Зенон, (б.з.б. 490 – 430 ж.ш., Оңт. Италия, Элея қ.) – ежелгі грек философы. Зенон дүниенің біртұтастығы туралы Парменид (б.з.б. 540 ж.ш.) ілімін дамытып, сезімдік болмысты түсініп болмайды деп дәлелдейді. Аристотель Зеноны диалектиканың негізін салушы деп атаған, себебі ол қайшылықтарды ашумен көп шұғылданып, қарама-қарсы пікірлер мен қайшылықтар туралы айтыс көмегімен немесе оларды талдап түсіндіру арқылы ақиқатқа жете аламыз деп ойлаған. Ол ғылым тарихында өзінің әйгілі парадокстерімен (апорилері) белгілі. Зенонның парадокстерінің негізгі мәні мынада: үздіктілік, алуан түрлілік, қозғалыс сезім мүшелері қабылдайтын әлемнің көрінісі ғана, бұл көрініс айқын ақиқат емес, дүниенің шын мәнін тек ойлау арқылы түсініп білу. Зенон өзінің диалектикасында “дұрыс ой қайшылықсыз болуға тиіс” деген қағидаға сүйенеді. Үздіктілік, әр түрлілік, қозғалыс ұғымдары қайшылыққа соқтырса, онда бұл ұғымдардың негізі қате, сондықтан бұларға қарама-қарсы үздіксіздік, біртұтастық, тыныштық сияқты ұғымдардың ақиқат болғаны деп тұжырымдайды. Зенонның апорилері ежелгі дәуір философиясының дамуында маңызды кезең болды. Сонымен бірге бұл парадокстер жаңа заман философиясының, әсіресе, математиканың дамуына, оны филос. тұрғыдан негіздеуге елеулі ықпал етті.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zenon b z b 490 430 zh sh Ont Italiya Eleya k ezhelgi grek filosofy Zenon dүnienin birtutastygy turaly Parmenid b z b 540 zh sh ilimin damytyp sezimdik bolmysty tүsinip bolmajdy dep dәleldejdi Aristotel Zenony dialektikanyn negizin salushy dep atagan sebebi ol kajshylyktardy ashumen kop shugyldanyp karama karsy pikirler men kajshylyktar turaly ajtys komegimen nemese olardy taldap tүsindiru arkyly akikatka zhete alamyz dep ojlagan Ol gylym tarihynda ozinin әjgili paradoksterimen aporileri belgili Zenonnyn paradoksterinin negizgi mәni mynada үzdiktilik aluan tүrlilik kozgalys sezim mүsheleri kabyldajtyn әlemnin korinisi gana bul korinis ajkyn akikat emes dүnienin shyn mәnin tek ojlau arkyly tүsinip bilu Zenon ozinin dialektikasynda durys oj kajshylyksyz boluga tiis degen kagidaga sүjenedi Үzdiktilik әr tүrlilik kozgalys ugymdary kajshylykka soktyrsa onda bul ugymdardyn negizi kate sondyktan bularga karama karsy үzdiksizdik birtutastyk tynyshtyk siyakty ugymdardyn akikat bolgany dep tuzhyrymdajdy Zenonnyn aporileri ezhelgi dәuir filosofiyasynyn damuynda manyzdy kezen boldy Sonymen birge bul paradokster zhana zaman filosofiyasynyn әsirese matematikanyn damuyna ony filos turgydan negizdeuge eleuli ykpal etti Tolyk makalasy Zenon paradoksteriDerekkozder Қazak Enciklopediyasy 4 tom 3 bolim