Рентгенология (В.Рентгеннiң атымен) және грек. logos – iлiм] – клиникалық медицинаның рентген сәулесiнiң көмегiмен органдар мен олардың жүйелерiнiң құрамын, қызметiн зерттеп, аурудың рентгендiк диагностикасын қоятын саласы.
Рентгенологиялық зерттеулердiң барлық әдiстерi денеден өткен сәуленi ұстайтын рентгендiк таспа (рентгенографияда); флюоросценттiк экран (рентгеноскопияда); селендiк күйтабақ (электррентгенографияда) немесе кристалдық детекторлар (компьютерлiк томографияда) – сәуленiң сапасы мен шоғырланған рентген сәулесiнiң сандық талдауына сүйенедi. Рентгенологияның маңызды теорема бөлiмi болып – рентгендiк скиалогия (рентгендiк көлеңкелi суреттiң пайда болу заңдылығын зерттейдi) есептеледi.
Қазақстанда Рентгенологияның дамуы 1923 жылдан басталады. Сол жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында бiрiншi рентген аппараты қойылды. Екiншiсi 1926 ж. сол кездегi республика астанасы – Қызылордада орнатылса, 1930 ж. Риддер қ-нда рентген бөлмесi iске қосылды. Қазақстанда Р. саласының дамуына үлес қосқан дәрiгерлер Е.П.Гермайзе, П.А.Пшеничный, И.С.Нестеровский, т.б. болды. Рентгенологиялық бөлiмшелер құрылымының қызметiне Республиканың рентгендiк орталығы (1936–39), Рентгендiк ст-лар (1939–59), ал 1959 жылдан рентгенрадиологиялық бөлiмдер басшылық етедi. 1953 ж. Қазақ мемлекеттік медицина институтында бiрiншi рет Рентгенология және радиология кафедрасы (меңгерушiсi С.Б.Балмұқанов) ашылды. 1964 ж. осы кафедраның қолдауымен Алматы дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтында екiншi Рентгенология кафедрасы ұйымдастырылды. Қазiргi кезде республикадағы медицина академиялар мен университеттер Рентгенология саласы бойынша мамандар дайындайды. Рентгенология саласының дамуына дәрігер-ғалымдар, профессорлар М.Т.Әлиакпаров, А.Ғ.Серғазин, С.Түсiпбеков, Ж.Хамзабаев, т.б. үлес қосты.
Дереккөздер
- Қазақша энциклопедия 7 том.
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Rentgenologiya V Rentgennin atymen zhәne grek logos ilim klinikalyk medicinanyn rentgen sәulesinin komegimen organdar men olardyn zhүjelerinin kuramyn kyzmetin zerttep aurudyn rentgendik diagnostikasyn koyatyn salasy Rentgendik suretti koru Rentgenologiyalyk zertteulerdin barlyk әdisteri deneden otken sәuleni ustajtyn rentgendik taspa rentgenografiyada flyuoroscenttik ekran rentgenoskopiyada selendik kүjtabak elektrrentgenografiyada nemese kristaldyk detektorlar kompyuterlik tomografiyada sәulenin sapasy men shogyrlangan rentgen sәulesinin sandyk taldauyna sүjenedi Rentgenologiyanyn manyzdy teorema bolimi bolyp rentgendik skialogiya rentgendik kolenkeli surettin pajda bolu zandylygyn zerttejdi esepteledi Қazakstanda Rentgenologiyanyn damuy 1923 zhyldan bastalady Sol zhyly Vernyj kazirgi Almaty kalasynda birinshi rentgen apparaty kojyldy Ekinshisi 1926 zh sol kezdegi respublika astanasy Қyzylordada ornatylsa 1930 zh Ridder k nda rentgen bolmesi iske kosyldy Қazakstanda R salasynyn damuyna үles koskan dәrigerler E P Germajze P A Pshenichnyj I S Nesterovskij t b boldy Rentgenologiyalyk bolimsheler kurylymynyn kyzmetine Respublikanyn rentgendik ortalygy 1936 39 Rentgendik st lar 1939 59 al 1959 zhyldan rentgenradiologiyalyk bolimder basshylyk etedi 1953 zh Қazak memlekettik medicina institutynda birinshi ret Rentgenologiya zhәne radiologiya kafedrasy mengerushisi S B Balmukanov ashyldy 1964 zh osy kafedranyn koldauymen Almaty dәrigerler bilimin zhetildiru institutynda ekinshi Rentgenologiya kafedrasy ujymdastyryldy Қazirgi kezde respublikadagy medicina akademiyalar men universitetter Rentgenologiya salasy bojynsha mamandar dajyndajdy Rentgenologiya salasynyn damuyna dәriger galymdar professorlar M T Әliakparov A Ғ Sergazin S Tүsipbekov Zh Hamzabaev t b үles kosty DerekkozderҚazaksha enciklopediya 7 tom O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0