Эритроциттер (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Адам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай). Э-дің тіршілік ету ұзақ. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Э. түзіліп, сондай мөлшерде Эритроциттер өз тіршілігін жойып отырады). Э. өкпеден тіндерге оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, бұдан басқа ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді, қан плазмасынан аминқышқылдары мен липидтерді адсорбциялап, оларды тіндерге жеткізеді. Адам мен жануарлардың Эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың Эритроциттерінде ядро болады. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады. Ж. Ахметов
Эритроцит (erythrocyti, грек, erythros — қызыл, kytos — жасуша) — сүтқоректі жануарлар филогенезінде газ алмасу процесіне байланысты мамандану нәтижесінде ядросы мен органеллаларынан айырылған ядросыз қанның кызыл жасушасы. Эритроцит пішіні дөңгелек, екі жағы ойыс келген жасуша. Тек түйе мен ламада оның пішіні сопақ болып келеді. Балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда эритроциттің ядросы сақталған, пішіні сопақ болып келеді. Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — гемоглобин кұрайды. Гемоглобинді глобин протеині мен құрамында екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды. Гемоглобин өкпеде оттегімен тотығып, оксигемоглобин түзеді. Организм ұлпаларында ол тотықсызданып (оттегті бөліп, көмірқышқыл газымен байланысады, карбоксигемоглобинге айналып, өкпеде көмірдің қостотығын ауаға шығарып, оттегімен тотығып, қайтадан оксигемоглобинге айналады да, жануарлар ағзасындағы газ алмасу процесін іс жүзіне асырады. Газ алмасу процесімен қатар, эритроцит плазмолеммасына амин қышқылдарын, қарсы денелерді, уларды, дәрі-дәрмектерді сорып алып, тасымалдау қызметін де атқарады. Эритроциттер ядросы жоқ қызыл түсті қан жасушалары. Олар ортасы қысыңқы тегершік пішінді болады. Бұл эритроциттің бетін 1,5 есе үлкейтеді және газдар қозғалысына неғұрлым бейімдірек келеді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Эритроциттердің қалыптасуы
Эритропоэз жамбас сүйектерінің, бас сүйектерінің, қабырғаларының және омыртқаның қызыл сүйек миында, ал балаларда — қол мен аяқтың ұзын сүйектерінің соңында сүйек миында жүреді. Эритроциттің өмір сүру ұзақтығы — 3-4 ай, бұзылуы (гемолиз) бауырда және көкбауырда жүреді. Қанға шықпас бұрын, эритроциттер қан түзудің қызыл өскіні — эритрон құрамында пролиферация мен саралаудың бірнеше сатыларынан өтеді.
Қан құю
Донордан реципиентке қан құю кезінде эритроциттердің агглютинациясы (желімдеу), сондай-ақ гемолиз (олардың бұзылуы) болуы мүмкін. Мұны болдырмау үшін 1900 жылы Карл Ландштейнермен ашылған қан тобын ескеру қажет. Агглютинацияны эритроцит бетіндегі ақуыздар — антигендер (агглютиногендер) және плазмадағы антиденелер (агглютининдер) тудырады. 1907 жылы Янмен тұжырымдалған AB0 жүйесінде 4 қан тобы бөлінеді,олардың әрқайсысына әртүрлі антигендер мен антиденелер тән. Құю әдетте бір қан тобының иелері арасында ғана жүргізіледі.
I — 0 | II — A | III — B | IV — AB |
---|---|---|---|
αβ | β | α | - |
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eritrocitter grek erythros kyzyl zhәne kytos ydys adam men zhanuarlar kanyndagy kyzyl tүjirshikter Eritrocitter omyrtkasyz zhanuarlardyn tikenterilerdin kanynda da bolady Adam E inin pishini eki zhagynan ojys disk tәrizdi diam 7 8 mkm Deni sau er adamdardyn 1 mm3 kanynda 4 5 mln әjelderde 3 9 4 7 mln Eritrocitter bolady Sүtkorekti zhanuarlarda 7 mln daj ne budan da kop kustarda 3 mln daj en az molsherde balyktar men kujrykty kosmekendilerde 150 myndaj E din tirshilik etu uzak 125 tәuliktej әrbir sekundta 2 5 mln daj E tүzilip sondaj molsherde Eritrocitter oz tirshiligin zhojyp otyrady E okpeden tinderge ottek O2 al tinderden okpege komirtektin kos totygyn SO2 tasymaldajdy budan baska agzadagy kyshkyldy siltili tepe tendikti rettejdi kan plazmasynan aminkyshkyldary men lipidterdi adsorbciyalap olardy tinderge zhetkizedi Adam men zhanuarlardyn Eritrocitternyn kuramynda yadro bolmajdy Қustar bauyrymen zhorgalaushylar kosmekendiler zhәne balyktardyn Eritrocitterinde yadro bolady Eritrocitterdin kuramyndagy kyzyl tүsti gemoglobin agzada manyzdy rol atkarady Zh Ahmetov Eritrocit erythrocyti grek erythros kyzyl kytos zhasusha sүtkorekti zhanuarlar filogenezinde gaz almasu procesine bajlanysty mamandanu nәtizhesinde yadrosy men organellalarynan ajyrylgan yadrosyz kannyn kyzyl zhasushasy Eritrocit pishini dongelek eki zhagy ojys kelgen zhasusha Tek tүje men lamada onyn pishini sopak bolyp keledi Balyktarda kosmekendilerde bauyrymen zhorgalaushylarda kustarda eritrocittin yadrosy saktalgan pishini sopak bolyp keledi Eritrocit kuramynyn 60 su 40 kurgak zattar Қurgak zattardyn 95 agzadagy gaz almasu procesin zhүrgizuge mamandangan kyzyl tүsti kүrdeli protein gemoglobin kurajdy Gemoglobindi globin proteini men kuramynda eki valentti temir bolatyn kyzyl tүske boyagysh zat gem kurajdy Gemoglobin okpede ottegimen totygyp oksigemoglobin tүzedi Organizm ulpalarynda ol totyksyzdanyp ottegti bolip komirkyshkyl gazymen bajlanysady karboksigemoglobinge ajnalyp okpede komirdin kostotygyn auaga shygaryp ottegimen totygyp kajtadan oksigemoglobinge ajnalady da zhanuarlar agzasyndagy gaz almasu procesin is zhүzine asyrady Gaz almasu procesimen katar eritrocit plazmolemmasyna amin kyshkyldaryn karsy denelerdi ulardy dәri dәrmekterdi soryp alyp tasymaldau kyzmetin de atkarady Eritrocitter yadrosy zhok kyzyl tүsti kan zhasushalary Olar ortasy kysynky tegershik pishindi bolady Bul eritrocittin betin 1 5 ese үlkejtedi zhәne gazdar kozgalysyna negurlym bejimdirek keledi Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Eritrocitterdin kalyptasuyEritropoez zhambas sүjekterinin bas sүjekterinin kabyrgalarynyn zhәne omyrtkanyn kyzyl sүjek miynda al balalarda kol men ayaktyn uzyn sүjekterinin sonynda sүjek miynda zhүredi Eritrocittin omir sүru uzaktygy 3 4 aj buzyluy gemoliz bauyrda zhәne kokbauyrda zhүredi Қanga shykpas buryn eritrocitter kan tүzudin kyzyl oskini eritron kuramynda proliferaciya men saralaudyn birneshe satylarynan otedi Қan kuyuDonordan recipientke kan kuyu kezinde eritrocitterdin agglyutinaciyasy zhelimdeu sondaj ak gemoliz olardyn buzyluy boluy mүmkin Muny boldyrmau үshin 1900 zhyly Karl Landshtejnermen ashylgan kan tobyn eskeru kazhet Agglyutinaciyany eritrocit betindegi akuyzdar antigender agglyutinogender zhәne plazmadagy antideneler agglyutininder tudyrady 1907 zhyly Yanmen tuzhyrymdalgan AB0 zhүjesinde 4 kan toby bolinedi olardyn әrkajsysyna әrtүrli antigender men antideneler tәn Қuyu әdette bir kan tobynyn ieleri arasynda gana zhүrgiziledi I 0 II A III B IV ABab b a Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 X tom Biomorfologiya terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2009 ISBN 9965 822 54 9