Бесжылдық, Бесжылдық жоспар — Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.
- Бірінші Бесжылдық жоспары (1928 — 32) БК(б)П 15-съезінің шешімдері негізінде жасалды. Бесжылдық міндетіне сәйкес ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүргізілді. Өндіріс орындарын дамытуға баса көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде Қазақстанда 40-қа жуық өнеркәсіп орны салынып, оның ішінде , , Қарағандыда бірнеше іске қосылды. 1706 км темір жол салынды. (Турксиб) және Қарағандыны Сібір жолымен жалғастырған Ақмола темір жолдары пайдалануға берілді. Қазақстанда әуе көлігі пайда болды.
- Екінші Бесжылдық жоспары (1933 — 37) БК(б) П 17-съезінде (1934) бекітілді. Бұл жоспар бойынша, Қазақстанда Шымкент қорғасын зауыты, , Алтай, Ащысай полиметалл комбинaттары салынып, іске қосылды.
- Үшінші Бесжылдық жоспары (1938 — 42) БК(б)П 18-съезінде (1939) бекітілді. Бұл кезеңде Қазақстанда іске қосылды, Жарық — Жезқазған, — Риддер, Қандыағаш — Орск, Ақмола — темір жолдары пайдалануға берілді. Жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарының саны көбейді. 1938 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы, 1940 ж. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы құрылды.
- Төртінші Бесжылдық жоспар (1946 — 50) Ұлы Отан соғысынан кейінгі бүлінген халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамытудың жоспары туралы заңға сәйкес жасалды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынды. Ашық әдіспен көмір өндіретін Екібастұз кен орны кең көлемде пайдаланыла бастады. Қаратон, Мұнайлы, т.б. мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды.
- Бесінші Бесжылдық жоспары (1951 — 55) КОКП 19-съезінде (1951) белгіленді. Тың және тыңайған жерлерді игеру маңызды шараға айналды (қара Тың игеру). Қазақстанның халық шаруашылығы 200-дей жаңа кәсіпорындармен толықты. Састөбе және Қарағанды цемент зауыттары, Өскемен — , Ақмола — Павлодар темір жол учаскелері іске қосылды.
- Алтыншы Бесжылдық жоспары (1956 — 60) КОКП 20-съезінің (1956) шешімдеріне сәйкес жасалды. Тың және тыңайған жерлерді игеру одан әрі жалғастырылды. Бесжылдықтың соңғы 2 жылының тапсырмалары өзгертіліп жетіжылдық жоспарына қосылды.
Жетіжылдық жоспар (1959—65) КОКП 21-съезінде (1959) белгіленді. Жетіжылдық жоспар кезінде Соколов — Сарыбай кен-байыту комбинаты толық қуатында іске қосылды, Өскемен титан-магний комбинаты, Павлодар алюминий зауыты, Кентау экскаватор зауыты, Жамбыл супер фосфат зауыты, Жітіқара асбест комбинаты салынды, Бұқтырма су электр станциясы, Қарағанды ГРЭС-і, Алматы жылу-электр орталығы, Павлодар мен Өскеменде машина жасау зауыттары пайдалануға берілді.
- Сегізінші Бесжылдық жоспары (1966 — 70) КОКП 23-съезінің (1966) шешімдеріне сәйкес жасалынды. Өзен — Жетібай — Шевченко және Теңіз — Жетібай газ құбыры іске қосылып, Павлодар трактор зауыты өз өнімін шығара бастады. Жамбыл және Ақсу (Ермак) ГРЭС-тері, Қапшағай СЭС-і салынды.
- Тоғызыншы Бесжылдық жоспары (1971 — 75) КОКП 24-съезінің (1971) шешімдері негізінде жасалынды. Лисаков кен байыту комбинаты, Қазақ газ өңдеу зауыты, Талдықорған қорғасын аккумулятор зауыты, Ақсу ГРЭС-і пайдалануға берілді.
- Оныншы Бесжылдық жоспары (1976 — 80) КОКП 25-съезінің (1976) шешімдері бойынша жасалынды. “Богатырь” бірегей көмір разрезінің құрылысы жүргізілді, Жәйрем кен-байыту комбинатының 1-кезегі пайдалануға берілді.
- Он бірінші Бесжылдық жоспары (1981 — 85) КОКП 26-съезінің (1981) шешімдері негізінде жасалынды. Бозащы түбегі мен Каспий маңы ойпаты аудандарында мұнай мен газдың жаңа кен орындары игерілді, Шымкентте мұнай айыру зауыты және резина асбест комбинаты іске қосылды.
- Он екінші Бесжылдық жоспары (1986 — 90) КОКП 27-съезі шешімдеріне сәйкес жасалынды. Шулбі СЭС-ін салу аяқталды. Екібастұз-2 ГРЭС-інде жаңа қуаттар қосылды. Бақыршық кен-металлургия, Қайрақты вольфрам, Көктіңкөл молибден, Бозшакөл мыс кен-байыту комбинаттарының құрылысы жүргізілді.
Бесжылдық жоспарлар кезінде экономиканы басқарудың қатаң орталықтандырылуы Қазақстан өнеркәсібі құрылымын негізінен шикізат өндіруге бағыттады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер әміршіл-әкімшіл әдістермен шешілді. Кәсіпорындарға жоспарлы тапсырма еңбек ұжымының келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, өндірушілер мен тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Мұның өзі тұтас өндіріс салаларының әлемдегі технологиялық прогрестен шет қалып, сапасыз және ескі өнімдер шығарумен айналысуына әкеліп соқты. Республика басшылығы КОКП-ның кезекті съездерінде жоспарланған өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қаншасының қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республика жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, әр Бесжылдықта жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің мұнайдың, т.б. мөлшерімен бейнеленді. Қазақстан тәуелсіздік алып, экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты Бесжылдық жоспарлар жасау тәжірибесінің жаңа жағдайға бейімделген нұсқалары зерттеліп, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік стратегиялық ғылыми негіздемесін жасауға назар аударылды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Beszhyldyk Beszhyldyk zhospar Kenes okimetinin 1929 zhyldan bastap KSRO nyn әleumettik ekonomikalyk damuyn mezhelegen merzimdi zhosparlarynyn zhalpylama atauy Birinshi Beszhyldyk zhospary 1928 32 BK b P 15 sezinin sheshimderi negizinde zhasaldy Beszhyldyk mindetine sәjkes auyl sharuashylygyn kollektivtendiru sayasaty zhүrgizildi Өndiris oryndaryn damytuga basa konil bolindi Sonyn nәtizhesinde Қazakstanda 40 ka zhuyk onerkәsip orny salynyp onyn ishinde Қaragandyda birneshe iske kosyldy 1706 km temir zhol salyndy Turksib zhәne Қaragandyny Sibir zholymen zhalgastyrgan Akmola temir zholdary pajdalanuga berildi Қazakstanda әue koligi pajda boldy Ekinshi Beszhyldyk zhospary 1933 37 BK b P 17 sezinde 1934 bekitildi Bul zhospar bojynsha Қazakstanda Shymkent korgasyn zauyty Altaj Ashysaj polimetall kombinattary salynyp iske kosyldy Үshinshi Beszhyldyk zhospary 1938 42 BK b P 18 sezinde 1939 bekitildi Bul kezende Қazakstanda iske kosyldy Zharyk Zhezkazgan Ridder Қandyagash Orsk Akmola temir zholdary pajdalanuga berildi Zhogary oku oryndary men arnauly oku oryndarynyn sany kobejdi 1938 zh KSRO Ғylym Akademiyasynyn Қazak filialy 1940 zh VASHNIL din Қazak filialy kuryldy Tortinshi Beszhyldyk zhospar 1946 50 Ұly Otan sogysynan kejingi bүlingen halyk sharuashylygyn kalpyna keltiru zhәne damytudyn zhospary turaly zanga sәjkes zhasaldy Өskemen korgasyn myrysh kombinaty salyndy Ashyk әdispen komir ondiretin Ekibastuz ken orny ken kolemde pajdalanyla bastady Қaraton Munajly t b munaj kәsipshilikteri iske kosyldy Besinshi Beszhyldyk zhospary 1951 55 KOKP 19 sezinde 1951 belgilendi Tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeru manyzdy sharaga ajnaldy kara Tyn igeru Қazakstannyn halyk sharuashylygy 200 dej zhana kәsiporyndarmen tolykty Sastobe zhәne Қaragandy cement zauyttary Өskemen Akmola Pavlodar temir zhol uchaskeleri iske kosyldy Altynshy Beszhyldyk zhospary 1956 60 KOKP 20 sezinin 1956 sheshimderine sәjkes zhasaldy Tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeru odan әri zhalgastyryldy Beszhyldyktyn songy 2 zhylynyn tapsyrmalary ozgertilip zhetizhyldyk zhosparyna kosyldy KSRO Zhetizhyldyk zhospar 1959 65 KOKP 21 sezinde 1959 belgilendi Zhetizhyldyk zhospar kezinde Sokolov Sarybaj ken bajytu kombinaty tolyk kuatynda iske kosyldy Өskemen titan magnij kombinaty Pavlodar alyuminij zauyty Kentau ekskavator zauyty Zhambyl super fosfat zauyty Zhitikara asbest kombinaty salyndy Buktyrma su elektr stanciyasy Қaragandy GRES i Almaty zhylu elektr ortalygy Pavlodar men Өskemende mashina zhasau zauyttary pajdalanuga berildi Segizinshi Beszhyldyk zhospary 1966 70 KOKP 23 sezinin 1966 sheshimderine sәjkes zhasalyndy Өzen Zhetibaj Shevchenko zhәne Teniz Zhetibaj gaz kubyry iske kosylyp Pavlodar traktor zauyty oz onimin shygara bastady Zhambyl zhәne Aksu Ermak GRES teri Қapshagaj SES i salyndy Togyzynshy Beszhyldyk zhospary 1971 75 KOKP 24 sezinin 1971 sheshimderi negizinde zhasalyndy Lisakov ken bajytu kombinaty Қazak gaz ondeu zauyty Taldykorgan korgasyn akkumulyator zauyty Aksu GRES i pajdalanuga berildi Onynshy Beszhyldyk zhospary 1976 80 KOKP 25 sezinin 1976 sheshimderi bojynsha zhasalyndy Bogatyr biregej komir razrezinin kurylysy zhүrgizildi Zhәjrem ken bajytu kombinatynyn 1 kezegi pajdalanuga berildi On birinshi Beszhyldyk zhospary 1981 85 KOKP 26 sezinin 1981 sheshimderi negizinde zhasalyndy Bozashy tүbegi men Kaspij many ojpaty audandarynda munaj men gazdyn zhana ken oryndary igerildi Shymkentte munaj ajyru zauyty zhәne rezina asbest kombinaty iske kosyldy On ekinshi Beszhyldyk zhospary 1986 90 KOKP 27 sezi sheshimderine sәjkes zhasalyndy Shulbi SES in salu ayaktaldy Ekibastuz 2 GRES inde zhana kuattar kosyldy Bakyrshyk ken metallurgiya Қajrakty volfram Koktinkol molibden Bozshakol mys ken bajytu kombinattarynyn kurylysy zhүrgizildi Beszhyldyk zhosparlar kezinde ekonomikany baskarudyn katan ortalyktandyryluy Қazakstan onerkәsibi kurylymyn negizinen shikizat ondiruge bagyttady Әleumettik ekonomikalyk mәseleler әmirshil әkimshil әdistermen sheshildi Kәsiporyndarga zhosparly tapsyrma enbek uzhymynyn kelisiminsiz zhogarydan zhiberildi Munyn ozi kәsiporyndy kandaj shygynga da karamaj zhospardy oryndauga mәzhbүr etti ondirushiler men tutynushylardy ondiriske ykpal etu mүmkindiginen ajyrdy Munyn ozi tutas ondiris salalarynyn әlemdegi tehnologiyalyk progresten shet kalyp sapasyz zhәne eski onimder shygarumen ajnalysuyna әkelip sokty Respublika basshylygy KOKP nyn kezekti sezderinde zhosparlangan onerkәsip ornynyn shahtanyn munaj kәsipshiliginin kombinattardyn zauyttardyn kanshasynyn katarga kosylgany turaly esep berip otyrdy Respublika zhagdajy halyktyn turmys dәrezhesimen ruhani mәdenietinin damuymen emes әr Beszhyldykta zhumsalgan kүrdeli karzhynyn somasymen shygarylgan rudanyn komirdin munajdyn t b molsherimen bejnelendi Қazakstan tәuelsizdik alyp ekonomikanyn naryktyk katynastarga koshuine bajlanysty Beszhyldyk zhosparlar zhasau tәzhiribesinin zhana zhagdajga bejimdelgen nuskalary zerttelip eldin әleumettik zhәne ekonomikalyk damuynyn uzak merzimdik strategiyalyk gylymi negizdemesin zhasauga nazar audaryldy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet