Даңғылға қазақ сахарасының Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа жол ашқан КСРО-ның бірінші ұшқыш-ғарышкері Кеңестер Одағының Батыры Юрий Алексеевич Гагариннің есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 14.04. 1961 №10 шешімі) берілген.
Юрий Алексеевич Гагарин (1934-1968) Смоленск облысының Гжатск (қазіргі Гагарин) ауданындағы Клушино деревнясында дүниеге келген. Ю.А.Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде «Восток» ғарыштық кемемен дүниежүзінде бірінші болып ғарышқа сапар шегіп, онда 1 сағат 48 минут болды. 1961 жылдың 23 мамырынан бастап ғарышкерлер отрядының командирі. Халықаралық астронавтика академиясының (1966 жылдан) Құрметті мүшесі. Үндістандағы Лакнау қаласындағы университеттің физика факультетінің ғарышта зерттеушілер клубының мәңгілік мүшесі. Египет қалалары Каир мен Александрия қалаларының алтын кілттері Гагаринге мәңгі сақтауға тапсырынды. Гагарин есімімен Айдағы кратер мен кіші планета (1772 Gagarin) аталды.
Даңғыл қаланың солтүстігінен оңтүстігіне қарай Төле би көшесінен басталып, әл-Фара- би даңғылына дейін созылып жатыр. Екі бағытты кешенін ортасын әсем аллеялар мен зәулім ағаштар отырғызылған алаңқай бөліп тұр. Көше Алмалы, Алатау және Бостандық аудандарын қиып өтеді. Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы, Абай, әл-Фараби, Жандосов, Тимирязев, Өтепов, Байқадамов, Ходжанов, Есқараев көшелерімен қиылысады. Бұрынғы атауы - 13-ші линия көшесі. Даңғылдың ұзындығы - 5200 метр.
Даңғылдың бойында Ішкі істер министрлігінің мұражайы, Қазақтың жеміс-жидек және жұзім шырынын ғылыми-зерттеу институты, Кітап фабрикасы, Республикалық кітап саудасы бірлестігі, бірқатар әкімшілік мекемелер орналасқан.
Дереккөздер
- Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dangylga kazak saharasynyn Bajkonyr garysh ajlagynan adamzat tarihynda tungysh ret garyshka zhol ashkan KSRO nyn birinshi ushkysh garyshkeri Kenester Odagynyn Batyry Yurij Alekseevich Gagarinnin esimi Almaty kalasy atkaru komitetinin 14 04 1961 10 sheshimi berilgen Yurij Alekseevich Gagarin 1934 1968 Smolensk oblysynyn Gzhatsk kazirgi Gagarin audanyndagy Klushino derevnyasynda dүniege kelgen Yu A Gagarin 1961 zhyly 12 sәuirde Vostok garyshtyk kememen dүniezhүzinde birinshi bolyp garyshka sapar shegip onda 1 sagat 48 minut boldy 1961 zhyldyn 23 mamyrynan bastap garyshkerler otryadynyn komandiri Halykaralyk astronavtika akademiyasynyn 1966 zhyldan Қurmetti mүshesi Үndistandagy Laknau kalasyndagy universitettin fizika fakultetinin garyshta zertteushiler klubynyn mәngilik mүshesi Egipet kalalary Kair men Aleksandriya kalalarynyn altyn kiltteri Gagaringe mәngi saktauga tapsyryndy Gagarin esimimen Ajdagy krater men kishi planeta 1772 Gagarin ataldy Dangyl kalanyn soltүstiginen ontүstigine karaj Tole bi koshesinen bastalyp әl Fara bi dangylyna dejin sozylyp zhatyr Eki bagytty keshenin ortasyn әsem alleyalar men zәulim agashtar otyrgyzylgan alankaj bolip tur Koshe Almaly Alatau zhәne Bostandyk audandaryn kiyp otedi Zhambyl Shevchenko Қurmangazy Abaj әl Farabi Zhandosov Timiryazev Өtepov Bajkadamov Hodzhanov Eskaraev koshelerimen kiylysady Buryngy atauy 13 shi liniya koshesi Dangyldyn uzyndygy 5200 metr Dangyldyn bojynda Ishki ister ministrliginin murazhajy Қazaktyn zhemis zhidek zhәne zhuzim shyrynyn gylymi zertteu instituty Kitap fabrikasy Respublikalyk kitap saudasy birlestigi birkatar әkimshilik mekemeler ornalaskan DerekkozderAlmaty kosheleri Anyktamalyk enciklopediya Almaty IP Voloshin baspasy 2009 ISBN 978 601 7157 18 0