Доссор мұнай кен орны — Атырау облысының Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Қазақстанда ашылған ең алғашқы өндірістік маңызы бар мұнай кені.
Тарихы
Доссор мұнай кені 1860 –1887 жылы орыс геологтары Н.А.Северцев, Д.В. Кирпичников, М.М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылы сәуір айынын 29-шы жұлдызында 250 м тереңдіктен юра қабатынан мұнай фантаны атқылаған. 1911–17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 –1940) тұз күмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944–45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай]кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 –1982 жылдары ғана нақтыланды.
Геологиялық сипаты
Кен орны тұз күмбезінің үстіндегі юра кезеңінің шөгінділерінде қалыптасқан. 30-300 м тереңдікте 6 мұнайлы қабат ашылған. Бұл қабаттардың қалыңдығы 2,4-26,7 м аралығында, ашық кеуектілігі 24-30,9%, өткізгіштігі 0,128 – 4,76 мкм2, ұңғыманың бастапқы өнімділігі 1,7 – 132,6 м2/тәулік, қабат қысымы 14,4-3,6 МПа, температурасы 19-27°С.
Тығыздығы, құрамы
Мұнайдың тығыздыздығы 0,84 – 0,88 г/см3, құрамындағы күкірті (0,2 – 0,22%), шайыры (7%), парафині (0,2 – 2,07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан (77,1 – 93,8%), этаннан (7,17%) және пропаннан (0,4 – 5,1%) тұрады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dossor munaj ken orny Atyrau oblysynyn Makat audanynda Atyrau kalasynan shygyska karaj 90 km zherde ornalaskan Қazakstanda ashylgan en algashky ondiristik manyzy bar munaj keni TarihyDossor munaj keni 1860 1887 zhyly orys geologtary N A Severcev D V Kirpichnikov M M Novakovskij barlap kartaga tүsirgen Munaj 1911 zhyly sәuir ajynyn 29 shy zhuldyzynda 250 m terendikten yura kabatynan munaj fantany atkylagan 1911 17 zhyly aralygynda Dossor munaj keninde 11 munaj fontandyk ungysy boldy En үlken fontan tәuligine 525 t munaj berip otyrdy Sol zhyly zhalpy shygymy 15700 tonnalyk 1 ungy 1912 zhyly shygymy 16657 t 6 ungy 1913 zhyly shygymy 117640 t 16 ungy boldy Bul zhyldary negizgi ondiristik alany Shygys Dossorda bolatyn Kejinnen 1930 1940 tuz kүmbezdi koterilimnin munajly kurylymy zerttelip dajyndaldy Munda 1938 zhyly 185 telim ashylyp 1939 zhyly ondiriske kosyldy 1941 zhyly Soltүstik Dossor munaj keni ashylyp 1945 zhyly pajdalanuga berildi 1944 45 zhyldary Ontүstik batys Dossor munaj keni kurylymy barlauga dajyndalyp izdestiru burgylau nәtizhesinde tek 1978 1982 zhyldary gana naktylandy Geologiyalyk sipatyKen orny tuz kүmbezinin үstindegi yura kezeninin shogindilerinde kalyptaskan 30 300 m terendikte 6 munajly kabat ashylgan Bul kabattardyn kalyndygy 2 4 26 7 m aralygynda ashyk keuektiligi 24 30 9 otkizgishtigi 0 128 4 76 mkm2 ungymanyn bastapky onimdiligi 1 7 132 6 m2 tәulik kabat kysymy 14 4 3 6 MPa temperaturasy 19 27 S Tygyzdygy kuramyMunajdyn tygyzdyzdygy 0 84 0 88 g sm3 kuramyndagy kүkirti 0 2 0 22 shajyry 7 parafini 0 2 2 07 az Ilespe gaz negizinen metannan 77 1 93 8 etannan 7 17 zhәne propannan 0 4 5 1 turady