone kadym zaman mәdenietinin negizin kalaushylar ezhelgi grekter ekendigin eshkim zhokka shygara almajdy Olar ozderin Ellinder al oz elderin Ellada dep atagan Antik dүniesinin mәdenieti bizdin zamanymyzdan buryngy bir myn zhyldyktyn algashky gasyrlarynda kalyptasa bastagan Onyn on bes gasyrdaj uakytyn kamtityn uzak gumyry bizdin zamanymyzdyn V gasyrda Rim imperiyasynyn kulauymen ayaktaldy Mәdeniet tarihynyn kaj kezenin alsak ta ol ozinin baga zhetpes mәdeni kundylyktarymen erekshelenedi Sondyktan da bolar galymdar kone mәdeniettin ishinde әsirese grek mәdenietine erekshe mәn beredi ojtkeni ezhelgi Grekiyanyn odebieti oneri filosofiyasy zhәne t b gasyrlar bojy Europanyn barlyk elderinin akyndaryna mүsinshilerine suretshilerine zhazushylaryna kompozitorlaryna sarkylmas shalkar shabyt berdi Shyndygyn ajtsak bizdin dүniezhүzilik mәdenietpen tanystygymyzdyn ozi de grekterdin tankalarlyk mәdeni kazynasy men ushkyr akyl oj ielerimen tanysudan bastalady Mundaj akyl oj danalygy ruhani zhәne sayasi әleumettik omirdin barlyk salalarynda poeziyada sayasatta gylymda kukykta keskindeme sәulet mүsin zhәne t b oner salalarynda keninen korinis tapty Kone modeniettin zharkyn betteri Eshil Sofokl Evripid Gerodot Fukidid Demokrit Platon Aristotel siyakty ulylar esimimen tygyz bajlanysty boldy Grekiyanyn kone mәdenietinin tamyry terende zhatyr ojtkeni onyn bastauynda b z d Ill II mynzhyldyktarda Grekiya zheri men Egej tenizi araldaryn mekendegen tajpalardyn orkenieti zhatyr Egej orkenieti mәdeniettin kajnar bulagy boldy mine sondyktan da grek halkynyn ezhelgi mәdenietinin en erte shagy Egej onerimen sabaktas B z d ӀӀ mynzhyldykta Egej modenietinin asa manyzdy ortalyktary men Mikeny bolgandyktan da Egej orkenietin Krit Mikeny mәdenieti dep atajtyn bolgan Grek anyzdaryna karaganda Krit uly zhebeushi najzagaj tәniri Zevstin tugan zheri Anyz bojynsha grekterdin en basty kүdajy Zevs buka bejnesine enip Finikiya patshajymy askan sulu Europany alyp keledi al odan araldyn bolashak bileushisi tugan Atakty Gerakl oz erlikterinin birin dәl osy Krit aralynda zhasagan kutyrgan bukaga bas үjretken Gomer de oz dastandarynda bul aral kalalarynyn baj ekendigin madaktaj korsetedi Al shyndykka belgisiz kejbir anyzdarda Zevs pen Europanyn balasy Minos el bileushi patshalardyn ishindegi en әdilettisi bolypty mys dejtin derekter bar Alajda Kritti osyndaj esimdi patsha tek mifologiyalyk shygarmalarda gana emes grek tarihshylarynyn enbekterinde kezdesetinin esten shygaruga tagy da bolmajdy Krit zhajynda egipettik teksterde de kejbir derekter ara tura kezdesip kalady DerekkozderMәdeniettanu zhogargy oku ornyndary men kolledzh studentterine arnalgan okulyk Almaty Raritet 2005 416 bet ISBN 9965 663 71 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet