Коловратка(Rotatorіa) – жұмыр құрттар типінің бір класы. Жер шарында кең тараған. Көбінесе тұщы суларда тіршілік етеді. 1500-дей түрлері белгілі. Қазақстандағы барлық тұщы суларда кездесетін 220-дай түрі белгілі. Коловратка өте ұсақ (0,04 – 2 мм) көп клеткалы жануарлар. Олардың денесінің бас жағында орналасқан, күрделі кірпікшелер жинағынан құралған, ерекше айналмалы аппараты болады. Егер Коловратка суда қалқып жүрсе, айналмалы аппараты бұранда сияқты бұралып жүзу мүшелерінің міндетін атқарады, ал қозғалмай бір орында тұрса, жәндіктің суда қозғалуын және суда толқын туғызып ұсақ жәндіктерді аузына әкелуіне қызмет етеді. Дене пішіні, көбінесе, созылыңқы, көлденең қимасы не дөңгелек, не жалпақ пішінді. Әдетте, Коловратканың денесі үш бөлікке бөлінеді: кірпікшелі бас, кеуде (онда барлық ішкі органдары орналасқан) және аяқ (дененің бұлшық етті өсіндісі). Аяғы болмауы да мүмкін. Коловратканың аяғы буынды қабықшамен қапталған жылжымалы екі бармақтан тұрады. Бармақтарында жабысқақ заттар шығаратын бездері болады. Соның көмегімен Коловраткалар уақытша, кейде тұрақты бекініп тұрады. Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бұлшық ет қапшығы болмайды. Тері жамылғысы – қалың эпителий, оның үстін сауыт жауып тұрады. Тері-бұлшық еттері тұтас қабат жасамай, денеде топтасып орналасады да оның қозғалуын қамтамасыз етеді. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың () ішінде орналасқан. Ас қорыту жүйесі айналмалы аппаратының ортасында кірпікшелер арасында орналасқан ауыз тесігінен басталып жұтқыншаққа және кеңейген бұлшық етті жұтқыншақтың шайнағыш (mastax) деп аталатын бөліміне жалғасады. Мастакстың ішкі бетін хитин жапқан және осыдан қатты хитинді пластинкалар – балғашық пен төс түзіледі. Жұтқыншақтан тар өңеш, одан соң көлемдірек келген қарын орналасады. Оған жұп ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Қарынның ішіндегі қорытылмаған заттар денеге тарап, қалдықтары артқы ішекке өтеді. Оның артқы ұшы кеңейіп клоакаға айналады. Кейбір түрлерінде артқы ішегі мен тесігі болмайды (, ), қорытылмаған қалдықтар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Зәр шығару жүйесі протонефридияльды. Ұштарында кірпікшелер шоғыры бар, дененің бүйірі арқылы өтетін екі негізгі каналдардың артқы ұшы қуыққа айналып, ол клоакаға ашылады. Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды. Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті ганглийдан және одан жан-жағына тараған жүйке талшықтарынан тұрады. Соның ішінде екі бүйір жүйке талшығы ғана дененің аяқ бөліміне дейін жетеді. Сезім мүшелеріне қарапайым көздері және қармалауыштары жатады. Көздерінде қызыл не қара пигмент дақтар болады. Коловраткадың көбісінде бас бөлімінің екі жағында бір-бірден көзі болады. Коловраткалар – дара жыныстылар, сондай-ақ жынысты байқалады. Аналықтары ірі, аталықтары өте ұсақ болады. Даму циклінде ұрпақтық алмасу немесе гетерогония байқалады, яғни партеногенезді және қос жынысты ұрпақтары алмасып отырады. Қыстап шыққан жұмыртқадан көктемде партеногенезді аналықтары шығып амиктикалық ( диплоидты) жұмыртқа салады. Бұл жұмыртқалар тек партеногенезді әдіспен ғана өсіп жетіледі және одан тек аналықтары дамиды. Күзге қарай жыныстық жолмен көбею кезеңі басталады, яғни амиктикалық жұмыртқадан шыққан аналығы бұрынғыдан 2 – 3 есе кіші миктикалық (хромосомдары гаплоидты) жұмыртқалар салады. Олардан өте майда аталықтары дамиды да аналықтарымен шағылысқаннан кейін өліп қалады. Ұрықтанған аналықтары енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салып, өздері де тіршілігін жояды. Бұл жұмыртқалар ірі, қабықтары қатты болады, қыстап шыққаннан кейін партеногенезді аналықтардың бірінші ұрпағын береді. Осылайша даму циклі қайтадан басталады. Дамуы – метаморфозсыз, яғни мүшелер құрамындағы клеткалар саны тұрақты. Коловратка балдырлармен, бактериялармен және (өлексемен) қоректенеді, арасында жыртқыштары да бар. Коловраткалар планктонды тіршілік етуіне байланысты суды тазартып отырады және басқа организмдерге, әсіресе, балықтарға қорек ретінде маңызы зор.
Rotifera Қазбалық ауқымы: Eocene–Recent |
---|
|
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kolovratka Rotatoria zhumyr kurttar tipinin bir klasy Zher sharynda ken taragan Kobinese tushy sularda tirshilik etedi 1500 dej tүrleri belgili Қazakstandagy barlyk tushy sularda kezdesetin 220 daj tүri belgili Kolovratka ote usak 0 04 2 mm kop kletkaly zhanuarlar Olardyn denesinin bas zhagynda ornalaskan kүrdeli kirpiksheler zhinagynan kuralgan erekshe ajnalmaly apparaty bolady Eger Kolovratka suda kalkyp zhүrse ajnalmaly apparaty buranda siyakty buralyp zhүzu mүshelerinin mindetin atkarady al kozgalmaj bir orynda tursa zhәndiktin suda kozgaluyn zhәne suda tolkyn tugyzyp usak zhәndikterdi auzyna әkeluine kyzmet etedi Dene pishini kobinese sozylynky koldenen kimasy ne dongelek ne zhalpak pishindi Әdette Kolovratkanyn denesi үsh bolikke bolinedi kirpiksheli bas keude onda barlyk ishki organdary ornalaskan zhәne ayak denenin bulshyk etti osindisi Ayagy bolmauy da mүmkin Kolovratkanyn ayagy buyndy kabykshamen kaptalgan zhylzhymaly eki barmaktan turady Barmaktarynda zhabyskak zattar shygaratyn bezderi bolady Sonyn komegimen Kolovratkalar uakytsha kejde turakty bekinip turady Kolovratkalarda nagyz kutikula zhәne teri bulshyk et kapshygy bolmajdy Teri zhamylgysy kalyn epitelij onyn үstin sauyt zhauyp turady Teri bulshyk etteri tutas kabat zhasamaj denede toptasyp ornalasady da onyn kozgaluyn kamtamasyz etedi Ishki mүsheleri algashky kuystyn ishinde ornalaskan As korytu zhүjesi ajnalmaly apparatynyn ortasynda kirpiksheler arasynda ornalaskan auyz tesiginen bastalyp zhutkynshakka zhәne kenejgen bulshyk etti zhutkynshaktyn shajnagysh mastax dep atalatyn bolimine zhalgasady Mastakstyn ishki betin hitin zhapkan zhәne osydan katty hitindi plastinkalar balgashyk pen tos tүziledi Zhutkynshaktan tar onesh odan son kolemdirek kelgen karyn ornalasady Ogan zhup as korytu bezderinin ozekteri ashylady Қarynnyn ishindegi korytylmagan zattar denege tarap kaldyktary artky ishekke otedi Onyn artky ushy kenejip kloakaga ajnalady Kejbir tүrlerinde artky ishegi men tesigi bolmajdy korytylmagan kaldyktar auyz tesigi arkyly syrtka shygarylady Zәr shygaru zhүjesi protonefridiyaldy Ұshtarynda kirpiksheler shogyry bar denenin bүjiri arkyly otetin eki negizgi kanaldardyn artky ushy kuykka ajnalyp ol kloakaga ashylady Tynys alu zhәne kan ajnalu zhүjesi bolmajdy Zhүjke zhүjesi zhutkynshak үsti ganglijdan zhәne odan zhan zhagyna taragan zhүjke talshyktarynan turady Sonyn ishinde eki bүjir zhүjke talshygy gana denenin ayak bolimine dejin zhetedi Sezim mүshelerine karapajym kozderi zhәne karmalauyshtary zhatady Kozderinde kyzyl ne kara pigment daktar bolady Kolovratkadyn kobisinde bas boliminin eki zhagynda bir birden kozi bolady Kolovratkalar dara zhynystylar sondaj ak zhynysty bajkalady Analyktary iri atalyktary ote usak bolady Damu ciklinde urpaktyk almasu nemese geterogoniya bajkalady yagni partenogenezdi zhәne kos zhynysty urpaktary almasyp otyrady Қystap shykkan zhumyrtkadan koktemde partenogenezdi analyktary shygyp amiktikalyk diploidty zhumyrtka salady Bul zhumyrtkalar tek partenogenezdi әdispen gana osip zhetiledi zhәne odan tek analyktary damidy Kүzge karaj zhynystyk zholmen kobeyu kezeni bastalady yagni amiktikalyk zhumyrtkadan shykkan analygy buryngydan 2 3 ese kishi miktikalyk hromosomdary gaploidty zhumyrtkalar salady Olardan ote majda atalyktary damidy da analyktarymen shagylyskannan kejin olip kalady Ұryktangan analyktary endi tynyshtyk kүjdegi zhumyrtkalardy salyp ozderi de tirshiligin zhoyady Bul zhumyrtkalar iri kabyktary katty bolady kystap shykkannan kejin partenogenezdi analyktardyn birinshi urpagyn beredi Osylajsha damu cikli kajtadan bastalady Damuy metamorfozsyz yagni mүsheler kuramyndagy kletkalar sany turakty Kolovratka baldyrlarmen bakteriyalarmen zhәne oleksemen korektenedi arasynda zhyrtkyshtary da bar Kolovratkalar planktondy tirshilik etuine bajlanysty sudy tazartyp otyrady zhәne baska organizmderge әsirese balyktarga korek retinde manyzy zor Rotifera Қazbalyk aukymy Eocene Recent PreK K O S D Kr P T Yu B Pg NDerekkozderҚazak EnciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet