Нұрмаханов Әбдісалан (19 сәуір 1936, Өзбекстан, , , ауылы – 14 шілде 2002, Алматы) – боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның 10 дүркін чемпионы (1957 – 1967), КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (1957, 1962 ж.ж.), КСРО халықтары спартакиадасының екі мәрте қола жүлдегері (1959, 1967), Азия-Африка ойындарының жеңімпазы (1963).
Әбдісалан Нұрмаханұлы Нұрмаханов | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | қазіргі , , , Өзбек КСР |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Салмағы | ең ауыр |
Бойы | 190 см. |
Кәсіби карьерасы | |
Айқастар саны | 239 |
Жеңгендер саны | 222 |
Нұрмахановтың құрметіне Түркістанда дәстүрлі бокс бәсекесінің ұйымдастырылуы да заңды. Себебі ол кісінің ұлтына сіңірген еңбегі көп. Әбекең боксшы ретінде ғана туған халқының намысын көтеріп қойған жоқ, ғалым ретінде де осы саланың дамуына үлес қосты. Ал бапкерлік қызметте Нұрмахановтың спорттағы екінші дәурені басталды десек, артық айтқандық емес. Әбекең бірнеше жыл Қазақ физкультура институтында кафедра меңгерушісі, проректор болып қызмет істеді. Тағдырдың жазуымен екеуміз бірнеше жыл қызметтес болдық. Мен ҚазМУ-дың спорттық лагерінде басшы болғанда ол кісі менің қасымда болды. Бірге еңбек еттік. Талай мәрте дәмдес болдық. Нұрмаханов университетте ұстаз болғанда да қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Әбекеңнің кейін Олимпиада чемпионы болған Ермахан Ыбрайымовтың қабілет-қарымын ерте аңдап, бауырына тартып, өз баласындай үйіне тұрғызғаны да – біле білген жанға тәлімі мол жағдай.
Жастық шағы
Әбдісалан Нұрмахановтың ата-бабалары Арқаны мекен еткен, дәулетті, иманды, елге сыйлы адамдар болыпты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ақ пен қызылдың соғысы, одан кәмпеске қазақты әбден титықтатты емес пе. Сол тұста Нұрмахан әулеті Бетпақты басып, Қызылдың құмын сағалай Өзбекстанға ауады. Қиын-қыстау кезеңде Нұрмаханның шаңырағы көп қиындық көреді. Жолда балалары шетінеп, қайғыдан қан жұтады. Содан Нұрмахан көші Сухандария өңіріндегі Күлтөбе ауылына тұрақтайды. Сол жерде 1936 жылы Әбдісалан дүниеге келеді. Қатал тағдыр Әбдісаланды ерте есейтті. Алты жасынан әкесіне еріп, қой бақты. Жұдырықтай бала көктем мен күздің қара суығында мал бағып жүріп, қазақы қойдың ерітілген майынан бір кесесін ішіп алады екен. Тері шалбар, жарғақ тон киген қара бала суыққа алдырмайды, әкесінің қолғанаты. Сол кездің балалары осылай есейді. Осылай шыңдалды. Олардың балалық шағы иен далада, желдің өтінде, малдың соңында өтті. Қызығы кем, бейнеті мол заман еді.
Боксшының қалыптасуы
Әбдісалан он жасқа толғанда олардың үй іші Түркістанға көшті. Мектепке қатарластарынан кеш барған Әбдісалан сегізжылдықты бітірген бойда Алматыға барып, темір жол техникумына оқуға түседі. Қарулы, бойшаң бозбала баскетбол мен ядро лақтыруда бағын сынап көреді. Ядро лақтырудан Алматыдағы оқу орындары арасында топ жарып, мамандар назарына ілігеді. Бірақ көңіл соқпаған соң тұрақтамай, әйгілі волейбол бапкері Октябрь Жарылғаповтың шақыруымен волейболға ауысады. Волейболға да көңіл хошы болмайды. Осыны сезген Жарылғапов үш айдан кейін Нұрмахановты қолынан жетектеп, боксшыларға қосып жібереді. Түркістанда Молдабек Құралбаев деген жас бапкерден он бес жасында бокс әліппесін үйренген Әбдісаланға керегі осы еді. Нұрмахановтың шаршы алаңдағы жеңісті жолы осылай басталды. Бойы қарағайдай, қара торы жігіт аз уақытта Қазақстанда топ жарып, 1956 жылғы КСРО халықтарының бірінші спартакиадасында республика намысын қорғады. Осы сында жиырма жастағы Әбдісалан Нұрмаханов литвалық боксшы, Еуропаның екі, КСРО-ның алты мәрте чемпионы Альгидрис Шоцикастан «ұтылды». Шоцикастың дүркіреп тұрған кезі. Альгидрис Мельбурн олимпиадасының жүлдегері, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, орыстың «жанды танк» атанған алыбы Николай Королевтің өзін жеңіп, әлемдегі ең күшті боксшының бірі болып тұрған. Көпшілік ойлағандай, Шоцикас Нұрмахановты айқын басымдылықпен ұта алған жоқ. Бокс қолғабын дұрыстап кигеніне екі жыл болған Әбдісалан атақты қарсыласымен аянбай, шегінбей айқасты. Төрешілер жақ-жақ болып, жеңісті кімге берерін білмей тартысты. Ақырында 3:2 есебімен Шоцикастың қолын көтерді. Келесі, 1957 жылы Нұрмаханов КСРО чемпионатының финалынан бір-ақ шықты. Финалдағы қарсыласы – Одақ пен Еуропаның әлденеше дүркін чемпионы Андрей Абрамов. Салмағы 100 келіден асады. Әбдісалан оның қасында жіңішкелеу. Абрамовтан 20 келідей жеңіл. Есесіне Әбдісалан бойшаң, қолы ұзын. Қимылы ширақ. Бұл жолы тәжірибелі Абрамовтың жолы болды. Жиырма бір жастағы Нұрмаханов қазақ спортшыларынан бірінші болып КСРО чемпионатының күміс медалін жеңіп алды. Мұндай биікке нағыз дарындар ғана жете алады. Бокспен шындап шұғылданғанына үш-ақ жыл толғанда КСРО-дай алып империяның күміс жүлдегері атану Нұрмахановтай саңлақтың ғана қолынан келді. Арада бес жыл өткенде Киевте Нұрмаханов пен Абрамовтың жолы тағы да түйісті. КСРО чемпионатының ақтық айқасы. Әбдісалан осы жекпе-жекте нағыз батырға тән мінез көрсетті. Үш раунд бойы Абрамовқа ес жиғызған жоқ. Қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірсе де, төрешілер әділдікті белден басып, жеңісті Андрейге алып береді. Рефери Абрамовтың қолын көтерген сәтте Нұрмахановтың бапкері Дәулеткерей Муллаев қиянатқа шыдай алмай, мыңдаған адамның көз алдында жылап жібереді. Ол кезде қазақ секілді кішкентай ұлттың батырлары әділетсіздікті көп көрді. Бірақ біздің бауырлар жасыған жоқ. Ел мүддесі, ұлт намысы үшін бастарын бәйгеге тікті. Одақтың алтын жүлдесі бұйырмаса да, алтыннан да салмақты, алтыннан да қадірлі сый – қалың қазақтың сый-құрметіне бөленді. Сондай даңқты батырларымыздың бірі әрі бірегейі Әбдісалан Нұрмаханов болатын.
Бапкер болып қалыптасуы
Нұрмахановтың бапкерлік білігі бір күнде қалыптасқан жоқ. XX ғасырдың алпысыншы жылдарында басталған ізденісі мол, бейнетті жол 1997 жылға дейін жалғасты. Шәкірті КСРО-ның жастар арасындағы чемпионы болғаннан кейін Әбекеңнен тәлім алған Борис Хрянин КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері, жастар арасында Одақ чемпионы атанды. Бұлардан басқа Валентин Юнусов, Бақытжан Аманбаев, Марат Бекежанов, Владимир Чипурин секілді шәкірттері Кеңес одағының ересектер және жастар біріншіліктерінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. КСРО-ның студенттер чемпионатында Болат Нұрпейісов олжа салды. Нұрмаханов жаттықтырған Қазақ мемлекеттік университетінің боксшылар командасы 1982 жылы Красноярск қаласында болған КСРО университеттері арасындағы жарыста бас бәйгіні жеңіп алса, одақтық студенттер ойындарында екі рет үшінші жүлдеге иелік етті. Жүздеген жас Нұрмахановтан тәлім алды. Кезінде даңқты боксшыдан, майталман маманнан бокстың қыр-сырын үйренген жігіттер қазір елдің әр қиырында еңбек етіп жүр. Солардың қай-қайсысы да Әбекеңді ілтипатпен еске алатыны даусыз. Себебі Нұрмаханов – қазақ спортының тарихында із қалдырған айтулы тұлға.
Ұлттық құрама бас бапкері
Әбдісалан Нұрмаханов қазақ құрамасының тізгінін 1993 жылы ұстады. Табиғатынан табанды, намысқой азамат ең әуелі құрамадағы тәртіпке баса назар аударды. Ол кісі шәкірттеріне тек спортшы деп қана қарамай, боксшылардың ішкі жандүниесіне үңіле білді. Нұрмахановтың бас бапкер болуымен қазақ құрамасы бұрынғыдан да күшейе түсті. 1993 жылы Иранның астанасы Теһранда өткен Азия чемпионатында қазақ құрамасы командалық есепте жеке-дара шықты. Осы жылы Таиландта болған әлем кубогы жарысында Азия, Еуропа, Америка құрлықтарының ең күшті құрамалары күш сынасты. Осы бәсекеде Әбдісалан баптаған қазақ боксшылары командалық үшінші орынға табан тіреді. Сол тұста экономикасы әлсіз, тарихтың өтпелі сатысында тұрған елдің еңсесін көтеруде Нұрмаханов баптаған жігіттердің еңбегі зор. Етек-жеңін енді-енді жинай бастаған ел боксшылардың дүркін-дүркін жеңістерімен рухтанып, болашаққа сеніммен қарады. 1995 жылы біздің жігіттер Ташкенттің төрінде Азия чемпионатының алты алтын жүлдесін жеңіп алды. Сыралғы қарсыластарымыз – өзбек ағайындар мен Азияның небір мықты спортшылары қазақ боксшыларының жұдырығына төтеп бере алмай, бармақ шайнады. Атланта олимпиадасының қарсаңындағы бұл жеңіс Нұрмахановтың бас бапкер ретіндегі бағытының дұрыс әрі құрама тізгіні сенімді қолда екенін көрсетіп берді.
Бекет Махмұтов пен Әбдісалан Кәрімұлы
1995 жылғы әлем чемпионатында Болат Жұмаділов күміс, Василий Жиров қола жүлдеге ие болды. Бұл жүлделер іргетасы әуелден берік қаланған қазақ боксының тәуелсіздік тұсындағы үлкен жеңістерінің басы еді. Осы кезде Қазақстан бокс федерациясының тізгінін іскер басшы, білікті кәсіпкер ұстады. Махмұтов пен Нұрмаханов тізе қосқан сәттен бастап қазақ боксы аршындап алға басты. Нұрмаханов білім-білігі мен маңдай терін аямай жұмсаса, Махмұтов жанашырлық көңілімен қатар қаржылай көмектесті. Бекет Махмұтовтың АИБА-ның бірінші вице-президенті болып сайлануы қазақ боксына қанат бітірді. Осындай кесек турап, кеңінен толғайтын ағаларына арқа сүйеген боксшылар да барын салды. 1996 жылғы Әбдісаланның шәкірттері бір алтын, бір күміс, екі қола медальді жеңіп алып, жалпы командалық есепте Куба, Болгария құрамаларынан кейін үшінші орынды жеңіп алды. Қазақ боксы бұрын-соңды мұндай биікке жетіп көрмеген еді. Бес құрлықтың мықты деген мамандары қазақ жігіттерінің бұл табысына қайран қалды. Әлем жұртшылығы Қазақстанды боксшыларымыздың тамаша табысы арқылы тани бастады. Сол Олимпиадада Қазақстан спортшылары барлығы он бір медальға ие болса, соның төртеуі Нұрмахановтың командасының үлесінде. Василий Жиров Қазақстан боксшыларынан бірінші болып, ең үздік боксшыға тағайындалған Вэл Баркер кубогын жеңіп алды. Кезінде Мәскеудің әділетсіздігінен боксшы ретінде бағы байланған Әбдісалан Нұрмаханов Атланта олимпиадасында бапкерлік білігімен дүниежүзін мойындатты. Осы Олимпиада қарсаңында Нұрмаханов өзінің нағыз майталман маман екенін көрсетті. Тоқсан алтының көктемінде боксшы жігіттерді Сарыағаш шипажайына арнайы апарып, ішқұрылыстарын тазартып, асқазандарын жуғызды. Одан кейін құраманы Ыстықкөлдің жағасында жаттықтырып, бір жағынан суға малтытып, тыңайтып алды. Алатаудың баурайындағы жиында жігіттерге ақшұбар тас лақтыртып, шой балғамен трактордың дөңгелегін ұрғызды. Күнге күйдіріп, таудың салқын ауасында әбден шыңдады. Қазы-қартаны кертіп жеп, қымыз, шұбатты таңдап ішкен батырлар нағыз бабында еді. Олимпиада басталуға екі апта қалғанда Нұрмаханов шәкірттерімен АҚШ-тың Орландо штатына барып орналасты. Осы қалада асықпай жаттығып, жергілікті ауа райына, сол жердің табиғатына бейімделген спортшылар дәл Олимпиада қарсаңында Орландоның былғары қолғап шеберлерімен жекпе-жекке шықты. Бұл бәсекеде қазақ жігіттері айқын басымдылық танытты. Содан кейін қазақ құрамасы Атлантаға ат басын бұрды. Бұл дегеніңіз – нағыз өзіне сенген, өзіндік көзқарасы бар, білімді әрі батыр адамның ғана қолына келетін тірлік. Ол кезде жер түбіндегі Америка Құрама Штаттарына жарыс басталардан екі апта бұрын бару оңай емес болатын. Қазақстанның экономикалық жағдайы қазіргідей болса, ештеңе емес. Спорт министрлігінің қаржысы қазіргіден бірнеше есе аз. Оның үстіне мұндай қадамның жауапкершілігінің өзі мың батпан. Нұрмахановтың орнында басқа бапкер болса, дәл осылай тәуекел жасай алар ма еді, кім білсін. Мен сол тұста республиканың Спорт министрі ретінде осы істің басы-қасында болдым. Боксшыларға қолдан келген жағдайдың бәрін жасадық. Қазақ боксшыларының сол жеңісі басқа спорт түрлеріндегі жаттықтырушылар мен спортшыларға ой салды. «Боксшылар жеткен биікке біз неге ұмтылмаймыз?» деген сауал Атланта олимпиадасынан кейін талай адамды мазалап, ширықтырғаны, қамшылағаны анық. Атланта олимпиадасынан кейін елдің түкпір-түкпіріндегі бокс үйірмелері балаларға лық толды. Ең бастысы, Нұрмаханов пен Махмұтовтың бокс шыңына бастаған жеңіс жолы сәтімен жалғасты. Біздің былғары қолғап шеберлері Атланта, Сидней, Афины, Бейжің олимпиадаларында алтын медальдарға қол жеткізді.
Сілтемелер
- Күлпаш НҰРМАХАНОВА: Ғұмырында бір-ақ рет көзіне жас алған еді(қолжетпейтін сілтеме)
- Саңлақ Салан!(қолжетпейтін сілтеме)
- Әбілсейіт аға Әбдісалан замандасы туралы(қолжетпейтін сілтеме)
- Ұлттың рухын көтерген – Әбдiсалан Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nurmahanov Әbdisalan 19 sәuir 1936 Өzbekstan auyly 14 shilde 2002 Almaty boksshy KSRO nyn enbek sinirgen sport sheberi 1966 Қazakstannyn enbek sinirgen zhattyktyrushysy Қazakstannyn 10 dүrkin chempiony 1957 1967 KSRO chempionatynyn eki dүrkin kүmis zhүldegeri 1957 1962 zh zh KSRO halyktary spartakiadasynyn eki mәrte kola zhүldegeri 1959 1967 Aziya Afrika ojyndarynyn zhenimpazy 1963 Әbdisalan Nurmahanuly NurmahanovZhalpy maglumatAzamattygy Қazakstan KSRO 1936 1991 Tugan kүni19 sәuir 1936 1936 04 19 Tugan zherikazirgi Өzbek KSRҚajtys bolgan kүni14 shilde 2002 2002 07 14 66 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty ҚazakstanSalmagyen auyrBojy190 sm Kәsibi karerasyAjkastar sany239Zhengender sany222 Nurmahanovtyn kurmetine Tүrkistanda dәstүrli boks bәsekesinin ujymdastyryluy da zandy Sebebi ol kisinin ultyna sinirgen enbegi kop Әbeken boksshy retinde gana tugan halkynyn namysyn koterip kojgan zhok galym retinde de osy salanyn damuyna үles kosty Al bapkerlik kyzmette Nurmahanovtyn sporttagy ekinshi dәureni bastaldy desek artyk ajtkandyk emes Әbeken birneshe zhyl Қazak fizkultura institutynda kafedra mengerushisi prorektor bolyp kyzmet istedi Tagdyrdyn zhazuymen ekeumiz birneshe zhyl kyzmettes boldyk Men ҚazMU dyn sporttyk lagerinde basshy bolganda ol kisi menin kasymda boldy Birge enbek ettik Talaj mәrte dәmdes boldyk Nurmahanov universitette ustaz bolganda da karym katynasymyz үzilgen zhok Әbekennin kejin Olimpiada chempiony bolgan Ermahan Ybrajymovtyn kabilet karymyn erte andap bauyryna tartyp oz balasyndaj үjine turgyzgany da bile bilgen zhanga tәlimi mol zhagdaj Zhastyk shagyӘbdisalan Nurmahanovtyn ata babalary Arkany meken etken dәuletti imandy elge syjly adamdar bolypty Kenes okimeti ornagannan kejin ak pen kyzyldyn sogysy odan kәmpeske kazakty әbden tityktatty emes pe Sol tusta Nurmahan әuleti Betpakty basyp Қyzyldyn kumyn sagalaj Өzbekstanga auady Қiyn kystau kezende Nurmahannyn shanyragy kop kiyndyk koredi Zholda balalary shetinep kajgydan kan zhutady Sodan Nurmahan koshi Suhandariya onirindegi Kүltobe auylyna turaktajdy Sol zherde 1936 zhyly Әbdisalan dүniege keledi Қatal tagdyr Әbdisalandy erte esejtti Alty zhasynan әkesine erip koj bakty Zhudyryktaj bala koktem men kүzdin kara suygynda mal bagyp zhүrip kazaky kojdyn eritilgen majynan bir kesesin iship alady eken Teri shalbar zhargak ton kigen kara bala suykka aldyrmajdy әkesinin kolganaty Sol kezdin balalary osylaj esejdi Osylaj shyndaldy Olardyn balalyk shagy ien dalada zheldin otinde maldyn sonynda otti Қyzygy kem bejneti mol zaman edi Boksshynyn kalyptasuyӘbdisalan on zhaska tolganda olardyn үj ishi Tүrkistanga koshti Mektepke katarlastarynan kesh bargan Әbdisalan segizzhyldykty bitirgen bojda Almatyga baryp temir zhol tehnikumyna okuga tүsedi Қaruly bojshan bozbala basketbol men yadro laktyruda bagyn synap koredi Yadro laktyrudan Almatydagy oku oryndary arasynda top zharyp mamandar nazaryna iligedi Birak konil sokpagan son turaktamaj әjgili volejbol bapkeri Oktyabr Zharylgapovtyn shakyruymen volejbolga auysady Volejbolga da konil hoshy bolmajdy Osyny sezgen Zharylgapov үsh ajdan kejin Nurmahanovty kolynan zhetektep boksshylarga kosyp zhiberedi Tүrkistanda Moldabek Қuralbaev degen zhas bapkerden on bes zhasynda boks әlippesin үjrengen Әbdisalanga keregi osy edi Nurmahanovtyn sharshy alandagy zhenisti zholy osylaj bastaldy Bojy karagajdaj kara tory zhigit az uakytta Қazakstanda top zharyp 1956 zhylgy KSRO halyktarynyn birinshi spartakiadasynda respublika namysyn korgady Osy synda zhiyrma zhastagy Әbdisalan Nurmahanov litvalyk boksshy Europanyn eki KSRO nyn alty mәrte chempiony Algidris Shocikastan utyldy Shocikastyn dүrkirep turgan kezi Algidris Melburn olimpiadasynyn zhүldegeri Europanyn birneshe dүrkin chempiony orystyn zhandy tank atangan alyby Nikolaj Korolevtin ozin zhenip әlemdegi en kүshti boksshynyn biri bolyp turgan Kopshilik ojlagandaj Shocikas Nurmahanovty ajkyn basymdylykpen uta algan zhok Boks kolgabyn durystap kigenine eki zhyl bolgan Әbdisalan atakty karsylasymen ayanbaj sheginbej ajkasty Toreshiler zhak zhak bolyp zhenisti kimge bererin bilmej tartysty Akyrynda 3 2 esebimen Shocikastyn kolyn koterdi Kelesi 1957 zhyly Nurmahanov KSRO chempionatynyn finalynan bir ak shykty Finaldagy karsylasy Odak pen Europanyn әldeneshe dүrkin chempiony Andrej Abramov Salmagy 100 keliden asady Әbdisalan onyn kasynda zhinishkeleu Abramovtan 20 kelidej zhenil Esesine Әbdisalan bojshan koly uzyn Қimyly shirak Bul zholy tәzhiribeli Abramovtyn zholy boldy Zhiyrma bir zhastagy Nurmahanov kazak sportshylarynan birinshi bolyp KSRO chempionatynyn kүmis medalin zhenip aldy Mundaj biikke nagyz daryndar gana zhete alady Bokspen shyndap shugyldanganyna үsh ak zhyl tolganda KSRO daj alyp imperiyanyn kүmis zhүldegeri atanu Nurmahanovtaj sanlaktyn gana kolynan keldi Arada bes zhyl otkende Kievte Nurmahanov pen Abramovtyn zholy tagy da tүjisti KSRO chempionatynyn aktyk ajkasy Әbdisalan osy zhekpe zhekte nagyz batyrga tәn minez korsetti Үsh raund bojy Abramovka es zhigyzgan zhok Қarsylasyn eki mәrte nokdaunga tүsirse de toreshiler әdildikti belden basyp zhenisti Andrejge alyp beredi Referi Abramovtyn kolyn kotergen sәtte Nurmahanovtyn bapkeri Dәuletkerej Mullaev kiyanatka shydaj almaj myndagan adamnyn koz aldynda zhylap zhiberedi Ol kezde kazak sekildi kishkentaj ulttyn batyrlary әdiletsizdikti kop kordi Birak bizdin bauyrlar zhasygan zhok El mүddesi ult namysy үshin bastaryn bәjgege tikti Odaktyn altyn zhүldesi bujyrmasa da altynnan da salmakty altynnan da kadirli syj kalyn kazaktyn syj kurmetine bolendi Sondaj dankty batyrlarymyzdyn biri әri biregeji Әbdisalan Nurmahanov bolatyn Bapker bolyp kalyptasuyNurmahanovtyn bapkerlik biligi bir kүnde kalyptaskan zhok XX gasyrdyn alpysynshy zhyldarynda bastalgan izdenisi mol bejnetti zhol 1997 zhylga dejin zhalgasty Shәkirti KSRO nyn zhastar arasyndagy chempiony bolgannan kejin Әbekennen tәlim algan Boris Hryanin KSRO halyktary spartakiadasynyn kola zhүldegeri zhastar arasynda Odak chempiony atandy Bulardan baska Valentin Yunusov Bakytzhan Amanbaev Marat Bekezhanov Vladimir Chipurin sekildi shәkirtteri Kenes odagynyn eresekter zhәne zhastar birinshilikterinde zhүldegerler katarynan korindi KSRO nyn studentter chempionatynda Bolat Nurpejisov olzha saldy Nurmahanov zhattyktyrgan Қazak memlekettik universitetinin boksshylar komandasy 1982 zhyly Krasnoyarsk kalasynda bolgan KSRO universitetteri arasyndagy zharysta bas bәjgini zhenip alsa odaktyk studentter ojyndarynda eki ret үshinshi zhүldege ielik etti Zhүzdegen zhas Nurmahanovtan tәlim aldy Kezinde dankty boksshydan majtalman mamannan bokstyn kyr syryn үjrengen zhigitter kazir eldin әr kiyrynda enbek etip zhүr Solardyn kaj kajsysy da Әbekendi iltipatpen eske alatyny dausyz Sebebi Nurmahanov kazak sportynyn tarihynda iz kaldyrgan ajtuly tulga Ұlttyk kurama bas bapkeriӘbdisalan Nurmahanov kazak kuramasynyn tizginin 1993 zhyly ustady Tabigatynan tabandy namyskoj azamat en әueli kuramadagy tәrtipke basa nazar audardy Ol kisi shәkirtterine tek sportshy dep kana karamaj boksshylardyn ishki zhandүniesine үnile bildi Nurmahanovtyn bas bapker boluymen kazak kuramasy buryngydan da kүsheje tүsti 1993 zhyly Irannyn astanasy Teһranda otken Aziya chempionatynda kazak kuramasy komandalyk esepte zheke dara shykty Osy zhyly Tailandta bolgan әlem kubogy zharysynda Aziya Europa Amerika kurlyktarynyn en kүshti kuramalary kүsh synasty Osy bәsekede Әbdisalan baptagan kazak boksshylary komandalyk үshinshi orynga taban tiredi Sol tusta ekonomikasy әlsiz tarihtyn otpeli satysynda turgan eldin ensesin koterude Nurmahanov baptagan zhigitterdin enbegi zor Etek zhenin endi endi zhinaj bastagan el boksshylardyn dүrkin dүrkin zhenisterimen ruhtanyp bolashakka senimmen karady 1995 zhyly bizdin zhigitter Tashkenttin torinde Aziya chempionatynyn alty altyn zhүldesin zhenip aldy Syralgy karsylastarymyz ozbek agajyndar men Aziyanyn nebir mykty sportshylary kazak boksshylarynyn zhudyrygyna totep bere almaj barmak shajnady Atlanta olimpiadasynyn karsanyndagy bul zhenis Nurmahanovtyn bas bapker retindegi bagytynyn durys әri kurama tizgini senimdi kolda ekenin korsetip berdi Beket Mahmutov pen Әbdisalan Kәrimuly1995 zhylgy әlem chempionatynda Bolat Zhumadilov kүmis Vasilij Zhirov kola zhүldege ie boldy Bul zhүldeler irgetasy әuelden berik kalangan kazak boksynyn tәuelsizdik tusyndagy үlken zhenisterinin basy edi Osy kezde Қazakstan boks federaciyasynyn tizginin isker basshy bilikti kәsipker ustady Mahmutov pen Nurmahanov tize koskan sәtten bastap kazak boksy arshyndap alga basty Nurmahanov bilim biligi men mandaj terin ayamaj zhumsasa Mahmutov zhanashyrlyk konilimen katar karzhylaj komektesti Beket Mahmutovtyn AIBA nyn birinshi vice prezidenti bolyp sajlanuy kazak boksyna kanat bitirdi Osyndaj kesek turap keninen tolgajtyn agalaryna arka sүjegen boksshylar da baryn saldy 1996 zhylgy Әbdisalannyn shәkirtteri bir altyn bir kүmis eki kola medaldi zhenip alyp zhalpy komandalyk esepte Kuba Bolgariya kuramalarynan kejin үshinshi oryndy zhenip aldy Қazak boksy buryn sondy mundaj biikke zhetip kormegen edi Bes kurlyktyn mykty degen mamandary kazak zhigitterinin bul tabysyna kajran kaldy Әlem zhurtshylygy Қazakstandy boksshylarymyzdyn tamasha tabysy arkyly tani bastady Sol Olimpiadada Қazakstan sportshylary barlygy on bir medalga ie bolsa sonyn torteui Nurmahanovtyn komandasynyn үlesinde Vasilij Zhirov Қazakstan boksshylarynan birinshi bolyp en үzdik boksshyga tagajyndalgan Vel Barker kubogyn zhenip aldy Kezinde Mәskeudin әdiletsizdiginen boksshy retinde bagy bajlangan Әbdisalan Nurmahanov Atlanta olimpiadasynda bapkerlik biligimen dүniezhүzin mojyndatty Osy Olimpiada karsanynda Nurmahanov ozinin nagyz majtalman maman ekenin korsetti Toksan altynyn kokteminde boksshy zhigitterdi Saryagash shipazhajyna arnajy aparyp ishkurylystaryn tazartyp askazandaryn zhugyzdy Odan kejin kuramany Ystykkoldin zhagasynda zhattyktyryp bir zhagynan suga maltytyp tynajtyp aldy Alataudyn baurajyndagy zhiynda zhigitterge akshubar tas laktyrtyp shoj balgamen traktordyn dongelegin urgyzdy Kүnge kүjdirip taudyn salkyn auasynda әbden shyndady Қazy kartany kertip zhep kymyz shubatty tandap ishken batyrlar nagyz babynda edi Olimpiada bastaluga eki apta kalganda Nurmahanov shәkirtterimen AҚSh tyn Orlando shtatyna baryp ornalasty Osy kalada asykpaj zhattygyp zhergilikti aua rajyna sol zherdin tabigatyna bejimdelgen sportshylar dәl Olimpiada karsanynda Orlandonyn bylgary kolgap sheberlerimen zhekpe zhekke shykty Bul bәsekede kazak zhigitteri ajkyn basymdylyk tanytty Sodan kejin kazak kuramasy Atlantaga at basyn burdy Bul degeniniz nagyz ozine sengen ozindik kozkarasy bar bilimdi әri batyr adamnyn gana kolyna keletin tirlik Ol kezde zher tүbindegi Amerika Қurama Shtattaryna zharys bastalardan eki apta buryn baru onaj emes bolatyn Қazakstannyn ekonomikalyk zhagdajy kazirgidej bolsa eshtene emes Sport ministrliginin karzhysy kazirgiden birneshe ese az Onyn үstine mundaj kadamnyn zhauapkershiliginin ozi myn batpan Nurmahanovtyn ornynda baska bapker bolsa dәl osylaj tәuekel zhasaj alar ma edi kim bilsin Men sol tusta respublikanyn Sport ministri retinde osy istin basy kasynda boldym Boksshylarga koldan kelgen zhagdajdyn bәrin zhasadyk Қazak boksshylarynyn sol zhenisi baska sport tүrlerindegi zhattyktyrushylar men sportshylarga oj saldy Boksshylar zhetken biikke biz nege umtylmajmyz degen saual Atlanta olimpiadasynan kejin talaj adamdy mazalap shiryktyrgany kamshylagany anyk Atlanta olimpiadasynan kejin eldin tүkpir tүkpirindegi boks үjirmeleri balalarga lyk toldy En bastysy Nurmahanov pen Mahmutovtyn boks shynyna bastagan zhenis zholy sәtimen zhalgasty Bizdin bylgary kolgap sheberleri Atlanta Sidnej Afiny Bejzhin olimpiadalarynda altyn medaldarga kol zhetkizdi SiltemelerKүlpash NҰRMAHANOVA Ғumyrynda bir ak ret kozine zhas algan edi kolzhetpejtin silteme Sanlak Salan kolzhetpejtin silteme Әbilsejit aga Әbdisalan zamandasy turaly kolzhetpejtin silteme Ұlttyn ruhyn kotergen Әbdisalan Muragattalgan 5 nauryzdyn 2016 zhyly Ontүstik Қazakstan oblysynyn enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet