Желқобыз – жарғақ теріден жасалатын үрлемелі аспап. Желқобызды тұтастай ірілген қозы немесе ешкі терісінен жасайды. Желқобыз аталу себебі ел ішіндегі көнекөз қариялардың айтуынша, буаз сиыр желінінің тырсылдап, емшектерінің жан-жаққа тырсия жайылуына ұқсас болғандығына байланысты болса керек.
Жасалу барысы
Аспаптың жасалу әдіс-тәсілі күрделі. Ен далада мал бағатындар оны қозы, ешкі терісінен жасаса, теңіз жағасында тұратындар итбалық (тюлень) асқазанынан жасайды.
Желқобызды жасау үшін теріні бітеу сойып, малмаға салып, жұмсарта илеп, керіп-созып кептіреді. Онан соң бөксе жағын арасына сыздық сала тігіп, қос қапталын металл құрсаумен қыса шегелеп, мойын қуысына ағаш тығынмен бекітіледі. Местің сырты рауғаш немесе қынамен боялады. Алдыңғы пұшпағының біріне қамыс түтік, екіншісіне сыбызғы қондырылады. Алдыңғы бір пұшпаққа бекітілген қамыс түтікті бір буынынан алып, бунағына тақалған жерден еппен ойып тіл шығарады. Одан әрі жағалата бірнеше ойықшалар ойылады. Желқобызды үрлеп ойнау барысында сыбызғыша дыбыс шығарады. Местің мойын қуысына сырнай бекітуге де болады, мұндайда ол негізгі сыбызғының үніне сай құбылып үздіксіз сарнап тұратын болады. Желқобызға мойынға асуға болатындай қайыс бау тағады. Орындаушы желқобызды қолтыққа қысып, түтіксырнайдың ойықтарын басып әуендетеді. Аспаптың жалпы ұзындығы 65-70 см, ені 30-35 см болып келеді.
Ел арасында ол "желбуаз", "қуық кеп", "месқобыз", "желсаз" деп түрліше аталады. Аспаптың жасалу және ойналу әдіс-тәсілі күрделі болғандықтан да ел арасында сирек кездеседі. Аспап қазір "Отырар сазы" оркестрінде қолданылып жүр.
Желқобыздың қалпына келтірілген қарапайым нұсқасы 1983 жылы Халық саз аспаптары мұражайының сөресіне қойылған. Қалпына келтірген шебер – А. Хасенов.
Поляктарда осыған ұқсас теріден жасалатын үрлемелі аспап козел (ешкісаз) аталады. Оның себебі, аспаптың ағаштан орнатылатын басы ешкі басты етіп жонылады немесе басы бөлек алынбаған ешкі терісінен тұтас етіп жасалады. Сонымен қатар желқобызға ұқсас саз аспаптарының үлгілері болгар, эстон, орыс халықтарында (волынка), беларусь, украин халықтарында да (дуду) бар.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “Слон”, 2012. – (иллюстрацияланған) ISBN 978-601-7026-17-22-том: Е – И – 736 бет.ISBN 978-601-7026-20-2
Әдебиеттер
- Жәкішева З.С. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. Алматы: Алматыкітап, 2009;
- Мұқатайұлы Н. Қазақтың музыка аспаптары. Үрімжі: ШҒТБ., 2009;
- ҚР ҰМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhelkobyz zhargak teriden zhasalatyn үrlemeli aspap Zhelkobyzdy tutastaj irilgen kozy nemese eshki terisinen zhasajdy Zhelkobyz atalu sebebi el ishindegi konekoz kariyalardyn ajtuynsha buaz siyr zhelininin tyrsyldap emshekterinin zhan zhakka tyrsiya zhajyluyna uksas bolgandygyna bajlanysty bolsa kerek Zhelbuaz Zhәkisheva Z S Қazaktyn dәstүrli muzykalyk aspaptary Almaty Almatykitap 2009 atty enbekten Zhasalu barysyAspaptyn zhasalu әdis tәsili kүrdeli En dalada mal bagatyndar ony kozy eshki terisinen zhasasa teniz zhagasynda turatyndar itbalyk tyulen askazanynan zhasajdy Zhelkobyzdy zhasau үshin terini biteu sojyp malmaga salyp zhumsarta ilep kerip sozyp keptiredi Onan son bokse zhagyn arasyna syzdyk sala tigip kos kaptalyn metall kursaumen kysa shegelep mojyn kuysyna agash tygynmen bekitiledi Mestin syrty raugash nemese kynamen boyalady Aldyngy pushpagynyn birine kamys tүtik ekinshisine sybyzgy kondyrylady Aldyngy bir pushpakka bekitilgen kamys tүtikti bir buynynan alyp bunagyna takalgan zherden eppen ojyp til shygarady Odan әri zhagalata birneshe ojykshalar ojylady Zhelkobyzdy үrlep ojnau barysynda sybyzgysha dybys shygarady Mestin mojyn kuysyna syrnaj bekituge de bolady mundajda ol negizgi sybyzgynyn үnine saj kubylyp үzdiksiz sarnap turatyn bolady Zhelkobyzga mojynga asuga bolatyndaj kajys bau tagady Oryndaushy zhelkobyzdy koltykka kysyp tүtiksyrnajdyn ojyktaryn basyp әuendetedi Aspaptyn zhalpy uzyndygy 65 70 sm eni 30 35 sm bolyp keledi El arasynda ol zhelbuaz kuyk kep meskobyz zhelsaz dep tүrlishe atalady Aspaptyn zhasalu zhәne ojnalu әdis tәsili kүrdeli bolgandyktan da el arasynda sirek kezdesedi Aspap kazir Otyrar sazy orkestrinde koldanylyp zhүr Zhelkobyzdyn kalpyna keltirilgen karapajym nuskasy 1983 zhyly Halyk saz aspaptary murazhajynyn soresine kojylgan Қalpyna keltirgen sheber A Hasenov Polyaktarda osygan uksas teriden zhasalatyn үrlemeli aspap kozel eshkisaz atalady Onyn sebebi aspaptyn agashtan ornatylatyn basy eshki basty etip zhonylady nemese basy bolek alynbagan eshki terisinen tutas etip zhasalady Sonymen katar zhelkobyzga uksas saz aspaptarynyn үlgileri bolgar eston orys halyktarynda volynka belarus ukrain halyktarynda da dudu bar DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK Slon 2012 illyustraciyalangan ISBN 978 601 7026 17 22 tom E I 736 bet ISBN 978 601 7026 20 2ӘdebietterZhәkisheva Z S Қazaktyn dәstүrli muzykalyk aspaptary Almaty Almatykitap 2009 Mukatajuly N Қazaktyn muzyka aspaptary Үrimzhi ShҒTB 2009 ҚR ҰM materialdarynan OMEE materialdarynan