Мұрат Өрленбайұлы Насимов
САЯСИ КОНСАЛТИНГ ҰҒЫМЫ
Консалтинг (ағыл. consulting) ұғымының аудармасы кеңес беру, ақылы кеңес беру дегенді білдіреді. Жалпы бұл кез келген құбылыстың ұйымдастырушылық дамуы мен басқару салаларының күрделі мәселелерін шешуге бағытталған интеллектуалды шара. Сонымен қатар, кеңес берушілік және тәжірибелік қызметтердің кең дәрежелі кешені, сараптамалық, техникалық және экономикалық мәселелер бойынша арнайы кеңес беру қызметі. Көптеген жағдайда кеңес беру мекемелері нарықты зерттеу мен болжау қызметімен (тауарлар, қимылдар, лицензиялар, ноу-хау); кез келген операцияларды қамтамасыз етуге тауарлық-саяси шарттарды бағалаумен; түрлі маркетингтік бағдарламаларды дайындау және өткізумен айналысады. Жалпы бұл ұғым XX ғасырларда батыстан енгендіктен, оның консультация түсінігі баршамызға баяғыдан белгілі. Мәселен, С.И. Ожеговтың «Орыс тілінің сөздігі» еңбегінде: «1. Кез келген іс жөніндегі мамандардың кеңесуі. 2. Мамандарға берілетін кеңес. 3. Осындай кеңес беретін ұйым. 4. Оқушыларға пәнді игеруге беретін ұстаздың көмегі» [1], - деп жазылған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «1. Белгілі бір мәселеге байланысты мамандардың жиналысы. 2. Белгілі бір маманның тарапынан берілетін кеңес. 3. Кеңес беретін мекеме. 4. Тақырыпты ұғындыру үшін мұғалімнің оқушыға көмек көрсетуі» [2], - деп жазылған. Үлкен Совет Энциклопедиясында «консультация» деп көрсетіліп, оның оқу, медициналық, құқықтық түрлерінің бар екендігі баяндалады [3] және Қазақ Совет Энциклопедиясы Бас редакциясының ұсынған төмендегідей анықтамалары сәйкес келеді: «Консультация (лат. consultatio, consulto – кеңесемін, талқылаймын, қамқоршы боламын) 1) қандай болмасын бір мәселе жөніндегі маманның кеңесі, оқытушылардың оқушыларға, студенттерге емтиханға дайындық кезіндегі көмегі; 2) бір мәселе бойынша мамандар кеңесі; 3) белгілі практикалық мәселе жөнінен мамандар кеңесі арқылы халыққа көмек беретін мекеме» [4]. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында бұл ұғым консалтинг (ағыл. сonsult – кеңесу, кеңес құру, назар аудару) деп беріледі және мынадай анықтама ұсынылады: «шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлеріне кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту» [5]. Бұл терминге қатысты өзге де анықтамаларға тоқталсақ. Консалтинг – нарықта тауарларды болжау, қызмет және инновацияны зерттеу, фирманы тізімдеу және жасау, сыртқы экономикалық байланыс, қаржы, сатып алушыларға кең көлемдегі экономика төңірегіндегі сұрақтары, сатушылар, өндірушілерге қорытындылаушы кеңес беру жөніндегі серіктестіктің жұмысы. Кеңес беру жұмыс көрінісінде жекелеген маманданған консалтингтік фирма болуы мүмкін. Жаңа мекемені құрғанда, құрушы құжат пакеттерін дайындауда консалтинг құрылу көмегінің болуы [6]. Экономика және басқару бойынша кеңес берушілердің Европалық ассоциация федерациясының ұсынысы бойынша: «Басқару мәселелеріне қатысты тәуелсіз кеңес пен көмек беру, оны орындау жөніндегі мүмкіндіктерді айқындау мен бағалаудағы жоғарғы санатты мамандардың ұсынысы» [7]. Ресейлік В.М. Попов секілді т.б. авторлар пікірінше: «Клиенттің мәселесі мен берілген саланың ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық инновациялары ескерілген даму басымдықтары айқындаған сараптамаларды негізгі міндет деп санаған интеллектуалды қызметтің түрі» [8]. Ал басқарушылық кеңес беруде оны: «Жаңа экономикалық шарттардағы басқарушылық кеңес беру барысында (1) кеңесші тапсырысшымен тәжірибе алмасуда оны өзі үшін сақтағанға қарағанда; (2) клиент мүмкіндігін қарап міндеттерді шешуге белсенді түрде қатысып; (3) қос тарап берілген міндеттерді шешуде күш - жігерлерін аямай, бұл шарадан құнды тәжірибе иеленеді» [9], - деп атап көрсетеді. Сонымен қатар, Питер Блоктың мына пікірімен толықтай келісеміз: «Сіз кез келген жағдайда өзгерту немесе жақсартуға бағытталған қызметті кеңес бергенмен, оның орындалуын басқармаймыз... Көптеген штаттағы қызметкерлер шын мәнінде кеңес берушілер болып табылғанымен, олар өздерін ресми түрде кеңесшілер деп атамайды» [9, 16 б.]. Жалпы консалтинг келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: - сараптамалық қызмет; - болжам; - клиент қызметін тексеру; - клиент қызметінің жұмыстарына қатысу (стратегиялық жоспарлар, мәселелер жиынтығын шешу, ақпараттық жүйелерді дайындау және енгізу т.б.) Сондықтан кеңес беру қызметінің мынадай кең тараған түрлері бар: - салық салу мен заң қызметі салалары бойынша кеңес беру; - аудит, бухгалтерлік есеп, тексеру қызметі; - басқару саласындағы кеңес беру; - ІТ – консалтинг; - саяси консалтинг. Саяси консалтинг саласының негізгі бағыттары ретінде билік жүргізуге қатысты жоспарлау, ұйымдастыру және оны өткізу жұмыстары болып табылады. Бұл саяси жобаларды дайындау мен үйлестірудің кезеңдік кеңес беруді зерттейтін ғылым саласы.
«Саяси консалтинг» ұғымы бізге батыс саяси ғылымдарынан еніп, бір жақты түсіндірмесі ұсынылмаса да, Қазақстан Республикасының саяси тәжірибесінде белсенді түрде пайдаланылады.
Қазақстанның саясаттанулық сөздігі бойынша: «саяси консалтинг – прагматикалық және технологиялық түрде ықпал ететін өзіндік технологиялық және тәртіптік жүйесі бар өндіріс» [10], - деп айтылған. Американдық маман Д. Ниммо пікірінше, бұл түсінік сайлау науқанын ұйымдастыруымен өзара байланысты. Саяси процестің технологиялық орындалуының сахналық көрінісі көпшілік баяндамалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы суреттелетін барлық іс-шаралардың жиынтығын құрайды. Бірақ осы саясаткерлер қимылдарын ұйымдастырумен қазіргі заманғы саяси технологияларды игерген дарынды, зерделі кеңес берушілердің ұйымдастырушылық қызметімен байланысты [11]. Өткен ғасырдың соңындағы Ресейлік ғалым О.А. Метвейчевтің пайымдауынша, саяси кеңесші халық пен саясаткер арасындағы көмекші. Көп жағдайда ол саясаткерді халықтың қабылдауына қарай бейнесін жасайды. Ресейлік ғалымдар А.П. Ситников пен Е.Г. Морозова саяси кеңес беру ұғымына төмендегідей сипаттама береді: «Әр науқандық ақпараттың, үгіт-насихаттың, доктриналардың қызметі негізінде жүзеге асырылатын жоғары технологияларды саяси науқандарды интеллектуалды және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудің кәсіби қызметі», - деп көрсетеді [12]. Саяси менеджментті зерттеуші танымал Ресей ғалымы Г.В. Пушкарева саяси кеңес беруді «саясаткерлердің нақты саяси міндеттерді шешуде тәжірибелі көмек берудің процесі», - деп түсінеді [13]. Ал В.Э. Гончаров саяси консалтингты сайлау науқаны технологиялары салаларындағы ақы төленетін қызмет түрі ретінде қарастырады [14]. Сондықтан саяси консалтингтың негізгі қызметтері: -белгілі бір саяси құбылыстарды айқындайтын әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу; -әлеуметтік-саяси жағдайлар диагностикасы; -нақты әлеуметтік-демографиялық топтар өкілдерінің құндылық ұстанымдарының ерекшеліктерін зерттеу; -түрлі мониторингтерді ұйымдастыру мен өткізу; -сайлауалды науқанды ұйымдастыру және өткізу; -сайлауалды жағдайға сараптама; -кандидаттың сайлау науқанының стратегиясын дайындау; -сайлау штабын құру, қызметін қалыптастыру және аймақтық штаб жүйесі жөнінде кеңес беру; -бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру; -үгіт-насихат, ақпараттық және жарнамалық материалдарды дайындау; -кандидат имиджін қалыптастыру жұмысына кеңес беру; -кандидаттарды сайлаушылармен кездесу шарасын ұйымдастыру; -арнайы жобалар бойынша жұмыс (контрпропаганда, өсек жүйесі, дезинформация, event-шара - дайындау және өткізу). Осы себептерге байланысты, саяси консалтингтің негізгі жұмыс тәртібі мыналар деп атап көрсетеміз: -саяси міндеттерді шешуге бағытталған ұсыныстарды дайындау; -көпшілік имиджін алға жылжыту; -репутациялық консалтинг; -тапсырыс берушінің ақпараты негізіндегі баяндамалар, есептер мен бағдарламаларды дайындау; -белгілі бір ұйымның бағдарламасы мен идеологиясын дайындау; -тұрғындармен тиімді үгіт-насихат жұмыстары әдістері; -саясаткер, кандидат, партияның имиджіне психологиялық сараптама мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру; -саяси бәсекелестер имиджіне салыстырмалы сараптама; -электоратқа ықпал етудің психологиялық тәсілдеріне сараптама; - бәсекелестердің үгіт-насихат науқандарына қарама-қайшы әдістер, деструктивті саяси технологияларды жою; -бұқаралық саяси акцияларды өткізу ерекшеліктері; -жеке әлеуметтік категориялармен (жастар, зейнеткерлер және т.б.) жұмыс жүргізу ерекшеліктері; -мақсатты аудиторияның негативті ұстанымдары мен стереотиптерін жеңу жүйесін дайындау; -БАҚ, партиялық бағдарламалар мен басқа материалдар мәтіндерін арнайы зерттеу; -саяси баяндамалар мәтіндерін дайындау және психологиялық сараптама, спичрайтинг. - саяси ұстаным технологиялары; - сайлау науқанының менеджменті; - ақпараттық қауіпсіздік ұйымдастыру; - сараптамалық материалдарды дайындау; - саясаткерлер мен саяси құрылымдарды ақпараттық-сараптамалық қолдау; - ұзақмерзімді имидждік бағдарламаларды дайындау және енгізу. Қазақстан Республикасы саяси консалтингі нарығының негізгі басымдығы ретінде саяси процестер мазмұнын терең талдау, саясаттағы негізгі ойыншылар қимылдарын модельдеу мүмкіндігі, оқиғаның дамуын болжау болып табылады. Біздің ойымызша, аталған тұжырымдар осы құбылыстың түрлі сипаттамалық феноменін айқындайды.
Әдебиет
1.Ожегов С.И. Словарь русского языка // Под общей редакцией академика С.П. Обнорского. – 2-е издание, исправленное и дополненное. – М., 1952. – С. 255. 2.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1980. - 5 т. – 73 б. 3.Большая Советская Энциклопедия (В 30 томах) / Гл. Редактор А.М. Прохоров. – Изд. 3-е. – М.: Советская Энциклопедия, 1973. – Т. 13. – С. 58. 4.Қазақ Совет Энциклопедиясы / Бас редакторы М.Қ. Қаратаев. – Алматы: Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясы, 1974. – 5 т. – 571 б. 5.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. / Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – 4 т. – 634 б. 6.Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздік (2100 жалпыға әйгілі сөздер) / Құраст. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов. – Алматы: LEM, 2001. – 156-157 бб. 7.Кларин М.В. Корпоративный тренинг от А до Я. – М.: Дело, 2002. – С. 99. 8.Попов В.М., Ляпунов С.И., Филиппов В.В., Медведев Г.В. Современные бизнес-технологии. – М.: Кнорус, 2006, - С. 91. 9.Управленческое консультирование нововведений: Индивид в организации / Отв. ред. А.И. Пригожин. – М., 1990, - С.10. 10.Казахстанская политологическая энциклопедия. / Главный редактор Т.Т. Мустафин. – Алматы, 1998. – С. 275. 11.Nimmo D. The Political Persuaders: the techniques of modern election campfigns // Transaction publishers. New Brunswick, New Jersey, 1999. – P. 66. 12.Справочник по политическому консултированию //Под ред. проф. Д. Перлматтерг. – М., 2002. – С. 9. 13.Пушкарева Г.В. Политический менеджмент. – М., 2002. – С. 366. 14.Гончаров В.Э. Политический консалтинг в России. Конец эпохи всемогущества //Полития. – 1999. - №2. – С. 40.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Murat Өrlenbajuly Nasimov SAYaSI KONSALTING ҰҒYMY Konsalting agyl consulting ugymynyn audarmasy kenes beru akyly kenes beru degendi bildiredi Zhalpy bul kez kelgen kubylystyn ujymdastyrushylyk damuy men baskaru salalarynyn kүrdeli mәselelerin sheshuge bagyttalgan intellektualdy shara Sonymen katar kenes berushilik zhәne tәzhiribelik kyzmetterdin ken dәrezheli kesheni saraptamalyk tehnikalyk zhәne ekonomikalyk mәseleler bojynsha arnajy kenes beru kyzmeti Koptegen zhagdajda kenes beru mekemeleri narykty zertteu men bolzhau kyzmetimen tauarlar kimyldar licenziyalar nou hau kez kelgen operaciyalardy kamtamasyz etuge tauarlyk sayasi sharttardy bagalaumen tүrli marketingtik bagdarlamalardy dajyndau zhәne otkizumen ajnalysady Zhalpy bul ugym XX gasyrlarda batystan engendikten onyn konsultaciya tүsinigi barshamyzga bayagydan belgili Mәselen S I Ozhegovtyn Orys tilinin sozdigi enbeginde 1 Kez kelgen is zhonindegi mamandardyn kenesui 2 Mamandarga beriletin kenes 3 Osyndaj kenes beretin ujym 4 Okushylarga pәndi igeruge beretin ustazdyn komegi 1 dep zhazylgan Қazak tilinin tүsindirme sozdiginde 1 Belgili bir mәselege bajlanysty mamandardyn zhinalysy 2 Belgili bir mamannyn tarapynan beriletin kenes 3 Kenes beretin mekeme 4 Takyrypty ugyndyru үshin mugalimnin okushyga komek korsetui 2 dep zhazylgan Үlken Sovet Enciklopediyasynda konsultaciya dep korsetilip onyn oku medicinalyk kukyktyk tүrlerinin bar ekendigi bayandalady 3 zhәne Қazak Sovet Enciklopediyasy Bas redakciyasynyn usyngan tomendegidej anyktamalary sәjkes keledi Konsultaciya lat consultatio consulto kenesemin talkylajmyn kamkorshy bolamyn 1 kandaj bolmasyn bir mәsele zhonindegi mamannyn kenesi okytushylardyn okushylarga studentterge emtihanga dajyndyk kezindegi komegi 2 bir mәsele bojynsha mamandar kenesi 3 belgili praktikalyk mәsele zhoninen mamandar kenesi arkyly halykka komek beretin mekeme 4 Қazakstan ulttyk enciklopediyasynda bul ugym konsalting agyl sonsult kenesu kenes kuru nazar audaru dep beriledi zhәne mynadaj anyktama usynylady sharuashylykty baskarushylarga zhәne tүrli ujymdardyn baskarushy kyzmetkerlerine kәsibi komek korsetu kenes beru okytu 5 Bul terminge katysty ozge de anyktamalarga toktalsak Konsalting narykta tauarlardy bolzhau kyzmet zhәne innovaciyany zertteu firmany tizimdeu zhәne zhasau syrtky ekonomikalyk bajlanys karzhy satyp alushylarga ken kolemdegi ekonomika toniregindegi suraktary satushylar ondirushilerge korytyndylaushy kenes beru zhonindegi seriktestiktin zhumysy Kenes beru zhumys korinisinde zhekelegen mamandangan konsaltingtik firma boluy mүmkin Zhana mekemeni kurganda kurushy kuzhat paketterin dajyndauda konsalting kurylu komeginin boluy 6 Ekonomika zhәne baskaru bojynsha kenes berushilerdin Evropalyk associaciya federaciyasynyn usynysy bojynsha Baskaru mәselelerine katysty tәuelsiz kenes pen komek beru ony oryndau zhonindegi mүmkindikterdi ajkyndau men bagalaudagy zhogargy sanatty mamandardyn usynysy 7 Resejlik V M Popov sekildi t b avtorlar pikirinshe Klienttin mәselesi men berilgen salanyn gylymi tehnikalyk zhәne ujymdastyrushylyk ekonomikalyk innovaciyalary eskerilgen damu basymdyktary ajkyndagan saraptamalardy negizgi mindet dep sanagan intellektualdy kyzmettin tүri 8 Al baskarushylyk kenes berude ony Zhana ekonomikalyk sharttardagy baskarushylyk kenes beru barysynda 1 kenesshi tapsyrysshymen tәzhiribe almasuda ony ozi үshin saktaganga karaganda 2 klient mүmkindigin karap mindetterdi sheshuge belsendi tүrde katysyp 3 kos tarap berilgen mindetterdi sheshude kүsh zhigerlerin ayamaj bul sharadan kundy tәzhiribe ielenedi 9 dep atap korsetedi Sonymen katar Piter Bloktyn myna pikirimen tolyktaj kelisemiz Siz kez kelgen zhagdajda ozgertu nemese zhaksartuga bagyttalgan kyzmetti kenes bergenmen onyn oryndaluyn baskarmajmyz Koptegen shtattagy kyzmetkerler shyn mәninde kenes berushiler bolyp tabylganymen olar ozderin resmi tүrde kenesshiler dep atamajdy 9 16 b Zhalpy konsalting kelesi bagyttar bojynsha zhүrgiziledi saraptamalyk kyzmet bolzham klient kyzmetin tekseru klient kyzmetinin zhumystaryna katysu strategiyalyk zhosparlar mәseleler zhiyntygyn sheshu akparattyk zhүjelerdi dajyndau zhәne engizu t b Sondyktan kenes beru kyzmetinin mynadaj ken taragan tүrleri bar salyk salu men zan kyzmeti salalary bojynsha kenes beru audit buhgalterlik esep tekseru kyzmeti baskaru salasyndagy kenes beru