Полинезия (көне грекше: πολύς – көп + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т.б. топаралдар кіреді. П-да тәуелсіз мемлекеттермен қатар, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Чилидің иелігіндегі аралдар бар. Жалпы аумағы (Жаңа Зеландиясыз) 26 мың км²-ге жуық. Халқы 4,5 млн. адам. П. аралдарының көпшілігі маржанды атолдардан тұрады, қалғандары жанартаулық аралдар тобына жатады. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері — Гавайи аралдарындағы сөнген Мауна-Кеа жанартауы (4205 м). Гавай, Самоа, Тонга аралдарында сөнбеген жанартаулар кездеседі. Климаты — экваторлық, тропиктік; пассат желдері басым. Жылдық орташа температура 22 — 26°С; жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1500 — 3500 мм. Таулы аралдардың көпшілігінде мәңгі жасыл субэкваторлық, тропиктік ормандар мен саванналар тараған. Кокос, банан, ананас, какао, пальма түрлері, нан ағашы, күріш, т.б. тропиктік дақылдар өсіріледі. Балық, теңіз тасбақасы ауланады, меруерт жиналады. Полинезия аралдары Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Австралияны жалғастырушы жол болып табылады. Ірі қалалары мен порттары — Гонолулу (Гавайи аралдары), Апиа (Самоа), Аваруа (Кук), т.б.
Полинезиялықтар
Полинезиялықтар — Полинезияның және Шығыс Меланезияның кейбір ұсақ аралдарындағы туыстас халықтар тобы. Полинезиялықтарға тонга, самоа, увеа, фунтуна, тувалу, токелау, ниуэ, пукапука, раротонга, рапа, ракаханга, манихики, паулготу, маори, тикопиа, гавайлықтар, т.б. көптеген халықтар жатады. Антропология жағынан полинезиялық өтпелі расаға кіреді. Шығыс австронездік топтың полинезия тілдерінде сөйлейді. Полинезиялықтарда діні жергілікті діни нанымдармен ұштасқан. Кейбір жорамалдар бойынша, Полинезиялықтардың этногенезіне Оңтүстік Америка үндістерінің де ықпалы тиюі мүмкін.
Ғылыми пайымдаулар бойынша Полинезиялықтар Полинезияны б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңғы ширегінде қоныстанған. Олар б.з.б. 1200 жылдары Фиджадан Тонгаға, б.з.б. 1000 жылдары Самоа аралына өткен. Б.з. бас кезінде шығыс полинез. мәдениеттің ірі ошағы Маркиз аралдары болды. 5 ғасырда Полинезиялықтар Пасха, Гавай, т.б. аралдарға қоныстанды. Олардың жеке-жеке ұлт болып қалыптасуы 19 — 20 ғасырларда аяқталды. Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия елдерінің отарлауы бұл үрдісті күшейтті.
Полинезиялықтар негізінен егіншілікпен, балық аулаумен айналысқан. Шошқа, ит, тауық өсірді. Қолөнермен шұғылданады. Шығыс Полинезияда тас қашау ісі дамыған. Баспаналары төртбұрышты кейде бұрыштары сопақша етіп салынды. Төбесі екі жағынан қиюластырып жабылды. Баспаналарына ағаш, шөптесін өсімдіктер пайдаланылған. Негізінен юбка немесе пандустан жасалған алжапқыш, тапа немесе белге тағатын жапқыш киген. Киген киімдері адамдардың қоғамдағы алатын орындарынан да хабар береді. Әшекей заттар құс қауырсындарынан, гүлдерден, теңіз балшықтарынан жасалып, тағамдары негізінен өсімдіктер мен балықтан әзірленеді. Сусындары кава, т.б. Тамақты жер ошақтарда пісіреді. Полинезиялықтарды көсемдері басқарады, қоғам өмірінде абыздардың рөлі ерекше. Халық арасында бай ауыз әдебиеті, би және муз. фольклоры сақталған. Қазіргі таңда Полинезиялықтардың көпшілігі елге келген туристерге қызмет көрсетумен айналысады. Ауыл шаруашылығы дамуда.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Polineziya kone grekshe polys kop nῆsos araldar Tynyk muhittyn ortalyk boligindegi Muhittyk araldar kuramyndagy araldar toby Polineziyanyn kuramyna Gavaji Tuamotu Tonga Samoa Pasha t b toparaldar kiredi P da tәuelsiz memlekettermen katar Ұlybritaniya AҚSh Franciya Zhana Zelandiya Chilidin ieligindegi araldar bar Zhalpy aumagy Zhana Zelandiyasyz 26 myn km ge zhuyk Halky 4 5 mln adam P araldarynyn kopshiligi marzhandy atoldardan turady kalgandary zhanartaulyk araldar tobyna zhatady Araldardyn basym boliginin zher bederi tauly En biik zheri Gavaji araldaryndagy songen Mauna Kea zhanartauy 4205 m Gavaj Samoa Tonga araldarynda sonbegen zhanartaular kezdesedi Klimaty ekvatorlyk tropiktik passat zhelderi basym Zhyldyk ortasha temperatura 22 26 S zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsh 1500 3500 mm Tauly araldardyn kopshiliginde mәngi zhasyl subekvatorlyk tropiktik ormandar men savannalar taragan Kokos banan ananas kakao palma tүrleri nan agashy kүrish t b tropiktik dakyldar osiriledi Balyk teniz tasbakasy aulanady meruert zhinalady Polineziya araldary Amerika Ontүstik Shygys Aziya zhәne Avstraliyany zhalgastyrushy zhol bolyp tabylady Iri kalalary men porttary Gonolulu Gavaji araldary Apia Samoa Avarua Kuk t b Polineziyalyk ushburysh Polineziyalyktar Tuvalu Polineziyalyktar Polineziyanyn zhәne Shygys Melaneziyanyn kejbir usak araldaryndagy tuystas halyktar toby Polineziyalyktarga tonga samoa uvea funtuna tuvalu tokelau niue pukapuka rarotonga rapa rakahanga manihiki paulgotu maori tikopia gavajlyktar t b koptegen halyktar zhatady Antropologiya zhagynan polineziyalyk otpeli rasaga kiredi Shygys avstronezdik toptyn polineziya tilderinde sojlejdi Polineziyalyktarda dini zhergilikti dini nanymdarmen ushtaskan Kejbir zhoramaldar bojynsha Polineziyalyktardyn etnogenezine Ontүstik Amerika үndisterinin de ykpaly tiyui mүmkin Ғylymi pajymdaular bojynsha Polineziyalyktar Polineziyany b z b 2 mynzhyldyktyn songy shireginde konystangan Olar b z b 1200 zhyldary Fidzhadan Tongaga b z b 1000 zhyldary Samoa aralyna otken B z bas kezinde shygys polinez mәdeniettin iri oshagy Markiz araldary boldy 5 gasyrda Polineziyalyktar Pasha Gavaj t b araldarga konystandy Olardyn zheke zheke ult bolyp kalyptasuy 19 20 gasyrlarda ayaktaldy Ұlybritaniya AҚSh Franciya Germaniya elderinin otarlauy bul үrdisti kүshejtti Polineziyalyktar negizinen eginshilikpen balyk aulaumen ajnalyskan Shoshka it tauyk osirdi Қolonermen shugyldanady Shygys Polineziyada tas kashau isi damygan Baspanalary tortburyshty kejde buryshtary sopaksha etip salyndy Tobesi eki zhagynan kiyulastyryp zhabyldy Baspanalaryna agash shoptesin osimdikter pajdalanylgan Negizinen yubka nemese pandustan zhasalgan alzhapkysh tapa nemese belge tagatyn zhapkysh kigen Kigen kiimderi adamdardyn kogamdagy alatyn oryndarynan da habar beredi Әshekej zattar kus kauyrsyndarynan gүlderden teniz balshyktarynan zhasalyp tagamdary negizinen osimdikter men balyktan әzirlenedi Susyndary kava t b Tamakty zher oshaktarda pisiredi Polineziyalyktardy kosemderi baskarady kogam omirinde abyzdardyn roli erekshe Halyk arasynda baj auyz әdebieti bi zhәne muz folklory saktalgan Қazirgi tanda Polineziyalyktardyn kopshiligi elge kelgen turisterge kyzmet korsetumen ajnalysady Auyl sharuashylygy damuda Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet