Есік — Іле алабындағы көл.
Есік көлі | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 1714,5 м |
Өлшемі | 755 × 325 км |
Жағалау сызығының ұзындығы | 2,4 км |
Су алабы | |
Құятын өзен | Есік |
Шығатын өзен | Есік |
Орналасуы | |
43°15′09″ с. е. 77°29′04″ ш. б. / 43.25250° с. е. 77.48444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°15′09″ с. е. 77°29′04″ ш. б. / 43.25250° с. е. 77.48444° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Аудан | Еңбекшіқазақ ауданы |
Есік көлі Ортаққорда |
Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласынан оңтүстікке қарай 17 км-дей жерде, Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірі Есік шатқалында, теңіз деңгейінен 1759 м биіктікте орналасқан.
Көл тарихы
Көл шамамен 8–10 мың жыл бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан пайда болған. Табиғи жолмен қалыптасқан бөгетке тау мұздықтары, қар, жауын-шашын cуы жиналып, тау аралығындағы әсем көлге айналған.
1963 жылға дейін Есік көлі маңында 1958 жылдың көктеміндегі Қазақ ССР министрлер кеңесінің «Есік көлінде еңбекшілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін демалыс инфрақұрылымы мейлінше қарқынды дамып, Есік өзенінің шатқалымен сапалы тас жолы төселіп, халық Алматы қаласынан автобуспен бару үшін үлкен автовокзал салынып, Орталық базардан жарты сағат сайын автобустар көлге дейін қатынап тұрған.
Көл жағасына 100 орындық екі қабатты қонақүй, мейрамхана, фотосалон, монша, шаштараз сияқты құрылымдар салынып, жұмыс істеген. Келушілер үшін би алаңдары болған. Дем алушылар көл суық болғандықтан, суға түспесе де, көлдің оңтүстік жағасында кездесетін құмдауыт жерлерде күнге қыздырынып, көл бетінде катер, қайық және өзен трамвайларымен серуендеген. Қауіпсіздікті қадағалап отыратын арнайы құтқару отряды да болған.
1959 жылдан 1963 жылдың шілдесіне дейін Есік көліне саяхаттау Алматыға жолы түсе қалған Мәскеу мен шетелдік мәртебелі меймандардың сапар бағдарламаларына кірген екен.
1963 жылы 7-шілде күні болған қатты тасқын көлді бір күнде ағызып әкеткен. Апаттан кейін 10 жылдан соң 1973 жылы селден қорғайтын жаңа бөгеттер салынып, 1990 жылдардың басына қарай Есік көлін қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Жаңа жоба бойынша Есік өзенімен артық су ағып кететін плотина, 1963 жылы болған тасқынның көлге құйылған тұсына шлюздері бар бөгеттер салынды.
Апаттан кейін Есік көлі бұрынғы арнасына тола алмаған.
Жарты ғасыр бұрынғы инфрақұрылымның қалдықтары: көлге барар жолдағы гидтерге арналған шатыр («Әуе шатыры» деп аталған), автовокзал пен оның жанындағы бақылаушы мұнара осы күнге дейін сақталып қалған.
Гидрографикасы
Апатқа дейін көлдің ұзындығы – 1850 м, ені - 500 м, тереңдігі 50-79 м болған, қазіргі ұзындығы 755 м, ең енді жері 325 м, жағалау бойының ұзындығы 2,4 км. Көлге Есік өзені оңтүстік-батысынан құйып, солтүстігіне шығады.
Сурет галереясы
- Есік көлі
- Көл бетіндегі серуендеу катері
- Көлге көрік беріп тұрған құздар
- Көл айналасындағы қырқалар
- Қоршаған шатқалдар
- Есік өзенінің көлге құяр тұсы
- 1963 жылғы тасқын құрбандарына қойылған тақта-монумент орнатылған төбе
- Көлдің үстіңгі жағындағы көлік тұрағы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Esik Ile alabyndagy kol Esik koliMorfometriyaTeniz dengejinen biiktigi1714 5 mӨlshemi755 325 kmZhagalau syzygynyn uzyndygy2 4 kmSu alabyҚuyatyn ozenEsikShygatyn ozenEsikOrnalasuy43 15 09 s e 77 29 04 sh b 43 25250 s e 77 48444 sh b 43 25250 77 48444 G O Ya Koordinattar 43 15 09 s e 77 29 04 sh b 43 25250 s e 77 48444 sh b 43 25250 77 48444 G O Ya T El ҚazakstanAjmakAlmaty oblysyAudanEnbekshikazak audanyEsik koliEsik koliEsik koli OrtakkordaGeografiyalyk ornyAlmaty oblysy Enbekshikazak audanynda Esik kalasynan ontүstikke karaj 17 km dej zherde Ile Alatauynyn teriskej baurajyndagy әsem shatkaldardyn biri Esik shatkalynda teniz dengejinen 1759 m biiktikte ornalaskan Kol tarihyKol shamamen 8 10 myn zhyl buryn tau zhynystarynyn tektonikalyk ygysuynan pajda bolgan Tabigi zholmen kalyptaskan bogetke tau muzdyktary kar zhauyn shashyn cuy zhinalyp tau aralygyndagy әsem kolge ajnalgan 1963 zhylga dejin Esik koli manynda 1958 zhyldyn koktemindegi Қazak SSR ministrler kenesinin Esik kolinde enbekshilerdin mәdeni demalysyn kamtamasyz etu turaly kaulysy kabyldangannan kejin demalys infrakurylymy mejlinshe karkyndy damyp Esik ozeninin shatkalymen sapaly tas zholy toselip halyk Almaty kalasynan avtobuspen baru үshin үlken avtovokzal salynyp Ortalyk bazardan zharty sagat sajyn avtobustar kolge dejin katynap turgan Kol zhagasyna 100 oryndyk eki kabatty konakүj mejramhana fotosalon monsha shashtaraz siyakty kurylymdar salynyp zhumys istegen Kelushiler үshin bi alandary bolgan Dem alushylar kol suyk bolgandyktan suga tүspese de koldin ontүstik zhagasynda kezdesetin kumdauyt zherlerde kүnge kyzdyrynyp kol betinde kater kajyk zhәne ozen tramvajlarymen seruendegen Қauipsizdikti kadagalap otyratyn arnajy kutkaru otryady da bolgan 1959 zhyldan 1963 zhyldyn shildesine dejin Esik koline sayahattau Almatyga zholy tүse kalgan Mәskeu men sheteldik mәrtebeli mejmandardyn sapar bagdarlamalaryna kirgen eken 1963 zhyly 7 shilde kүni bolgan katty taskyn koldi bir kүnde agyzyp әketken Apattan kejin 10 zhyldan son 1973 zhyly selden korgajtyn zhana bogetter salynyp 1990 zhyldardyn basyna karaj Esik kolin kalpyna keltiru zhumystary ayaktalgan Zhana zhoba bojynsha Esik ozenimen artyk su agyp ketetin plotina 1963 zhyly bolgan taskynnyn kolge kujylgan tusyna shlyuzderi bar bogetter salyndy Apattan kejin Esik koli buryngy arnasyna tola almagan Zharty gasyr buryngy infrakurylymnyn kaldyktary kolge barar zholdagy gidterge arnalgan shatyr Әue shatyry dep atalgan avtovokzal pen onyn zhanyndagy bakylaushy munara osy kүnge dejin saktalyp kalgan GidrografikasyApatka dejin koldin uzyndygy 1850 m eni 500 m terendigi 50 79 m bolgan kazirgi uzyndygy 755 m en endi zheri 325 m zhagalau bojynyn uzyndygy 2 4 km Kolge Esik ozeni ontүstik batysynan kujyp soltүstigine shygady Suret galereyasyEsik koli Kol betindegi seruendeu kateri Kolge korik berip turgan kuzdar Kol ajnalasyndagy kyrkalar Қorshagan shatkaldar Esik ozeninin kolge kuyar tusy 1963 zhylgy taskyn kurbandaryna kojylgan takta monument ornatylgan tobe Koldin үstingi zhagyndagy kolik turagy