Математикалық логика немесе символикалық логика — логикалық қорытындыларды қатаң символикалық тілдің негізіндегі логикалық есептеулер арқылы зерттейтін логиканың тармағы.
Термин ретінде алғаш 1880 жылы Дж.Венн қолданған. Аристотельдің өзі өзгергіштерді әріптермен белгілеген. Бүкіл математика үшін әмбебап тіл жасау, сөйтіп, матем. дәлелдерді, тіпті кез келген пайымдауларды формалдау идеясын 17 ғасырда Лейбниц ұсынды. Бірақ 19 ғасырдың ортасында аристотельдік силлогистика сол кездегі ғылым дамуының сұраныстарына жауап бере алмайтыны белгілі болды. Бір жағынан, абстрактілі алгебраның жетістіктері алгебр. әдістерді ғылымның басқа салаларына көшіруге мүмкіндік берді. Бұны А. де Морган (1806 — 71), Е.Шредер сияқты математиктер өз зерттеулерінде қолданды. Екіншіден, Г.Фреге (1848 — 1925) және Ч.С. Пирс (1839 — 1914) 1879 және 1885 жылы логика алгебрасы тіліне предикаттарды, өзгергіштерді және кванторларды енгізді. Лейбництің идеясын іске асыруға тырысқан Фреге бірінші болып предикаттарды есептеуді кіргізді. Сонымен қатар, Фреге предикаттарды есептеу үшін қазіргі күні де қолданылып отырған “дәлелдеу” ұғымының анықтамасын берді.
Қазіргі символикалық логиканың негізін италиялық математик (1858 — 1932) жасады. Оның 1894 — 1908 жылы шыққан әйгілі “Formulaіre de mathematіques” шығармасы математиканың бүтіндей дамуына бағытталған. Пеаноның логик. жазуын А.Н. Уайтхед пен Б.Рассел “Prіncіpіa Mathematіca” (1910 — 1913) деп аталатын 3 томдық кітабында, содан кейін Д.Гильберт қолданды. Сонымен теріске шығару, & — конъюкция, V — дизъюнкция, / — импликация, / — жалпылық кванторы, / — өмір сүру кванторы сияқты логик. белгілері бар бүкіл әлемде пайдаланылатын символикалық тіл қолданысқа енді. Мұндай жасанды тілдің пайда болуы 19 ғасыр ғылымының қажеттілігінен туындады. 20 ғасырдың басында символикалық логика дамуының негізгі ынталандырушысы математиканың негіздемелері мәселесі болды. К.Вайерштрасс, Р.Дедекинд және Г.Кантор бүкіл классикалық математиканың фундаменті ретінде бүтін сандар арифметикасын қарастыруға болатынын көрсетті. Дедекинд және Пеано арифметиканы аксиомаландырды, ал Фреге натурал санға барлық тең қуатты жиынтықтардың жиынтығы деп анықтама берді. Сөйтіп барлық математика жиынтықтар теориясына сайды. Бірақ 1902 жылы математика әлемін Рассел тапқан Фрегенің “Арифметика негіздері” (qrundqesetze der Arіthmetіk) кітабының 1-томындағы парадокстың қарапайымдығы мен тереңдігі таң қалдырды. Жиынтықтар теориясының осы және басқа да қисынсыздықтарына жауап ретінде математика негіздерінде 4 бағыт пайда болды: логицизм (бүкіл математиканы ешқандай арнайы ұғымдарды, мысалы, сан немесе жиынтық ұғымдарын пайдаланбай-ақ таза логикадан дедукциялауға болады), интуиционизм (жаңа логика қажет), жиынтықтың — теор. платонизм (жиынтықтарды құрастыруға шек қою) және формализм (Гильберттің бағдарламасы). Қазіргі символикалық логика қызметінің аумақты өрісін рекурсия теориясы құрайды. Ал мұнда шығарылу мәселесі бірінші қатарда тұрғаны белгілі. Ондағы зерттеулер дәлелдеуді автоматик. іздеудің компьютерлік бағдарламаларын және алгоритдер теориясын жасауға әкелді. Сонымен қатар, қазіргі символикалық логикада модельдер теориясы маңызды орын алады. Ол жасанды тіл сөйлемдерінің синтаксистік қасиеттері мен олардың модельдерінің семантикалық қасиеттері арасындағы іргелі байланысты, модельдер мен теорияларды, модельдердің өзгеруін зерттейді.
Қазіргі логиканың дамуы “символикалық логика” терминінің “математикалық логика” терминінен әлдеқайда кең екенін көрсетіп отыр. “Математикалық логика” ретінде математиктер қолданатын пайымдаулар типтерін зерттеу түсініледі. Символикалық логиканың ерекше қасиеті рефлексивті ғылым болуында. Ол өзінің тәсілдері мен логикалық құралдарын өзінің құрылымын түсіну және талдау үшін пайдаланады деген сөз. Ең алдымен, бұл Гедельдің (1930) таза логиканың, яғни предикаттар логикасының қайшылықсыздығы және толықтығы туралы қол жеткізген нәтижелері. Ол көптеген теориялардың негізінде жатыр. Бірақ бұл логиканың құралдары арқылы тек арифметиканы немесе оның бөлігін ғана кіргізетін кез келген теория толық болмайтыны, яғни онда не дәлелдеуге, не жоққа шығаруға болмайтын тұжырым бар екендігі дәлелденді. Бұндай теорияларды олардың қайшылықсыздығын дәлелдеу үшін толықтыруға болмайды. Бұл рефлексияның нәтижесінде математиканың өзінің статусы туралы сұрақ туады: ол терең жасырылған қайшылықтарға негізделе ала ма? Онымен қоймай, 20 ғасырдың cоңында таза логиканың рефлексиясы тығырыққа тіреліп, логиканың өз статусы туралы логика не деген сұрақты тудырды. Қазір классикплық емес логикалардың әр түрлі кластарының континуумдары белгілі болды. Барлық осы логикалардың иерархиясы туралы, өзара қатынастары және классификациясын жасау (оны жасау мүмкін емес) туралы мәселелер туындауда. Негізінде классик. логика жатқан қазіргі компьютерлер қандай құдіретті болса да, ешқашан компьютерді жасаған адамның логикасына жете алмайды. Бұл мәселелер 21 ғасыр мәселелері болып отыр. 1936 жылы символикалық логиканың Халықаралық Ассоциациясы құрылды. Сол жылдан бастап логика бойынша ең әйгілі журнал “The Journal of Symbolіk Loqіs” шыға бастады.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Matematikalyk logika nemese simvolikalyk logika logikalyk korytyndylardy katan simvolikalyk tildin negizindegi logikalyk esepteuler arkyly zerttejtin logikanyn tarmagy Termin retinde algash 1880 zhyly Dzh Venn koldangan Aristoteldin ozi ozgergishterdi әriptermen belgilegen Bүkil matematika үshin әmbebap til zhasau sojtip matem dәlelderdi tipti kez kelgen pajymdaulardy formaldau ideyasyn 17 gasyrda Lejbnic usyndy Birak 19 gasyrdyn ortasynda aristoteldik sillogistika sol kezdegi gylym damuynyn suranystaryna zhauap bere almajtyny belgili boldy Bir zhagynan abstraktili algebranyn zhetistikteri algebr әdisterdi gylymnyn baska salalaryna koshiruge mүmkindik berdi Buny A de Morgan 1806 71 E Shreder siyakty matematikter oz zertteulerinde koldandy Ekinshiden G Frege 1848 1925 zhәne Ch S Pirs 1839 1914 1879 zhәne 1885 zhyly logika algebrasy tiline predikattardy ozgergishterdi zhәne kvantorlardy engizdi Lejbnictin ideyasyn iske asyruga tyryskan Frege birinshi bolyp predikattardy esepteudi kirgizdi Sonymen katar Frege predikattardy esepteu үshin kazirgi kүni de koldanylyp otyrgan dәleldeu ugymynyn anyktamasyn berdi Қazirgi simvolikalyk logikanyn negizin italiyalyk matematik 1858 1932 zhasady Onyn 1894 1908 zhyly shykkan әjgili Formulaire de mathematiques shygarmasy matematikanyn bүtindej damuyna bagyttalgan Peanonyn logik zhazuyn A N Uajthed pen B Rassel Principia Mathematica 1910 1913 dep atalatyn 3 tomdyk kitabynda sodan kejin D Gilbert koldandy Sonymen teriske shygaru amp konyukciya V dizyunkciya implikaciya zhalpylyk kvantory omir sүru kvantory siyakty logik belgileri bar bүkil әlemde pajdalanylatyn simvolikalyk til koldanyska endi Mundaj zhasandy tildin pajda boluy 19 gasyr gylymynyn kazhettiliginen tuyndady 20 gasyrdyn basynda simvolikalyk logika damuynyn negizgi yntalandyrushysy matematikanyn negizdemeleri mәselesi boldy K Vajershtrass R Dedekind zhәne G Kantor bүkil klassikalyk matematikanyn fundamenti retinde bүtin sandar arifmetikasyn karastyruga bolatynyn korsetti Dedekind zhәne Peano arifmetikany aksiomalandyrdy al Frege natural sanga barlyk ten kuatty zhiyntyktardyn zhiyntygy dep anyktama berdi Sojtip barlyk matematika zhiyntyktar teoriyasyna sajdy Birak 1902 zhyly matematika әlemin Rassel tapkan Fregenin Arifmetika negizderi qrundqesetze der Arithmetik kitabynyn 1 tomyndagy paradokstyn karapajymdygy men terendigi tan kaldyrdy Zhiyntyktar teoriyasynyn osy zhәne baska da kisynsyzdyktaryna zhauap retinde matematika negizderinde 4 bagyt pajda boldy logicizm bүkil matematikany eshkandaj arnajy ugymdardy mysaly san nemese zhiyntyk ugymdaryn pajdalanbaj ak taza logikadan dedukciyalauga bolady intuicionizm zhana logika kazhet zhiyntyktyn teor platonizm zhiyntyktardy kurastyruga shek koyu zhәne formalizm Gilberttin bagdarlamasy Қazirgi simvolikalyk logika kyzmetinin aumakty orisin rekursiya teoriyasy kurajdy Al munda shygarylu mәselesi birinshi katarda turgany belgili Ondagy zertteuler dәleldeudi avtomatik izdeudin kompyuterlik bagdarlamalaryn zhәne algoritder teoriyasyn zhasauga әkeldi Sonymen katar kazirgi simvolikalyk logikada modelder teoriyasy manyzdy oryn alady Ol zhasandy til sojlemderinin sintaksistik kasietteri men olardyn modelderinin semantikalyk kasietteri arasyndagy irgeli bajlanysty modelder men teoriyalardy modelderdin ozgeruin zerttejdi Қazirgi logikanyn damuy simvolikalyk logika termininin matematikalyk logika termininen әldekajda ken ekenin korsetip otyr Matematikalyk logika retinde matematikter koldanatyn pajymdaular tipterin zertteu tүsiniledi Simvolikalyk logikanyn erekshe kasieti refleksivti gylym boluynda Ol ozinin tәsilderi men logikalyk kuraldaryn ozinin kurylymyn tүsinu zhәne taldau үshin pajdalanady degen soz En aldymen bul Gedeldin 1930 taza logikanyn yagni predikattar logikasynyn kajshylyksyzdygy zhәne tolyktygy turaly kol zhetkizgen nәtizheleri Ol koptegen teoriyalardyn negizinde zhatyr Birak bul logikanyn kuraldary arkyly tek arifmetikany nemese onyn boligin gana kirgizetin kez kelgen teoriya tolyk bolmajtyny yagni onda ne dәleldeuge ne zhokka shygaruga bolmajtyn tuzhyrym bar ekendigi dәleldendi Bundaj teoriyalardy olardyn kajshylyksyzdygyn dәleldeu үshin tolyktyruga bolmajdy Bul refleksiyanyn nәtizhesinde matematikanyn ozinin statusy turaly surak tuady ol teren zhasyrylgan kajshylyktarga negizdele ala ma Onymen kojmaj 20 gasyrdyn conynda taza logikanyn refleksiyasy tygyrykka tirelip logikanyn oz statusy turaly logika ne degen surakty tudyrdy Қazir klassikplyk emes logikalardyn әr tүrli klastarynyn kontinuumdary belgili boldy Barlyk osy logikalardyn ierarhiyasy turaly ozara katynastary zhәne klassifikaciyasyn zhasau ony zhasau mүmkin emes turaly mәseleler tuyndauda Negizinde klassik logika zhatkan kazirgi kompyuterler kandaj kudiretti bolsa da eshkashan kompyuterdi zhasagan adamnyn logikasyna zhete almajdy Bul mәseleler 21 gasyr mәseleleri bolyp otyr 1936 zhyly simvolikalyk logikanyn Halykaralyk Associaciyasy kuryldy Sol zhyldan bastap logika bojynsha en әjgili zhurnal The Journal of Symbolik Loqis shyga bastady DerekkozderBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet