Таңғұт мемлекеті (Си Ся, қыт. 西夏, Таңғұт жазуы: 𗴂𗹭𗂧𘜶) — 1038—1227 жылдары өмір сүрген Татар даласымен тікелей шектес екінші бір іргелі империя. Ел ұйтқысы негізгі халықтың өзіндік атауы – ми (минья); қытайлар – дансян, тибеттер – миняг деген, таңғұт – түркі тайпалары берген ныспы, орыс және Батыс ғылымына осы есіммен енді.
Таңғұттардың арғы бабалары – тибет-бирма текті цян (қыт. 羌族) тайпалары, Қытай тарихында тым ерте – миләдиге дейінгі IV-III ғасырлардан белгілі. Сары өзенінің бастауы, Көкөнор көлінің төңірегінде қалыптасқан екен. Екі заман шегінде Хән империясымен соғыс нәтижесінде түстікке қарай ығысады, ал IV ғасырда сәнбилерден жеңіліс тапқан соң Көкөнорды тастап шығады да, Тибет етегі – Амдо таулы аймағын сағалайды. Осы біршама тыныш өлке – Хуаңхэ мен Янцзы өзендерінің бастау аралығында өсіп, өнген, ежелгі цян әулетінің бір бұтағы дансян қауымы арада екі-үш ғасыр озғанда қайтадан баба-мекен жұртына қарай жылжиды, ақыры, VII ғасырда Көкөнордан өтіп, ежелгі ғұнның ұйықты қонысы болған Ордосты алады, қанатын жайып, іргелес Алашань даласын баурайды. X ғасыр табалдырығында кейінгі үлкен ұлысқа қараған кеңбайтақ жұрттың басым бөлігін иеленген екен.
Бағзыдан бері қытай тізгінінде болған таңғұт халқының дербес орда құруы да осы X ғасырдың соңғы ширегіне сәйкеседі. Жаңа мемлекеттің ірге тасын қалаушы Цзи-цянь (қыт. 李繼遷) патшаның (982–1004) түп нәсілі – Солтүстік Қытайды билеген түрік текті ежелгі Тоба әулетінен екен. Аңыз бойынша, сүт тістері шығып туады. Кейінгі зерттеушілер болмыстағы ықтимал жағдай дейді, бірақ әпсананың негізгі мәнісі – патшалықты негіздеуші тұлғаның өзгеше жаралмысын айғақтау. Жас бала шынында да ересен болып шығады. Нақты таңбаланған бір оқиға – он бір жасында, аңшылық кезінде сай жебемен тарғыл шеріні атып жығуы. Осыдан соң-ақ болашақ күрескердің атақ-даңқы өз жұртында ғана емес, тақау төңіректе де кеңінен мағлұм болады. Ат жалын тартып мінгеннен бастап Қытай өктемдігін қабылдамаған Цзи-цянь он тоғыз жасында тәуелсіз ұлыс құру жолындағы арпалыс айқасқа кіріседі. Осы, сыртқы биліктен дербестік жарияланған 982 жыл жаңа Таңғұт мемлекетінің туған жылы деп саналады. Ұлыстың кейінірек орныққан өзіндік атауы – Да Ся, яғни Ұлы Ся, қытай рәсімінде Си Ся, мағнасы Батыс Ся демек; мұндағы Ся атауының төркіні – Таңғұт жұртының ежелгі ұйығы болған өңірде бағзы бір заманда Ся деген патшалық ірге теуіпті-міс, яғни жаңа ұлыстың жаңғырған есімі ежелден қалыптасқан елдік жораны айғақтамақ.
Ширек ғасырға жуық ел тұтқасын ұстаған Цзи-цянь Қытай-Сұң империясына қарсы сәтті қорғаныс және шабуыл соғыстарын жүргізеді, Қидан патшалығымен кейде жауласып, кейде одақтасады. Кейде екі тарапта да уақытша жеңілістерге ұшырап, сөз жүзінде Қытай бодандығын қабылдайды, Қиданға бағынышты кейіп танытады, сөйтіп, екі алып елдің ортасында шын мәнісіндегі тәуелсіз жағдайға жетеді. Ту көтерген алғашқы жылынан бастап Таңғұт жұрты өзіндік басқару жүйесі бар, тұрақты, жауынгер әскері бар дербес мемлекет ретінде қалыптасыпты.
Келесі патша, Цзи-цяннің ұлы Дэ-мин (қыт. 李德明) тұсында (1004–1031) ел іргесі беки түссе, оның ұлы Юань-хао (қыт. 李元昊) заманында (1031–1048) Таңғұт мемлекеті өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетеді. Ұлыстың әскери ұжымын күшейте түскен, өз жұртында уцзу, қытайша хуанди, яғни император атағын алған Юань-хао жиын саны 150 мың, қаруы келісті, құрылымы берік, қуатты әскер жасақтаған екен. Шығыста Сұң, терістік-шығыста Қидан империяларымен ұтымды соғыстар жүргізеді, түстік-батыста тибет тайпаларын тықсырып, Көкөнор алқабын біржола баураса, батыс қапталдағы Ганьчжоу-ұйғыр патшалығын тақи-таза қиратады, қырғынға ұшыраған ұйғырлардың шамалы бөлігі Тибет тарабына ығысады, енді бір азғанасы Бешбалық-Кучадағы ағайындарына барып бас сауғалапты, сөйтіп, құнарлы алқап – Эдзин-гол өзенінің ұзына бойы Таңғұт иелігіне біржола көшеді.
Осы, айрықша дәуірлеген шағында, одан әрі, туы құлаған ақырғы сәтіне дейін Таңғұт мемлекетінің шекарасы шығыста Хуаңхэ дариясының төменгі иіні, Тұр-қорғанның ішкі бетінен – батыста Хами жазығына дейінгі, терістікте Гоби шөлінен – түстікте Көкөнор қыратына дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан екен. Бұл кезде бұрын отырықшы болған байырғы халықтың біраз бөлігі жаңа мекен, ондағы көшпенділер әсерімен шашырай қонып, малшылық кәсіпке жетігеді. Сөйтіп, ел ішінде қалалық мәдениет, ежелгі егіншілікпен қатар, өркендеген мал шаруашылығы, далалық дәстүрлі тіршілік қалыптасады. Ендігі заманда Таңғұт елінің ішкі ауқаты, сыртқы саудасында мал сүмесі мен егіншілік өнімдері қатарлас, астас қызымет атқарады.
Империя халқының басым көпшілігі таңғұт жұрты болады. Сонымен бірге, негізінен шекаралық аймақтарда хән (қытай) тектілердің үлес салмағы да әжептәуір екен. Түстік-батыста ежелгі тоғон және тибет тайпаларының жұрағаты, терістік-батыста бодан ұйғырлардың жұқанасы қоныс тепкен. Солтүстік бет – Ордос пен Алашань даласында түрік-татар текті тайпалардың бөлшек-бөліктері мал бағып тұрған. Мемлекеттік тіл – таңғұт тілі болған.
Ұлттық таным, ұлттық мүдде орайындағы түбегейлі саясат нәтижесінде таңғұт мәдениеті биік деңгейге жетеді. Император Юань-хао 1036 жылы ежелгі қытай иероглиф таңбалары негізінде қалыптанған жаңа таңғұт жазуын қолданысқа енгізеді. Ізінше, 1039 жылы таңғұт жазулы, таңғұт тілді ұлттық мектептер ашу туралы жарлық береді. Бұрнағы, қытай үлгісіндегі сауат пен білім енді ұлттық арнаға көшіріліпті. Ұлттық намыстың бір көрінісі – Сұң патшалығымен, әуелде Қидан, одан кейінгі Шүржен елдерімен арадағы дипломатиялық қатынас қағаздары қытай тілінде жазылғанымен, таңғұт тіліндегі нұсқалары қоса жолданып отырған екен. Әлбетте, әуел бастан-ақ таңғұт жұртына қытай мәдениетінің, қытай рәсім-салтының ықпалы аса күшті болған. Ел-аралық қатынас орайында, және жалпы мәдени үрдіс мақсатында, таңғұт тілді мектептермен қатар, қытай тілді мектептер қалыптасады. Әдепкі қытай үлгісі бойынша, ксилография тәсілімен кітап шығару және оның кеңінен таралымы жақсы жолға қойылыпты. Ұлттық дәстүр және қытай әсеріндегі өнер мен әдебиет өсіп-өркендейді.
Мемлекеттік дін – буддизм болған. Сонымен қатар, Кұңфудзы ілімі мен даосизм кеңінен таралады, халықтың біршама бөлігі аруаққа, тылсымға табынған ежелгі дәстүр-салтын ұстанады.
Таңғұт әскері, соғыс қабылеті ғана емес, әдіс-айла, жарақтану тұрғысынан Оңтүстік-Шығыс Азияда Қидан, Шүржен, Сұң армияларымен шендес, айрықша қуатты әскер саналған. Он бес пен алпыс жас аралығындағы еркек кіндікті түгел қару ұстауға міндетті болыпты. Соғыс стратегиясы ежелгі қытай негізді, ал тактикасы далалық тайпалар дәстүрімен жалғастық танытады. Империяның соңғы кезеңінде қарулы шеріктің жалпы саны 500 мыңға, енді бір деректерде, тіпті, 800 мыңға тартады. Қайткенде де аса мол жасақ. Мемлекет боғдыхан тұсында алдыңғы державалар қатарынан көрініп, елдің жағдайы тұрақты және дами түсті.
Патшалықтағы халықтың жалпы саны туралы нақты дерек жоқ. Енді бір зерттеушілер әскер қарасынына (500 мың) орай, екі жарым миллион деп шамалайды. Ондай жағдайда бұл – тек негізгі халық таңғұттардың ғана мөлшерін көрсетпек. Құдыретті көршілерімен салыстырғанда ұзын саны шектеулі болса да, қуатты әскерінің арқасында Таңғұт елі ұзақ екі жүз елу жыл бойы ту көтеріп, салтанат құрып отырды.
Әлбетте, екі жарым ғасырдың ұзына бойында, тәуелсіздік сақтау жолындағы ұрыс-соғыстар, ара-тұра азғана тыным тапқанымен, ешқашан толастаған емес. Барлық уақытта да ең негізгі қарсылас – Қытай-Сұң патшалығы болды. Тынымсызына қоса, айрықша қантөгіс, ұзақ майдан, елдің еңсесін көтеріп, өрісін кеңейткен Юань-хао заманынан соң одан әрі жалғасады. Әсіресе, 1040–1044 жылдар, 1069–1072, 1081–1086, 1096–1099 жылдардағы соғыстарда екі жақтан да жүз мыңдаған адам құрбан болады. Таңғұттар баз-базында ішінара жеңілістерге ұшырағанымен, ұжымының беріктігі, рухының биігі, әскерінің қуаты, жерінің кеңдігі арқасында үнемі үстем шығып отырады, ақыр түбінде еркіндігін сақтап қалады.
Таңғұттар тек Сұң ғана емес, әуелде Қидан, кейін оған жалғас Шүржен империяларымен де көбіне-көп соғыс жағдайында болады. Мәселен, 1044 жылы күзде Қидан императорының өзі бастаған екі жүз мыңдық қалың қол үш лек болып шекарадан өткенде, жауынгер Юань-хао далалық көшпенділердің үйреншікті тәсілімен шегіне шайқасып, ақыры кең далада, қолайлы жағдайда бетпе-бет ұрыс ашады да, қидан әскерін тас-талқан қылып жеңеді; сондай-ақ Юань-хао өлгеннен кейін қидандар қайта аттанған, 1049–1053 жылғы жаңа соғыс та шабуылдаушы жақ үшін үлкен шығынмен, нәтижесіз аяқталады. Келесі тарихи дәуірде қидандардың орнын басқан шүржендер де баянды татулық жайын ойламапты. Екі империяның да күні батар қарсаңда, 1214–1224 жылдары, тұтас он жылға созылған қырғын шүржендердің де, таңғұттардың да титығына жетті деп саналады.
Жинақтап қарасақ, таңғұттар өзінің екі жарым ғасырлық тарихында төңірегімен түгел жауласыпты. Соған қарамастан, империялық саясат алмағайып кезеңдерде біршама көрегендік танытып отырғанын байқаймыз. Мәселен, Қидан–Шүршіт соғысы басталғанда таңғұттар бұрыннан жаулас қиданға көмекке шығады. Тікелей әскер аттандыру үстіне, Шүрженмен одақтасқан Сұң патшалығына қарсы кең көлемді, дүркін жортуылдар жасайды. Әлбетте, шүршіттің қатері басымырақ дұшпан екенін аңдап, өзімен тепе-тең жағдайдағы, үйреншікті Қидан ұлысы орнында қалса деген әрекет. Арада жүз жыл өтіп, енді Шүржен мен Сұң арасында зор майдан басталғанда азғана соғыс қимылынан аспай, екі жақты да үміттендіре отырып, ұтымды бейтараптық сақтайды, нәтижесінде Қытай тарабында да, Тибет тарабында да жерін кеңейтіп, алдағы елу жыл – XII ғасырдың екінші жарымында іргелес екі империямен де бейбіт жағдайда, жұртын тыныштықта ұстап, елінің күш-қуатын ғана емес, әл-ауқатын да арттырып, мәдениетін өркендетіп, ұлыс тарихындағы ең бір мамыражай дәуірін өткеріпті.