IT konsalting sayasi konsalting Sayasi konsalting salasynyn negizgi bagyttary retinde bilik zhүrgizuge katysty zhosparlau ujymdastyru zhәne ony otkizu zhumystary bolyp tabylady Bul sayasi zhobalardy dajyndau men үjlestirudin kezendik kenes berudi zerttejtin gylym salasy Sayasi konsalting ugymy bizge batys sayasi gylymdarynan enip bir zhakty tүsindirmesi usynylmasa da Қazakstan Respublikasynyn sayasi tәzhiribesinde belsendi tүrde pajdalanylady Қazakstannyn sayasattanulyk sozdigi bojynsha sayasi konsalting pragmatikalyk zhәne tehnologiyalyk tүrde ykpal etetin ozindik tehnologiyalyk zhәne tәrtiptik zhүjesi bar ondiris 10 dep ajtylgan Amerikandyk maman D Nimmo pikirinshe bul tүsinik sajlau naukanyn ujymdastyruymen ozara bajlanysty Sayasi procestin tehnologiyalyk oryndaluynyn sahnalyk korinisi kopshilik bayandamalar bukaralyk akparat kuraldary arkyly suretteletin barlyk is sharalardyn zhiyntygyn kurajdy Birak osy sayasatkerler kimyldaryn ujymdastyrumen kazirgi zamangy sayasi tehnologiyalardy igergen daryndy zerdeli kenes berushilerdin ujymdastyrushylyk kyzmetimen bajlanysty 11 Өtken gasyrdyn sonyndagy Resejlik galym O A Metvejchevtin pajymdauynsha sayasi kenesshi halyk pen sayasatker arasyndagy komekshi Kop zhagdajda ol sayasatkerdi halyktyn kabyldauyna karaj bejnesin zhasajdy Resejlik galymdar A P Sitnikov pen E G Morozova sayasi kenes beru ugymyna tomendegidej sipattama beredi Әr naukandyk akparattyn үgit nasihattyn doktrinalardyn kyzmeti negizinde zhүzege asyrylatyn zhogary tehnologiyalardy sayasi naukandardy intellektualdy zhәne ujymdastyrushylyk kamtamasyz etudin kәsibi kyzmeti dep korsetedi 12 Sayasi menedzhmentti zertteushi tanymal Resej galymy G V Pushkareva sayasi kenes berudi sayasatkerlerdin nakty sayasi mindetterdi sheshude tәzhiribeli komek berudin procesi dep tүsinedi 13 Al V E Goncharov sayasi konsaltingty sajlau naukany tehnologiyalary salalaryndagy aky tolenetin kyzmet tүri retinde karastyrady 14 Sondyktan sayasi konsaltingtyn negizgi kyzmetteri belgili bir sayasi kubylystardy ajkyndajtyn әleumettik zertteulerdi ujymdastyru zhәne otkizu әleumettik sayasi zhagdajlar diagnostikasy nakty әleumettik demografiyalyk toptar okilderinin kundylyk ustanymdarynyn erekshelikterin zertteu tүrli monitoringterdi ujymdastyru men otkizu sajlaualdy naukandy ujymdastyru zhәne otkizu sajlaualdy zhagdajga saraptama kandidattyn sajlau naukanynyn strategiyasyn dajyndau sajlau shtabyn kuru kyzmetin kalyptastyru zhәne ajmaktyk shtab zhүjesi zhoninde kenes beru bukaralyk akparat kuraldarymen zhumysty ujymdastyru үgit nasihat akparattyk zhәne zharnamalyk materialdardy dajyndau kandidat imidzhin kalyptastyru zhumysyna kenes beru kandidattardy sajlaushylarmen kezdesu sharasyn ujymdastyru arnajy zhobalar bojynsha zhumys kontrpropaganda osek zhүjesi dezinformaciya event shara dajyndau zhәne otkizu Osy sebepterge bajlanysty sayasi konsaltingtin negizgi zhumys tәrtibi mynalar dep atap korsetemiz sayasi mindetterdi sheshuge bagyttalgan usynystardy dajyndau kopshilik imidzhin alga zhylzhytu reputaciyalyk konsalting tapsyrys berushinin akparaty negizindegi bayandamalar esepter men bagdarlamalardy dajyndau belgili bir ujymnyn bagdarlamasy men ideologiyasyn dajyndau turgyndarmen tiimdi үgit nasihat zhumystary әdisteri sayasatker kandidat partiyanyn imidzhine psihologiyalyk saraptama men zhondeu zhumystaryn ujymdastyru sayasi bәsekelester imidzhine salystyrmaly saraptama elektoratka ykpal etudin psihologiyalyk tәsilderine saraptama bәsekelesterdin үgit nasihat naukandaryna karama kajshy әdister destruktivti sayasi tehnologiyalardy zhoyu bukaralyk sayasi akciyalardy otkizu erekshelikteri zheke әleumettik kategoriyalarmen zhastar zejnetkerler zhәne t b zhumys zhүrgizu erekshelikteri maksatty auditoriyanyn negativti ustanymdary men stereotipterin zhenu zhүjesin dajyndau BAҚ partiyalyk bagdarlamalar men baska materialdar mәtinderin arnajy zertteu sayasi bayandamalar mәtinderin dajyndau zhәne psihologiyalyk saraptama spichrajting sayasi ustanym tehnologiyalary sajlau naukanynyn menedzhmenti akparattyk kauipsizdik ujymdastyru saraptamalyk materialdardy dajyndau sayasatkerler men sayasi kurylymdardy akparattyk saraptamalyk koldau uzakmerzimdi imidzhdik bagdarlamalardy dajyndau zhәne engizu Қazakstan Respublikasy sayasi konsaltingi narygynyn negizgi basymdygy retinde sayasi procester mazmunyn teren taldau sayasattagy negizgi ojynshylar kimyldaryn modeldeu mүmkindigi okiganyn damuyn bolzhau bolyp tabylady Bizdin ojymyzsha atalgan tuzhyrymdar osy kubylystyn tүrli sipattamalyk fenomenin ajkyndajdy Әdebiet1 Ozhegov S I Slovar russkogo yazyka Pod obshej redakciej akademika S P Obnorskogo 2 e izdanie ispravlennoe i dopolnennoe M 1952 S 255 2 Қazak tilinin tүsindirme sozdigi Almaty Ғylym 1980 5 t 73 b 3 Bolshaya Sovetskaya Enciklopediya V 30 tomah Gl Redaktor A M Prohorov Izd 3 e M Sovetskaya Enciklopediya 1973 T 13 S 58 4 Қazak Sovet Enciklopediyasy Bas redaktory M Қ Қarataev Almaty Қazak Sovet Enciklopediyasynyn Bas redakciyasy 1974 5 t 571 b 5 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas red Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy 2002 4 t 634 b 6 Oryssha kazaksha kazirgi uakyttagy ekonomikalyk tүsindirme sozdik 2100 zhalpyga әjgili sozder Қurast K Zh Orazalin M M Zhantasov Almaty LEM 2001 156 157 bb 7 Klarin M V Korporativnyj trening ot A do Ya M Delo 2002 S 99 8 Popov V M Lyapunov S I Filippov V V Medvedev G V Sovremennye biznes tehnologii M Knorus 2006 S 91 9 Upravlencheskoe konsultirovanie novovvedenij Individ v organizacii Otv red A I Prigozhin M 1990 S 10 10 Kazahstanskaya politologicheskaya enciklopediya Glavnyj redaktor T T Mustafin Almaty 1998 S 275 11 Nimmo D The Political Persuaders the techniques of modern election campfigns Transaction publishers New Brunswick New Jersey 1999 P 66 12 Spravochnik po politicheskomu konsultirovaniyu Pod red prof D Perlmatterg M 2002 S 9 13 Pushkareva G V Politicheskij menedzhment M 2002 S 366 14 Goncharov V E Politicheskij konsalting v Rossii Konec epohi vsemogushestva Politiya 1999 2 S 40 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz