Антуан (Antoіne) Андре (31.1.1858, Лимож, — 9.10.1943, ), француз режиссері, актер, театртанушы. Париждегі Бостандық театрын ұйымдастырып (1887), оның көркемдік жағын басқарды. А. сахна өнерінде актерлер ойынының өзара үйлесімін, ансамбль принципін жүзеге асырды. Қоғамдық мәселені қозғайтын пьесаларды франц. театрының репертуарына енгізе отырып, көркемдік дәрежесі төмен ортақол драматургиялық шығармаларға қарсы күресті. Ол Л.Н. Толстойдың “Қараңғылық патшалығы” (1888), Г.Ибсеннің “Елестері” мен “Жабайы үйрегін” (1890 — 91) және Г.Гауптманның “Тоқымашыларын” (1893) театр сахнасында қойып, шетел драматургиясының озық үлгілерін кеңінен насихаттап отырды. 1896 — 1906 ж. өзі ұйымдастырған Антуан театрын, 1906 — 14 ж. Одеон театрын басқарды. 1914 ж-дан кейін А. театрдан қол үзіп, кино өнері және театр сынымен шұғылданды. А-ның дүниежүзі театрына әсері мол болды. Оның Бостандық театры мәнерінде Берлинде Отто Брамның Бостандық сахнасы, Лондонда — Тәуелсіз театр дүниеге келді. А. тәжірибелері орыс театр реформаторлары К.Станиславский мен В.Немирович-Данченко үшін де маңызды болды. А-ның труппадағы амплуасы ансамбльдік принципін қазақ режиссерлері Р.Сейтметов, Ж.Хаджиевтер өз жұмыстарында пайдалануға тырысты.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Antuan Antoine Andre 31 1 1858 Limozh 9 10 1943 francuz rezhisseri akter teatrtanushy Parizhdegi Bostandyk teatryn ujymdastyryp 1887 onyn korkemdik zhagyn baskardy A sahna onerinde akterler ojynynyn ozara үjlesimin ansambl principin zhүzege asyrdy Қogamdyk mәseleni kozgajtyn pesalardy franc teatrynyn repertuaryna engize otyryp korkemdik dәrezhesi tomen ortakol dramaturgiyalyk shygarmalarga karsy kүresti Ol L N Tolstojdyn Қarangylyk patshalygy 1888 G Ibsennin Elesteri men Zhabajy үjregin 1890 91 zhәne G Gauptmannyn Tokymashylaryn 1893 teatr sahnasynda kojyp shetel dramaturgiyasynyn ozyk үlgilerin keninen nasihattap otyrdy 1896 1906 zh ozi ujymdastyrgan Antuan teatryn 1906 14 zh Odeon teatryn baskardy 1914 zh dan kejin A teatrdan kol үzip kino oneri zhәne teatr synymen shugyldandy A nyn dүniezhүzi teatryna әseri mol boldy Onyn Bostandyk teatry mәnerinde Berlinde Otto Bramnyn Bostandyk sahnasy Londonda Tәuelsiz teatr dүniege keldi A tәzhiribeleri orys teatr reformatorlary K Stanislavskij men V Nemirovich Danchenko үshin de manyzdy boldy A nyn truppadagy ampluasy ansambldik principin kazak rezhisserleri R Sejtmetov Zh Hadzhievter oz zhumystarynda pajdalanuga tyrysty Antuan AndreDerekkozder