Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз.
Иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейді.
Облигация қатаң түрде ерікті негізде таратылады және ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздар; кәсіпорындардың облигациялары түрлерінде шығарылады. Атаулы‚ ұсынушыға арналған‚ пайыздық‚ пайызсыз‚ еркін айналымды немесе шектеулі облигация болуы мүмкін.
Олар болашақта нақты тауар өндіру (қызметтер көрсету‚ жұмыстарды орындау) кепілдігімен пайызсыз мақсатты облигация түрінде де шығарылады. Мұндай облигация кәсіпорындар мен халықтың арасында таратылады‚ олардың иесі осы облигация кепілдікпен шығарылған тауарларды сатып алуға‚ қызметтерді пайдалануға басым құқық алады.
Анықтамасы
Облигация дегеніміз белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет, жергілікті билік органдары немесе компаниялар қаржы тарту мақсатында шығарады.
Шығу тарихы
Облигациялардың шығу тарихы және әлемге таралуы XVI-XVII ғасырлардан басталады. Бірінші облигациялар қарыз алушының (эминент) белгілі бір уақыт кезеңінде қарызын өтеуде, сондай-ақ ақшаны пайдаланғаны үшін қосымша сыйақы төлеуде қолданылатын. Облигациялар алғашында табысы төмен және бүкіл шарттары алдын ала белгіленген қаржы құралдың бір түрі болып саналатын.
Тарихи деректер бойынша, облигациялардың халықаралық қаржы сахнасында пайда болуы шіркеудің өсімқорлыққа қарсы күресімен байланысты. XVI ғасырдың ортасында Францияда шіркеу қудалауынан құтылу мақсатында кредиторлар ақшаны қарызға облигация жүзінде беріп, өз іс-әрекеттерін табыс ағынын сатып алу/сату деген атпен ақтаған. Ал XVI ғасырда Голландияда пайда болған облигациялар, өсімқорлықпен айналысатын адамдарға альтернатива ретінде қолданылған. Облигация шығаратын бизнес иелерінің пайымдауынша, олар облигация йемденушілеріне «кредиттік пайызды» емес, «пайданың пайызын» төлейтін. Сонымен қатар, алғашында облигациялар, вексельге ұқсас рөл атқаратын болған. Шығарылған бір нысан облигацияларға бір ғана бланк толтырылатын. Бланкта облигацияның тұрақты құны, өтеу мерзімі және пайыздық пайдасы анық көрсетілетін. Бір қызығы, көптеген елдерде облигациялардың бланкілерінде мәтін француз тілінде жазылатын. Бұл дәстүр XX ғасырдың басында дейін сақталған.
Ерекшеліктері
Облигацияның йемденушіге әкелетін пайыздық пайдасы акцияға қарағанда төмен. Алайда, нарықтың өзгеруіне байланысты акцияның құнсызданып кету қаупі жоғары, ал облигация секілді құнды қағаздар мұндай өзгерістерге шыдамды болып келеді. Сонымен қатар, егер кенеттен компания банкротқа ұшыраса, онда облигация ұстаушылар бәрі-бірде өз ақшаларын және де қосымша пайыздық пайдаларын қайтарып ала алады, ал сол компанияның акция ұстаушылары компания қарыздарын төлемейінше, өз ақшаларын қайтара алмайды. Сондай-ақ акцияны сатып алған адам келесі жылы компанияның табысы қаншалықты болатындығын, дивиденттер көлемі қаншалықты өзгеретіндігін нақты айта алмайды. Ал, облигацияның табысы оның үстіндегі пайыздық мөлшерлемесі болғандықтан, алдын-ала жазылып қойылады. Мысалы: $1 долларлық немесе $1,000,000 долларлық облигацияның да пайыздары бірдей.
Облигациялар инвестициялар қоржынын (портфель) диверсификациялау үшін өте жақсы. Облигациялардың пайыздық пайдасы және құнсыздану қаупі өте төмен болғандықтан, ол инвестициялар қоржынының құнсыздану қаупін азайтады. Сондықтан, облигациялармен көбінесе акциялардың волатильділігін ұнатпайтын консервативті инвесторлар мен трейдерлер жұмыс істейді.
Облигациялар ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған. Облигацияларды бір айға немесе бір жылға сатып алу тиімсіз. Тіпті бес жылдың өзі облигация үшін аз мерзім болып саналады. Мысалы: АҚШ үкіметінің облигациялары он жылдық мерзіммен шығарылады және облигация йемденушісіне шамамен 3,5% жылына пайда әкеледі. Мұндай төмен пайда үшін қысқа мерзімді инвестиция жасау тиімсіз.
Түрлері
Облигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу тегіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Инвесторға әкелетін пайыздық пайдасына байланысты облигация екі түрлі болады:
Тұрақты пайызды облигациялар – алдын ала қойылған мерзім ішінде пайыздық пайда өзгермейтін облигация түрі. Бұл жағдайда, инвестор табысы екі компоненттен тұруы мүмкін: біріншіден, облигациялар шығарушы компания жылдық пайыздық мөлшер көлемі бойынша жылына бір немесе екі рет төлемдер жасауға келіседі. Бұл табыс купон немесе купондық пайда деп аталады. Екіншіден, инвестордың табысы облигацияны сатып алған баға мен оның номиналды құны арасындағы айырымнан жиналуы мүмкін. Бұл баға айырымын дисконт деп, ал әкелетін табысты дисконтты деп атайды.
Өзгермелі пайызды облигациялар - пайыздық табыс түрлі макроэкономикалық факторларға байланысты өзгеретін облигация түрі. Әдетте, облигацияның бұл түрі инвесторлар мен компания-қарыз алушыларға нарықтық жағдайлар өзгерген кезде пайда болуы мүмкін қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер корпоративтік облигациялар мөлшерлемесі Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасына байланған болса, онда облигациялардың өзгермелі пайыздық табысы LIBOR бойынша есептеледі, яғни Лондонда орналасқан 16 бірінші дәрежелі банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесімен анықталады.
Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін:
Корпоративтік облигациялар – акционерлік қоғамдармен шығарылатын тәуекелі жоғары облигация түрі. Корпоративтік облигациялардың пайыздық табыс әкелу мөлшері эмитенттің облигациялар сенімділігіне байланысты 8-ден 18% -ға дейін өзгереді. Нарықтықта табыстылығы мен тәуекелдіктің деңгейі әртүрлі облигациялар кездеседі және солардың ішінен инвестор өзіне қалайтынын сатып ала алады. Мысалы, ірі компаниялардың облигацияларының купондық төлемдер өте төмен бірақ олардың сенімділігі жоғары болады. Ал жоғары пайыздық төлемдермен шығарылатын облигациялар әдетте кішігірім сенімсіз компаниялармен сатылады. Алайда нарыққа бағалы қағаздарын енді шығарып жатқан жаңа компаниялар да пайыздық табысты жоғары қылып қояды.
Муниципалдық және мемлекеттік облигациялар – тиісінше жергілікті билікпен және мемлекетпен шығарылатын тәуекелі төмен облигация түрі. Мемлекеттік облигациялар төмен пайыздық табысына байланысты инвесторлар арасында қатты қызығушылық тудырмайды. Мысалы, Ресей мемлекеттік облигациялары шамамен жылына 8% пайыздық пайда әкеле алады. Орташа жылдық инфляцияның 8% екенін ескере отырсақ, облигация йемденушіге ешқандай пайда алып келмейді десе де болады.
Облигациялар қолданыс мерзімі тұрғысынан қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Мерзімнің ұзақтығы облигация шығаратын елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте, қысқа мерзімді облигациялар бір немесе екі жылға шығарған бағалы қағаздар болып табылады. Ал орта мерзімді және ұзақ мерзімді болса, бес жылдан жеті жылға дейін және тиісінше жеті жылдан астам болады.
Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында мерзімсіз облигациялар да кездеседі. Мысалы, II-дүниежүзілік соғыс кезінде, Ұлыбритания қазынашылық департаменті халықтан қарыз алу мақсатында мерзімсіз облигациялар (War Loan) шығарды. Жылдан жылға бұл облигациялар йемденушіге жылына 3,5% купондық табыс алып келеді. Қазіргі таңда осы облигациялар үлкен дисконтпен қор биржасында саудаланады және нарықтағы бағасы номиналды құнының шамамен 74-75% құрайды. Егер де Ұлыбритания үкіметі облигациямен белгіленген қарыздарын төлеймін десе, онда үкімет номиналды құнының 100% төлеуге тиіс еді. Осылайша, эмитент (Ұлыбритания үкіметі) үшін осы облигацияларды сатып алуға қарағанда купондық пайданы төлеу тиімдірек жағдай. Нәтижесінде, жақын арада Ұлыбритания үкіметі кезінде шығарған мерзімсіз облигацияларды қайтарып алмайтынын болжауға болады.
Қазақстандағы облигация нарығы
Қазақстан нарығында облигациялар кеңінен таралмаған. Құнды қағаздардың артықшылықтары несиеге қарағанда көбірек болса да, банк мекемелері және қарапайым халықтың өзі көбінде несиені басты қаржы құрал ретінде қарастырады. Облигациялардың уақытында төленетініне, әрі қолдан-қолға қайта сатуға болатынына қарамастан қаржы мекемелерінің көбісі (ұлттық банктен басқа) облигациялармен сирек жұмыс істейді. Ал батыс елдері болса, облигациялардың артықшылықтарын жақсы пайдалана отырып, қарапайым адамдарға сатады. Дегенмен, Bloomberg ақпараттық жүйесін сүйенсек, халықаралық нарықта 540 қазақстандық облигациялар өнімін кездеседі: 97 өнім – валюталық (көбіне долларлық), 80 өнімге жуығы – инвестицияық класстағы облигациялар. Олар «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ, Сбербанк облигациялары, БРК, «Қазақстан Темір Жолы», «Самұрық-Қазына» Қазақстан иптекалық компаниясы, «Қазақстан инжиниринг» және тағы басқа ірі компаниялар.
Облигацияны йемдену үшін акция тәрізді биржаға қатысып брокердің көмегімен сатып алу керек. Ереже бойынша, облигация нарығында белгілі бір қаражат лимиті бар. Қазақстанда көбінесе акциямен жұмыс істейді, сондықтан облигациямен сауда жүргізу туралы ақпарат аз және сатып алу кеңінен таралмаған.
Бағалы қағаздар нарығының көрсеткіштері бойынша, Қазақстанның мемлекеттік облигацияларының долларлық табыстылығы 2020 жылға дейін өтеу мерзімімен орта есеппен 4%, теңге табыстылығы – 7%, 2025 жылға дейін өтеу мерзімімен долларлық – 5,5, теңгелік – 6,2 %.
Қосымша
Облигациядан табыс қатаң тіркелген пайыз түрінде немесе жыртылмалы купонға төлем төлеу жолымен де‚ оларды ойнатып‚ ұтыс төлеу жолымен де, өзгермелі (құбылмалы) мөлшерлеме бойынша пайыз түрінде де алынады.
Облигация бланкілерінің негізгі деректемелері:
- имитенттің фирмалық атауы‚
- олардың орналасқан мекен-жайы‚
- бағалы қағаздың “облигация” деген атауы‚
- оның рет нөмірі‚
- шығарылған мерзімі‚
- түрі (кепілзаттық‚ қамтамасыз етусіз‚ айырбасталымды)‚
- шығарылымның жалпы сомасы‚
- пайыздық мөлшерлемесі‚
- пайыздарды төлеу,
- өтеу шарттары мен тәртібі.
Сілтемелер
Дереккөздер
- http://subscribe.ru/group/otkuda-myi-prishli/10469947/
- http://7kun.kz/37472/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2017 жылы.
- http://halyk-ipo.kz/kz/manit-obligatsiya-ry-nok-obligatsij-mozhet-by-t-interesen-dlya-chastny-h-investorov.html
- http://berg.com.ua/basic/bond/
- http://www.banki.ru/wikibank/obligatsiya/
- http://www.ereport.ru/articles/finance/bonds.htm
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Obligaciya lat obligatio mindetteme bagaly kagaz Bagaly kagaz Ielenushisinin akshalaj karazhat salganyn kuәlandyrady zhәne shygarylym sharttarynda baska zhәjtter kozdelmese karyzgerdin ielenushige tirkelgen pajyzben kosa osy bagaly kagazdyn atauly kunyn kүni buryn korsetilgen merzimde oteluin mindettejdi Obligaciya katan tүrde erikti negizde taratylady zhәne ishki memlekettik zhәne zhergilikti karyzdar kәsiporyndardyn obligaciyalary tүrlerinde shygarylady Atauly usynushyga arnalgan pajyzdyk pajyzsyz erkin ajnalymdy nemese shekteuli obligaciya boluy mүmkin Olar bolashakta nakty tauar ondiru kyzmetter korsetu zhumystardy oryndau kepildigimen pajyzsyz maksatty obligaciya tүrinde de shygarylady Mundaj obligaciya kәsiporyndar men halyktyn arasynda taratylady olardyn iesi osy obligaciya kepildikpen shygarylgan tauarlardy satyp aluga kyzmetterdi pajdalanuga basym kukyk alady AnyktamasyObligaciya degenimiz belgili bir somany karyzga alyp zhatkan eminent memleket nemese kompaniya pen investordyn kelisimshartka otyru barysynda koldanylatyn bagaly kagaz Kelisimshart bojynsha mezgil sajyn eminent obligaciya jemdenushisine pajyz tүrinde pajda әkelip otyruga sonymen katar obligaciya kunyn atauly merzimge dejin oteuge mindetti Әdette obligaciyalardy memleket zhergilikti bilik organdary nemese kompaniyalar karzhy tartu maksatynda shygarady Shygu tarihyObligaciyalardyn shygu tarihy zhәne әlemge taraluy XVI XVII gasyrlardan bastalady Birinshi obligaciyalar karyz alushynyn eminent belgili bir uakyt kezeninde karyzyn oteude sondaj ak akshany pajdalangany үshin kosymsha syjaky toleude koldanylatyn Obligaciyalar algashynda tabysy tomen zhәne bүkil sharttary aldyn ala belgilengen karzhy kuraldyn bir tүri bolyp sanalatyn XIX gasyrda Oriental Bank koldangan veksel tүri Tarihi derekter bojynsha obligaciyalardyn halykaralyk karzhy sahnasynda pajda boluy shirkeudin osimkorlykka karsy kүresimen bajlanysty XVI gasyrdyn ortasynda Franciyada shirkeu kudalauynan kutylu maksatynda kreditorlar akshany karyzga obligaciya zhүzinde berip oz is әreketterin tabys agynyn satyp alu satu degen atpen aktagan Al XVI gasyrda Gollandiyada pajda bolgan obligaciyalar osimkorlykpen ajnalysatyn adamdarga alternativa retinde koldanylgan Obligaciya shygaratyn biznes ielerinin pajymdauynsha olar obligaciya jemdenushilerine kredittik pajyzdy emes pajdanyn pajyzyn tolejtin Sonymen katar algashynda obligaciyalar vekselge uksas rol atkaratyn bolgan Shygarylgan bir nysan obligaciyalarga bir gana blank toltyrylatyn Blankta obligaciyanyn turakty kuny oteu merzimi zhәne pajyzdyk pajdasy anyk korsetiletin Bir kyzygy koptegen elderde obligaciyalardyn blankilerinde mәtin francuz tilinde zhazylatyn Bul dәstүr XX gasyrdyn basynda dejin saktalgan ErekshelikteriObligaciyanyn jemdenushige әkeletin pajyzdyk pajdasy akciyaga karaganda tomen Alajda naryktyn ozgeruine bajlanysty akciyanyn kunsyzdanyp ketu kaupi zhogary al obligaciya sekildi kundy kagazdar mundaj ozgeristerge shydamdy bolyp keledi Sonymen katar eger kenetten kompaniya bankrotka ushyrasa onda obligaciya ustaushylar bәri birde oz akshalaryn zhәne de kosymsha pajyzdyk pajdalaryn kajtaryp ala alady al sol kompaniyanyn akciya ustaushylary kompaniya karyzdaryn tolemejinshe oz akshalaryn kajtara almajdy Sondaj ak akciyany satyp algan adam kelesi zhyly kompaniyanyn tabysy kanshalykty bolatyndygyn dividentter kolemi kanshalykty ozgeretindigin nakty ajta almajdy Al obligaciyanyn tabysy onyn үstindegi pajyzdyk molsherlemesi bolgandyktan aldyn ala zhazylyp kojylady Mysaly 1 dollarlyk nemese 1 000 000 dollarlyk obligaciyanyn da pajyzdary birdej Obligaciyalar investiciyalar korzhynyn portfel diversifikaciyalau үshin ote zhaksy Obligaciyalardyn pajyzdyk pajdasy zhәne kunsyzdanu kaupi ote tomen bolgandyktan ol investiciyalar korzhynynyn kunsyzdanu kaupin azajtady Sondyktan obligaciyalarmen kobinese akciyalardyn volatildiligin unatpajtyn konservativti investorlar men trejderler zhumys istejdi Obligaciyalar uzak merzimdi investiciyalarga bagyttalgan Obligaciyalardy bir ajga nemese bir zhylga satyp alu tiimsiz Tipti bes zhyldyn ozi obligaciya үshin az merzim bolyp sanalady Mysaly AҚSh үkimetinin obligaciyalary on zhyldyk merzimmen shygarylady zhәne obligaciya jemdenushisine shamamen 3 5 zhylyna pajda әkeledi Mundaj tomen pajda үshin kyska merzimdi investiciya zhasau tiimsiz TүrleriObligaciyalar koldanys merzimine pajyzdyk pajdasyna zhәne shygu tegine bajlanysty birneshe tүrge bolinedi Investorga әkeletin pajyzdyk pajdasyna bajlanysty obligaciya eki tүrli bolady Turakty pajyzdy obligaciyalar aldyn ala kojylgan merzim ishinde pajyzdyk pajda ozgermejtin obligaciya tүri Bul zhagdajda investor tabysy eki komponentten turuy mүmkin birinshiden obligaciyalar shygarushy kompaniya zhyldyk pajyzdyk molsher kolemi bojynsha zhylyna bir nemese eki ret tolemder zhasauga kelisedi Bul tabys kupon nemese kupondyk pajda dep atalady Ekinshiden investordyn tabysy obligaciyany satyp algan baga men onyn nominaldy kuny arasyndagy ajyrymnan zhinaluy mүmkin Bul baga ajyrymyn diskont dep al әkeletin tabysty diskontty dep atajdy Өzgermeli pajyzdy obligaciyalar pajyzdyk tabys tүrli makroekonomikalyk faktorlarga bajlanysty ozgeretin obligaciya tүri Әdette obligaciyanyn bul tүri investorlar men kompaniya karyz alushylarga naryktyk zhagdajlar ozgergen kezde pajda boluy mүmkin karzhylyk tәuekelderdi azajtuga mүmkindik beredi Mysaly eger korporativtik obligaciyalar molsherlemesi Londondyk bankaralyk usynys stavkasyna bajlangan bolsa onda obligaciyalardyn ozgermeli pajyzdyk tabysy LIBOR bojynsha esepteledi yagni Londonda ornalaskan 16 birinshi dәrezheli bankterdin ortasha pajyzdyk molsherlemesimen anyktalady Al shygu tegine bajlanysty obligaciyalar eki tүrli boluy mүmkin Korporativtik obligaciyalar akcionerlik kogamdarmen shygarylatyn tәuekeli zhogary obligaciya tүri Korporativtik obligaciyalardyn pajyzdyk tabys әkelu molsheri emitenttin obligaciyalar senimdiligine bajlanysty 8 den 18 ga dejin ozgeredi Naryktykta tabystylygy men tәuekeldiktin dengeji әrtүrli obligaciyalar kezdesedi zhәne solardyn ishinen investor ozine kalajtynyn satyp ala alady Mysaly iri kompaniyalardyn obligaciyalarynyn kupondyk tolemder ote tomen birak olardyn senimdiligi zhogary bolady Al zhogary pajyzdyk tolemdermen shygarylatyn obligaciyalar әdette kishigirim senimsiz kompaniyalarmen satylady Alajda narykka bagaly kagazdaryn endi shygaryp zhatkan zhana kompaniyalar da pajyzdyk tabysty zhogary kylyp koyady Resej komir ondeu onerkәsip kogamynyn obligaciyasy Municipaldyk zhәne memlekettik obligaciyalar tiisinshe zhergilikti bilikpen zhәne memleketpen shygarylatyn tәuekeli tomen obligaciya tүri Memlekettik obligaciyalar tomen pajyzdyk tabysyna bajlanysty investorlar arasynda katty kyzygushylyk tudyrmajdy Mysaly Resej memlekettik obligaciyalary shamamen zhylyna 8 pajyzdyk pajda әkele alady Ortasha zhyldyk inflyaciyanyn 8 ekenin eskere otyrsak obligaciya jemdenushige eshkandaj pajda alyp kelmejdi dese de bolady Obligaciyalar koldanys merzimi turgysynan kyska orta zhәne uzak merzimdi dep bolinedi Merzimnin uzaktygy obligaciya shygaratyn elge bajlanysty әrtүrli boluy mүmkin Әdette kyska merzimdi obligaciyalar bir nemese eki zhylga shygargan bagaly kagazdar bolyp tabylady Al orta merzimdi zhәne uzak merzimdi bolsa bes zhyldan zheti zhylga dejin zhәne tiisinshe zheti zhyldan astam bolady Sonymen katar bagaly kagazdar narygynda merzimsiz obligaciyalar da kezdesedi Mysaly II dүniezhүzilik sogys kezinde Ұlybritaniya kazynashylyk departamenti halyktan karyz alu maksatynda merzimsiz obligaciyalar War Loan shygardy Zhyldan zhylga bul obligaciyalar jemdenushige zhylyna 3 5 kupondyk tabys alyp keledi Қazirgi tanda osy obligaciyalar үlken diskontpen kor birzhasynda saudalanady zhәne naryktagy bagasy nominaldy kunynyn shamamen 74 75 kurajdy Eger de Ұlybritaniya үkimeti obligaciyamen belgilengen karyzdaryn tolejmin dese onda үkimet nominaldy kunynyn 100 toleuge tiis edi Osylajsha emitent Ұlybritaniya үkimeti үshin osy obligaciyalardy satyp aluga karaganda kupondyk pajdany toleu tiimdirek zhagdaj Nәtizhesinde zhakyn arada Ұlybritaniya үkimeti kezinde shygargan merzimsiz obligaciyalardy kajtaryp almajtynyn bolzhauga bolady Қazakstandagy obligaciya narygyҚazakstan narygynda obligaciyalar keninen taralmagan Қundy kagazdardyn artykshylyktary nesiege karaganda kobirek bolsa da bank mekemeleri zhәne karapajym halyktyn ozi kobinde nesieni basty karzhy kural retinde karastyrady Obligaciyalardyn uakytynda tolenetinine әri koldan kolga kajta satuga bolatynyna karamastan karzhy mekemelerinin kobisi ulttyk bankten baska obligaciyalarmen sirek zhumys istejdi Al batys elderi bolsa obligaciyalardyn artykshylyktaryn zhaksy pajdalana otyryp karapajym adamdarga satady Degenmen Bloomberg akparattyk zhүjesin sүjensek halykaralyk narykta 540 kazakstandyk obligaciyalar onimin kezdesedi 97 onim valyutalyk kobine dollarlyk 80 onimge zhuygy investiciyayk klasstagy obligaciyalar Olar Samuryk Energo ҚazMunajGaz ҰҚ Sberbank obligaciyalary BRK Қazakstan Temir Zholy Samuryk Қazyna Қazakstan iptekalyk kompaniyasy Қazakstan inzhiniring zhәne tagy baska iri kompaniyalar Obligaciyany jemdenu үshin akciya tәrizdi birzhaga katysyp brokerdin komegimen satyp alu kerek Erezhe bojynsha obligaciya narygynda belgili bir karazhat limiti bar Қazakstanda kobinese akciyamen zhumys istejdi sondyktan obligaciyamen sauda zhүrgizu turaly akparat az zhәne satyp alu keninen taralmagan Bagaly kagazdar narygynyn korsetkishteri bojynsha Қazakstannyn memlekettik obligaciyalarynyn dollarlyk tabystylygy 2020 zhylga dejin oteu merzimimen orta eseppen 4 tenge tabystylygy 7 2025 zhylga dejin oteu merzimimen dollarlyk 5 5 tengelik 6 2 ҚosymshaObligaciyadan tabys katan tirkelgen pajyz tүrinde nemese zhyrtylmaly kuponga tolem toleu zholymen de olardy ojnatyp utys toleu zholymen de ozgermeli kubylmaly molsherleme bojynsha pajyz tүrinde de alynady Obligaciya blankilerinin negizgi derektemeleri imitenttin firmalyk atauy olardyn ornalaskan meken zhajy bagaly kagazdyn obligaciya degen atauy onyn ret nomiri shygarylgan merzimi tүri kepilzattyk kamtamasyz etusiz ajyrbastalymdy shygarylymnyn zhalpy somasy pajyzdyk molsherlemesi pajyzdardy toleu oteu sharttary men tәrtibi SiltemelerBiznes AkshaDerekkozderhttp subscribe ru group otkuda myi prishli 10469947 http 7kun kz 37472 Muragattalgan 2 akpannyn 2017 zhyly http halyk ipo kz kz manit obligatsiya ry nok obligatsij mozhet by t interesen dlya chastny h investorov html http berg com ua basic bond http www banki ru wikibank obligatsiya http www ereport ru articles finance bonds htm Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul zan salasyna arnalgan zhana makalaga bastama Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz