Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“”) неміс микробиологы Роберт Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Тарихы
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жыл бұрын неолит кезеңінде өмір сүрген адамның сүйегін зерттегенде табылған, б.з.б. 3 – 2-мыңжылдықта Мысыр мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.
Жұқпалылығы
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.
Туберкулез түрлері
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
Ауруды анықтау түрі
Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.
Емі
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Category:Tuberculosis |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tuberkulez lat tuberculum tompeshik eskishe kurt auru koksau adam men zhanuarlarda bolatyn sozylmaly zhukpaly auru Tuberkulezdin kozdyrgyshy mikobakteriyany nemis mikrobiology Robert Koh 1843 1910 ashty 1882 Tuberkulez mikobakteriyalary zhinishke tүzu ne sәl iilip kelgen tayakshalar uzyndygy 1 10 eni 0 2 0 6 mkm TarihyTuberkulez auruy kone zamannan belgili Auru belgileri budan 7 myn zhyl buryn neolit kezeninde omir sүrgen adamnyn sүjegin zerttegende tabylgan b z b 3 2 mynzhyldykta Mysyr mumiyalarynan anyktalgan Tuberkulezdin klinikasy turaly algashky derekter 2 gasyrda omir sүrgen kappadokiyalyk dәriger Aretaios enbekterinde kezdesedi Odan kejin Gippokrat Galen t b galymdardyn enbekterinde de tuberkulez auruy eske alynady Birak olar tuberkulezdi zhukpaly auru kataryna zhatkyzbagan Al Әbu Әli ibn Sina ozinin Dәrigerlik gylymnyn kanony degen enbeginde tuberkulezdi tukym kualajtyn aurular kataryna zhatkyzgan Tuberkulezdin zhukpaly auru ekenin birinshi ret italiyalyk galym Dzh Frakastoro 1478 1553 dәleldedi ZhukpalylygyZhukpaly aurudyn tarajtyn negizgi kozi naukas adamnan tүsken mikrobtary bar kakyryk Sau adamga ol negizinen tuberkulezben auyrgan adam tүkirgen kakyryktyn usak sujyk tamshylary arkyly ne kepken tүjirshikterin auamen birge zhutkanda sirek zhagdajda tuberkulezben auyrgan үj zhanuarlarynyn sүtin shikilej ishkende etin shala pisirip zhegende zhugady Organizmge tuberkulez tayakshasynyn enui auruga sebepshi bolganymen onyn tolyk damuy үshin zhetkiliksiz Adamdar tuberkulezben buryn naukastanyp organizmnin immuniteti tomendegende durys korektenbegende әsirese mal onimderinin beloktary vitaminder tapshy bolganda sanitarlyk gigienalyk zhagdajlar durys saktalmaganda sondaj ak aurumen uzak uakyt bojy aralaskanda auyrady Tuberkulez kobinese үsh zhaska dejingi balalarda pajda bolady ojtkeni olarda auruga karsy immunitet әli de nashar damygan sondaj ak zhasospirimderde zhynystyk zhetilu kezeninde pajda bolady Tuberkulez negizinen tukym kualamajdy Tuberkulezben auyratyn adamdardyn әdette balalary auru bolyp tumajdy Birak Tuberkulezben auyratyn ata ana der kezinde emdelmese aurudan saktanu erezhelerin durys saktamasa dertti balasyna zhuktyryp balanyn Tuberkulezben auruy mүmkin Tuberkulez tүrleriTuberkulezdin ashyk zhәne zhabyk tүrleri bolady Ashyk tүrinde kakyrykta tuberkulez tayakshalary bolady sondyktan tuberkulezdin mundaj tүrimen auyratyn adamdar ote kauipti dep eseptelinedi Al zhabyk tүrinde kakyrykta tuberkulez tayakshalary bolmajdy birak dert askynatyn bolsa tuberkulezdin mundaj tүrimen auyratyn naukastar da auru zhuktyrady Tuberkulez tayakshalary әr tүrli organdardy kobinese okpeni zakymdajdy Aurudyn bilinu sipaty tuberkulezdin tүrine naukastyn zhasyna organizmnin zhalpy zhagdajyna bajlanysty Aurudyn ortak belgileri dene kyzuynyn koterilui tүnge karaj kop terleushilik ujkynyn kashuy zhәne tәbettin nasharlauy Naukas zhүdep ashulanshak keledi zhumyska kabileti tomendejdi Tuberkulez tayakshalary tүsken zherdin tininde kishkentaj tompeshikter pajda bolady Adam organizmi sauyga bastasa mundaj tompeshikter zhojylyp ketedi Kejde bul tompeshikterdin syrty katty zatpen korshalyp berishtenedi Muny dep atajdy Adam organizmi әlsirep nekroz oshagyna kolajly zhagdaj tusa sol zherde kaberna kuys pajda bolady Osy kuysta tuberkulez tayakshalary damyp kenirdek arkyly okpenin baska bolikterin zakymdajdy Mundaj naukastardyn kakyrygynda mikobakteriyalar mol bolyp kakyrykka kan aralasuy tipti kan ketui de mүmkin Aurudy anyktau tүriAurudy әr tүrli әdispen anyktajdy Tuberkulezdi erterek anyktau maksatymen balalarga teri astyna dәri zhiberip zhappaj tekseru zhүrgiziledi Mantu reakciyasy Halykty zhappaj flyuorografiyalyk rentgenologiyalyk zholmen tekserudin manyzy zor EmiTuberkulezge karsy arnajy egu BCZh zhүrgiziledi ol sәbi dүniege kelgennen 3 5 kүnnen kejin iske asyrylady Aurudy emdeudin terapiyalyk hirurgiyalyk t b әdisteri tabylyp kүndelikti dәrigerlik zhumysta koldanylatyn boldy Sanatorijlerde emdelu ote pajdaly Қazakstanda tuberkulezge karsy zhumysty tuberkulez mәseleri ulttyk ortalygy үjlestirip otyrady Әrbir oblys ortalygyndanda arnauly dispanser zhergilikti zherlerde olardyn bolimsheleri zhumys istejdi Respublika tuberkulezge karsy kazhetti dәri dәrmekpen emdeu oryndary tosek orynmen zhetkilikti kamtamasyz etilgen Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Patologiyalyk anotomiya terminderinin oryssha latynsha kazaksha tүsinikteme sozdigi Aktobe ISBN 9965 437 40 8Ortakkorda bugan katysty media sanaty bar Category TuberculosisBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet