Нәркес немесе Нарцисс (лат. Narcissus) – амариллистер тұқымдасына жататын баданалы көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен Жерорта теңізі аймағында өседі, 30-ға, кейбір мәліметтер бойынша 60-қа жуық түрі бар. Нарциссті ежелден әсемдік үшін өсіреді, оның қазір 12 мыңнан астам сорты белгілі. Баданасының сырты қоңыр қабыршақпен қапталған. Жапырағы таспа пішінді. Гүлі ақ, сары түсті, хош иісті, жеке-жеке немесе топтанып гүл сидамының ұшында жетіледі. Гүлшоғыры қоңырау не шатыр тәрізді. Жемісі – етті . Нарцисстің гүлінен эфир майы алынады, баданасында алкалоид болады. Нарцисс – улы өсімдік. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Баданаларын шамамен тереңд. 10 – 15 см шұңқыр қазып, күзде отырғызады. Отырғызылған соң 2-, 3-жылдары жақсы гүлдейді. Бұлардың баданасын жапырақтары түгел сарғайған кезде қазып алып, көлеңкелі жерде кептіріп, 16 – 18С температурада сақтайды.
Нәркес | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Тау етегінде өсіп тұрған нарцисстер (Narcissus poeticus) | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Narcissus poeticus L. | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
50 түрі белгілі |
Таралуы
Сары нәркес Еуропада, Азия мен Солтүстік Африкада өседі.
Өсімдік туралы
Нәркес – бір үйлі, амариллис тұқымдасына жататын көпжылдық пиязшық өсімдік. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер тобындағы нәркестің табиғатта 20 шақты түрі бар. Еуропадан шығып, Қытай мен Жапония арқылы Азияға кең тараған. Алғашында бақша гүлі ретінде өсірілсе, кейін келе гүлінің әдемілігіне қызыққан бағбандар ерте гүлдету мақсатында оны үй жағдайында да өсіретін болған. Наурыз, сәуір айларында гүл ашады, гүлдеуі 20-25 күнге дейін созылады. Гүлдері жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Нәркес пиязшық гүлдердің ішінде ерте және ұзақ гүлдеуімен қатар, бір түбінен бірнеше гүл жаруымен ерекшеленеді. Мысалы, сүмбілшаш секілді өсімдіктер бір пиязшықтан бір гүл ғана жаратын болса, нәркес үш-төрт гүлсабақ шығарады. Гүлдері төменге қараған, түсі қанық болып келеді. Ақ, сары, қызыл-сары, ала түсті болып келетін нәркестің биіктігі 30-40 см аралығында. Хош иісті, әдемі, нәзік гүл болғандықтан, оны гүлшоғыр жасауда да жиі пайдаланады. Нәркестің 10 см-ден аспайтын ергежейлі, аласа бойлы түрлері де бар.
Күтімі
Нәркес көп күтімді қажет етпейтін пиязшық өсімдік. Гүлдеп болып, жапырағы сарғайғаннан кейін екі-үш жылда бір рет маусым айында пиязшығын қазып алып тұру керек. Себебі, бір орында екі-үш жыл қатарынан өскен нәркес одан кейінгі жылдары шықпай қалады. Қазып алынған пиязшықтарды қораптарға салып құрғақ, күн түспейтін, ауасы алмасып тұратын бөлмеде сақтайды. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде жақсы өседі. Топырағын құнарландырып тұрған жөн.
Көбейтілуі
Пиязшық және тамыртүйнекті өсімдіктерді түрлі жолдармен көбейтуге болады. Мұндай өсімдіктерді көбейтудің ең оңай жолы – пиязшықтың жанынан өсіп шыққан балапандарын бөліп алу арқылы көбейту. Маусым айы оның пиязшықтарын қазып алып, балапандарын бөлу үшін ең оңтайлы мезгіл болып саналады. Жаз бойы құрғақ жерде сақталған пиязшығын қыркүйек айында егеді. Жас пиязшық егілгеннен кейін тек екі жылдан соң ғана гүл жаратын болады.
Нәркес туралы тақпақ
Сәуір туа тіршілігін бастайды,
Бір түбінен бірнеше әсем гүл жарып.
Нәркесті жұрт нәзік гүл деп мақтайды,
Самал желмен билеп тұрар ырғалып.
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
- "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
- Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nәrkes nemese Narciss lat Narcissus amarillister tukymdasyna zhatatyn badanaly kop zhyldyk shoptesin osimdik Negizinen Zherorta tenizi ajmagynda osedi 30 ga kejbir mәlimetter bojynsha 60 ka zhuyk tүri bar Narcissti ezhelden әsemdik үshin osiredi onyn kazir 12 mynnan astam sorty belgili Badanasynyn syrty konyr kabyrshakpen kaptalgan Zhapyragy taspa pishindi Gүli ak sary tүsti hosh iisti zheke zheke nemese toptanyp gүl sidamynyn ushynda zhetiledi Gүlshogyry konyrau ne shatyr tәrizdi Zhemisi etti Narcisstin gүlinen efir majy alynady badanasynda alkaloid bolady Narciss uly osimdik Қazakstanda koldan osiriledi Badanalaryn shamamen terend 10 15 sm shunkyr kazyp kүzde otyrgyzady Otyrgyzylgan son 2 3 zhyldary zhaksy gүldejdi Bulardyn badanasyn zhapyraktary tүgel sargajgan kezde kazyp alyp kolenkeli zherde keptirip 16 18S temperaturada saktajdy NәrkesTau eteginde osip turgan narcisster Narcissus poeticus Dүniesi ӨsimdikterBolimi Gүldi osimdikterTaby Dara zharnaktylarSaby Tukymdasy AmaryllidaceaeKishi tukymdasy Tajpasy Tegi Narcissus L Narcissus poeticus L tүrleri50 tүri belgili Taraluy Sary nәrkes Europada Aziya men Soltүstik Afrikada osedi Өsimdik turalyNәrkes bir үjli amarillis tukymdasyna zhatatyn kopzhyldyk piyazshyk osimdik Erte koktemde gүldejtin gүlder tobyndagy nәrkestin tabigatta 20 shakty tүri bar Europadan shygyp Қytaj men Zhaponiya arkyly Aziyaga ken taragan Algashynda baksha gүli retinde osirilse kejin kele gүlinin әdemiligine kyzykkan bagbandar erte gүldetu maksatynda ony үj zhagdajynda da osiretin bolgan Nauryz sәuir ajlarynda gүl ashady gүldeui 20 25 kүnge dejin sozylady Gүlderi zhaj kүlteli zhәne gүlparly bolyp ekige bolinedi Nәrkes piyazshyk gүlderdin ishinde erte zhәne uzak gүldeuimen katar bir tүbinen birneshe gүl zharuymen erekshelenedi Mysaly sүmbilshash sekildi osimdikter bir piyazshyktan bir gүl gana zharatyn bolsa nәrkes үsh tort gүlsabak shygarady Gүlderi tomenge karagan tүsi kanyk bolyp keledi Ak sary kyzyl sary ala tүsti bolyp keletin nәrkestin biiktigi 30 40 sm aralygynda Hosh iisti әdemi nәzik gүl bolgandyktan ony gүlshogyr zhasauda da zhii pajdalanady Nәrkestin 10 sm den aspajtyn ergezhejli alasa bojly tүrleri de bar KүtimiNәrkes kop kүtimdi kazhet etpejtin piyazshyk osimdik Gүldep bolyp zhapyragy sargajgannan kejin eki үsh zhylda bir ret mausym ajynda piyazshygyn kazyp alyp turu kerek Sebebi bir orynda eki үsh zhyl katarynan osken nәrkes odan kejingi zhyldary shykpaj kalady Қazyp alyngan piyazshyktardy koraptarga salyp kurgak kүn tүspejtin auasy almasyp turatyn bolmede saktajdy Kүn sәulesi mol tүsetin zherlerde zhaksy osedi Topyragyn kunarlandyryp turgan zhon KobejtiluiPiyazshyk zhәne tamyrtүjnekti osimdikterdi tүrli zholdarmen kobejtuge bolady Mundaj osimdikterdi kobejtudin en onaj zholy piyazshyktyn zhanynan osip shykkan balapandaryn bolip alu arkyly kobejtu Mausym ajy onyn piyazshyktaryn kazyp alyp balapandaryn bolu үshin en ontajly mezgil bolyp sanalady Zhaz bojy kurgak zherde saktalgan piyazshygyn kyrkүjek ajynda egedi Zhas piyazshyk egilgennen kejin tek eki zhyldan son gana gүl zharatyn bolady Nәrkes turaly takpakSәuir tua tirshiligin bastajdy Bir tүbinen birneshe әsem gүl zharyp Nәrkesti zhurt nәzik gүl dep maktajdy Samal zhelmen bilep turar yrgalyp SiltemelerGүlstan osimdikter turaly sajt Muragattalgan 20 akpannyn 2012 zhyly Derekkozder Gүlstan respublikalyk gylymi tanmydyk kopshilik zhurnal 2010 zhyl ISSN 2078 6727 Gүlstan respublikalyk gylymi tanmydyk kopshilik zhurnal 2010 zhyl ISSN 2078 6727 Қazak Enciklopediyasy Қazak Enciklopediyasy 6 tom