Қопарылыс - белгілі бір шектелген аумақта өте мол энергия бөліп шығаратын процесс.
Қопарғыш заттар қопарылы әсерінен лезде бір күйден екінші күйге ауысып, аса қызған жоғары қысымдағы газға айналады, әрі бастапқы көлемін мыңдаған есе ұлғайтып, айналасындағы заттарға кенеттен әсер етеді, қиратады немесе оларды қозғалысқа келтіреді. Қопарылыстың ең жиі қолданылатын түрі – химиялық қопарғыш заттар қопарылысы. Қопарғыш заттар сыртқы әсерлер (мыс, оттың, механикалық соққының, детонацияның, т.б.) нәтижесінде тез арада химиялық өзгеріске түсіп, молекулалардың арасындағы байланыс энергиясы жылу түрінде бөлінеді. Белгілі бір көлемдегі заттың кез келген нүктесіндегі химиялық өзгерістен туындаған жылу лезде қопарғыш заттан тысқары шығып үлгірмейтіндіктен, температура артады да, процесс үдеп жылулық қопарылыс пайда болады. Заттың соққы толқынымен сығылған қабаты химиялық ыдырауға бейім келеді.
Атом ядроларының бөлінуі кезінде ядролық қопарылыс туады. Мұнда бір атом ядросы бөлшектену арқылы екінші бір элементтердің ядросына айналады да, өте мол энергия бөлінеді. Ядролық қопарылыс уран мен плутоний изотоптары ядроларының бөлшектену әсерінен басқа жеңіл элемент ядроларын түзу құбылысына негізделген. Ядролық қопарылыстың екінші бір түрі – жеңіл ядроларды синтездеу реакциясы. Одан бөлінетін энергияның мөлшері ауыр ядролардың бөлшектенуінен туатын энергиядан әлде қайда көп болады.
Күннің хромосфералық жарқылдауы да қуатты қопарылыс болып есептелінеді. Ғарыш кеңістігінде жаңа жұлдыздардың пайда болуы және галактика ядроларының жарқылынан болған қопарылыс бірнеше сағат ішінде шамамен 1038 – 1050 Дж энергия бөледі. Қопарылыстардан бөлінетін энергия қоры қопарғыш заттың бойында молекулалық не ядролық байланыс ретінде ұшырасады. Сыртқы энергия әсерінен физикалық қопарылыстар туындайды. Оларға:
- кез келген ортада өтетін қуатты электр разряды. Бұл разряд өзі өткен ортаны қыздырады әрі жоғары қысымды иондалған газға айналдырады;
- металл өткізгіштерден өте күшті ток өткенде жоғарыдағыдай құбылыс (металл бірден буға айналады) байқалады;
- жоғары қысымдағы газ баллондарының (жабулы қазандар, сұйық не балқыған зат құйылған түтіктер, т.б.) қопарылуы;
- жоғары жылдамдықпен (ондаған км/с) қозғалған қатты денелердің соқтығысуы, т.б. мысалдар бола алады.
Табиғатта қопарылысты әр түрлі құбылыстар тудырады. Мыс, найзағай жарқылындағы қуатты электр разряды, жанартаудың кенет атқылауы, аспаннан Жер бетіне метеориттің құлап түсуі. Қопарылыстың қолдан жасалатын жасанды түрлері кен қазу мен барлау істерінде, құрылыс (үлкен су бөгеттерін, жолдар, туннельдер, т.б.) жұмыстарында кең қолданылады.
Пайдаланған әдебиетттер
- Қазақ энциклопедиясы
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қoparylys belgili bir shektelgen aumakta ote mol energiya bolip shygaratyn process Қopargysh zattar koparyly әserinen lezde bir kүjden ekinshi kүjge auysyp asa kyzgan zhogary kysymdagy gazga ajnalady әri bastapky kolemin myndagan ese ulgajtyp ajnalasyndagy zattarga kenetten әser etedi kiratady nemese olardy kozgalyska keltiredi Қoparylystyn en zhii koldanylatyn tүri himiyalyk kopargysh zattar koparylysy Қopargysh zattar syrtky әserler mys ottyn mehanikalyk sokkynyn detonaciyanyn t b nәtizhesinde tez arada himiyalyk ozgeriske tүsip molekulalardyn arasyndagy bajlanys energiyasy zhylu tүrinde bolinedi Belgili bir kolemdegi zattyn kez kelgen nүktesindegi himiyalyk ozgeristen tuyndagan zhylu lezde kopargysh zattan tyskary shygyp үlgirmejtindikten temperatura artady da process үdep zhylulyk koparylys pajda bolady Zattyn sokky tolkynymen sygylgan kabaty himiyalyk ydyrauga bejim keledi Atom yadrolarynyn bolinui kezinde yadrolyk koparylys tuady Munda bir atom yadrosy bolshektenu arkyly ekinshi bir elementterdin yadrosyna ajnalady da ote mol energiya bolinedi Yadrolyk koparylys uran men plutonij izotoptary yadrolarynyn bolshektenu әserinen baska zhenil element yadrolaryn tүzu kubylysyna negizdelgen Yadrolyk koparylystyn ekinshi bir tүri zhenil yadrolardy sintezdeu reakciyasy Odan bolinetin energiyanyn molsheri auyr yadrolardyn bolshektenuinen tuatyn energiyadan әlde kajda kop bolady Kүnnin hromosferalyk zharkyldauy da kuatty koparylys bolyp eseptelinedi Ғarysh kenistiginde zhana zhuldyzdardyn pajda boluy zhәne galaktika yadrolarynyn zharkylynan bolgan koparylys birneshe sagat ishinde shamamen 1038 1050 Dzh energiya boledi Қoparylystardan bolinetin energiya kory kopargysh zattyn bojynda molekulalyk ne yadrolyk bajlanys retinde ushyrasady Syrtky energiya әserinen fizikalyk koparylystar tuyndajdy Olarga kez kelgen ortada otetin kuatty elektr razryady Bul razryad ozi otken ortany kyzdyrady әri zhogary kysymdy iondalgan gazga ajnaldyrady metall otkizgishterden ote kүshti tok otkende zhogarydagydaj kubylys metall birden buga ajnalady bajkalady zhogary kysymdagy gaz ballondarynyn zhabuly kazandar sujyk ne balkygan zat kujylgan tүtikter t b koparyluy zhogary zhyldamdykpen ondagan km s kozgalgan katty denelerdin soktygysuy t b mysaldar bola alady Tabigatta koparylysty әr tүrli kubylystar tudyrady Mys najzagaj zharkylyndagy kuatty elektr razryady zhanartaudyn kenet atkylauy aspannan Zher betine meteorittin kulap tүsui Қoparylystyn koldan zhasalatyn zhasandy tүrleri ken kazu men barlau isterinde kurylys үlken su bogetterin zholdar tunnelder t b zhumystarynda ken koldanylady Pajdalangan әdebiettterҚazak enciklopediyasy Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Mehanika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 zhyl 29 1 b ISBN 9965 08 234 0 O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet