Жесір дауы– дәстүрлі қазақ қоғамындағы құда түсіп, қалың малы төленген қалыңдықтың, не күйеуі өлген жесір әйелдің әмеңгерлік жолмен баратын жеріне разы болмай, түрлі себеппен басқа жаққа күйеуге тиіп кетуі салдарынан туатын дау. Қазақ халқының әдет құқығында құда болу, қыз беріп, қыз алысу, қалыңмал төлеу, әмеңгерлік, мұрагерлік, ажырасу, т.б. институттарға ерекше мән беріп, шаңырақ шайқалмауына, босаға босамауына баса назар аударылған. Жесір дауының түп-төркіні осы “айттыру”, “қалыңмал”, “әмеңгерлік”, “қыз алып қашу” тәрізді салттардан туындайды. Құдалық — қыз бен жігіттің қосылуы ғана емес, екі отбасының, екі рудың өзара туыстасып, жақындасуы деген ұғымды білдіреді. Құда болудың алғашқы белгісі ретінде жігіт жағы қызға үкі мен сырға тағады. Мұнан соң екі жақтың бірі бұзған жағдайда ат-тон айып төлеп, әлі бәтуаласпағандықтан, жеңіл түрде құтылады. Нағыз заңды құдалық екі жақ “құйрық бауыр жесіп” өзара бәтуаға келгеннен кейін барып басталады. Жесір дауын қарау осы бәтуаны анықтағаннан соң ғана жүргізіледі. Онсыз құдалық заңды болып саналмай, дау қаралмаған. Құда болып “құйрық бауыр жескеннен” кейін күйеу мен қалыңдықтың бірі өлген жағдайда да құдалық бұзылмау жағы қарастырылып, “әмеңгерлік” салтымен әрі қарай жалғастыру көзделінді. Қазақ әдет-ғұрып қағидаларындағы келінді сол рудың не жақын ағайынның біріне әмеңгерлік, я мұрагерлік жолмен қалдыруды жақтайтын салтында баланы жетім, әйелді жесір қалдырмау мақсаты да жатыр. Қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары бойынша, жесір ерінің артын бір жыл күткен соң әмеңгер таңдауы тиіс. Егер де әмеңгерлік қағидасы бойынша тұрмысқа шығудан бас тартып, басқа руға тұрмысқа шыққан жағдайда, екі рудың арасында жесір дауы пайда болады. Дау, негізінен, бұрын төленген қалыңмал төңірегінде өрбиді. Қандай жағдайда қанша қалыңмал қайтарылуы тиіс деген мәселе жүйелі заң нормаларымен белгіленген. Мысалы, әмеңгерлік заңы оң жақта отырған жесірге де (атастырылған күйеуі өлген ата-ананың үйіндегі қыз) тиісті болғандықтан бұрын күйеуі ұрын келген болса, онда қалыңмалдың жартысы қайтарылады, келмеген болса және қыздың әмеңгерлікпен тұрмысқа шыққысы келмесе, онда берілген қалыңмал түгел қайтарылып, үстіне айып төленеді. Сондай-ақ, жігіттің атастырылған қызы өлсе, әмеңгерлік жолмен балдызын әйелдікке алуына болады, бірақ одан бас тартатын болса, онда қыз әкесі алған қалыңмалдың үштен бірін алып қалуға құқығы бар деп саналады. Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша, қыз алып қашу — ауыр қылмыстардың бірі. Егер айттырылмаған қызды алып қашып, бірақ қыздың келісімі болмаса, алып қашушы қыз әкесіне толық қалыңмал төлейді және қызды үйіне қайтарады. Айттырылған, басы бос емес қызды алып қашушы қыздың ата-анасына беретін қалыңмалға қоса, бұрын айттырған жақтың қалыңмалын қайтарып, оған қоса қалыңсыз қыз беруге тиіс. Соның ішінде некесі қиылған біреудің келіншегін зорлап алып кету өте ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылып, алып қашушы қалыңмалды қайтарып, қалыңсыз қызды қоса береді және үстіне үлкен айып төлейді, кейде өлім жазасына дейін кесіледі. Бұл айтылған қағидаларға дауласушы жақтардың өзара келісіміне орай, түрлі өзгерістер енгізіледі. Жесір дауының ұзақ уақытқа созылуы салдарынан рулар арасында түрлі қақтығыстар пайда болып, соңы ірі жанжалдарға ұласуы мүмкін. Сол себептен дәстүрлі қазақ қоғамында Жесір дауын ушықтырмай, дауласушы екі жақты да қанағаттандыратын шешімге уақыт создырмай қол жеткізуге тырысқан.
Дереккөздер:
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhesir dauy dәstүrli kazak kogamyndagy kuda tүsip kalyn maly tolengen kalyndyktyn ne kүjeui olgen zhesir әjeldin әmengerlik zholmen baratyn zherine razy bolmaj tүrli sebeppen baska zhakka kүjeuge tiip ketui saldarynan tuatyn dau Қazak halkynyn әdet kukygynda kuda bolu kyz berip kyz alysu kalynmal toleu әmengerlik muragerlik azhyrasu t b instituttarga erekshe mәn berip shanyrak shajkalmauyna bosaga bosamauyna basa nazar audarylgan Zhesir dauynyn tүp torkini osy ajttyru kalynmal әmengerlik kyz alyp kashu tәrizdi salttardan tuyndajdy Қudalyk kyz ben zhigittin kosyluy gana emes eki otbasynyn eki rudyn ozara tuystasyp zhakyndasuy degen ugymdy bildiredi Қuda boludyn algashky belgisi retinde zhigit zhagy kyzga үki men syrga tagady Munan son eki zhaktyn biri buzgan zhagdajda at ton ajyp tolep әli bәtualaspagandyktan zhenil tүrde kutylady Nagyz zandy kudalyk eki zhak kujryk bauyr zhesip ozara bәtuaga kelgennen kejin baryp bastalady Zhesir dauyn karau osy bәtuany anyktagannan son gana zhүrgiziledi Onsyz kudalyk zandy bolyp sanalmaj dau karalmagan Қuda bolyp kujryk bauyr zheskennen kejin kүjeu men kalyndyktyn biri olgen zhagdajda da kudalyk buzylmau zhagy karastyrylyp әmengerlik saltymen әri karaj zhalgastyru kozdelindi Қazak әdet guryp kagidalaryndagy kelindi sol rudyn ne zhakyn agajynnyn birine әmengerlik ya muragerlik zholmen kaldyrudy zhaktajtyn saltynda balany zhetim әjeldi zhesir kaldyrmau maksaty da zhatyr Қalyptaskan әdet guryp zandary bojynsha zhesir erinin artyn bir zhyl kүtken son әmenger tandauy tiis Eger de әmengerlik kagidasy bojynsha turmyska shygudan bas tartyp baska ruga turmyska shykkan zhagdajda eki rudyn arasynda zhesir dauy pajda bolady Dau negizinen buryn tolengen kalynmal tonireginde orbidi Қandaj zhagdajda kansha kalynmal kajtaryluy tiis degen mәsele zhүjeli zan normalarymen belgilengen Mysaly әmengerlik zany on zhakta otyrgan zhesirge de atastyrylgan kүjeui olgen ata ananyn үjindegi kyz tiisti bolgandyktan buryn kүjeui uryn kelgen bolsa onda kalynmaldyn zhartysy kajtarylady kelmegen bolsa zhәne kyzdyn әmengerlikpen turmyska shykkysy kelmese onda berilgen kalynmal tүgel kajtarylyp үstine ajyp tolenedi Sondaj ak zhigittin atastyrylgan kyzy olse әmengerlik zholmen baldyzyn әjeldikke aluyna bolady birak odan bas tartatyn bolsa onda kyz әkesi algan kalynmaldyn үshten birin alyp kaluga kukygy bar dep sanalady Қazak әdet guryp zandary bojynsha kyz alyp kashu auyr kylmystardyn biri Eger ajttyrylmagan kyzdy alyp kashyp birak kyzdyn kelisimi bolmasa alyp kashushy kyz әkesine tolyk kalynmal tolejdi zhәne kyzdy үjine kajtarady Ajttyrylgan basy bos emes kyzdy alyp kashushy kyzdyn ata anasyna beretin kalynmalga kosa buryn ajttyrgan zhaktyn kalynmalyn kajtaryp ogan kosa kalynsyz kyz beruge tiis Sonyn ishinde nekesi kiylgan bireudin kelinshegin zorlap alyp ketu ote auyr kylmystardyn kataryna zhatkyzylyp alyp kashushy kalynmaldy kajtaryp kalynsyz kyzdy kosa beredi zhәne үstine үlken ajyp tolejdi kejde olim zhazasyna dejin kesiledi Bul ajtylgan kagidalarga daulasushy zhaktardyn ozara kelisimine oraj tүrli ozgerister engiziledi Zhesir dauynyn uzak uakytka sozyluy saldarynan rular arasynda tүrli kaktygystar pajda bolyp sony iri zhanzhaldarga ulasuy mүmkin Sol sebepten dәstүrli kazak kogamynda Zhesir dauyn ushyktyrmaj daulasushy eki zhakty da kanagattandyratyn sheshimge uakyt sozdyrmaj kol zhetkizuge tyryskan Derekkozder Қazak ulttyk enciklopediyasyBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet