Ипмағамбетов Нұрғали (1883 жылы Орал облысы, Орал уезі Қараоба болысының Төлектөбе ауылында (қазіргі Теректі ауылы) - 1922 жылы) - әскери дәрігер. Әкесі Ипмағамбет орта шаруалы адам болған. Өзі 1896 жылы Қараоба болыстық төрт сыныпты орыс-қазақ мектебін бітірген. Кейін Орал реалды әскер мектебіне түсіп, 1905 жылы алтын медальмен бітірді. Бүдан кейін Санкт-Петербург әскери медицина академиясына түседі де, оны 1911 жылы тәмамдайды. 1911- 1913 жылдары Термез қаласында дәрігер, Түркістан атқыштар дивизиясының 113 полкінде аға дәрігер болып істеген. Сол кезде «медицина қызметінің подполковнигі» әскери атағына жетеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Кавказ майданына жіберіледі. 1916 жылы майдандағы орыс армиясының бас хирургі болып тағайындалады. Сол жылы күзде «медицина полковнигі» шенін алады. Ұлт үшін қызмет істеймін деген кісіге қашан да орай табылады. Н.Ипмағамбетов майданда дәрігер болып жүрген кезінде қазақ жастарына «денсаулығы жарамсыз» деген анықтама беріп, елге қайтуы үшін жол ашып отырады. Бұл үлкен ерлік еді. Алайда көзсіз ерлік білінбей қалмақ емес, 1917 жылы сау адамға денсаулығы жарамсыз деп әскер қатарынан босатқаны үшін тұтқындалып, Сібірге жер аударылады.
Ақпан төңкерісінен кейін Сібір елге келіп, Алаш қозғалысына араласады. 1917 жылы шілдеде Ойылда өткен екінші Орал облыстық қазақ съезіне Қараоба болысынан делегат болып қатысады. Сол съезде Орал уездік жер басқармасының мүшесі болып қабылданады. 1917 жылы шілдеде өткен бірінші жалпықазақ съезінде Алаш партиясы атынан Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа болып ұсынылады. 1917 жылы екінші жалпықазақ съезіне Орал обылысынан делегат болып қатынасады. Съезде Алаш автономиясын дереу жариялауды жақтап дауыс берді. 1918 жылы қаңтарда Қара төбеде өткен үшінші Орал облысы қазақтарының съезіне қатысады. Сол жолы «Ақжол» ұйымына кіреді. Съезден соң Орал қаласына келіп, Орал облысындағы солдат, жұмысшы, шаруа және қазақ депутаттарының құрылтай съезіне қатысады. 1918 жылы Ақтөбе майданында Зиновьев басқарған қызыл армия жеңіске жеткен соң Оралға келеді. Сол жылы тамызда жергілікті қазақ атқару комитеттері мен Алаш партиясы атынан Самарадағы құрылтай жиналысы комитетіне мүше болып кірген 11 алаш қайраткерінің бірі болған. Комуч пен Сібір атқару комитетінің 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен мәжілісіне қатысады. 1919 жылы РК(б)П тарапынан өтуге арыз береді. Содан бастап коммунистер қатарында болады. Сол жылы желтоқсанда Орал облысы Денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалады. 1920 жылы Орал губерниялық ревкомының құрамына кіреді. 1922 жылы қайтыс болады.
Дереккөздер
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ipmagambetov Nurgali 1883 zhyly Oral oblysy Oral uezi Қaraoba bolysynyn Tolektobe auylynda kazirgi Terekti auyly 1922 zhyly әskeri dәriger Әkesi Ipmagambet orta sharualy adam bolgan Өzi 1896 zhyly Қaraoba bolystyk tort synypty orys kazak mektebin bitirgen Kejin Oral realdy әsker mektebine tүsip 1905 zhyly altyn medalmen bitirdi Bүdan kejin Sankt Peterburg әskeri medicina akademiyasyna tүsedi de ony 1911 zhyly tәmamdajdy 1911 1913 zhyldary Termez kalasynda dәriger Tүrkistan atkyshtar diviziyasynyn 113 polkinde aga dәriger bolyp istegen Sol kezde medicina kyzmetinin podpolkovnigi әskeri atagyna zhetedi Birinshi dүniezhүzilik sogys bastalganda Kavkaz majdanyna zhiberiledi 1916 zhyly majdandagy orys armiyasynyn bas hirurgi bolyp tagajyndalady Sol zhyly kүzde medicina polkovnigi shenin alady Ұlt үshin kyzmet istejmin degen kisige kashan da oraj tabylady N Ipmagambetov majdanda dәriger bolyp zhүrgen kezinde kazak zhastaryna densaulygy zharamsyz degen anyktama berip elge kajtuy үshin zhol ashyp otyrady Bul үlken erlik edi Alajda kozsiz erlik bilinbej kalmak emes 1917 zhyly sau adamga densaulygy zharamsyz dep әsker katarynan bosatkany үshin tutkyndalyp Sibirge zher audarylady Akpan tonkerisinen kejin Sibir elge kelip Alash kozgalysyna aralasady 1917 zhyly shildede Ojylda otken ekinshi Oral oblystyk kazak sezine Қaraoba bolysynan delegat bolyp katysady Sol sezde Oral uezdik zher baskarmasynyn mүshesi bolyp kabyldanady 1917 zhyly shildede otken birinshi zhalpykazak sezinde Alash partiyasy atynan Bүkil resejlik kuryltaj zhinalysyna deputattykka bolyp usynylady 1917 zhyly ekinshi zhalpykazak sezine Oral obylysynan delegat bolyp katynasady Sezde Alash avtonomiyasyn dereu zhariyalaudy zhaktap dauys berdi 1918 zhyly kantarda Қara tobede otken үshinshi Oral oblysy kazaktarynyn sezine katysady Sol zholy Akzhol ujymyna kiredi Sezden son Oral kalasyna kelip Oral oblysyndagy soldat zhumysshy sharua zhәne kazak deputattarynyn kuryltaj sezine katysady 1918 zhyly Aktobe majdanynda Zinovev baskargan kyzyl armiya zheniske zhetken son Oralga keledi Sol zhyly tamyzda zhergilikti kazak atkaru komitetteri men Alash partiyasy atynan Samaradagy kuryltaj zhinalysy komitetine mүshe bolyp kirgen 11 alash kajratkerinin biri bolgan Komuch pen Sibir atkaru komitetinin 1918 zhyly kyrkүjekte Ufada otken mәzhilisine katysady 1919 zhyly RK b P tarapynan otuge aryz beredi Sodan bastap kommunister katarynda bolady Sol zhyly zheltoksanda Oral oblysy Densaulyk saktau bolimi mengerushisinin orynbasary bolyp tagajyndalady 1920 zhyly Oral guberniyalyk revkomynyn kuramyna kiredi 1922 zhyly kajtys bolady Derekkozder Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet