Плеврит — өкпеқап (плевра) қуысында сұйықтықтың жиналуы. Плевра — көкіректің ішкі бетін астарлап жататын сірі қабық. Плевриттің пайда болуына өкпе қабынуының және лимфа бездерінің асқынуы, ревматизм, әр түрлі ісік және аллергиялық аурулар немесе көкірек қуысының жарақаттары әсер етеді. Плевриттің жұқпалы түрінің қоздырғыштары: , , туберкулез таяқшалары, эхинококк, т.б. Плевритті шартты түрде құрғақ (фибринозды) және іріңдік (экссудативті) деп бөледі. Құрғақ Плеврит кезінде сірлі қабық ісініп, қалыңдайды да қабыну процесі басталады. Ал іріңдік Плевритте плевра қуысы қан, ірің аралас сұйықтыққа толып кетеді. Адамда туберкулезді Плеврит жиі кездеседі. Плевриттің бұл түрі өкпеде немесе лимфа түйіндерінде басталып, кейін өкпені түгел қабындырады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады. Аурудың өтуіне қарай жедел және созылмалы түрлерге ажыратылады. Жедел Плеврит кезінде адам дел-салданып, әлі кетеді, тыныс алғанда кеудесі шаншиды, ентігеді, жөтеледі, қанның құрамы өзгереді. Кей жағдайда сірлі қабықта пайда болған ірің бір жерге жиналып, сырты қабықпен қапталады да, сау тіннен оқшауланады. Бұл кезде ауру ұзаққа созылуы мүмкін. Инфаркті Плеврит сирек кездеседі. Бұл инфарктіден кейін 8 — 10 күннен кейін дамиды, бұны Дресслер синдромы деп те атайды. Ауруды рентгенографиялық, зерттеулер арқылы анықтайды. Емі: алдымен аурудың этиологиясын анықтау керек. Соған байланысты антибиотиктер беріледі. Сондай-ақ, плевра қуысына жиналған сұйықтықты сорып алады.
Плевриттің пайда болу себебіне байланысты оны алдын алуға болады. Мысалы, пневмонияны ерте емдеу плевра сұйықтығының жиналуына жол бермейді. Жүрек, өкпе немесе бүйрек аурулары үшін негізгі ауруды емдеу сұйықтықтың жиналуын болдырмауға көмектеседі. Сондай-ақ ауруды ерте кезеңде анықтау және науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық тексеруден өткені дұрыс.
Дереккөздер
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
- Плевриты. Медицина Алтая. Дата обращения: 22 августа 2012. Архивировано из оригинала 18 октября 2012 года.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Plevrit okpekap plevra kuysynda sujyktyktyn zhinaluy Plevra kokirektin ishki betin astarlap zhatatyn siri kabyk Plevrittin pajda boluyna okpe kabynuynyn zhәne limfa bezderinin askynuy revmatizm әr tүrli isik zhәne allergiyalyk aurular nemese kokirek kuysynyn zharakattary әser etedi Plevrittin zhukpaly tүrinin kozdyrgyshtary tuberkulez tayakshalary ehinokokk t b Plevritti shartty tүrde kurgak fibrinozdy zhәne irindik ekssudativti dep boledi Қurgak Plevrit kezinde sirli kabyk isinip kalyndajdy da kabynu procesi bastalady Al irindik Plevritte plevra kuysy kan irin aralas sujyktykka tolyp ketedi Adamda tuberkulezdi Plevrit zhii kezdesedi Plevrittin bul tүri okpede nemese limfa tүjinderinde bastalyp kejin okpeni tүgel kabyndyrady Naukastyn dene kyzuy koterilip kurgak zhotel pajda bolady Aurudyn otuine karaj zhedel zhәne sozylmaly tүrlerge azhyratylady Zhedel Plevrit kezinde adam del saldanyp әli ketedi tynys alganda keudesi shanshidy entigedi zhoteledi kannyn kuramy ozgeredi Kej zhagdajda sirli kabykta pajda bolgan irin bir zherge zhinalyp syrty kabykpen kaptalady da sau tinnen okshaulanady Bul kezde auru uzakka sozyluy mүmkin Infarkti Plevrit sirek kezdesedi Bul infarktiden kejin 8 10 kүnnen kejin damidy buny Dressler sindromy dep te atajdy Aurudy rentgenografiyalyk zertteuler arkyly anyktajdy Emi aldymen aurudyn etiologiyasyn anyktau kerek Sogan bajlanysty antibiotikter beriledi Sondaj ak plevra kuysyna zhinalgan sujyktykty soryp alady Plevrittin pajda bolu sebebine bajlanysty ony aldyn aluga bolady Mysaly pnevmoniyany erte emdeu plevra sujyktygynyn zhinaluyna zhol bermejdi Zhүrek okpe nemese bүjrek aurulary үshin negizgi aurudy emdeu sujyktyktyn zhinaluyn boldyrmauga komektesedi Sondaj ak aurudy erte kezende anyktau zhәne naukaska shugyl medicinalyk komek korsetu үshin medicinalyk tekseruden otkeni durys DerekkozderPatologiyalyk anotomiya terminderinin oryssha latynsha kazaksha tүsinikteme sozdigi Aktobe ISBN 9965 437 40 8 Plevrity Medicina Altaya Data obrasheniya 22 avgusta 2012 Arhivirovano iz originala 18 oktyabrya 2012 goda Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet