Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.
Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды.
Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады.
Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың
Үйде жарлы болсам да,түзде баймын.
Асығымнан алтынға бөлесеңде,
Дүние жүзін көрмеген сормаңдаймын,-
деуіне қарағанда, ақын өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би-болыстар қатты сыналады. Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте өткір.
Жолшора өзің қазы, әкең Анай,
Бұрып сөйлеп, параны жедің жалай.
Алдында жеті тамұқ, сегіз жұмақ,
Қайсысына кіруің екі талай.
Қажылықпен дүниеде жедің пара,
Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай! - дейді. Балтаның «Ит соқыр» деп айыптаған дөрекі сөздеріне де ақын бұлтарыссыз батыл жауап береді. Балта елінің аға сұлтаны Құнанбайдың да соқыр екенін айтып, мықты болсаң содан құтыл дейді.
Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса,
Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан.
Шөже Балтаны жеңгенде оның парақорларлығын, ұры-қарыларға жақтастығын айтып бет қаратпайды. Сен ұрысың, олар парақор – бәрінің пиылғың бір деп оларды қоса айыптайды.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shozhe Қarzhaubajuly 1808 kazirgi Akmola oblysy 1895 sonda halyk akyny Қazirgi Nura audanynyn zherinde kedej sharua otbasynda tugan Өlen shygaru daryny zhas kezinen ak bajkalgan bala kezinde aurudyn saldarynan zagip bolyp kalgan Ajtystarga katyskanda kalyptaskan әleumettik filosofiyalyk kozkarastary boldy Adamgershilikke zhat keseldi kemshilikterdi әshkerelejdi Kempirbaj Tezekbaj Zhәmshibaj Keldibaj Balta Orynbaj Serәli Shortanbaj zhәne baskalarymen ajtyskan Үlken ajtystarda 17 ret zhenip shykkan Өzinin askan sheshendigimen suyryp salma tokpeligimen kokejkesti mәselelerdi kozgauymen zhәne auyldagy at tobelindej baj shonzharlardyn ekizhүzdi zulymdygy men parakorlygyn zhurt aldynda batyl ayausyz әshkereleuimen keninen tanymal bolgan Askak zhyrshy lirikalyk epikalyk dastandardy sheber oryndaushy bolgan Abajmen kezdesip halyk epostaryn әnderi men anyzdaryn biletindigimen ogan zor ykpal zhasagan Sh Uәlihanov 1864 zh 5 nauryzda ozinin Ombydagy pәterinde Shozhe oryndagan Қozy Korpesh Bayan sulu dastanynyn en tandauly nuskalarynyn birin zhazyp alyp Shozhenin akyndyk sheberligine zhogary baga bergen Onyn bir top olenderi Dәukejge Dombyra shykkan tynkyldan Bәjtikti maktagany t b zheke adamdardy kotere dәriptep maktauga kurylgan Sonymen katar Shozhe togysharlyk pen parakorlykty omirdin zhagymsyz zhaktaryn batyl synga aldy Atalary Қuandyk Shozhenin әkesi kuldykta sheshesi kүndikte otken adamdar ozi de zhasynan zhetim kalyp baj bosagasynda malajlykta kүn keshken Sondyktan Shozhemen ajtyska tүsken akyndar ata tegine min tagyp onyn kemtar sokyrlygyn betine baskan Dүrzhan үjinde oleninde Shozhe oz omiri turaly edәuir mәlimet beredi Zhasynan zhetim osip korasan auruynan kozi ketkenin ajtady Atym Shozhe balasy Қarzhaubajdyn Үjde zharly bolsam da tүzde bajmyn Asygymnan altynga bolesende Dүnie zhүzin kormegen sormandajmyn deuine karaganda akyn ozinin dүnieni oz kozimen kormegen sokyrlygyna nazaly Ol barynsha batyl sojlep eshkimnin bet azharyna bak dәuletine karamaj tajsalmaj әrkimnin minin betine basa ashyk ajtkan Shozhe ajtystary ozinin otkirligimen de shynajylygymen de synshyldygymen de kozge tүsedi Bizge onyn Balta Orynbaj Kempirbaj Tazbala zhәne Қyz akyndarmen ajtyskan Shozhe Balta akynmen ajtyskanda ony urysyn solarga kosylgan aram zhemkorsyndar dep ajyptajdy Bul ajypty Balta teriske shygara almajdy Balta arka sүjegen parakor bi bolystar katty synalady Olardyn ishinde Shozhenin Zholshora kazy men Alshynbaj shonzharga ajtkan syndary ote otkir Zholshora ozin kazy әken Anaj Buryp sojlep parany zhedin zhalaj Aldynda zheti tamuk segiz zhumak Қajsysyna kiruin eki talaj Қazhylykpen dүniede zhedin para Bul sozdi sen ajtasyn kalaj kalaj dejdi Baltanyn It sokyr dep ajyptagan doreki sozderine de akyn bultaryssyz batyl zhauap beredi Balta elinin aga sultany Қunanbajdyn da sokyr ekenin ajtyp mykty bolsan sodan kutyl dejdi Zhalgyz sokyr halkyna tiyshsyz bolsa Қutylsanshy myna otyrgan Қunanbajdan Shozhe Baltany zhengende onyn parakorlarlygyn ury karylarga zhaktastygyn ajtyp bet karatpajdy Sen urysyn olar parakor bәrinin piylgyn bir dep olardy kosa ajyptajdy DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet