Ақпан батыр
Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руының Шегір бөлімінен шыққан.
Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын қамтыған 150 жылдай уақыт жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға қарсы күреспен айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы – батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына, тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңі жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде де қазақ халқы өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың көп шоғырын тарих төріне шығарады. Саржан, Кенесары, Наурызбай секілді хан-сұлтандар, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы секілді батырлар мен билер – осы қиын-қыстау дәуір дүниеге әкелген тұлғалар. Төменде біз сөз еткелі отырған тұлғаның бірі, Жанқожа батырдың қарулас серігі – Ақтан батыр да осы кезең дүниеге келтірген батырлардың қатарына жатады.
Ақпан батырдың есімі бүкіл қазақ жұртшылығына беймәлімдеу болғанымен, батырдың өмір сүрген аймағы – Арал, Қазалы, Шалқар өңірлеріндегі тұрғындар батыр есімімен жақсы таныс. Батыр есімінің бүкіл қазақ халқына танымал болмауына кешегі кеңестік кезеңдегі үстем идеологияның кері әсері және соған байланысты тұлғаның бойында батырлық қасиеті мен әулиелік қасиеттерінің қатар болуына байланысты оның өмір жолын зерттеуге кеңестік тарихшылардың жүректерінің дауаламауы жатса керек. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ақтан батыр туралы Арал және Қазалы аудандарының аудандық газеттерінде жергілікті авторлар: Ш.Айтуғанұлының, М.Сақтағановтың, Б.Алпамысовтың, О.Аяпбергеновтың және тағы басқа авторлардың мақалалары, ел аузынан жинаған тарихи аңыз-әңгімелері, толғаулары мен дастандары жарық көрді. Батыр бабаның аруағына арнап ас беріліп, құран оқылды, бейіті жөнделіп, қайта жаңғыртылады. Ақтан батырдың өнегелі өмірі мен ерлікке толы істерін, халқына сіңірген еңбегі мен жеке басының қасиеттерін қалың оқырманға таныстыра отыра, оның XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарындағы алар орны мен рөлін көрсетуді жөн көріп отырмыз. Тарихи тұлғаларды өмір сүрген заманы қалыптастырады деген қағиданы ескере отыра, батыр бабамыздың өмір жолын баяндамас бұрын, алдыменен оның заманына, заманының халқына тигізген қиындықтарына тоқтала кетелік. Ақтан батыр өмір сүрген XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың ортасы аралығы – қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі тұтастығын, бостандығын сақтап қалса да, ішкі бірлігі мен саяси тұтастығын әлсіретіп алады. Мұндай жағдайды Ресей жақсы пайдаланып қазақ билеуші топтары арасындағы алауыздықтардың отын одан әрі өршіте түседі. Соның нәтижесінде Тәуке хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігі өзінің бір орталықтан басқарылатын жүйесінен айырылып, бір-біріне бағынбайтын дербес хандары бар бірнеше саяси құрылымдарға бөлініп кетеді. XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейінгі Ресейдің саяси, әскери, экономикалық отарлау бағыттарындағы жүргізген саясатының алғашқы кезеңінде Кіші жүз бен Орта жүздегі әлсіз саяси құрылымдар одан әрі бөлшектенеді де, отарлаудың күшеюіне байланысты хандық билік біржолата жойылып жіберіледі, қазақ жерлерін қоршай әскери шептер мен бекіністер салынады, қазақ ру-тайпаларының ең жақсы жерлері тартып алынады және қазақ халқының басына әртүрлі көлемдегі алым-салықтар салынады. «Бірлігі жоқ елдің тірлігі болмайды» дегендей қазақ халқының басындағы осы бір ауыртпалық кезеңді ортаазиялық хандықтар да пайдаланып қалуға тырысады. Қоқан хандығы да осы кезеңде Жетісу өңірін, Шу, Талас өзендері бойын, Сырдың жоғарғы және орта ағысы бойындағы жерлерді бағындырып, ол өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салады да, жергілікті халықты қанауға кіріседі. Ал Хиуа хандығы болса Сырдың төменгі ағысы бойындағы жерлерге, Арал теңізі бойына және Маңғыстау өңіріне үстемдік жүргізеді. Хиуа ханы да Ресей, Қоқан билеушілері секілді бұл өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салып, оларда әскери күштерін орналастырады. Өзінің тағайындаған өкілі арқылы жергілікті халықты басып-жаншып ұстап отырады. Сол жылдары осы өңірлердегі қазақ ру-тайпалары қанау мен езгінің ең бір сұмдық түрлерін бастарынан өткереді. Ақтан батырдың туып-өскен өңіріндегі халықтың жағдайы XIX ғасырдың бірінші жартысында осындай болатын. Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше дерек мәліметтеріне жүгінелік. 1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806–1825 жылдары хан болған) өзі бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге шабуыл жасайды. Бұл өңірдегі Кіші жүздің шөмекей рулары талан-таражға түсіріліп, 100 мың қойдан, 40 мың түйеден айырылады, 500-дей қыз-келіншек тұтқынға әкетіледі. 1815 жылы Мұхаммедрақым 5000 әскерін тағы да Сырдың төменгі ағысы бойындағы қазақ руларын тонауға аттандырады. Бұл жолы Кіші жүздің шекті рулары жапа шегеді. Хиуа әскері мол олжамен кері оралады. 1816 жылы хиуалықтардың келесі жорығы тағы да осы өңірге бағытталады. Бұл жорықта тек қазақтар жағынан өлгендер саны 2000-нан асады. Міне, осындай шапқыншылықтардан кейін Сыр бойы қазақтарының бір бөлігі Хиуа ханының билігін амалсыздан мойындауға мәжбүр болады. Хиуа ханы жергілікті халықты басқару үшін қазақ хандары әулетінің кейбір өкілдерін өз жағына тартады да, олармен қыз берісіп, қыз алысады. Ал өз билігін мойындай қоймаған сұлтандар арасында алауыздық оттарын өршітіп отырады. 1819 жылы Шерғазы ханның ұлы Жанғазыны Мұхаммедрақым Сырдың төменгі бойындағы қазақтарға хан етіп бекітеді. Шекті руларының ханы Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа ханына бағынбай, Бұхара ханына іш бұратынына көңілі толмаған Мұхаммедрақым оған қарсы Жанғазыны айдап салады. Өңірді өз уысында ұстап, толық бақылауда қадағалап отыру үшін Сырдың төменгі бойында бірнеше бекіністерді салады. Сол бекіністердің ішіндегі ең белгілісі – Қожанияз бекінісі (Бекініс атауының бірнеше атауы болған: Жанкент, Жанқат, Бесқала және бекіністі басқарған Хиуа бектерінің есімдеріне байланысты өзгеріп отырған) болды. Осылайша, Сыр бойы қазақтарының арасындағы берекесіздікті қоздыра отыра, Хиуа ханы өңірді өз уысында ұстап, жергілікті халықты емін-еркін билеп-төстеуге, аяусыз қанауға мүмкіндіктер алады. Хиуа ханының, оның бектерінің қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылықтары күшейіп, алатын салықтары жылдан жылға арта түседі. Міне, осындай жағдайлар жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып, қарулы қарсылықтар көрсетуге, көтерілістер жасауға итермелейді. Осы кездегі халықтың қиын жағдайын түсінген Жанқожа батыр, Ақтан батыр және тағы басқа ел ішінен шыққан батыр тұлғалар атқа қонып, қол жинап Хиуа хандығының езгісіне қарсы шығады. Ақтан батырдың ерлік жолын баяндамас бұрын оның шыққан тегіне тоқталып өтелік. Ол – Кіші жүздегі алты ата Әлім деп аталатын тайпалар бірлестігіндегі Қаракесек тайпасының өкілі болып табылады. Бұл тайпа өз ішінде Есіл және Тобыл (Қазантебер деп те аталады) атты екі қанатқа бөлінеді. Ақтан батыр Есіл атты тайпалық қанаттан өрбиді.Одан әрі шежіреге сүйенсек, Есілден – Үңгіт, Жолай атты бөлімдер таралады да, Үңгіт өз ішінде Табаншы, Естек және Жақау деген үш тайпалық бөлімшеге жіктеліп кетеді.Тайпалық бөлімшеге түпата болған Жақау батыр – Ақтан батырдың төртінші атасы болып келеді. Шежірелік материалдар мен ел арасында кең тараған тарихи аңыз-әңгімелер Жақауды қарақыпшақ Қобыланды батырдың қарындасынан туған жиені және өз заманында әрі би, әрі батыр болған атақты тұлға деседі. Тіпті кейбір шежірелерде оны хан деп те атайды. Бұл жерде Жақау батырдың «хан» титулын иеленуіне байланысты қысқаша түсініктеме беруді жөн көріп отырмыз. Хандық кезеңде хандар ірі шайқастарда көзге түскен, ұрыста шешуші рөл атқарған қолбасшыларға, батырларға сый-сыйапаттар беріп отырған. Қазіргі түсініктер бойынша ол марапаттау болып саналады. Сондай марапаттаудың ең жоғары түріне – хандардың өз тағына көзге түскен батырларды бір мезетке отырғызуы жатқан. Кейіннен сол батырлардың ұрпақтары мақтанышпен өз аталарын хан деп атауды дәстүрге айналдырған. Жақау батырдың да хан болуын осындай жағдайға байланысты туған деп есептейміз. Жақау батырдың бес әйелінен Тыныбек, Жақсылық, Ноғай, Шоңай, Аман, Түмен, Қасаболат, Шой және Малайсары атты тоғыз ұл туып, олар сегіз руға түпата болып саналады. Жақау батырдың үлкені Тыныбектен – Тілес, одан Ақай, Абылай, Атан, Батыр, Сатым және Шөкір есімді аталар тарайды. Ал Ақайдан – Ақтан батыр мен Шортай туылады. Қазақтың батырлық жырларында болашақ батырлардың дүниеге келетінін белгілі бір әулиелер, көріпкелдер немесе арқалы адамдар алдын ала болжап айтатыны белгілі. Ақтан батырдың да дүниеге келерінің алдында есімі бүкіл Қаракесек тайпасының ұранына айналған Ақпан әулие болжай білген екен. Бұл туралы ел аузында мынадай тарихи әңгіме бар: «Ақайдың бәйбішесі – Ақтанның шешесінің төбесінде шырақ жанып жүргенін көрген әруақты Ақпан батыр: «Мына іштегі тегін бала емес. Киелі бала екен, Әулиелік кереметі бір бөлек. Бүкіл Әлімнің намысын қорғайтын батыр болар. Бірақ, мен бұл баланы көре алмаспын. Әруақ қолдасын, менің жолымды берген», – деп батасын берген болатын қартайған шағында. Сөйтіп, мінген атының ерінің үстіндегі боз көпшігін: «Балаға табыс етесіңдер», – деп қалдырған екен. Ақай атамыз осы бала дүниеге келгенде «атасының батасы дарысын» дегенмен азан шақыртып Ақтан деп ат қойыпты. …Сонымен есімі бүкіл Қаракесекке ұран болған әулие Ақпан батырдың батасы дарыған Ақтанға қысылғанда ойнақшып шыға келетін киелі бұлты осы атасынан қоныпты» (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997, 7 б.) Ақтан батырдың туған жылына келсек, ол жөнінде екі түрлі пікір бар. Арал, Қазалы өңіріндегі шежірешілер мен қариялардың айтуынша ол 1770-ші жылы қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылына қарасты «Тілес» арығы бойындағы «Түлкіқашқан» деген жерде дүниеге келіпті. Бұл қазіргі кезде кең тараған пікірге жатады. Ал ақтөбелік өлкетанушылар мен шежірешілер батырды 1785 жылы туған деседі (Шүкіров Қ. Әлім, Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 43 бет). Бұл пікірді қолдаушылар сан жағынан аз болса да, онда біршама шындыққа сәйкес келетін тұстары бар. Ақтан батырдың туған інісі Шортайдың ұрпағы Жолдасбай Қошқарұлының дерегі бойынша батыр 1785 жылы дүниеге келген (Айтуғанұлы Ш. Қаракесек Ақай ұлы Ақтан батыр. Қазалы, 1997 жыл, 23 бет). Және де Ш.Айтуғанұлы Ақтан батырдың басындағы құлпытаста өлген жылы деп «1876» жылдың көрсетілгенін айтады. (Сонда. 23-б.). «Ақтан батыр» дастанында 1830–1840-шы жылдардағы оқиғаларға қатысты мынадай жолдар айтылады: «Тұлғалы адам екен Ақтан батыр, Қылышы қынабы мен қапталда тұр. Жетіпті ер жасына осы биыл, Елудің есігінен аттап жатыр» (Омаров Ф. Ақтан батыр. Дастан. Мына кітапта: Шүкіров Қ. Әлім,Ұланақ – сұрасаң руымды Қаракесек… Ақтөбе, 2005 жыл, 47 бет). Тағы бір деректе 1860-шы жылдан кейін Жанқожа батырдың кегін қайтарған Төртқара Байқазақ батыр орыс абақтысына қамалғанда Ақтан батыр оны құтқарып алған екен. (Райымбаев К.Кіші жүз, Алшын, Әлім Ұланақтан (Қаракесек) бесіктегі ұлға шейін шежіре, тарих. Қызылорда, 2000 жыл, 102 бет). Осы жоғарыда келтірген ауызша дерек мәліметтері Ақтан батыр 1785 жылы туылған деген пікірдің шындықтың ауылына бір табан жақын екендігін дәлелдей түседі. Дегенменде, шындық әлі де болса ақиқат емес. Сол себепті де Ақтан батыр жөнінде болашақта жазылатын зерттеулерде бұл мәселе арнайы қарастырылып, оң шешімін табады деген ойдамыз.
- http://emirsaba.org/bajdaliev-d-d.html?page=6
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Издательство Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akpan batyrҰly zhүzdin Dulat tajpasynyn Zhanys ruynyn Shegir boliminen shykkan Қazak tarihynda batyrlyk zhyr dastandar men tarihi anyz әngimelerdin en kop pajda bolgan dәuirine XVIII gasyr men XIX gasyrdyn birinshi zhartysy aralygyn kamtygan 150 zhyldaj uakyt zhatady Osy kezennin birinshi boligi zhongarlarga karsy kүrespen ajrykshalanyp ol kezen oz kezeginde atakty Қabanbaj Bogenbaj Nauryzbaj Eset Tajlak Sauryk zhәne tagy baska koptegen kolbasshy batyrlardy dүniege keltirgeni belgili Al ekinshi bolikke zhongarlarga karsy kүresten kejingi Resej otarshyldygy men ezgisine ortaaziyalyk Қokan Buhar Hiua handyktarynyn ozbyrlyktaryna baskynshylyktaryna tonaushylyktaryna karsy bolgan koterilister ult azattyk kozgalystar kezeni zhatady Uakyt zhagynan alganda bul kezenge XVIII gasyrdyn 70 shi zhyldary men XIX gasyrdyn 60 shy zhyldary aralygy saj keledi Osy kezende de kazak halky oz ortasynan tarihi tulgalardyn әsirese batyrlardyn kop shogyryn tarih torine shygarady Sarzhan Kenesary Nauryzbaj sekildi han sultandar Syrym Datuly Isataj Tajmanuly Mahambet Өtemisuly Zholaman Tilenshiuly Eset Kotibaruly Zhankozha Nurmuhameduly sekildi batyrlar men biler osy kiyn kystau dәuir dүniege әkelgen tulgalar Tomende biz soz etkeli otyrgan tulganyn biri Zhankozha batyrdyn karulas serigi Aktan batyr da osy kezen dүniege keltirgen batyrlardyn kataryna zhatady Akpan batyrdyn esimi bүkil kazak zhurtshylygyna bejmәlimdeu bolganymen batyrdyn omir sүrgen ajmagy Aral Қaza ly Shalkar onirlerindegi turgyndar batyr esimimen zhaksy tanys Batyr esiminin bүkil kazak halkyna tanymal bolmauyna keshegi kenestik kezendegi үstem ideologiyanyn keri әseri zhәne sogan bajlanysty tulganyn bojynda batyrlyk kasieti men әulielik kasietterinin katar boluyna bajlanys ty onyn omir zholyn zertteuge kenestik tarihshylardyn zhүrek terinin daualamauy zhatsa kerek Өtken gasyrdyn 90 shy zhyldary Aktan batyr turaly Aral zhәne Қazaly audandary nyn audandyk gazetterinde zhergilikti avtorlar Sh Ajtuganulynyn M Saktaganovtyn B Alpamysovtyn O Ayapbergenovtyn zhәne tagy baska avtorlardyn makalalary el auzynan zhinagan tarihi anyz әngimeleri tolgaulary men dastandary zharyk kordi Batyr babanyn aruagyna arnap as berilip kuran okyldy bejiti zhondelip kajta zhangyrtylady Aktan batyrdyn onegeli omiri men erlikke toly isterin halkyna sinirgen enbegi men zheke basynyn kasietterin kalyn okyrmanga tanystyra otyra onyn XIX gasyrdyn birinshi zhartysyndagy kazak halkynyn ult azattyk kozgalystaryndagy alar orny men rolin korsetudi zhon korip otyrmyz Tarihi tulgalardy omir sүrgen zamany kalyptastyrady degen kagidany eskere otyra batyr babamyzdyn omir zholyn bayandamas buryn aldymenen onyn zamanyna zamanynyn halkyna tigizgen kiyndyktaryna toktala ketelik Aktan batyr omir sүrgen XVIII gasyrdyn ekinshi zhartysy men XIX gasyrdyn ortasy aralygy kazak tarihyndagy en bir auyr kezenge zhatady Zhongarlarga karsy kүreste kazak halky ozinin ult retindegi tutastygyn bostandygyn saktap kalsa da ishki birligi men sayasi tutastygyn әlsiretip alady Mundaj zhagdajdy Resej zhaksy pajdalanyp kazak bileushi toptary arasyndagy alauyzdyktardyn otyn odan әri orshite tүsedi Sonyn nәtizhesinde Tәuke han tusyndagy kazak memlekettiligi ozinin bir ortalyktan baskarylatyn zhүjesinen ajyrylyp bir birine bagynbajtyn derbes handary bar birneshe sayasi kurylymdarga bolinip ketedi XVIII gasyrdyn ortasynan XIX gasyrdyn ortasyna dejingi Resejdin sayasi әskeri ekonomikalyk otarlau bagyttaryndagy zhүrgizgen sayasatynyn algashky kezeninde Kishi zhүz ben Orta zhүzdegi әlsiz sayasi kurylymdar odan әri bolshektenedi de otarlaudyn kүsheyuine bajlanysty handyk bilik birzholata zhojylyp zhiberiledi kazak zherlerin korshaj әskeri shepter men bekinister salynady kazak ru tajpalarynyn en zhaksy zherleri tartyp alynady zhәne kazak halkynyn basyna әrtүrli kolemdegi alym salyktar salynady Birligi zhok eldin tirligi bolmajdy degendej kazak halkynyn basyndagy osy bir auyrtpalyk kezendi ortaaziyalyk handyktar da pajdalanyp kaluga tyrysady Қokan handygy da osy kezende Zhetisu onirin Shu Talas ozenderi bojyn Syrdyn zhogargy zhәne orta agysy bojyndagy zherlerdi bagyndyryp ol onirlerde oz bekinisteri men kamaldaryn salady da zhergilikti halykty kanauga kirisedi Al Hiua handygy bolsa Syrdyn tomengi agysy bojyndagy zherlerge Aral tenizi bojyna zhәne Mangystau onirine үstemdik zhүrgizedi Hiua hany da Resej Қokan bileushileri sekildi bul onirlerde oz bekinisteri men kamaldaryn salyp olarda әskeri kүshterin ornalastyrady Өzinin tagajyndagan okili arkyly zhergilikti halykty basyp zhanshyp ustap otyrady Sol zhyldary osy onirlerdegi kazak ru tajpalary kanau men ezginin en bir sumdyk tүrlerin bastarynan otkeredi Aktan batyrdyn tuyp osken onirindegi halyktyn zhagdajy XIX gasyrdyn birinshi zhartysynda osyndaj bolatyn Endi sozimiz dәleldi boluy үshin birneshe derek mәlimetterine zhүginelik 1812 zhyly kys ajynda Hiua hany Muhammedrakym 1806 1825 zhyldary han bolgan ozi bastap Syrdariya men Қuandariya ozenderinin bojynda kystap zhatkan bejbit elge shabuyl zhasajdy Bul onirdegi Kishi zhүzdin shomekej rulary talan tarazhga tүsirilip 100 myn kojdan 40 myn tүjeden ajyrylady 500 dej kyz kelinshek tutkynga әketiledi 1815 zhyly Muhammedrakym 5000 әskerin tagy da Syrdyn tomengi agysy bojyndagy kazak rularyn tonauga attandyrady Bul zholy Kishi zhүzdin shekti rulary zhapa shegedi Hiua әskeri mol olzhamen keri oralady 1816 zhyly hiualyktardyn kelesi zhorygy tagy da osy onirge bagyttalady Bul zhorykta tek kazaktar zhagynan olgender sany 2000 nan asady Mine osyndaj shapkynshylyktardan kejin Syr bojy kazaktarynyn bir boligi Hiua hanynyn biligin amalsyzdan mojyndauga mәzhbүr bolady Hiua hany zhergilikti halykty baskaru үshin kazak handary әuletinin kejbir okilderin oz zhagyna tartady da olarmen kyz berisip kyz alysady Al oz biligin mojyndaj kojmagan sultandar arasynda alauyzdyk ottaryn orshitip otyrady 1819 zhyly Shergazy hannyn uly Zhangazyny Muhammedrakym Syrdyn tomengi bojyndagy kazaktarga han etip bekitedi Shekti rularynyn hany Aryngazy Әbilgazyulynyn Hiua hanyna bagynbaj Buhara hanyna ish buratynyna konili tolmagan Muhammedrakym ogan karsy Zhangazyny ajdap salady Өnirdi oz uysynda ustap tolyk bakylauda kadagalap otyru үshin Syrdyn tomengi bojynda birneshe bekinisterdi salady Sol bekinisterdin ishindegi en belgilisi Қozhaniyaz bekinisi Bekinis atauynyn birneshe atauy bolgan Zhankent Zhankat Beskala zhәne bekinisti baskargan Hiua bekterinin esimderine bajlanysty ozgerip otyrgan boldy Osylajsha Syr bojy kazaktarynyn arasyndagy berekesizdikti kozdyra otyra Hiua hany onirdi oz uysynda ustap zhergilikti halykty emin erkin bilep tosteuge ayausyz kanauga mүmkindikter alady Hiua hanynyn onyn bekterinin karapajym halykka zhasagan zorlyk zombylyktary kүshejip alatyn salyk tary zhyldan zhylga arta tүsedi Mine osyndaj zhagdajlar zhergilikti halyktyn ashu yzasyn tugyzyp karuly karsylyktar korsetuge koterilister zhasauga itermelejdi Osy kezdegi halyktyn kiyn zhagdajyn tүsingen Zhankozha batyr Aktan batyr zhәne tagy baska el ishinen shykkan batyr tulgalar atka konyp kol zhinap Hiua handygynyn ezgisine karsy shygady Aktan batyrdyn erlik zholyn bayandamas buryn onyn shykkan tegine toktalyp otelik Ol Kishi zhүzdegi alty ata Әlim dep atalatyn tajpalar birlestigindegi Қarakesek tajpasynyn okili bolyp tabylady Bul tajpa oz ishinde Esil zhәne Tobyl Қazanteber dep te atalady atty eki kanatka bolinedi Aktan batyr Esil atty tajpalyk kanattan orbidi Odan әri shezhirege sүjensek Esilden Үngit Zholaj atty bolimder taralady da Үngit oz ishinde Tabanshy Estek zhәne Zhakau degen үsh tajpalyk bolimshege zhiktelip ketedi Tajpalyk bolimshege tүpata bolgan Zhakau batyr Aktan batyrdyn tortinshi atasy bolyp keledi Shezhirelik materialdar men el arasynda ken taragan tarihi anyz әngimeler Zhakaudy karakypshak Қobylandy batyrdyn karyndasynan tugan zhieni zhәne oz zamanynda әri bi әri batyr bolgan atakty tulga desedi Tipti kejbir shezhirelerde ony han dep te atajdy Bul zherde Zhakau batyrdyn han titulyn ielenuine bajlanysty kyskasha tүsinikteme berudi zhon korip otyrmyz Handyk kezende handar iri shajkastarda kozge tүsken urysta sheshushi rol atkargan kolbasshylarga batyrlarga syj syjapattar berip otyrgan Қazirgi tүsinikter bojynsha ol marapattau bolyp sanalady Sondaj marapattaudyn en zhogary tүrine handardyn oz tagyna kozge tүsken batyrlardy bir mezetke otyrgyzuy zhatkan Kejinnen sol batyrlardyn urpaktary maktanyshpen oz atalaryn han dep ataudy dәstүrge ajnaldyrgan Zhakau batyrdyn da han boluyn osyndaj zhagdajga bajlanysty tugan dep eseptejmiz Zhakau batyrdyn bes әjelinen Tynybek Zhaksylyk Nogaj Shonaj Aman Tүmen Қasabolat Shoj zhәne Malajsary atty togyz ul tuyp olar segiz ruga tүpata bolyp sanalady Zhakau batyrdyn үlkeni Tynybekten Tiles odan Akaj Abylaj Atan Batyr Satym zhәne Shokir esimdi atalar tarajdy Al Akajdan Aktan batyr men Shortaj tuylady Қazaktyn batyrlyk zhyrlarynda bolashak batyrlardyn dүniege keletinin belgili bir әulieler koripkelder nemese arkaly adamdar aldyn ala bolzhap ajtatyny belgili Aktan batyrdyn da dүniege kelerinin aldynda esimi bүkil Қarakesek tajpasynyn uranyna ajnalgan Akpan әulie bolzhaj bilgen eken Bul turaly el auzynda mynadaj tarihi әngime bar Akajdyn bәjbishesi Aktannyn sheshesinin tobesinde shyrak zhanyp zhүrgenin korgen әruakty Akpan batyr Myna ishtegi tegin bala emes Kieli bala eken Әulielik keremeti bir bolek Bүkil Әlimnin namysyn korgajtyn batyr bolar Birak men bul balany kore almaspyn Әruak koldasyn menin zholymdy bergen dep batasyn bergen bolatyn kartajgan shagynda Sojtip mingen atynyn erinin үstindegi boz kopshigin Balaga tabys etesinder dep kaldyrgan eken Akaj atamyz osy bala dүniege kelgende atasynyn batasy darysyn degenmen azan shakyrtyp Aktan dep at kojypty Sonymen esimi bүkil Қarakesekke uran bolgan әulie Akpan batyrdyn batasy darygan Aktanga kysylganda ojnakshyp shyga keletin kieli bulty osy atasynan konypty Ajtuganuly Sh Қarakesek Akaj uly Aktan batyr Қazaly 1997 7 b Aktan batyrdyn tugan zhylyna kelsek ol zhoninde eki tүrli pikir bar Aral Қazaly onirindegi shezhireshiler men kariyalardyn ajtuynsha ol 1770 shi zhyly kazirgi Қyzylorda oblysy Қazaly audany Zhankozha batyr auylyna karasty Tiles arygy bojyndagy Tүlkikashkan degen zherde dүniege kelipti Bul kazirgi kezde ken taragan pikirge zhatady Al aktobelik olketanushylar men shezhireshiler batyrdy 1785 zhyly tugan desedi Shүkirov Қ Әlim Ұlanak surasan ruymdy Қarakesek Aktobe 2005 zhyl 43 bet Bul pikirdi koldaushylar san zhagynan az bolsa da onda birshama shyndykka sәjkes keletin tustary bar Aktan batyrdyn tugan inisi Shortajdyn urpagy Zholdasbaj Қoshkarulynyn deregi bojynsha batyr 1785 zhyly dүniege kelgen Ajtuganuly Sh Қarakesek Akaj uly Aktan batyr Қazaly 1997 zhyl 23 bet Zhәne de Sh Ajtuganuly Aktan batyrdyn basyndagy kulpytasta olgen zhyly dep 1876 zhyldyn korsetilgenin ajtady Sonda 23 b Aktan batyr dastanynda 1830 1840 shy zhyldardagy okigalarga katysty mynadaj zholdar ajtylady Tulgaly adam eken Aktan batyr Қylyshy kynaby men kaptalda tur Zhetipti er zhasyna osy biyl Eludin esiginen attap zhatyr Omarov F Aktan batyr Dastan Myna kitapta Shүkirov Қ Әlim Ұlanak surasan ruymdy Қarakesek Aktobe 2005 zhyl 47 bet Tagy bir derekte 1860 shy zhyldan kejin Zhankozha batyrdyn kegin kajtargan Tortkara Bajkazak batyr orys abaktysyna kamalganda Aktan batyr ony kutkaryp algan eken Rajymbaev K Kishi zhүz Alshyn Әlim Ұlanaktan Қarakesek be sik tegi ulga shejin shezhire tarih Қyzyl orda 2000 zhyl 102 bet Osy zhogaryda keltirgen auyzsha derek mәlimetteri Aktan batyr 1785 zhyly tuyl gan degen pikirdin shyndyktyn auylyna bir taban zhakyn ekendigin dәleldej tүsedi De genmende shyndyk әli de bolsa aki kat emes Sol sebepti de Aktan batyr zho ninde bolashakta zhazylatyn zertteulerde bul mәsele arnajy karastyrylyp on sheshi min tabady degen ojdamyz http emirsaba org bajdaliev d d html page 6 Baspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Zhanys Almaty Izdatelstvo Өner 2004 992 b ISBN 9965 595 78 H