Композиция(лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма): көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ой түйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндегі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциптердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта өрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияның түрлері:
- Сюжеттің басталуы (оқиғаның басталуы).
- Шығарма ішіндегі оқиғалар байланысы.
- Оқиғаның шарықтау шегі.
- Оқиғаның аяқталуы (шешімі).
- композитордың немесе суретшінің шығармашылық еңбегінен туған шығарма (музыка, кескіндеме, мүсін немесе графика);
- өнер түрлері жинақталған күрделі көркем туынды (мысалы, әдеби-муз. К.);
- музыка шығару теориясының атауы. Композиция муз. оқу орындарында (колледж, консерваторияларда) арнаулы пән ретінде оқытылады. Композицияны оқыту гармония, полифония, муз. шығармаларды талдау, аспаптау сияқты муз.-теориялық пәндерді қоса үйретумен тығыз байланысты.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kompoziciya lat sompositio kurastyru shygarma korkemoner tuyndysynyn kurylymy onyn zhanry men mazmunyna oraj kuramdas bolikterinin tutastygy Kompoziciya kuramdas bolikteri birlikte ushtastyrylgan bir birine zhәne zhalpy mүddege bagyndyrylgan maksatty korkem kurylym Plastik onerle kompoziciya korkem pishin forma tүziliminin zheke sәtterin biriktirip turady Kompoziciya әdisteri onerdin ozindik erekshelikterine shygarmanyn ideyasyna avtorlyk oj tүjsigine sәjkes tuyndajdy Kompoziciya shygarmanyn ishki kurylymymen birge onyn syrtky orta men korermender arasyndagy katynasyn belgilejdi Korkem shygarm procesi men omirdi estettanu turgysynda kalyptaskan kompoziciya zandary onerdin zhalpylama zandylyktarynyn nakty omir kubylystaryndagy ozara bajlanystylyktardyn belgili molsherindegi bejnesi әri zhiyntygy bolyp tabylady Sәulet onerinde kompoziciya ideyalyk korkemdik principterdin birligine kurylystar men gimaratardyn funkciyalyk maksatyna zhobalyk erekshelikterine olardyn kala kurylysyndagy mәn manyzyna oraj kurylady Kompoziciya kalanyn zhalpy kelbeti men kurylymyn arhit үndestigin zhobadagy kolemdik kenistik tүzilimin ajkyndajdy Bejneleu onerindegi kompoziciya shygarmanyn ideyalyk zhәne syuzhettik takyryptyk negizin naktylandyru barysynda zattar men figuralardy kenistikke ornalastyru tәrtibin shygarma kolemin tiyanaktau әri zharyk pen kolenke үnasymyn kadagalau arkyly korinedi Kompoziciya tekteri ornykty ajnymaly ashyk zhәne zhabyk bolyp bolinedi Kompoziciyanyn ornykty zhәne zhabyk tekteri Қajta orleu dәuirindegi onerde basymyrak koldanyldy al ajnymaly zhәne ashyk tekteri barokko stilinen ajkyn korinis tapty Kompoziciyanyn tүrleri Syuzhettin bastaluy okiganyn bastaluy Shygarma ishindegi okigalar bajlanysy Okiganyn sharyktau shegi Okiganyn ayaktaluy sheshimi kompozitordyn nemese suretshinin shygarmashylyk enbeginen tugan shygarma muzyka keskindeme mүsin nemese grafika oner tүrleri zhinaktalgan kүrdeli korkem tuyndy mysaly әdebi muz K muzyka shygaru teoriyasynyn atauy Kompoziciya muz oku oryndarynda kolledzh konservatoriyalarda arnauly pәn retinde okytylady Kompoziciyany okytu garmoniya polifoniya muz shygarmalardy taldau aspaptau siyakty muz teoriyalyk pәnderdi kosa үjretumen tygyz bajlanysty DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz