«Бойы бұлғаң...» - Абайдың 1893 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 8 шумақтан тұрады, барлығы 54 жол. Туынды-ақынның өз кезіндегі халқының жай-күйіне, замана ағымына жасаған барлау-шолуы, тозған елдің тоқыраған тағдырына деген ауыр күрсінісі, азған адамдарына деген көз жасына толы шағымы, ел үшін қорланған ақынның «аһ» ұрған үні, кеудесін қақ айырған қайғысы. Ел қамын ойлауды азаматтық борышым деп білген Абай өз заманындағы бар пәле, кесір-кесапат, былық-шылықты ашына әшкерелемей отыра алмаған. Қандыауыз қанаушыларға, елді емген езушілерге, «әзір астың атасы» арамтамақтарға, бірді-бірге тасқаяқтай соғыстырған сойқанды содырларға, момын мысықтай қалғып-мүлгіп отырып, елді сорған сұрқия «сопыларға», ардан безіп, жамандыққа жанын жалдаған жалақорларға жаудай тиген. «Ас ішіп, аяқ босатудан» басқаны білмейтін надандықты, аллаға қарап аузын ашып отыра беретін жалқаулықты, етпетінен түспей ештемені ескермейтін енжарлықты өлеңдерінде өткір тілмен түйреген. «Бойы бұлғаң...» - ақынның уытты шығармаларының бірі, үскідей үшкір, өткір сатира, заман, тұрмыс күйіндегі зиянды дерттерді мұрнынан тізе әшкерелеген сатира. Оның жанры—сатиралық шолу. Мұнда ақын оқырман қауымды сөзінде пәтуа жоқ сұйық суайттармен де, «күнәсізбін», «кінәсізбін» деп безілдейтін «періштелермен» де, сыртта «үзеңгі бауы алты қабат болып» шіренетін, үйіне келсең, сусын тауып бере алмайтын бейшаралармен де, тілемсектік істеп, бермесең, безіп кететін безбүйректермен де, бірді-бірге айдап сап, ел арасына от тастап, антын, арын сатқан екіжүзділермен де таныстырады. Мұнан әрі Абай ел ішінің бұзылғанын, ұрлық дендеп, өтірік гулеп кеткенін, сыпыра қу әулекілердің әні салынып, сөзі жүріп тұрғанын, әділдік айтар, бірлік іздер, жөнге сілтер, сыйласуға тұрар адам қалмағанын, бәрінің пәле қуып, батырсынып, «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» боп кеткенін әйгілейді. Осының бәрін ақын сатиралық қуатпен айтады. «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тілмен» сынап-мінейді. Ашынған сөздерді айналасынан түңіліп, болашағына үңіліп отырып, зармен, мұңмен жырлайды. Абай жүрегін жаралаған осындай дерттер ақынның кеудесіне жаңа бір идея дәнін тастаған. Сол дән өсіп-өніп, пісіп-жетіле келе оны айтпауға ақын жанын қоймаған. Соңдағы ой-пікірді сыртқа шығаратын шығарма тудыруға мәжбүр еткен, ақын сезімін баурап, оны шабытқа мінгізген. Осындай ынта-зар, құлшыныстың үстінде «Б. б.» дүниеге келген. Келгенде ерекше өрнек-айшықпен, келісті пішім-бітіммен келген. Қазақтың соны тынысты жаңа әдебиетіне Абай әкелген жаңалықтардың бірі - осы туынды. Туынды 4,7 буыннан түзіліп, маржандай төгіліп, мөлдір бұлақтай сылдыр қағады. Ұйқасы - -а, -а, -б, -в, -в, -б. Алғаш рет 1909 ж. С.-Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең текстіне 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде бірер түзету енгізілген. 7-шумақтың 3-жолыңцағы «іздеу» сөзі «тыныштық іздер елде жоқ» деп өзгертілген. 8-шумақтың «Аз тұтуға» деген бірінші жолы «Әз тұтуға» делініп ұғымы айқындалған. Туынды ағылшын, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдеріне аударылған. Абай «Бойы бұлғаң...» өлеңіне ән шығарған. 1935 ж. Ә. Ысқақовтың айтуы бойынша Л. Хамиди осы әннің бір үлгісін нотаға түсірген. Бүл әннің тағы бір түрін Б. Ерзакович 1948 ж. Қ. Лекеровтен, бөлек бір үлгісін Қ. Жүзбасов 1984 ж. Абайдың немересі Мәкен Мұқамеджанованың орындауында нотаға түсіріп алған. Мұның үшеуі де «Айттым сәлем, қалам қас» атты Абай әндері жинағына (1986) енген. «Б. б.» әні мелодиялы-речитативті әуен арнасында құралған, дәстүрлі қара елеңмен айтылатын сарындармен тектес, тұрмыс-салт жанрындағы әндердің екпін-ырғақтарымен үңдес. Әннің 1- және 2-түрлері - ауыспалы минорлы-мажорлы ладта айтылса, М. Мұқамеджанованың жеткізген түрі - бір атаулы тектес мйнор-мажорлы ладта қалыптасқан. Әннің өлшемдері де әр түрлі: 2/4, 2/4, 4/4 - 1 түрі; 3/4, 3/4, 5/4, 2/4, 7/4 - 2 түрі, ал 3 түрі - біркелкі 6/8 ырғақ-өлшеммен орындалады. Әнді композитор А. Жұбанов «Абай» симфониялық поэмасына пайдаланған.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
энциклопедиясы]]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
[[Санат:Абай
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bojy bulgan Abajdyn 1893 zh zhazgan oleni Әrkajsysy 6 tarmakty 8 shumaktan turady barlygy 54 zhol Tuyndy akynnyn oz kezindegi halkynyn zhaj kүjine zamana agymyna zhasagan barlau sholuy tozgan eldin tokyragan tagdyryna degen auyr kүrsinisi azgan adamdaryna degen koz zhasyna toly shagymy el үshin korlangan akynnyn aһ urgan үni keudesin kak ajyrgan kajgysy El kamyn ojlaudy azamattyk boryshym dep bilgen Abaj oz zamanyndagy bar pәle kesir kesapat bylyk shylykty ashyna әshkerelemej otyra almagan Қandyauyz kanaushylarga eldi emgen ezushilerge әzir astyn atasy aramtamaktarga birdi birge taskayaktaj sogystyrgan sojkandy sodyrlarga momyn mysyktaj kalgyp mүlgip otyryp eldi sorgan surkiya sopylarga ardan bezip zhamandykka zhanyn zhaldagan zhalakorlarga zhaudaj tigen As iship ayak bosatudan baskany bilmejtin nadandykty allaga karap auzyn ashyp otyra beretin zhalkaulykty etpetinen tүspej eshtemeni eskermejtin enzharlykty olenderinde otkir tilmen tүjregen Bojy bulgan akynnyn uytty shygarmalarynyn biri үskidej үshkir otkir satira zaman turmys kүjindegi ziyandy dertterdi murnynan tize әshkerelegen satira Onyn zhanry satiralyk sholu Munda akyn okyrman kauymdy sozinde pәtua zhok sujyk suajttarmen de kүnәsizbin kinәsizbin dep bezildejtin perishtelermen de syrtta үzengi bauy alty kabat bolyp shirenetin үjine kelsen susyn tauyp bere almajtyn bejsharalarmen de tilemsektik istep bermesen bezip ketetin bezbүjrektermen de birdi birge ajdap sap el arasyna ot tastap antyn aryn satkan ekizhүzdilermen de tanystyrady Munan әri Abaj el ishinin buzylganyn urlyk dendep otirik gulep ketkenin sypyra ku әulekilerdin әni salynyp sozi zhүrip turganyn әdildik ajtar birlik izder zhonge silter syjlasuga turar adam kalmaganyn bәrinin pәle kuyp batyrsynyp balapan basymen turymtaj tusymen bop ketkenin әjgilejdi Osynyn bәrin akyn satiralyk kuatpen ajtady Yzaly zhүrek doly kol uly siya ashy tilmen synap minejdi Ashyngan sozderdi ajnalasynan tүnilip bolashagyna үnilip otyryp zarmen munmen zhyrlajdy Abaj zhүregin zharalagan osyndaj dertter akynnyn keudesine zhana bir ideya dәnin tastagan Sol dәn osip onip pisip zhetile kele ony ajtpauga akyn zhanyn kojmagan Sondagy oj pikirdi syrtka shygaratyn shygarma tudyruga mәzhbүr etken akyn sezimin baurap ony shabytka mingizgen Osyndaj ynta zar kulshynystyn үstinde B b dүniege kelgen Kelgende erekshe ornek ajshykpen kelisti pishim bitimmen kelgen Қazaktyn sony tynysty zhana әdebietine Abaj әkelgen zhanalyktardyn biri osy tuyndy Tuyndy 4 7 buynnan tүzilip marzhandaj togilip moldir bulaktaj syldyr kagady Ұjkasy a a b v v b Algash ret 1909 zh S Sankt Peterburgte zharyk korgen Қazak akyny Ibraһim Қunanbajugylynyn oleni atty zhinakta zhariyalandy Өlen tekstine 1909 zhylgy zhinak pen Mүrsejit kolzhazbalary negizinde birer tүzetu engizilgen 7 shumaktyn 3 zholyncagy izdeu sozi tynyshtyk izder elde zhok dep ozgertilgen 8 shumaktyn Az tutuga degen birinshi zholy Әz tutuga delinip ugymy ajkyndalgan Tuyndy agylshyn orys ozbek tәzhik tүrikmen kyrgyz ujgyr karakalpak tatar bashkurt tilderine audarylgan Abaj Bojy bulgan olenine әn shygargan 1935 zh Ә Yskakovtyn ajtuy bojynsha L Hamidi osy әnnin bir үlgisin notaga tүsirgen Bүl әnnin tagy bir tүrin B Erzakovich 1948 zh Қ Lekerovten bolek bir үlgisin Қ Zhүzbasov 1984 zh Abajdyn nemeresi Mәken Mukamedzhanovanyn oryndauynda notaga tүsirip algan Munyn үsheui de Ajttym sәlem kalam kas atty Abaj әnderi zhinagyna 1986 engen B b әni melodiyaly rechitativti әuen arnasynda kuralgan dәstүrli kara elenmen ajtylatyn saryndarmen tektes turmys salt zhanryndagy әnderdin ekpin yrgaktarymen үndes Әnnin 1 zhәne 2 tүrleri auyspaly minorly mazhorly ladta ajtylsa M Mukamedzhanovanyn zhetkizgen tүri bir atauly tektes mjnor mazhorly ladta kalyptaskan Әnnin olshemderi de әr tүrli 2 4 2 4 4 4 1 tүri 3 4 3 4 5 4 2 4 7 4 2 tүri al 3 tүri birkelki 6 8 yrgak olshemmen oryndalady Әndi kompozitor A Zhubanov Abaj simfoniyalyk poemasyna pajdalangan DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 enciklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Sanat Abaj Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet