Дольмен (бретонша tol – стол, men - тас) – өлікті жерлеуге арналған құрылыс; бірнеше тонналық жақпар тастар тігінен қаланып, төбесі жалпақ тақта тастармен жабылған. Бұл – бірі. Кірер ауызды жапқан тақта таста кейде дөңгелек не сопақша тесік болады. Кейбір дольмен дәлізді, бөлмелі, күрделі болып келеді. Кірер аузы ғана ашық қалдырылып, қалған жағы сыртынан топырақпен жабылады. Кейде ішкі қабырғалары беджерлі әшекейлермен немесе бояумен безендіріледі. Дольмендер ру басшыларын, көсемдерді жерлеуге салынса керек. Дольмен әуелде ру, тайпаның ізгілікті орны болған, келе-келе өлік жерленетін қабірге айналған деген де жорамал бар. Әдетте дольмендерден отырғызып жерлеген бірнеше адамның сүйектері, тас, қола құралдар мен сәндік бұйымдары шығады. Кейбір елдерде дольмендер ондаған, жүздеген жылдар бойы өлік қоюға арналған. Дольмен көбінесе теңіз жағалауында тараған. Солтүстік Германия, Оңтүстік Дания, , Голлндия, Англия, Шотландия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Италия, Сирия, Солтүстік Африка, Палестина, Болгария, Солтүстік Иран, Үндістан, Корея, Жапонияда кездеседі. КСРО-да Қырымда, Кавказдың Қара теңіз жағалауында ұшырасады. Еуропа, Африка дольмендері қола дәуіріне, Үндістан, Жапониядағылары темір дәуіріне, Кавказдағылары қола, кейбірі темір дәуіріне жатады. Бір-бірімен байланысы жоқ тайпалар мен халықтардың діни наным-сеніміндегі, әлеуметтік-географиялық жағдайының ұқсастығы осы дольмендерді туғызған.
Дереккөздер
М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dolmen bretonsha tol stol men tas olikti zherleuge arnalgan kurylys birneshe tonnalyk zhakpar tastar tiginen kalanyp tobesi zhalpak takta tastarmen zhabylgan Bul biri Kirer auyzdy zhapkan takta tasta kejde dongelek ne sopaksha tesik bolady Kejbir dolmen dәlizdi bolmeli kүrdeli bolyp keledi Kirer auzy gana ashyk kaldyrylyp kalgan zhagy syrtynan topyrakpen zhabylady Kejde ishki kabyrgalary bedzherli әshekejlermen nemese boyaumen bezendiriledi Dolmender ru basshylaryn kosemderdi zherleuge salynsa kerek Dolmen әuelde ru tajpanyn izgilikti orny bolgan kele kele olik zherlenetin kabirge ajnalgan degen de zhoramal bar Әdette dolmenderden otyrgyzyp zherlegen birneshe adamnyn sүjekteri tas kola kuraldar men sәndik bujymdary shygady Kejbir elderde dolmender ondagan zhүzdegen zhyldar bojy olik koyuga arnalgan Dolmen kobinese teniz zhagalauynda taragan Soltүstik Germaniya Ontүstik Daniya Gollndiya Angliya Shotlandiya Irlandiya Franciya Ispaniya Portugaliya Italiya Siriya Soltүstik Afrika Palestina Bolgariya Soltүstik Iran Үndistan Koreya Zhaponiyada kezdesedi KSRO da Қyrymda Kavkazdyn Қara teniz zhagalauynda ushyrasady Europa Afrika dolmenderi kola dәuirine Үndistan Zhaponiyadagylary temir dәuirine Kavkazdagylary kola kejbiri temir dәuirine zhatady Bir birimen bajlanysy zhok tajpalar men halyktardyn dini nanym senimindegi әleumettik geografiyalyk zhagdajynyn uksastygy osy dolmenderdi tugyzgan DerekkozderM Қ Қarataev Қazak sovet enceklopediyasy 4 tom 672 bet