Депозитарий (фр. deposіtaіre – сақтауға зат берілген тұлға, сақтаушы) – салымшы, салым ақша салушы; депозиттер сеніп тапсырылған заңды немесе жеке тұлға, Бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы, депозитарлық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға. Депозитарий ең алдымен соманы қазынашылықтың пайдасына немесе меншікті операциялар үшін қабылдауға мемлекет уәкілеттік берген банкілер мен басқа да несие-қаржы мекемелері. Айталық‚ инвестициялық қордың депозитарийі – бағалы қағаздармен‚ соның ішінде жекешелендіру чектерімен‚ қорға тиесілі ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыратын‚ қордың осы мүлкінің қозғалысы есебін жүргізетін және инвестициялық қор мен депозитарий арасында жасасылған басқа да атқарымдарды жүзеге асыратын банк немесе заңды тұлға. Депозитарий термині халықаралық көп тарапты шарттың түпнұсқа мәтінін сақтаушы мемлекет немесе халықаралаық ұйым деген мағынада да қолданылады. Бұл ретте депозитарийді халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер айқындайды. Бекіту грамоталары‚ қосылу туралы мағлұмдамалар‚ бір мемлекеттің екінші мемлекетке өзара жасалған шартының күшін тоқтату туралы хабарламалары және шартқа қатысты басқа да құжаттар депозитарийге өткізіледі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Depozitarij fr depositaire saktauga zat berilgen tulga saktaushy salymshy salym aksha salushy depozitter senip tapsyrylgan zandy nemese zheke tulga Bagaly kagazdar narygyna kәsipkoj katysushy depozitarlyk kyzmetti zhүzege asyrushy zandy tulga Depozitarij en aldymen somany kazynashylyktyn pajdasyna nemese menshikti operaciyalar үshin kabyldauga memleket uәkilettik bergen bankiler men baska da nesie karzhy mekemeleri Ajtalyk investiciyalyk kordyn depozitariji bagaly kagazdarmen sonyn ishinde zhekeshelendiru chekterimen korga tiesili akshalaj karazhatpen operaciyalardy zhүzege asyratyn kordyn osy mүlkinin kozgalysy esebin zhүrgizetin zhәne investiciyalyk kor men depozitarij arasynda zhasasylgan baska da atkarymdardy zhүzege asyratyn bank nemese zandy tulga Depozitarij termini halykaralyk kop tarapty sharttyn tүpnuska mәtinin saktaushy memleket nemese halykaralayk ujym degen magynada da koldanylady Bul rette depozitarijdi halykaralyk shartka katysushy memleketter ajkyndajdy Bekitu gramotalary kosylu turaly maglumdamalar bir memlekettin ekinshi memleketke ozara zhasalgan shartynyn kүshin toktatu turaly habarlamalary zhәne shartka katysty baska da kuzhattar depozitarijge otkiziledi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 X tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul zan salasyna arnalgan zhana makalaga bastama Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz