Чикаго әлеуметтану мектебі — ХХ ғасырдың 20-30 жылдары дәурендеген әлеуметтану ағымы болып, негізінен АҚШ-тың Чикаго университетінің Роберт Парк (Robert Ezra Park), (Ernest Burgess) және басқалары құрған қала әлеуметтануы (urban sociology) мектебі. Олар әсіресе криминологияға сандық анализ әдіснамасын қолданып қала және қала маңы жастарының қылмыс өткізуі құбылыстарына нақты зерттеу жүргізді. Осы себепті ХХ ғасырдың алдыңғы жартысында Чикаго қаласы криминологиялық әлеуметтануды зерттеудің орталығына айналды.
Басты өкілдері
Чикаго мектебінің негізгі өкілдері Нелс Андерсон (Nels Anderson), Эрнст Берджесс (Ernest Burgess), Рут Шонл Кэйван (Ruth Shonle Cavan), Франклин Фрэйзир (E. Franklin Frazier), Эверет Хьюз (Everett Hughes), Родерик Макензи (Roderick D. McKenzie), Джордж Герберт Мид, Роберт Парк (Robert E. Park), Вальтер Реклис (Walter C. Reckless), Эдвин Сатерленд, Уильям Томас, Фредерик Зрашер (Frederic Thrasher), Луис Вирт, Флориан Витольд Знанецкий қатарлылар.
Мектептің қалыптасуы
1892 жылы АҚШ әлеуметтанушысы Альбион Смолл (Albion Small) Чикаго университетінде әлемдегі тұңғыш әлеуметтану факультетін ашып, алғашқы әлеуметтану магистранттарын тәрбиелейді. Смолл сондай-ақ Дж.Е. Винсентпен бірлесіп тұңғыш әлеуметтану оқулығы «Қоғамды зерттеу негізін» жазады (1894). Ол және 1895 жылы АҚШ-тағы тұңғыш әлеуметтану жуналы "Американ Әлеуметтану журналын" (American Journal of Sociology,AJS) шығарады. Әлеуметтану факультеті құрылған соң А.Смолл сол кездегі әлеуметтанушылар Дж.Винсент, У.И.Томас (W.I.Thomas), Р.Парк (Robert Park), Е.Берджесс қатарлы кісілерді жұмысқа тартып, аталған факульеттің білікті оқытушылар қосынын қалыптастырады. ХХ ғасырдың 20 жылдарына келгенде Р.Прак қатарлы адамдардың белсенді жұмысымен аталған факультет кемелденіп, жылына 200 ден артық зерттеуші магистрантты, 300 ден артық студентті қабылдайтын үлкен білім ордасына айналады. Олар сондай-ақ 40 шақты пәннен дәріс беріп, АҚШ -та ғана емес, әлемдегі ең әйгілі әлеуметтану факультетіне айналады. Осы негізде әлемге әйгілі Чикаго әлеуметтану мектебі қалыптасады.
Чикаго университетінде әлемдегі ең алғашқы әлеуметтану факультеті ашылуы мәлім мағынада тосын оқиға есептеледі. 1890 жылы "ұрылар патшасы" деп те, "мейірбан жәрдемші" деп те бағаланған мұнай алпауыты Джон Дэвисон Рокфеллер (John Davison Rockefeller) өзін шоқындырған шіркеудің ұсынысымен Нью-Йорктен қалса екінші үлкен АҚШ қаласы Чикагода университет ашуға мол ақша бөледі. William R. Harper (У.Харпер) деп аталатын Йель университетінің Иврит тілі профессоры діни белсенділігіне орай осы жаңадан құрылған Чикаго университетінің ректоры болып тағайындалады. Дегемен ол кезде У.Харпердің миында әлеуметтану пәніне арнап бірдеңе ашу жоспары болмаған көрінеді. Бірақ ол жұмысқа шақырған 13 профессордың ішінде бір болған екен. Ол дәл осы Альбион Смолл (Albion W. Small, 1854-1926) еді.
Әрине, Чикаго мектебі тек әлеуметтану саласымен шектелмейді. Әйгілілері:
- Чикаго әлеуметтану мектебі,
- Чикаго экономика мектебі,
- Чикаго Сәулет (architecture) мектебі,
- Чикаго әдеби сын (literary criticism) мектебі,
- Чикаго математикалық анализ (mathematical analysis) мектебі,
- Чикаго кәсіптік психология (Professional Psychology) мектебі қатарлылар.
Ғылыми жетістіктері
АҚШ қоғамында ол кезде үстем орында прагматизм философиясы болатын. Соның ықпалында Чикаго мектебі жаңадан қалыптасып, өркендеу жолына түскен Чикаго қаласының түрлі әлеуметтік мәселелеріне нақты зерттеулер жасаумен шұғылданды. Бұл оның тәжірибеге (практика) мән беретін, нақты әлеуметтік мәселелерді (көбінесе қала, қылмыс, жастар мәселесі) шешуге ат салысу дәстүрін қалыптастырды.
Чикаго мектебі мәдени қоныстану, көршілік байланыс, халық саны, нәсіл, қылмыс, кедей тұрғындар қатарлы мәселелерді нақты деректермен зерделеп, қала әлеуметтануының үлгісін жасады. Уильям Томас пен Флориан Знанецкий бірлесіп жазған «Еуропа мен АҚШ қоғамындағы Полша диқандары» (1918~1920) аталған ағымның өкілдік шығармасы есептеледі. Әсіресе Р.Парк қатарлылар жазған «Қала — қала ортасын зерттеу жобасы» (1925), «Қаладағы шағынаудандар» (1926), Берджесс жазған «Отбасы — өзара әсер ететін даралықтардың бірбүтіндігі» (1926), Луис Вирт жазған «Қала өмірі өзінше бір тұрмыс тәсілі» (1938), Фредерик Зрашер жазған «Топтар» (1927) қатарлылар АҚШ әлеуметтануының дамуына терең ықпал жасады.
30 жылдарда Гарвард университеті және Колумбия университеті қатарлылар өздерінің дербес әлеуметтану зерттеу орталықтарын құрды. 1935 жылы АҚШ әлеуметтану одағы «АҚШ әлеуметтануын бағалау» атты журнал шығарды, бұл Чикаго университетінің ықпалы әлсірей бастағанын көрсетті. Бірақ бәрібір ол кейінгі әлеуметтанушылар үшін әлеуметтану ғылымының қасиетті мекені ретінде ерекше аталады.
Дегенмен, 1940 жылдардан кейін әсіресе Джордж Мид дамытқан Символды өзара әсер теориясы арқылы Чикаго университетінің әлеуметтану факультетінде танымал әлеуметтанушылар топталлып, соғыстан кейінгі "Екінші Чикаго мектебін" (Second Chicago School) қалыптастырды.
Зерттеу әдіснамасы
Чикаго әлеуметтану мектебі экология (ecology) көзқарасымен қаланы зерттеп, көп санды кедей тұрғындар отбасы, мектеп қатарлы әлеуметтік ортада сәтсіздіктерге ұшырағандықтан, қоғамдық құрылымға қарата ренішті көңіл күйде болады деп есептеді. Бұл олардың қоғамдық бірбүтін ережеден ауытқып, отбасы мен мектеп секілді әлеуметтік ұйымдардың жөнге салу күшін әлсіретіп, қылмыс пен ауытқуға толы орта қалыптасуына себеп болады.
Негізгі өкілдерінің теориялары
- Джордж Герберт Мид — (Symbolic Interaction Theory). Бұл теория балалардың дамуы мен балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуін айқын ажыратқандықтан, ол әлеуметтік психологияның, алғашқы маңызды теориясының бірі болды.
- Қоғамдық нашар әсер теориясы. Нашар әлеуметтік орта қылмысқа жетелейтін негізгі себеп есептеледі. Қате қоғамдық мәдениет (мысалы қылмыскерді батыр көру секілділер) және адамгершілікке жат адамаралық байланыстардың жастарға әсері олардың даралық қасиеттеріне (жасына, жынысына, тегі мен нәсіліне) қарағанда зор болады.
- Эдвин Сатерленд (Sutherland) 1924 жылы «Криминология. Алғашқы басылымы» кітабында ортаға қойған "өзгешелік қауымдастығы теориясы (Differential Association Theory). Мұнда Д.Г. Мидтің Символды өзара әсер теориясын басшылыққа алып адам баласы тәрбиесі дұрыс емес адамдармен байланысы себепті қылмысты әрекетке барды дегенді сипаттады.
- Парк, Берджесс және Макензи 1925 жылы жариялаған Қала экологиясына қатысты кітабы. Олар Чикаго қаласын бақылап-зерттеу арқылы қала дамуында туылатын бес түрлі (Concentric zone model) ұсынды. Олардың арасында дағадрысқа және күйреуге бірден алып баратын ауысым аймағы (Zone of transition) да бар.
Бұл бес аймақ:
- Орталық сауда аймағы (CBD)
- Ауысым аймағы (Zone of transition):ол тұрғындар аймағы мен сауда аймағы арасында орналасқан.
- Жұмысшылар ғимараты аймағы (Working-class residential zone)
- Орта тап аймағы (Middle-class residential zone)
- Қала маңы аймағы(Commuter zone)қатарлылар.
- McKay & Shaw қатарлылар 1942 жылы Эдвин Сатерлендтің теориясын жалғастырып, жастардың сорақылығы (juvenile delinqency) мәселесін зерттеп, жаман қылықтар мен мінездердің көбінің Ауысым аймағына тән екенін айқындады. Сондықтан олардың пікірінше, қылмыскер жастар басқаша адамдар емес, қайта сол жастардың ортасы басқаша, ал қылмыс болса басқаша (сорақы) ортадағы қалыпты аңыс деп түсіндірді.
Дереккөздер
- Park, Robert Ezra; Burgess, Ernest W.; McKenzie, Roderick D. The City — Chicago: University of Chicago Press, 1925.
- Juvenile Delinquency in Urban Areas — 1st Ed.. — Chicago: University of Chicago Press, 1942. / 2nd Ed. 1969, ISBN 978-0226751276
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Chikago әleumettanu mektebi HH gasyrdyn 20 30 zhyldary dәurendegen әleumettanu agymy bolyp negizinen AҚSh tyn Chikago universitetinin Robert Park Robert Ezra Park Ernest Burgess zhәne baskalary kurgan kala әleumettanuy urban sociology mektebi Olar әsirese kriminologiyaga sandyk analiz әdisnamasyn koldanyp kala zhәne kala many zhastarynyn kylmys otkizui kubylystaryna nakty zertteu zhүrgizdi Osy sebepti HH gasyrdyn aldyngy zhartysynda Chikago kalasy kriminologiyalyk әleumettanudy zertteudin ortalygyna ajnaldy Қogamdyk bajlanys diagrammasy Bul keste 165 tүjin men 1851 zhalgaudan turady Basty okilderiChikago mektebinin negizgi okilderi Nels Anderson Nels Anderson Ernst Berdzhess Ernest Burgess Rut Shonl Kejvan Ruth Shonle Cavan Franklin Frejzir E Franklin Frazier Everet Hyuz Everett Hughes Roderik Makenzi Roderick D McKenzie Dzhordzh Gerbert Mid Robert Park Robert E Park Valter Reklis Walter C Reckless Edvin Saterlend Uilyam Tomas Frederik Zrasher Frederic Thrasher Luis Virt Florian Vitold Znaneckij katarlylar Mekteptin kalyptasuy1892 zhyly AҚSh әleumettanushysy Albion Smoll Albion Small Chikago universitetinde әlemdegi tungysh әleumettanu fakultetin ashyp algashky әleumettanu magistranttaryn tәrbielejdi Smoll sondaj ak Dzh E Vinsentpen birlesip tungysh әleumettanu okulygy Қogamdy zertteu negizin zhazady 1894 Ol zhәne 1895 zhyly AҚSh tagy tungysh әleumettanu zhunaly Amerikan Әleumettanu zhurnalyn American Journal of Sociology AJS shygarady Әleumettanu fakulteti kurylgan son A Smoll sol kezdegi әleumettanushylar Dzh Vinsent U I Tomas W I Thomas R Park Robert Park E Berdzhess katarly kisilerdi zhumyska tartyp atalgan fakulettin bilikti okytushylar kosynyn kalyptastyrady HH gasyrdyn 20 zhyldaryna kelgende R Prak katarly adamdardyn belsendi zhumysymen atalgan fakultet kemeldenip zhylyna 200 den artyk zertteushi magistrantty 300 den artyk studentti kabyldajtyn үlken bilim ordasyna ajnalady Olar sondaj ak 40 shakty pәnnen dәris berip AҚSh ta gana emes әlemdegi en әjgili әleumettanu fakultetine ajnalady Osy negizde әlemge әjgili Chikago әleumettanu mektebi kalyptasady Chikago universitetinde әlemdegi en algashky әleumettanu fakulteti ashyluy mәlim magynada tosyn okiga esepteledi 1890 zhyly urylar patshasy dep te mejirban zhәrdemshi dep te bagalangan munaj alpauyty Dzhon Devison Rokfeller John Davison Rockefeller ozin shokyndyrgan shirkeudin usynysymen Nyu Jorkten kalsa ekinshi үlken AҚSh kalasy Chikagoda universitet ashuga mol aksha boledi William R Harper U Harper dep atalatyn Jel universitetinin Ivrit tili professory dini belsendiligine oraj osy zhanadan kurylgan Chikago universitetinin rektory bolyp tagajyndalady Degemen ol kezde U Harperdin miynda әleumettanu pәnine arnap birdene ashu zhospary bolmagan korinedi Birak ol zhumyska shakyrgan 13 professordyn ishinde bir bolgan eken Ol dәl osy Albion Smoll Albion W Small 1854 1926 edi Әrine Chikago mektebi tek әleumettanu salasymen shektelmejdi Әjgilileri Chikago әleumettanu mektebi Chikago ekonomika mektebi Chikago Sәulet architecture mektebi Chikago әdebi syn literary criticism mektebi Chikago matematikalyk analiz mathematical analysis mektebi Chikago kәsiptik psihologiya Professional Psychology mektebi katarlylar Ғylymi zhetistikteriAҚSh kogamynda ol kezde үstem orynda pragmatizm filosofiyasy bolatyn Sonyn ykpalynda Chikago mektebi zhanadan kalyptasyp orkendeu zholyna tүsken Chikago kalasynyn tүrli әleumettik mәselelerine nakty zertteuler zhasaumen shugyldandy Bul onyn tәzhiribege praktika mәn beretin nakty әleumettik mәselelerdi kobinese kala kylmys zhastar mәselesi sheshuge at salysu dәstүrin kalyptastyrdy Chikago mektebi mәdeni konystanu korshilik bajlanys halyk sany nәsil kylmys kedej turgyndar katarly mәselelerdi nakty derektermen zerdelep kala әleumettanuynyn үlgisin zhasady Uilyam Tomas pen Florian Znaneckij birlesip zhazgan Europa men AҚSh kogamyndagy Polsha dikandary 1918 1920 atalgan agymnyn okildik shygarmasy esepteledi Әsirese R Park katarlylar zhazgan Қala kala ortasyn zertteu zhobasy 1925 Қaladagy shagynaudandar 1926 Berdzhess zhazgan Otbasy ozara әser etetin daralyktardyn birbүtindigi 1926 Luis Virt zhazgan Қala omiri ozinshe bir turmys tәsili 1938 Frederik Zrasher zhazgan Toptar 1927 katarlylar AҚSh әleumettanuynyn damuyna teren ykpal zhasady 30 zhyldarda Garvard universiteti zhәne Kolumbiya universiteti katarlylar ozderinin derbes әleumettanu zertteu ortalyktaryn kurdy 1935 zhyly AҚSh әleumettanu odagy AҚSh әleumettanuyn bagalau atty zhurnal shygardy bul Chikago universitetinin ykpaly әlsirej bastaganyn korsetti Birak bәribir ol kejingi әleumettanushylar үshin әleumettanu gylymynyn kasietti mekeni retinde erekshe atalady Degenmen 1940 zhyldardan kejin әsirese Dzhordzh Mid damytkan Simvoldy ozara әser teoriyasy arkyly Chikago universitetinin әleumettanu fakultetinde tanymal әleumettanushylar toptallyp sogystan kejingi Ekinshi Chikago mektebin Second Chicago School kalyptastyrdy Zertteu әdisnamasyChikago әleumettanu mektebi ekologiya ecology kozkarasymen kalany zerttep kop sandy kedej turgyndar otbasy mektep katarly әleumettik ortada sәtsizdikterge ushyragandyktan kogamdyk kurylymga karata renishti konil kүjde bolady dep eseptedi Bul olardyn kogamdyk birbүtin erezheden auytkyp otbasy men mektep sekildi әleumettik ujymdardyn zhonge salu kүshin әlsiretip kylmys pen auytkuga toly orta kalyptasuyna sebep bolady Negizgi okilderinin teoriyalaryDzhordzh Gerbert Mid Symbolic Interaction Theory Bul teoriya balalardyn damuy men balalardyn әleumettik ortaga bejimdeluin ajkyn azhyratkandyktan ol әleumettik psihologiyanyn algashky manyzdy teoriyasynyn biri boldy Қogamdyk nashar әser teoriyasy Nashar әleumettik orta kylmyska zhetelejtin negizgi sebep esepteledi Қate kogamdyk mәdeniet mysaly kylmyskerdi batyr koru sekildiler zhәne adamgershilikke zhat adamaralyk bajlanystardyn zhastarga әseri olardyn daralyk kasietterine zhasyna zhynysyna tegi men nәsiline karaganda zor bolady Edvin Saterlend Sutherland 1924 zhyly Kriminologiya Algashky basylymy kitabynda ortaga kojgan ozgeshelik kauymdastygy teoriyasy Differential Association Theory Munda D G Midtin Simvoldy ozara әser teoriyasyn basshylykka alyp adam balasy tәrbiesi durys emes adamdarmen bajlanysy sebepti kylmysty әreketke bardy degendi sipattady Park Berdzhess zhәne Makenzi 1925 zhyly zhariyalagan Қala ekologiyasyna katysty kitaby Olar Chikago kalasyn bakylap zertteu arkyly kala damuynda tuylatyn bes tүrli Concentric zone model usyndy Olardyn arasynda dagadryska zhәne kүjreuge birden alyp baratyn auysym ajmagy Zone of transition da bar Bul bes ajmak Ortalyk sauda ajmagy CBD Auysym ajmagy Zone of transition ol turgyndar ajmagy men sauda ajmagy arasynda ornalaskan Zhumysshylar gimaraty ajmagy Working class residential zone Orta tap ajmagy Middle class residential zone Қala many ajmagy Commuter zone katarlylar McKay amp Shaw katarlylar 1942 zhyly Edvin Saterlendtin teoriyasyn zhalgastyryp zhastardyn sorakylygy juvenile delinqency mәselesin zerttep zhaman kylyktar men minezderdin kobinin Auysym ajmagyna tәn ekenin ajkyndady Sondyktan olardyn pikirinshe kylmysker zhastar baskasha adamdar emes kajta sol zhastardyn ortasy baskasha al kylmys bolsa baskasha soraky ortadagy kalypty anys dep tүsindirdi DerekkozderPark Robert Ezra Burgess Ernest W McKenzie Roderick D The City Chicago University of Chicago Press 1925 Juvenile Delinquency in Urban Areas 1st Ed Chicago University of Chicago Press 1942 2nd Ed 1969 ISBN 978 0226751276