Қойлыбай – есімі аңызға айналған бақсы.
Ш.Уәлиханов Қойлыбайды “бақсылардың бақсысы әрі пірі” десе, Ә.Марғұлан “Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі – Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады” деген пікір айтады. Ә.Диваев хатқа түсірген “Бақсы” жырындағы аңыз бойынша, Қойлыбайдың төрт батыр ұлы және бес мың жыны болған.
Халық аңызында Көкжарлы Барақ батыр өтінген соң, Қойлыбай ат бәйгесіне қобызын қосады. Жарыс болатын жерге алдын ала келіп, қобызын үлкен сексеуілге байлатқан Қойлыбай бәйге аттарының шаңы көрінгенде қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет қатты дауыл тұрып, ысқырған жел соғады. Көп ұзамай, дауыл ортасынан алғашқы аттар көрінеді, алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келеді. Шаңды дауыл мен қызыл жел Қойлыбайдың Көкаман атты жынының күші еді. Бәйгеге қобыз қосу үрдісіне қарап, Қойлыбай өмір сүрген кезең Қорқыт заманына сай келеді деген тұспал жасауға болады. Қойлыбай туралы Ш.Уәлиханов зерттеулерін негізге ала отырып, М.Жұмабаев “Қойлыбайдың қобызы” атты дастан жазды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қojlybaj esimi anyzga ajnalgan baksy Sh Uәlihanov Қojlybajdy baksylardyn baksysy әri piri dese Ә Margulan Қorkyttyn kobyzyn onyn sarynyn en algash ret miras etken kisi Қojlybaj baksy Ol Қorkyttyn shәkirti bolyp sanalady degen pikir ajtady Ә Divaev hatka tүsirgen Baksy zhyryndagy anyz bojynsha Қojlybajdyn tort batyr uly zhәne bes myn zhyny bolgan Halyk anyzynda Kokzharly Barak batyr otingen son Қojlybaj at bәjgesine kobyzyn kosady Zharys bolatyn zherge aldyn ala kelip kobyzyn үlken sekseuilge bajlatkan Қojlybaj bәjge attarynyn shany koringende kolyna kylyshyn alyp baksylyk ojynyn bastap saryn ajtady Kenet katty dauyl turyp yskyrgan zhel sogady Kop uzamaj dauyl ortasynan algashky attar korinedi aldynda sekseuil sүjretken Қojlybajdyn kobyzy keledi Shandy dauyl men kyzyl zhel Қojlybajdyn Kokaman atty zhynynyn kүshi edi Bәjgege kobyz kosu үrdisine karap Қojlybaj omir sүrgen kezen Қorkyt zamanyna saj keledi degen tuspal zhasauga bolady Қojlybaj turaly Sh Uәlihanov zertteulerin negizge ala otyryp M Zhumabaev Қojlybajdyn kobyzy atty dastan zhazdy DerekkozderҚazak enciklopediyasyBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz