Қозыжауырын жебе – жақтың оғының сауытсыз қарсыласқа қолданылатын жебесі.
Сипаты
Қозыжауырын жебе темірден соғылып, жалпақ, жетелі болып жасалды. Оқтың сабына жетесінен кіргізіліп, желімделіп орнатылды. Қозының жауырынына ұқсас пішініне байланысты қазақтар жебенің бұл түрін «қозы жауырын» деп атаған. Жақтың оғының жебесінің бұл түрі көне түркі заманында пайда болды. Көшпелілер обаларынан, молаларынан табылған археологиялық материалдарда жебенің бұл түрі жиі кездеседі. Қозыжауырын жебенің ұштары түрліше – үшбұрышты, тегіс, доғалана келген немесе ішіне қарай ойыс болып жасалған бірнеше нұсқалары болды. Ұшы ойыс болып жасалған кескiр қозыжауырын жебелерді адамның, аңның дене мүшесiн кесiп түсу үшiн қолданды.
Тарихи дерек
Қозыжауырын жебенің әр түрлері қазақтарда ХIХ ғасырға дейін қолданылып келді. Қазақтың қозыжауырын жебенің бір нұсқасының суреті қазақтың алғашқы ғалымы Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ қару-жарағы туралы жазған еңбегінде кездеседі. Қозыжауырын жебелі оқ қазақ батырларының қаруы ретінде халық ауыз әдебиетінде де айтылады. Тілдегі метонимиялық құбылысқа байланысты «қозыжауырын жебе» сөзін ауыз әдебиетінде осындай жебелі садақ оғының эвфемистік атауы ретінде де қолданылуы кездеседі: "Саржаға оғын кередi, қозы жауырын көктеме оқ, ұзындығы кез едi ...немесе "Қозы жауырын оқ алды, атып еді өтпеді ...
Демек, ауыз әдебиетінде «қозыжауырын жебе» атауы жебе түрін де және осындай жебелі оқты да білдіреді.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Валиханов Ч.Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Алма-Ата: Издательство Академии наук Каз ССР, 1961. Т.1;
- Ақсауыт. Екi томдық. Алматы: Жазушы, 1977;
- Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері). Алматы: Дәуір, 1996;
- Соловьев А.И. Оружие и доспехи: Сибирское вооружение: от каменного века до средневековья. Новосибирск: ИНФОЛИО-Пресс, 2003.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қozyzhauyryn zhebe zhaktyn ogynyn sauytsyz karsylaska koldanylatyn zhebesi Қozyzhauyryn zhebeler 1 Tүrki zamanyndagy kozyzhauyryn zhebe ҚR ҰM korynan 2 Tүrki zamanyndagy kozyzhauyryn zhebelerdin tүrleri Orys zertteushisi A I Solovevtin enbeginen 3 Қazaktyn kozyzhauyryn zhebesi Sh Uәlihanovtyn sureti SipatyҚozyzhauyryn zhebe temirden sogylyp zhalpak zheteli bolyp zhasaldy Oktyn sabyna zhetesinen kirgizilip zhelimdelip ornatyldy Қozynyn zhauyrynyna uksas pishinine bajlanysty kazaktar zhebenin bul tүrin kozy zhauyryn dep atagan Zhaktyn ogynyn zhebesinin bul tүri kone tүrki zamanynda pajda boldy Koshpeliler obalarynan molalarynan tabylgan arheologiyalyk materialdarda zhebenin bul tүri zhii kezdesedi Қozyzhauyryn zhebenin ushtary tүrlishe үshburyshty tegis dogalana kelgen nemese ishine karaj ojys bolyp zhasalgan birneshe nuskalary boldy Ұshy ojys bolyp zhasalgan keskir kozyzhauyryn zhebelerdi adamnyn annyn dene mүshesin kesip tүsu үshin koldandy Tarihi derekҚozyzhauyryn zhebenin әr tүrleri kazaktarda HIH gasyrga dejin koldanylyp keldi Қazaktyn kozyzhauyryn zhebenin bir nuskasynyn sureti kazaktyn algashky galymy Sh Sh Uәlihanovtyn kazak karu zharagy turaly zhazgan enbeginde kezdesedi Қozyzhauyryn zhebeli ok kazak batyrlarynyn karuy retinde halyk auyz әdebietinde de ajtylady Tildegi metonimiyalyk kubylyska bajlanysty kozyzhauyryn zhebe sozin auyz әdebietinde osyndaj zhebeli sadak ogynyn evfemistik atauy retinde de koldanyluy kezdesedi Sarzhaga ogyn keredi kozy zhauyryn kokteme ok uzyndygy kez edi nemese Қozy zhauyryn ok aldy atyp edi otpedi Demek auyz әdebietinde kozyzhauyryn zhebe atauy zhebe tүrin de zhәne osyndaj zhebeli okty da bildiredi DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterValihanov Ch Ch Vooruzhenie kirgiz v drevnie vremena i ih voennye dospehi Sobranie sochinenij V 5 ti tomah Alma Ata Izdatelstvo Akademii nauk Kaz SSR 1961 T 1 Aksauyt Eki tomdyk Almaty Zhazushy 1977 Ahmetzhanov Қ S Zharagan temir kigender batyrlardyn karu zharagy әskeri oneri salt dәstүrleri Almaty Dәuir 1996 Solovev A I Oruzhie i dospehi Sibirskoe vooruzhenie ot kamennogo veka do srednevekovya Novosibirsk INFOLIO Press 2003