Актерлік өнер — адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ(кейіп) жасау өнері.
Актерлік өнер шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет. Негізінде салт-дәстүрлік рәсімдерден басталған актерлік өнер жан-жақты өнер түрі болып қалыптасты. Салт-дәстүрлік рәсімдерде ән, би, музыка, сөз, грим, киім т.б. қолданылатын. Бертін келе актерлік өнердің балетте — бимен, операда — әнмен, ал — сөзбен тығыз байланысты үш түрі айқындалды. Драмалық спектакльдерде де би мен ән болады, бірақ ол қосымша құрал ғана. Актерлік өнердің “таза түрі” де бар, ол — пантомима. Әсерлі сезімге толы қимыл пантомиманың негізін құрайды, мұнсыз актерлік өнер де жоқ. Сондықтан пантомиманы актерлік өнердің негізі деп қабылдаймыз. Актерлік өнердің өзіне тән маңызды ерекшелігі бар. Мысалы: кескіндемешілер кенеппен, бояумен, мүсіншілер гипс, мәрмәр, ағашпен жұмыс істейді. Ал актердің жұмыс құралы — өзі, яғни жүрісі, қимылы, мимикасы, үні және психикасы. Сондықтан актер үнемі қимыл ептілігін, дауыс мүмкіндігін жетілдіруге тырысады, грим техникасын үйренеді, ең бастысы іштей түрленуге тырысады. Актерлік өнерде ізденуді образдың сомдалуынан бөліп алуға болмайды. Премьера — тек қана істің нәтижесі емес, ол жасампаздық еңбектің жалғасы, шарықтау шегі. Актер көрермендер алдында жұмыс үстінде, ол әрбір спектакль сайын жаңарып көрінеді. Актер мен образ бірігіп кеткендей әсер қалдырса, актерлік өнердің табысты болғаны. Коңқайды Серке Қожамқұлов ойнайтынын жұрттың бәрі біледі, бірақ Қоңқай—Серке сахнаға шыға келгенде көрермен өткен ғасырда өмір сүрген түйсіксіз надан Қоңқайға деген ызасы мен мүсіркеуін жасыра алмайды, өйткені сахнада Қожамқұлов емес, Қоңқай тұрады. Актерлік өнердің бір құралы — тапқырлық. Сахнада тапқырлық автор мен режиссердің артқан міндетін орындай отырып, рөл табиғатын сақтап, әсерлендірудегі актердің еркіндігінен көрінеді. Қазақ театрында оның классикалық бір түрін 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте Қ.Жандарбеков көрсетті. “Қыз Жібек” операсында Бекежан рөлін ойнап жүрген актер кезекті бір көріністе даусының жетпей қалатынын байқап әнді шырқай көтерудің орнына қарқылдап күліп жібереді де, әрі қарай нотадан шықпай әнін жалғастырады. Бұл әрекеттің сәтті тапқырлық болғаны сонша, кейін Бекежан рөлін орындаушылардың бәрі осылай айтатын болды.
Актерлік өнердің алғышарттарының бәрі қазақ тұрмысында болған. Мысалы: айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі әсерлі сөз сайысы әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Әзіл айтыс болса, айтысушылар түр-әлпетін сайқымазақтарша өзгертіп отыратын болған. Ал, қазақтың қыз ұзату, келін түсірудегі дәстүрлі ырымдар, ән мен бидің, күлдіргіштердің әрекеттері сол бойы сахнаға сұранып тұрған көріністер. Жәрмеңкедегі ағашаяқтардың, жарапазан айтушылардың, көкпар мен қыз қуудағы әрекеттердің бәрінде актерлік өнердің элементтері жатыр. Театр өнеріне жатырқалмай қабылданып, тез дамуына да себеп болған осы жайттар болса керек. Қазақ театрының іргесін қалап, шаңырағын көтерген актерлердің бәрінде де актерлік өнерге қажетті қабілеттер мол болатын. Біресе қыздың, біресе кемпірдің, біресе шалдың рөлін орындайтын, тіпті сиыр мен лақтың үнін де айнытпай салатын Қ.Қуанышбаев, бір спектакльде қыздың, кемпірдің және жас жігіттің рөлін қатар ойнайтын Е. Өмірзақов, бір өзі бүкіл ансамбльге тұратын И. Байзақов, аққуға үн қосқан Әміре т.б. нағыз халық арасынан шыққан актерлер болатын. Бұлардың бәрі де “таза” актерлік өнерді ешбір оқусыз меңгерген табиғи таланттар. Өркениетті қоғамдағы театр тарихында сахнадағы үнсіз көріністің (уақытша тоқтап қалу) мәніне айрықша назар аударылады. Актер неғұрлым дарынды болса, соғұрлым оның үнсіз ойнауы әсерлі көрінеді. Осы өлшеммен қарағанда Қуанышбаевтың “Ақан Сері - Ақтоқты” спектакліндегі мылқау Балуан рөлін “таза” актерлік өнердің үлгісі деп тануымыз керек. Оның әрбір қимылы, көзқарасы, көкірегін жара шығатын күрсінісі, сынған домбыраны аялай ұстап тұрып егілгендегі көз жасының әсерлілігі сонша, мылқау сөзі анықтауыштан зат есімге айналып “Мылқау балуан” кейіпкер аты болып қалыптасты. Бұл да қазақ театрындағы актерлік өнердің айшықты бір көрінісі болып табылады. Қазақтың актерлік өнері кәсіптік жағынан қалыптасқан, өзіндік сахналық мектебі бар бірнеше буыннан құралады. Актер кадрларын 1932 жылдан театр студиялары, ал 1978 жылдан Т. Жүргенов атындағы театр және кино институты даярлайды.
Дереккөздер
- Қазақстан балалар энциклопедиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Acting |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akterlik oner adam bojyndagy kabiletterinin komegimen belgili bir kezen men uakytka tәn tiri obraz kejip zhasau oneri Akterlik oner shabyt kүshin kiyal kuatyn ystyk sezimdi talap etetin erekshe kabilet Negizinde salt dәstүrlik rәsimderden bastalgan akterlik oner zhan zhakty oner tүri bolyp kalyptasty Salt dәstүrlik rәsimderde әn bi muzyka soz grim kiim t b koldanylatyn Bertin kele akterlik onerdin balette bimen operada әnmen al sozben tygyz bajlanysty үsh tүri ajkyndaldy Dramalyk spektaklderde de bi men әn bolady birak ol kosymsha kural gana Akterlik onerdin taza tүri de bar ol pantomima Әserli sezimge toly kimyl pantomimanyn negizin kurajdy munsyz akterlik oner de zhok Sondyktan pantomimany akterlik onerdin negizi dep kabyldajmyz Akterlik onerdin ozine tәn manyzdy ereksheligi bar Mysaly keskindemeshiler keneppen boyaumen mүsinshiler gips mәrmәr agashpen zhumys istejdi Al akterdin zhumys kuraly ozi yagni zhүrisi kimyly mimikasy үni zhәne psihikasy Sondyktan akter үnemi kimyl eptiligin dauys mүmkindigin zhetildiruge tyrysady grim tehnikasyn үjrenedi en bastysy ishtej tүrlenuge tyrysady Akterlik onerde izdenudi obrazdyn somdaluynan bolip aluga bolmajdy Premera tek kana istin nәtizhesi emes ol zhasampazdyk enbektin zhalgasy sharyktau shegi Akter korermender aldynda zhumys үstinde ol әrbir spektakl sajyn zhanaryp korinedi Akter men obraz birigip ketkendej әser kaldyrsa akterlik onerdin tabysty bolgany Konkajdy Serke Қozhamkulov ojnajtynyn zhurttyn bәri biledi birak Қonkaj Serke sahnaga shyga kelgende korermen otken gasyrda omir sүrgen tүjsiksiz nadan Қonkajga degen yzasy men mүsirkeuin zhasyra almajdy ojtkeni sahnada Қozhamkulov emes Қonkaj turady Akterlik onerdin bir kuraly tapkyrlyk Sahnada tapkyrlyk avtor men rezhisserdin artkan mindetin oryndaj otyryp rol tabigatyn saktap әserlendirudegi akterdin erkindiginen korinedi Қazak teatrynda onyn klassikalyk bir tүrin 1936 zhyly Mәskeude otken onkүndikte Қ Zhandarbekov korsetti Қyz Zhibek operasynda Bekezhan rolin ojnap zhүrgen akter kezekti bir koriniste dausynyn zhetpej kalatynyn bajkap әndi shyrkaj koterudin ornyna karkyldap kүlip zhiberedi de әri karaj notadan shykpaj әnin zhalgastyrady Bul әrekettin sәtti tapkyrlyk bolgany sonsha kejin Bekezhan rolin oryndaushylardyn bәri osylaj ajtatyn boldy Akterlik onerdin algysharttarynyn bәri kazak turmysynda bolgan Mysaly ajtystagy shugyl tapkyr әri әserli soz sajysy әdemi kimyl oryndy mimikamen birge korinedi Әzil ajtys bolsa ajtysushylar tүr әlpetin sajkymazaktarsha ozgertip otyratyn bolgan Al kazaktyn kyz uzatu kelin tүsirudegi dәstүrli yrymdar әn men bidin kүldirgishterdin әreketteri sol bojy sahnaga suranyp turgan korinister Zhәrmenkedegi agashayaktardyn zharapazan ajtushylardyn kokpar men kyz kuudagy әreketterdin bәrinde akterlik onerdin elementteri zhatyr Teatr onerine zhatyrkalmaj kabyldanyp tez damuyna da sebep bolgan osy zhajttar bolsa kerek Қazak teatrynyn irgesin kalap shanyragyn kotergen akterlerdin bәrinde de akterlik onerge kazhetti kabiletter mol bolatyn Birese kyzdyn birese kempirdin birese shaldyn rolin oryndajtyn tipti siyr men laktyn үnin de ajnytpaj salatyn Қ Қuanyshbaev bir spektaklde kyzdyn kempirdin zhәne zhas zhigittin rolin katar ojnajtyn E Өmirzakov bir ozi bүkil ansamblge turatyn I Bajzakov akkuga үn koskan Әmire t b nagyz halyk arasynan shykkan akterler bolatyn Bulardyn bәri de taza akterlik onerdi eshbir okusyz mengergen tabigi talanttar Өrkenietti kogamdagy teatr tarihynda sahnadagy үnsiz korinistin uakytsha toktap kalu mәnine ajryksha nazar audarylady Akter negurlym daryndy bolsa sogurlym onyn үnsiz ojnauy әserli korinedi Osy olshemmen karaganda Қuanyshbaevtyn Akan Seri Aktokty spektaklindegi mylkau Baluan rolin taza akterlik onerdin үlgisi dep tanuymyz kerek Onyn әrbir kimyly kozkarasy kokiregin zhara shygatyn kүrsinisi syngan dombyrany ayalaj ustap turyp egilgendegi koz zhasynyn әserliligi sonsha mylkau sozi anyktauyshtan zat esimge ajnalyp Mylkau baluan kejipker aty bolyp kalyptasty Bul da kazak teatryndagy akterlik onerdin ajshykty bir korinisi bolyp tabylady Қazaktyn akterlik oneri kәsiptik zhagynan kalyptaskan ozindik sahnalyk mektebi bar birneshe buynnan kuralady Akter kadrlaryn 1932 zhyldan teatr studiyalary al 1978 zhyldan T Zhүrgenov atyndagy teatr zhәne kino instituty dayarlajdy DerekkozderҚazakstan balalar enciklopediyasy Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category ActingBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz