Чжу Юаньчжан, Тайцзу (1328, Аньхой провинциясы – 1398, Нанкин) - қытай императоры, Мин әулетінің негізін қалаушы (1368–1398). Жастай жетіп қалып, будда дінін қабылдаған. 1354-ші жылы Янцзы өзенінде әскери флот жасақтап, моңғол әскерлеріне қарсы шайқастарда үлкен табыстарға жетті. 1354–1356-шы жылы Сучжоу, Ханьчжоу қалаларын және Орталық Қытайды моңғолдардан толық азат етті. Чжу Юаньчжанның күшеюіне "Ақ лотос" ұйымы жетекшілік ететін "қызыл орамалды әскерлер" жасақтарының оған келіп қосылуы себеп болды. Оның әскери күштері 1368-ші жылы елді моңғол басқыншыларынан толық азат етті. Моңғолдық Юань әулетінің билігі құлатылып, Чжу Юаньчжан оңтүстік астана Интянь (Нанкин) қаласында таққа отырды. ол дәстүр бойынша Тай-цзу деген императорлық атты иеленіп, билік еткен дәуірін Хун У деп атап, Мин әулетінің негізін салды (Мин "жарық" пен "от" деген мағынаны білдіреді). 1382–1387-ші жылы елді біріктіруді аяқтаған ол бағынышты жерлердегі ауыл шығысын бақылау үшін арнайы басқарма құрды. Билікті барынша орталықтандыру және мемлекет басшысының жеке билігін күшейту мақсатында басқару аппаратына бірқатар өзгертулер енгізді. Чжу Юаньчжан өз басы білімді адам болды, қытайлық тарихи және философиялық дәстүрлерді өте жақсы меңгерді. Ол мемлекет қызметкерлерді императорға шексіз бағындыру мақсатымен 1382-ші жылы үш сатылы емтихан жүйесін енгізді. Бұл жүйе Қытайда 20-шы ғасырдың басына дейін сақталды. Бұл тәртіп жүйесін кейіннен абсолюттік тәртіпке негізделген Еуропа қоғамы да өзіне үлгі етіп алды. Чжу Юаньчжан өзіне бағынышты әкімдерді өте қатал ұстап, 40 мыңға жүық шенеунік қуғын-сүргін көрді. Елдегі ірі жекеменшік иелері азайтылды. Кейбір жерлер мемлекет меншігіне алынып, кейбірі шаруалардың меншігіне берілді. Барлық егістікке жарамды жерлер ондағы халқымен салық жүйесіне тартылды. 1370-ші жылы осы мақсатты жүзеге асыру үшін халық санағы жүргізілді. 1381-ші жылы бұл жүйеге салық пен еңбек міндеткерлігін реттеуге бағытталған өзгерістер енгізді. Сонымен бірге халыққа қарсы қатаң жазалау саясатын жүргізді. Ол өлген соң мұрагерлері арасында тақ үшін өзара күрес басталды.
Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Chzhu Yuanchzhan Tajczu 1328 Anhoj provinciyasy 1398 Nankin kytaj imperatory Min әuletinin negizin kalaushy 1368 1398 Zhastaj zhetip kalyp budda dinin kabyldagan 1354 shi zhyly Yanczy ozeninde әskeri flot zhasaktap mongol әskerlerine karsy shajkastarda үlken tabystarga zhetti 1354 1356 shy zhyly Suchzhou Hanchzhou kalalaryn zhәne Ortalyk Қytajdy mongoldardan tolyk azat etti Chzhu Yuanchzhannyn kүsheyuine Ak lotos ujymy zhetekshilik etetin kyzyl oramaldy әskerler zhasaktarynyn ogan kelip kosyluy sebep boldy Onyn әskeri kүshteri 1368 shi zhyly eldi mongol baskynshylarynan tolyk azat etti Mongoldyk Yuan әuletinin biligi kulatylyp Chzhu Yuanchzhan ontүstik astana Intyan Nankin kalasynda takka otyrdy ol dәstүr bojynsha Taj czu degen imperatorlyk atty ielenip bilik etken dәuirin Hun U dep atap Min әuletinin negizin saldy Min zharyk pen ot degen magynany bildiredi 1382 1387 shi zhyly eldi biriktirudi ayaktagan ol bagynyshty zherlerdegi auyl shygysyn bakylau үshin arnajy baskarma kurdy Bilikti barynsha ortalyktandyru zhәne memleket basshysynyn zheke biligin kүshejtu maksatynda baskaru apparatyna birkatar ozgertuler engizdi Chzhu Yuanchzhan oz basy bilimdi adam boldy kytajlyk tarihi zhәne filosofiyalyk dәstүrlerdi ote zhaksy mengerdi Ol memleket kyzmetkerlerdi imperatorga sheksiz bagyndyru maksatymen 1382 shi zhyly үsh satyly emtihan zhүjesin engizdi Bul zhүje Қytajda 20 shy gasyrdyn basyna dejin saktaldy Bul tәrtip zhүjesin kejinnen absolyuttik tәrtipke negizdelgen Europa kogamy da ozine үlgi etip aldy Chzhu Yuanchzhan ozine bagynyshty әkimderdi ote katal ustap 40 mynga zhүyk sheneunik kugyn sүrgin kordi Eldegi iri zhekemenshik ieleri azajtyldy Kejbir zherler memleket menshigine alynyp kejbiri sharualardyn menshigine berildi Barlyk egistikke zharamdy zherler ondagy halkymen salyk zhүjesine tartyldy 1370 shi zhyly osy maksatty zhүzege asyru үshin halyk sanagy zhүrgizildi 1381 shi zhyly bul zhүjege salyk pen enbek mindetkerligin retteuge bagyttalgan ozgerister engizdi Sonymen birge halykka karsy katan zhazalau sayasatyn zhүrgizdi Ol olgen son muragerleri arasynda tak үshin ozara kүres bastaldy DerekkozderҚazakstan ulttyk enciklopediya 9 tom Almaty 2007