Тауар белгісі – бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін.
Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар белгісінің иесі (лицензиар) тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әрпімен – таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.
Тауар белгісі (сауда таңбалары) фирмалық тауарларға‚ орамаларға (тоғанақтарға)‚ сызбаларға‚ анықтамалықтарға‚ шоттарға‚ бланкілерге‚ затбелгілерге және тауарлармен‚ жұмыстармен‚ қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер тауар белгісін субъектінің өзі әзірлеген болса‚ онда мұның өзі оның өнімі‚ тауары деп саналады‚ оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арналуы)‚ ал статистика мақсаты үшін – есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып табылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tauar belgisi bir zandy nemese zheke tulganyn tauarlaryn nemese korsetetin kyzmetterin ekinshi bir zandy nemese zheke tulgalardyn osy tektes tauarlaryn nemese korsetetin kyzmetterinen azhyratuga mүmkindik beretin tanba Tauar belgisi onimdi daralandyru tәsili bolyp tabylady bul tәsildi menshiktenu kukygy zan bojynsha ziyatkerlik menshikke zhatkyzylady Tirkelgen tauar belgisine kuәlik beriledi Tauar belgisi retinde soz bejne kolem zhәne baska tanbalar nemese olardyn kuramdastyrylgan tүrleri tirkelui mүmkin Memlekettik eltanbalardy tular men emblemalardy halykaralyk ujymdardyn kyskartylgan nemese tolyk ataularyn resmi bakylau tanbalaryn kepildikti zhәne synamalyk tanbalardy morlerdi nagradalar men baska da ajyrym belgilerin bildiretin tanbalar tauar belgisi retinde tirkeuge alynbajdy Degenmen osy kuzyrly organdardyn nemese ielerinin kelisimi bolsa olardyn tauar belgisine korgalmajtyn nyshandar retinde engizilui mүmkin Tauar belgisi zanmen korgalady zhәne ony tauar үshin tauar belgisi retinde tirkelgen bүkil tauarga nemese onyn bir boligine katysty zhasalgan shart bojynsha baska bir zandy zhәne zheke tulgalarga beruge bolady Sonymen birge Tauar belgisinin iesi licenziar tauar belgisin pajdalanu kukygyn licenz kelisim bojynsha baska tulgaga licenziatka berui mүmkin Tauar belgisimen katar belgili bir firmanyn bir tauaryn emes barlyk tauarlaryn tanbalau үshin simvol belgi tүrindegi sauda tanbasy kejde ony firmalyk belgi dep te atajdy men shygarylatyn onimge emes shygarushy firmaga tiesili sauda atauy da pajdalanylady Zan zhүzinde korgalgan tauar belgisi әdette dongelek syzykpen korshalgan latynsha R әrpimen tanbalanady Tauar tanbasyn ielenushinin ony pajdalanuga zanmen korgalgan ajryksha kukygy bolady Tauar belgisi sauda tanbalary firmalyk tauarlarga oramalarga toganaktarga syzbalarga anyktamalyktarga shottarga blankilerge zatbelgilerge zhәne tauarlarmen zhumystarmen kyzmettermen kosa zhүretin baska da kuzhattamalarga sogylady Tauar belgisi ziyatkerlik belgilerge zhatady zhәne negizgi kural zhabdykty akyga satyp algan zhagdajda ajnalymnan tys aktivterdin kuramynda esepteledi Eger tauar belgisin subektinin ozi әzirlegen bolsa onda munyn ozi onyn onimi tauary dep sanalady ony otkizu sәtinde zhәne tek ony satyp algan tarapta gana onyn bejmaterialdyk aktiv dep bagalanuy mүmkin Tauardyn arnaluy zheke bastyn pajdalanuyna nemese kajta satuyna arnaluy al statistika maksaty үshin esep ajyrysu sipaty kolma kol esep ajyrysu nemese kolma kol akshasyz esep ajyrysu zan zhүzinde bolshek saudanyn basty belgisi bolyp tabylady DerekkozderҚazak enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet