Фтизиатрия (грек. phthіsіs — титықтап арықтау, көксау және іatreіa — емдеу) — туберкулез ауруы және оны емдеу, одан арылу шаралары жөніндегі ғылым; клиникалық медицинаның бір бөлімі. Фтизиатрияның ғылым ретінде қалыптасып, дамуына неміс туберкулез қоздырғышын (“Кох таяқшасы”) ашуы шешуші рөл атқарды (1882). Фтизиатрия Қазақстанда 20 ғасырдың 20-жылдарында зерттеле бастады, жүйелі зерттеулер 1932 жылдан бастап жүргізіледі. Қазір осы бағыттағы ғылыми-зерттеулік жұмыстарын республика бойынша үйлестіріп отыратын мекеме — Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы, бұл мәселемен, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының, Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының туберкулез кафедралары, Хирургия ғылыми орталығының торакалды хирургия бөлімі шұғылданады. Қазақстанда күнделікті дәрігерлік жұмыста туберкулезді емдеудің терапиялық, хирургиялық әдістері қолданылады. Туберкулез эндемиясын алдын ала болжау, халыққа ұдайы Фтизиатриялық көмек көрсетіп отыру мәселелері өз шешімін тапты. Бала туберкулезін анықтаудың рентген әдісі жетілдіріліп, дерттің эпидемиологиясы, клиникасы мен сақтану жолдары жөніндегі зерттеулер одан әрі дамытылды. Малдан (ірі қарадан) адамға туберкулез жұғатыны (әсіресе ауылдық жерлерде), ауруға шалдығудың трансмиссивтік жолы да бар екені анықталды. Туберкулез мәселелерімен айналысатын мекемелердегі ауру адамдар санын анықтау үшін автоматтандырылған есептеу жүйесі қолданылады. Туберкулез эпидемиологиясы патологиялық процестердің ауыр-жеңілдігіне, республиканың әр жерінде тұратын тұрғындардың жасы мен тұрмыс жағдайына байланыстырыла зерттелуде. Республика бойынша туберкулезге қарсы 53 диспансер, туберкулез емдейтін 72 аурухана, туберкулезге қарсы 31 санаторий, 116 тубкабинеттер және орталығы аудандық ауруханаларда туберкулезден емдейтін 30 бөлімше жұмыс істейді (2006). Туберкулезбен ауыратын адамдар үшін 14700 төсек-орын (оның 465-і Туберкулез мәселелері ұлттық орт-нда) қамтамасыз етілген. Жылына 45 мыңнан астам ауру адам ем қабылдайды. 2003 — 2006 ж. Фтизиатрия саласындағы республика ғалымдары 66 авт. куәлікке ие болды. Қазір Фтизиатрия ғылымының дамуына үлкен үлес қосып жүрген белгілі ғалымдар: медициналық ғылыми докторлары Ш.Исмаилов, Г.Хауодамова, Р.Ағзамова, Е.Белова, С.Шаймерденов, т.б. Ш. Исмаилов, А. Исмаилова
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ftiziatriya grek phthisis tityktap aryktau koksau zhәne iatreia emdeu tuberkulez auruy zhәne ony emdeu odan arylu sharalary zhonindegi gylym klinikalyk medicinanyn bir bolimi Ftiziatriyanyn gylym retinde kalyptasyp damuyna nemis tuberkulez kozdyrgyshyn Koh tayakshasy ashuy sheshushi rol atkardy 1882 Ftiziatriya Қazakstanda 20 gasyrdyn 20 zhyldarynda zerttele bastady zhүjeli zertteuler 1932 zhyldan bastap zhүrgiziledi Қazir osy bagyttagy gylymi zertteulik zhumystaryn respublika bojynsha үjlestirip otyratyn mekeme Tuberkulez mәseleleri ulttyk ortalygy bul mәselemen sondaj ak medicinalyk zhogary oku oryndarynyn Dәrigerler bilimin zhetildiru institutynyn tuberkulez kafedralary Hirurgiya gylymi ortalygynyn torakaldy hirurgiya bolimi shugyldanady Қazakstanda kүndelikti dәrigerlik zhumysta tuberkulezdi emdeudin terapiyalyk hirurgiyalyk әdisteri koldanylady Tuberkulez endemiyasyn aldyn ala bolzhau halykka udajy Ftiziatriyalyk komek korsetip otyru mәseleleri oz sheshimin tapty Bala tuberkulezin anyktaudyn rentgen әdisi zhetildirilip derttin epidemiologiyasy klinikasy men saktanu zholdary zhonindegi zertteuler odan әri damytyldy Maldan iri karadan adamga tuberkulez zhugatyny әsirese auyldyk zherlerde auruga shaldygudyn transmissivtik zholy da bar ekeni anyktaldy Tuberkulez mәselelerimen ajnalysatyn mekemelerdegi auru adamdar sanyn anyktau үshin avtomattandyrylgan esepteu zhүjesi koldanylady Tuberkulez epidemiologiyasy patologiyalyk procesterdin auyr zhenildigine respublikanyn әr zherinde turatyn turgyndardyn zhasy men turmys zhagdajyna bajlanystyryla zerttelude Respublika bojynsha tuberkulezge karsy 53 dispanser tuberkulez emdejtin 72 auruhana tuberkulezge karsy 31 sanatorij 116 tubkabinetter zhәne ortalygy audandyk auruhanalarda tuberkulezden emdejtin 30 bolimshe zhumys istejdi 2006 Tuberkulezben auyratyn adamdar үshin 14700 tosek oryn onyn 465 i Tuberkulez mәseleleri ulttyk ort nda kamtamasyz etilgen Zhylyna 45 mynnan astam auru adam em kabyldajdy 2003 2006 zh Ftiziatriya salasyndagy respublika galymdary 66 avt kuәlikke ie boldy Қazir Ftiziatriya gylymynyn damuyna үlken үles kosyp zhүrgen belgili galymdar medicinalyk gylymi doktorlary Sh Ismailov G Hauodamova R Agzamova E Belova S Shajmerdenov t b Sh Ismailov A IsmailovaSiltemeler Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalanyn sәjkes sanaty kojylmagan