Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. “Ауру қалса да әдет қалмайды” деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет адамның күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдетті адам қауымның (отбасының, еңбек ұжымының т.б.) берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің де ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді. Әдеттің негізгі қалыптасатын кезеңі — балалық шақ. Осы кезеңдегі кез келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиет кейде ұнамсыз әдетердің қалыптасуына себепші болады. Ислам дінін ұстанатын халықтардың әдет-ғұрпы, жазылмаған заңы; әдет шариғатқа ретінде қарастырылады.
Әдет - белгілі бір жағдайда адамның қажеттілікке айналып кеткен мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы. Әдет стихиялық түрде, сонымен қатар бағытталған тәрбие арқылы пайда болып, мінезінің тұрақты қырына айналуы мүмкін. Тәрбиелі деп сырттан бақылау болмағанның өзін-өзі қалай ұстау керектігін білетін және өзінің әдеттеріне сай басқаша шешім қабылдай алмайтын адамды айтады.
ӘДЕТ- көшпелі ортадағы адамдардың әлеуметтік тәртібінің негізі болып табылатын тарихи қалыптасқан тұрақты әлеуметтік нормалар мен ұстанымдар. Әдет ұрпақаралық-этникалық байланыстар арқылы, яғни әкеден балаға әлеуметтік ортада қалыптасқан сан алуан механизмдер арқылы беріліп отырады. Бұл нор¬малар мен ұстанымдар көшпелі социумның барлық мүшелеріне ортақ, үйреншікті, әрі дағдылы болғандықтан әлеуметтік қарекетті реттейтін маңызды функция атқарды. Сонымен бірге әдеттің өзі де дәстүрдің ұрпақаралық- беріліс үдерісінің ең маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Қалыптасқан жалпыға ортақ әдетті сақтау дәстүрлі социумның қалыпты тіршілігінің негізгі факторларының бірі болды. Сондықтан көшпелілер әдеттің ежелден орныққан нормалары мен ұстанымдарының бұлжымастығын қамтамасыз етуге айырықша мән берді. Әдетті қалыптастыратын және сақтайтың ең басты этномэдени орта, әрине, отбасы болды. Түптеп келгенде, отбасында атқарылатын сан алуан салттар, ғұрыптар, ырым-тыйымдар, жосын-жоралғылар әдеттің ілкімді нормалары мен принциптерінің қолданысын қамтамасыз ететін механизм болып табылады. Және аталмыш үрдістердің өздерінің де әдеттің нормалары мен ұстанымдарына сәйкестілігі олардың дәстүрлі тәртіппен атқарылуының кепілі болып табылады. Яғни олар өзара себеп-салдарлық байланыста болды. Бұл ретте, әлбетте, отбасы иелерінің - ата-ананың, жақын ағайын-туыстардың, жекжат-жұраттардың, әрісі руластардың кісілік қасиеттері мен әрекеттері маңызды рөл атқарды. Осы ретте шежірелік жосынға негізделген және осы жосынмен реттелетін туыстық-рулық қатынастар жүйесінің ерекше маңызды рөл атқарғандығын айтуға бо¬лады. Дәстүрлі ортадағы адамаралық байланыстар - үлкен мен кішінің, әйел мен ер адамның, әйелдер арасындағы және ер адамдардың қарым-қатынасындағы ұстанымдар мен нормалардың әдеттік қалпы бүкіл социумның тіршілігінің бірден бір кепілі болды. Бұл жерде әдеттік қалпы деген сөз тіркесі ата-баба жолының принциптері мен нормаларының қалыпты күйін білдіреді. Сайып келгенде, бүкіл қоғам мүшелері мойындаған әдеттегі нормалар мен ұстанымдар қоғамдық сипатта болды. Ал қоғамдағы әдеттен тыс деп аталатын әрекеттер мен қылықтар әдепсіздік ретінде бағаланды. Осындай әдеттен тыс әрекеттер мен мінез-құлықтардың социумның, яғни руластардың қатал сынына ұшырап отырды. Шектен шыққандары болса, тіпті, әдеттік құқықтың принциптері мен нормаларына сәйкес жазаланды. Демек, әдеттен тыс - жағымсыз мінез-құлықтар мен әрекеттер субъектілік сипатта, яғни жеке адамдарға ғана тән қасиет болды. Жалпы алғанда, әдеттің нормалары мен ұстанымдары қоғамдық қатынастардың институттары, нормалары мен принциптері арқылы қамтамасыз етіліп отыр¬ды. Әсіресе, әдеттік құқық пен осы институттың нормалары мен принциптерін жүзеге асыратын механизм - билер соты мен оның шешімдерінің жүзеге асырылу тәсілдері айырықша рөл атқарды.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- Баллюзек Л. Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу Закона // ЗООИРГО. Казань, 1871. Вып.2
- Загряжский Г. Юридические обычаи киргизов. О народном судье у кочевого населения Туркестанского края по обычному пра¬ву (зань) // Материалы для статистики Туркестанского края. Под ред. Н.А.Маева. Ежегодник. Вып.IV. СПб., 1876
- Гродеков H.И. Киргизы и ка¬ракиргизы Сыр-Дарьинской облысы Т.1. Юридический быт. Ташкент, 1889
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әdet adamnyn kүnbe kүngi tirshilik kazhetine bajlanysty kalyptaskan turakty minez is kimyl ereksheligi Auru kalsa da әdet kalmajdy deu әdettin turakty kazhettilikke ajnalganyn korsetedi Әdettin unamdy unamsyz tүrleri bolady Zhaksy әdet adamnyn kүsh zhigerin pajdaly isterge arnauyna uakytyn үnemdep negizgi isin tyndyruyna komektesedi Zhaman әdetti adam kauymnyn otbasynyn enbek uzhymynyn t b berekesin alyp ogash kylygymen ozinin de ortadagy kadir kasietin tomendetedi Әdettin negizgi kalyptasatyn kezeni balalyk shak Osy kezendegi kez kelgen nәrsege eliktej bergishtik kasiet kejde unamsyz әdeterdin kalyptasuyna sebepshi bolady Islam dinin ustanatyn halyktardyn әdet gurpy zhazylmagan zany әdet sharigatka retinde karastyrylady Әdet belgili bir zhagdajda adamnyn kazhettilikke ajnalyp ketken minez kulky men zhүris turysy Әdet stihiyalyk tүrde sonymen katar bagyttalgan tәrbie arkyly pajda bolyp minezinin turakty kyryna ajnaluy mүmkin Tәrbieli dep syrttan bakylau bolmagannyn ozin ozi kalaj ustau kerektigin biletin zhәne ozinin әdetterine saj baskasha sheshim kabyldaj almajtyn adamdy ajtady ӘDET koshpeli ortadagy adamdardyn әleumettik tәrtibinin negizi bolyp tabylatyn tarihi kalyptaskan turakty әleumettik normalar men ustanymdar Әdet urpakaralyk etnikalyk bajlanystar arkyly yagni әkeden balaga әleumettik ortada kalyptaskan san aluan mehanizmder arkyly berilip otyrady Bul nor malar men ustanymdar koshpeli sociumnyn barlyk mүshelerine ortak үjrenshikti әri dagdyly bolgandyktan әleumettik kareketti rettejtin manyzdy funkciya atkardy Sonymen birge әdettin ozi de dәstүrdin urpakaralyk berilis үderisinin en manyzdy tetikterinin biri bolyp tabylady Қalyptaskan zhalpyga ortak әdetti saktau dәstүrli sociumnyn kalypty tirshiliginin negizgi faktorlarynyn biri boldy Sondyktan koshpeliler әdettin ezhelden ornykkan normalary men ustanymdarynyn bulzhymastygyn kamtamasyz etuge ajyryksha mәn berdi Әdetti kalyptastyratyn zhәne saktajtyn en basty etnomedeni orta әrine otbasy boldy Tүptep kelgende otbasynda atkarylatyn san aluan salttar guryptar yrym tyjymdar zhosyn zhoralgylar әdettin ilkimdi normalary men principterinin koldanysyn kamtamasyz etetin mehanizm bolyp tabylady Zhәne atalmysh үrdisterdin ozderinin de әdettin normalary men ustanymdaryna sәjkestiligi olardyn dәstүrli tәrtippen atkaryluynyn kepili bolyp tabylady Yagni olar ozara sebep saldarlyk bajlanysta boldy Bul rette әlbette otbasy ielerinin ata ananyn zhakyn agajyn tuystardyn zhekzhat zhurattardyn әrisi rulastardyn kisilik kasietteri men әreketteri manyzdy rol atkardy Osy rette shezhirelik zhosynga negizdelgen zhәne osy zhosynmen retteletin tuystyk rulyk katynastar zhүjesinin erekshe manyzdy rol atkargandygyn ajtuga bo lady Dәstүrli ortadagy adamaralyk bajlanystar үlken men kishinin әjel men er adamnyn әjelder arasyndagy zhәne er adamdardyn karym katynasyndagy ustanymdar men normalardyn әdettik kalpy bүkil sociumnyn tirshiliginin birden bir kepili boldy Bul zherde әdettik kalpy degen soz tirkesi ata baba zholynyn principteri men normalarynyn kalypty kүjin bildiredi Sajyp kelgende bүkil kogam mүsheleri mojyndagan әdettegi normalar men ustanymdar kogamdyk sipatta boldy Al kogamdagy әdetten tys dep atalatyn әreketter men kylyktar әdepsizdik retinde bagalandy Osyndaj әdetten tys әreketter men minez kulyktardyn sociumnyn yagni rulastardyn katal synyna ushyrap otyrdy Shekten shykkandary bolsa tipti әdettik kukyktyn principteri men normalaryna sәjkes zhazalandy Demek әdetten tys zhagymsyz minez kulyktar men әreketter subektilik sipatta yagni zheke adamdarga gana tәn kasiet boldy Zhalpy alganda әdettin normalary men ustanymdary kogamdyk katynastardyn instituttary normalary men principteri arkyly kamtamasyz etilip otyr dy Әsirese әdettik kukyk pen osy instituttyn normalary men principterin zhүzege asyratyn mehanizm biler soty men onyn sheshimderinin zhүzege asyrylu tәsilderi ajyryksha rol atkardy DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Oryssha kazaksha zandyk tүsindirme sozdik anyktamalyk Almaty Zheti zhargy baspasy 2008 zhyl ISBN 9965 11 274 6 Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 Ballyuzek L F Narodnye obychai imevshie a otchasti i nyne imeyushie v Maloj Kirgizskoj orde silu Zakona ZOOIRGO Kazan 1871 Vyp 2 Zagryazhskij G Yuridicheskie obychai kirgizov O narodnom sude u kochevogo naseleniya Turkestanskogo kraya po obychnomu pra vu zan Materialy dlya statistiki Turkestanskogo kraya Pod red N A Maeva Ezhegodnik Vyp IV SPb 1876 Grodekov H I Kirgizy i ka rakirgizy Syr Darinskoj oblysy T 1 Yuridicheskij byt Tashkent 1889Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz