Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар .
Мұндай әшекей -нақыштар жүн бұйымдарының (текемет, сырмақ, алаша, қоржын т.б.), киіз үйдің бау-басқұрларының, ат жабдықтарының (былғары тоқым, кежім, жабу), құрылыс-сәулет орындарының (есік, маңдайша, ұстын, жақтау, дуал және т.б.), киім-кешектердің, ыдыс-аяқтар мен жиһаздардың, қару-жарақтардың т.б. өн бойында қолданылады. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған .
Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, тудырған дүниесінің жасампаздығы мен жаңалығы жасаған өнімдерінің сұранысынан көрінетін. Қазақ шеберлері технологиялық тәсілдерінің жеңілдігі мен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған.
Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
- Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағылатын әшекейлік заттар.
- Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік.
- Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға.
- Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық.
- Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ.
- Мұрынға тағылатын әшекей түрлері: зере, зерен, зейір, зер.
- Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ.
- Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, әйкел, ділда алқа, тұмар.
- Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш.
- Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік.
- Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ.
Ертеде қазақтар әшекейленген шытыра, зерен, сырға, зер, тұмар және т.б. зергерлік бұйымдарды мал бойына және ер-тұрмандарына да таққан. Тас дәуірінен жалғасқан тасшылық өнері қола дәуірінің осы өркениетіне тоғысып, гауһар, жақұт, алмас, , меруерт сияқты аса бағалы тастардан көз орнатқан сәндік жабдықтарды, әсемдік бұйымдарды жасау технологиясын қалыптастырды. Мәселен, қазақтар ағашқа, ер-тұрманға асыл тасты не тассыз күміс әшекейлі шытыраны пайдаланған. Ал зейірді қойдың мұрнына өткізілетін зерлі шығыршық ретінде таққан. Ертеде қазақтар тіл-көзден сақтасын деген мақсатта жүйрік аттарының мойнына әйкел таққан. Зергерлер әшекейлеген алтын аяқ, жағдан, адалбақан, алтын ер, пышақ және т.б. адамдар күнделікті тұрмыста жиі қолданған. Әшекей түрлері негізінен қоғам мүшелерінің әлеуметтік мәртебесін айқындайтын қызмет атқарады. зергерлік бұйымдар жасауға қажетті материалдарға алтын, күміс, бақыр, мыс, жез, темір, қалайы, қорғасын, ақық, березе, алмас, гауһар, зуһра, көк тас, лағыл, маржан, меруерт, інжу сияқты асыл тастарды пайдаланған. Қазақ зергерлері алтынмен аптау, алтынмен булау, алтын шабу, күміспен күптеу, қақтау, көз орнату, сымға тарту, қара ала жүргізу, сымкөп жүргізу, ою салу сияқты әшекейлеу, өңдеу тәсілдерін жиі қолданған. Әшекейді ерекшелеп, айшықтап ондағы әртүрлі зат тарды әдемі, сәнді көрсететін үкі, шоқ, әдіп, алтын-күміс ілгектер, шытыралар, салпыншақтар, қоңыраушалар сияқты құрамдас бөліктер де бар.
Дереккөздер
- Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Қазақстан, 1969
- Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Том. I-III. Алматы: Өнер, 1986, 1987, 1994
- Тохтабаева Ш.Ж. Казахские ювелирные украшения. Алма-Ата: Онер. 1985
- Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әshekej kiimdi turmystyk bujymdardy bezendiruge pajdalanylatyn sәndik үshin zhasalynatyn bujymdar zhәne zat bujymnyn betine salynatyn oyu ornek tүrli nakyshtar Mundaj әshekej nakyshtar zhүn bujymdarynyn tekemet syrmak alasha korzhyn t b kiiz үjdin bau baskurlarynyn at zhabdyktarynyn bylgary tokym kezhim zhabu kurylys sәulet oryndarynyn esik mandajsha ustyn zhaktau dual zhәne t b kiim keshekterdin ydys ayaktar men zhiһazdardyn karu zharaktardyn t b on bojynda koldanylady Қazakta әshekejlenbegen zat bujym zhok deuge bolady sebebi kazak koloner sheberleri ulttyk nakyshtagy әshekejlerdi ondep tүrlendirip zhetildirip koldanyp otyrgan Kәsibi dengejdegi sheberler kazak dalasynyn әr onirinde bolgan Sheberlerdin talgampazdygy men daryndylygy tudyrgan dүniesinin zhasampazdygy men zhanalygy zhasagan onimderinin suranysynan korinetin Қazak sheberleri tehnologiyalyk tәsilderinin zhenildigi men kuraldarynyn karapajymdylygyna karamastan zergerlik әshekej bujymdarynyn үzdik үlgilerine zhatatyn oner tuyndylaryn zhasagan Әshekej tagylatyn tүrlerine karaj birneshe toptarga bolinedi Baska tagatyn әshekej tүrleri sheke samaj mandaj kulak muryn burymga tagylatyn әshekejlik zattar Shekege tagylatyn әshekej tүrleri shekelik Samajga tagylatyn tүrleri syrgalyk ajshyk zhak monshak syrga Mandajga tagylatyn әshekej tүrleri kүmis tengeler shyrmauyk Қulakka tagylatyn әshekej tүrleri syrga bet monshak Murynga tagylatyn әshekej tүrleri zere zeren zejir zer Burymga tagylatyn әshekej tүrleri shashbau shashkap sholpy shashka tagatyn tүjreuishter shashmonshak Mojynga tagylatyn әshekej tүrleri alka bojtumar monshak tumarsha әjkel dilda alka tumar Keudege tagylatyn әshekej tүrleri onirzhiek tүjreuish Қolga tagylatyn әshekej tүrleri bilezik mor sakina baldak zhүzik Kiimge tagylatyn әshekej tүrleri tүjmeler kapsyrmalar zhapsyrmalar beldik belbeu tana tanakoz tal monshak Ertede kazaktar әshekejlengen shytyra zeren syrga zer tumar zhәne t b zergerlik bujymdardy mal bojyna zhәne er turmandaryna da takkan Tas dәuirinen zhalgaskan tasshylyk oneri kola dәuirinin osy orkenietine togysyp gauһar zhakut almas meruert siyakty asa bagaly tastardan koz ornatkan sәndik zhabdyktardy әsemdik bujymdardy zhasau tehnologiyasyn kalyptastyrdy Mәselen kazaktar agashka er turmanga asyl tasty ne tassyz kүmis әshekejli shytyrany pajdalangan Al zejirdi kojdyn murnyna otkiziletin zerli shygyrshyk retinde takkan Ertede kazaktar til kozden saktasyn degen maksatta zhүjrik attarynyn mojnyna әjkel takkan Zergerler әshekejlegen altyn ayak zhagdan adalbakan altyn er pyshak zhәne t b adamdar kүndelikti turmysta zhii koldangan Әshekej tүrleri negizinen kogam mүshelerinin әleumettik mәrtebesin ajkyndajtyn kyzmet atkarady zergerlik bujymdar zhasauga kazhetti materialdarga altyn kүmis bakyr mys zhez temir kalajy korgasyn akyk bereze almas gauһar zuһra kok tas lagyl marzhan meruert inzhu siyakty asyl tastardy pajdalangan Қazak zergerleri altynmen aptau altynmen bulau altyn shabu kүmispen kүpteu kaktau koz ornatu symga tartu kara ala zhүrgizu symkop zhүrgizu oyu salu siyakty әshekejleu ondeu tәsilderin zhii koldangan Әshekejdi erekshelep ajshyktap ondagy әrtүrli zat tardy әdemi sәndi korsetetin үki shok әdip altyn kүmis ilgekter shytyralar salpynshaktar konyraushalar siyakty kuramdas bolikter de bar DerekkozderҚasimanov S Қazak halkynyn koloneri Almaty Қazakstan 1969 Margulan A H Kazahskoe narodnoe prikladnoe iskusstvo Tom I III Almaty Өner 1986 1987 1994 Tohtabaeva Sh Zh Kazahskie yuvelirnye ukrasheniya Alma Ata Oner 1985 Shojbekov R N Қazak zergerlik onerinin sozdigi Almaty Ғylym 1991 Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987