Таңғұттың ұзақ тарихында алып империялармен арадағы соғыстар тәуелсіздік кепілі, амалсыз ахуал болса, түстік, батыс және терістік өңірдегі жорық, жортуылдар – ұлыстың өрісін кеңейту, өзінен әлсізді жеміріп жеу бағдарында болғанын көреміз. Тибетпен, ұйғырмен арадағы ұрыстар жөнін шет жағалап айттық. Ал солтүстік тараптағы көшпенді түрік-татар тайпаларымен арадағы қатынас басқашарақ болды. Күш-қуаты артып, қаптай жайылған таңғұттар VII ғасырдың орта шенінде ежелгі ғұн қонысы Алашань мен Ордосты алған кезде, бұл жерлер мүлде иен емес еді. Сонымен қатар, тығыз қоныстанған деп айту да қиын. Оның үстіне, Ұлы Түрік қағанаты ыдыраған, өліара кезең. Қайткенде де, ордалы елмен екі арада Гоби шөлі тұр. Жаулап алу қиындыққа түспеген сияқты. Далалық көшпенді тайпалар таңғұт бодандығында қалады. Әуелден-ақ қарасыны толымсыз болғанымен, басып алу кезінде қырғынға ұшырамады деп, енді бір шамасы бас сауғалап, арғы бетке босқын таппады деп айту қиын. Бізге белгілі әдебиетте бұл тараптан мағлұмат ұшыраспайды. Бірақ өткен зорлық қарымтасыз кетпеген. Білге-қаған бітігінде 700 жылы көк түріктердің таңғұт елін шабуы, ойсырата жеңіп, мол олжамен қатар, қаншама жұртын тұтқындағаны, құлдыққа әкеткені туралы айтылады. Қағанаттан соңғы кезеңде түрік-татар тайпаларымен ара-тұра қақтығыс тиылмайды. Нақты белгілі мағлұмат – XI ғасырдың соңында, керейлер бастаған Цзубу конфедерациясының азаттық соғысында таңғұттардың қиданға қол жалғап, ту сырттан ұруы. Нәтижесінде, екі тараптан бірдей ауыр соққыға ұшыраған керей-қият-найман-меркіт-басымлы одағы жеңіліске ұшырап, бүкіл Татар Даласы ойран болады. Цзубу бірлестігінің далай-ханы керей Моғусы қазаға ұшырап, көшпенді жұрт қайтадан Қидан патшалығының табанына түседі. Бұл төтенше шапқын ұмытылмағанын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өшпенді кекке ұласқанын кейінгі оқиғалар айғақтаса керек. Кең көлемді жорық-майдан болмағанымен де, таңғұтпен арадағы қырғиқабақ жағдай, сөз жоқ, ішінара әрқилы қақтығыстар келесі, XII ғасырдың ұзына бойына созылғаны байқалады.
Ұлы дала Шыңғыс хан бастаған қуатты, жаңа ұлыс ретінде ұйысқан шақта түстіктегі Таңғұт – ежелгі дұшпан, Шүржен патшалығынан соң, екінші кезектегі қатерлі жұрт ретінде бағаланғанын көреміз. Шыңғыс хан ақ киізге көтерілер қарсаңда, 1205 жылы және жұрт біржола ұйысқаннан соң, 1207 жылы, ең алғашқы сыртқы жорықтар Таңғұтқа қарсы бағытталуы кездейсоқ емес. Таңғұттар 1209 жылы бағыныш білдіргенімен, 1219 жылы ашылмақ Батыс жорығынан бас тартады. Сірә, таңғұт саясаткерлері Шыңғыс хан құдіретті Харезмді жеңе алмайды, алмағайып майданда қирамаса да, әлсіреп бітеді деп шамаласа керек. Ең жаманы – қағанға дипломатиялық қитұрқы сылтау орнына өте дөкір жауап қайтарылады. Бұрынғы келісімдер бұзылды, Таңғұт Еке Моғұл ұлысына сөз жүзіндегі бодандықтың өзінен айныды деген кеп. Шыңғыс хан Батыс жорығын аяқтаған соң, қайта оралып, Таңғұтты біржола қиратуға серт етеді. Қайткенде де ұлы қаған жат әрі жау патшалықтың қақ желкеде тұруына жол бермейтін еді. Ақырғы нәтиже белгілі.
1227 жылы қаншама заман – екі жарым ғасыр бойы салтанат құрған, Орталық-Шығыс Азия тарихында өзіндік орны бар, тақау төңірегіне саяси ықпал-әсері мол болған, халқы ірі, мәдениеті жоғары, қуаты зор болған Си Ся патшалығы жер бетінен жойылады. Қисапсыз қырғынға ұшырап, ойсырай кеміген таңғұт халқының ең ақырғы бөлшек-жұқаналарының өзі қайғылы халге ұшырағанын көреміз. Бағыныш танытқан, аман қалған әскердің азғана бөлігі Еке Моғұл империясы қарулы күштерінің қатарын толтырады. Егінші, малшы жұрты қарасыны басым әрі үстем жағдайдағы көшпенділерге кіріптар жағдайда қалады. Біршама халқы астана байтақ, сақараға көшіріледі. Атқамінер билеуші әулет өкілдері, әсіресе қытай тілі мен саясатына жетік кісілері мемлекет қызметіне тартылады, Шүрженмен, Сұңмен арадағы дипломатиялық жұмыстарға жегіледі. Уақыт оза келе, бұл тарап қауымнан батыста Иран мен Алтын Орда, шығыста Юань империяларында белгілі әскери қолбасылар мен беделді саясаткер, оқымысты ғалымдар шығады. Әлі де ежелгі қонысында отырған, бәлкім, өсіп-өніп, көбейе бастаған таңғұттың соңғы сарқыны Юань заманында Қытайдың ішкі өлкелеріне біржола қоныс аударуға мәжбүрленеді. Ақыр түбі, елдігінен айрылған, бытырап, әр тарапта телімде жүрген таңғұт атаулының бәрі де өздерінің ұлттық бейнесін, ана тілін жоғалтып, саны мол басқа жұрттардың арасында жұтылып кетеді. Кейінгі бурят халқының құрамында таңғұт есімді шағын ру бар екен. Халха ішінен де елес береді. Әйткенмен бұл – арғы түбі таңғұтқа қатысты демесек, мүлде басқа жұрт – бурят, халха. XIX ғасырдың соңында ежелгі таңғұт мекені, кейінгі Гансу өлкесін саяхаттаған, Көкөнор, Амдо аймағын төңіректеген орыс оқымысты-жиһанкездері жергілікті тибет текті тайпалар арасында байырғы таңғұт жұртының әлдебір жұрнағы ұшырасатынын айтыпты. Аты сол, заты басқа. Есебі, жоқ десе де болады. Таңғұттың бар тарихы 1227 жылмен бітіпті.
Ал біз тарапқа келсек, Батысқа ауған түрік тайпалары тасқынының ішінде, аз ба, көп пе, таңғұттар да бар екен. Нақты тарихи жазбаларда Алтын Орда құрамындағы, Дәшті-Қыпшақ жеріндегі негізгі тайпалар санатында таңғұт руы да аталады. XV, XVI ғасырдың өзінде. Тіпті, XVII ғасыр деректерінде. Кейін іргелі, үлкен тайпалардың құрамына сіңісіп кеткен. Яғни, бүтін емес, бөлшектің бөлшек пайызы болса да, бүгінгі қазақ халқының нәсіл-тегінде ежелгі таңғұт жұртының да үлесі бар деп білу керек.
http://writers.kz/journals/?ID=11&NUM=106&CURENT=&ARTICLE=3133 Мұрағатталған 4 қарашаның 2013 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tangut memleketi Si Sya kyt 西夏 Tangut zhazuy 𗴂𗹭𗂧𘜶 1038 1227 zhyldary omir sүrgen Tatar dalasymen tikelej shektes ekinshi bir irgeli imperiya El ujtkysy negizgi halyktyn ozindik atauy mi minya kytajlar dansyan tibetter minyag degen tangut tүrki tajpalary bergen nyspy orys zhәne Batys gylymyna osy esimmen endi Қytaj memleketi 1142 zhyly Si Sya memleketi kartada XI XIA dep belgilengen Tanguttardyn argy babalary tibet birma tekti cyan kyt 羌族 tajpalary Қytaj tarihynda tym erte milәdige dejingi IV III gasyrlardan belgili Sary ozeninin bastauy Kokonor kolinin tonireginde kalyptaskan eken Eki zaman sheginde Hәn imperiyasymen sogys nәtizhesinde tүstikke karaj ygysady al IV gasyrda sәnbilerden zhenilis tapkan son Kokonordy tastap shygady da Tibet etegi Amdo tauly ajmagyn sagalajdy Osy birshama tynysh olke Huanhe men Yanczy ozenderinin bastau aralygynda osip ongen ezhelgi cyan әuletinin bir butagy dansyan kauymy arada eki үsh gasyr ozganda kajtadan baba meken zhurtyna karaj zhylzhidy akyry VII gasyrda Kokonordan otip ezhelgi gunnyn ujykty konysy bolgan Ordosty alady kanatyn zhajyp irgeles Alashan dalasyn baurajdy X gasyr tabaldyrygynda kejingi үlken ulyska karagan kenbajtak zhurttyn basym boligin ielengen eken Bagzydan beri kytaj tizgininde bolgan tangut halkynyn derbes orda kuruy da osy X gasyrdyn songy shiregine sәjkesedi Zhana memlekettin irge tasyn kalaushy Czi cyan kyt 李繼遷 patshanyn 982 1004 tүp nәsili Soltүstik Қytajdy bilegen tүrik tekti ezhelgi Toba әuletinen eken Anyz bojynsha sүt tisteri shygyp tuady Kejingi zertteushiler bolmystagy yktimal zhagdaj dejdi birak әpsananyn negizgi mәnisi patshalykty negizdeushi tulganyn ozgeshe zharalmysyn ajgaktau Zhas bala shynynda da eresen bolyp shygady Nakty tanbalangan bir okiga on bir zhasynda anshylyk kezinde saj zhebemen targyl sherini atyp zhyguy Osydan son ak bolashak kүreskerdin atak danky oz zhurtynda gana emes takau tonirekte de keninen maglum bolady At zhalyn tartyp mingennen bastap Қytaj oktemdigin kabyldamagan Czi cyan on togyz zhasynda tәuelsiz ulys kuru zholyndagy arpalys ajkaska kirisedi Osy syrtky bilikten derbestik zhariyalangan 982 zhyl zhana Tangut memleketinin tugan zhyly dep sanalady Ұlystyn kejinirek ornykkan ozindik atauy Da Sya yagni Ұly Sya kytaj rәsiminde Si Sya magnasy Batys Sya demek mundagy Sya atauynyn torkini Tangut zhurtynyn ezhelgi ujygy bolgan onirde bagzy bir zamanda Sya degen patshalyk irge teuipti mis yagni zhana ulystyn zhangyrgan esimi ezhelden kalyptaskan eldik zhorany ajgaktamak Shirek gasyrga zhuyk el tutkasyn ustagan Czi cyan Қytaj Sun imperiyasyna karsy sәtti korganys zhәne shabuyl sogystaryn zhүrgizedi Қidan patshalygymen kejde zhaulasyp kejde odaktasady Kejde eki tarapta da uakytsha zhenilisterge ushyrap soz zhүzinde Қytaj bodandygyn kabyldajdy Қidanga bagynyshty kejip tanytady sojtip eki alyp eldin ortasynda shyn mәnisindegi tәuelsiz zhagdajga zhetedi Tu kotergen algashky zhylynan bastap Tangut zhurty ozindik baskaru zhүjesi bar turakty zhauynger әskeri bar derbes memleket retinde kalyptasypty Kelesi patsha Czi cyannin uly De min kyt 李德明 tusynda 1004 1031 el irgesi beki tүsse onyn uly Yuan hao kyt 李元昊 zamanynda 1031 1048 Tangut memleketi ozinin kүsh kuatynyn shyrkau shegine zhetedi Ұlystyn әskeri uzhymyn kүshejte tүsken oz zhurtynda uczu kytajsha huandi yagni imperator atagyn algan Yuan hao zhiyn sany 150 myn karuy kelisti kurylymy berik kuatty әsker zhasaktagan eken Shygysta Sun teristik shygysta Қidan imperiyalarymen utymdy sogystar zhүrgizedi tүstik batysta tibet tajpalaryn tyksyryp Kokonor alkabyn birzhola baurasa batys kaptaldagy Ganchzhou ujgyr patshalygyn taki taza kiratady kyrgynga ushyragan ujgyrlardyn shamaly boligi Tibet tarabyna ygysady endi bir azganasy Beshbalyk Kuchadagy agajyndaryna baryp bas saugalapty sojtip kunarly alkap Edzin gol ozeninin uzyna bojy Tangut ieligine birzhola koshedi Osy ajryksha dәuirlegen shagynda odan әri tuy kulagan akyrgy sәtine dejin Tangut memleketinin shekarasy shygysta Huanhe dariyasynyn tomengi iini Tur korgannyn ishki betinen batysta Hami zhazygyna dejingi teristikte Gobi sholinen tүstikte Kokonor kyratyna dejingi ulan bajtak zherdi alyp zhatkan eken Bul kezde buryn otyrykshy bolgan bajyrgy halyktyn biraz boligi zhana meken ondagy koshpendiler әserimen shashyraj konyp malshylyk kәsipke zhetigedi Sojtip el ishinde kalalyk mәdeniet ezhelgi eginshilikpen katar orkendegen mal sharuashylygy dalalyk dәstүrli tirshilik kalyptasady Endigi zamanda Tangut elinin ishki aukaty syrtky saudasynda mal sүmesi men eginshilik onimderi katarlas astas kyzymet atkarady Imperiya halkynyn basym kopshiligi tangut zhurty bolady Sonymen birge negizinen shekaralyk ajmaktarda hәn kytaj tektilerdin үles salmagy da әzheptәuir eken Tүstik batysta ezhelgi togon zhәne tibet tajpalarynyn zhuragaty teristik batysta bodan ujgyrlardyn zhukanasy konys tepken Soltүstik bet Ordos pen Alashan dalasynda tүrik tatar tekti tajpalardyn bolshek bolikteri mal bagyp turgan Memlekettik til tangut tili bolgan Ұlttyk tanym ulttyk mүdde orajyndagy tүbegejli sayasat nәtizhesinde tangut mәdenieti biik dengejge zhetedi Imperator Yuan hao 1036 zhyly ezhelgi kytaj ieroglif tanbalary negizinde kalyptangan zhana tangut zhazuyn koldanyska engizedi Izinshe 1039 zhyly tangut zhazuly tangut tildi ulttyk mektepter ashu turaly zharlyk beredi Burnagy kytaj үlgisindegi sauat pen bilim endi ulttyk arnaga koshirilipti Ұlttyk namystyn bir korinisi Sun patshalygymen әuelde Қidan odan kejingi Shүrzhen elderimen aradagy diplomatiyalyk katynas kagazdary kytaj tilinde zhazylganymen tangut tilindegi nuskalary kosa zholdanyp otyrgan eken Әlbette әuel bastan ak tangut zhurtyna kytaj mәdenietinin kytaj rәsim saltynyn ykpaly asa kүshti bolgan El aralyk katynas orajynda zhәne zhalpy mәdeni үrdis maksatynda tangut tildi mekteptermen katar kytaj tildi mektepter kalyptasady Әdepki kytaj үlgisi bojynsha ksilografiya tәsilimen kitap shygaru zhәne onyn keninen taralymy zhaksy zholga kojylypty Ұlttyk dәstүr zhәne kytaj әserindegi oner men әdebiet osip orkendejdi Memlekettik din buddizm bolgan Sonymen katar Kunfudzy ilimi men daosizm keninen taralady halyktyn birshama boligi aruakka tylsymga tabyngan ezhelgi dәstүr saltyn ustanady Tangut әskeri sogys kabyleti gana emes әdis ajla zharaktanu turgysynan Ontүstik Shygys Aziyada Қidan Shүrzhen Sun armiyalarymen shendes ajryksha kuatty әsker sanalgan On bes pen alpys zhas aralygyndagy erkek kindikti tүgel karu ustauga mindetti bolypty Sogys strategiyasy ezhelgi kytaj negizdi al taktikasy dalalyk tajpalar dәstүrimen zhalgastyk tanytady Imperiyanyn songy kezeninde karuly sheriktin zhalpy sany 500 mynga endi bir derekterde tipti 800 mynga tartady Қajtkende de asa mol zhasak Memleket bogdyhan tusynda aldyngy derzhavalar katarynan korinip eldin zhagdajy turakty zhәne dami tүsti Patshalyktagy halyktyn zhalpy sany turaly nakty derek zhok Endi bir zertteushiler әsker karasynyna 500 myn oraj eki zharym million dep shamalajdy Ondaj zhagdajda bul tek negizgi halyk tanguttardyn gana molsherin korsetpek Қudyretti korshilerimen salystyrganda uzyn sany shekteuli bolsa da kuatty әskerinin arkasynda Tangut eli uzak eki zhүz elu zhyl bojy tu koterip saltanat kuryp otyrdy Әlbette eki zharym gasyrdyn uzyna bojynda tәuelsizdik saktau zholyndagy urys sogystar ara tura azgana tynym tapkanymen eshkashan tolastagan emes Barlyk uakytta da en negizgi karsylas Қytaj Sun patshalygy boldy Tynymsyzyna kosa ajryksha kantogis uzak majdan eldin ensesin koterip orisin kenejtken Yuan hao zamanynan son odan әri zhalgasady Әsirese 1040 1044 zhyldar 1069 1072 1081 1086 1096 1099 zhyldardagy sogystarda eki zhaktan da zhүz myndagan adam kurban bolady Tanguttar baz bazynda ishinara zhenilisterge ushyraganymen uzhymynyn beriktigi ruhynyn biigi әskerinin kuaty zherinin kendigi arkasynda үnemi үstem shygyp otyrady akyr tүbinde erkindigin saktap kalady Tanguttar tek Sun gana emes әuelde Қidan kejin ogan zhalgas Shүrzhen imperiyalarymen de kobine kop sogys zhagdajynda bolady Mәselen 1044 zhyly kүzde Қidan imperatorynyn ozi bastagan eki zhүz myndyk kalyn kol үsh lek bolyp shekaradan otkende zhauynger Yuan hao dalalyk koshpendilerdin үjrenshikti tәsilimen shegine shajkasyp akyry ken dalada kolajly zhagdajda betpe bet urys ashady da kidan әskerin tas talkan kylyp zhenedi sondaj ak Yuan hao olgennen kejin kidandar kajta attangan 1049 1053 zhylgy zhana sogys ta shabuyldaushy zhak үshin үlken shygynmen nәtizhesiz ayaktalady Kelesi tarihi dәuirde kidandardyn ornyn baskan shүrzhender de bayandy tatulyk zhajyn ojlamapty Eki imperiyanyn da kүni batar karsanda 1214 1224 zhyldary tutas on zhylga sozylgan kyrgyn shүrzhenderdin de tanguttardyn da titygyna zhetti dep sanalady Zhinaktap karasak tanguttar ozinin eki zharym gasyrlyk tarihynda toniregimen tүgel zhaulasypty Sogan karamastan imperiyalyk sayasat almagajyp kezenderde birshama koregendik tanytyp otyrganyn bajkajmyz Mәselen Қidan Shүrshit sogysy bastalganda tanguttar burynnan zhaulas kidanga komekke shygady Tikelej әsker attandyru үstine Shүrzhenmen odaktaskan Sun patshalygyna karsy ken kolemdi dүrkin zhortuyldar zhasajdy Әlbette shүrshittin kateri basymyrak dushpan ekenin andap ozimen tepe ten zhagdajdagy үjrenshikti Қidan ulysy ornynda kalsa degen әreket Arada zhүz zhyl otip endi Shүrzhen men Sun arasynda zor majdan bastalganda azgana sogys kimylynan aspaj eki zhakty da үmittendire otyryp utymdy bejtaraptyk saktajdy nәtizhesinde Қytaj tarabynda da Tibet tarabynda da zherin kenejtip aldagy elu zhyl XII gasyrdyn ekinshi zharymynda irgeles eki imperiyamen de bejbit zhagdajda zhurtyn tynyshtykta ustap elinin kүsh kuatyn gana emes әl aukatyn da arttyryp mәdenietin orkendetip ulys tarihyndagy en bir mamyrazhaj dәuirin otkeripti Tanguttyn uzak tarihynda alyp imperiyalarmen aradagy sogystar tәuelsizdik kepili amalsyz ahual bolsa tүstik batys zhәne teristik onirdegi zhoryk zhortuyldar ulystyn orisin kenejtu ozinen әlsizdi zhemirip zheu bagdarynda bolganyn koremiz Tibetpen ujgyrmen aradagy urystar zhonin shet zhagalap ajttyk Al soltүstik taraptagy koshpendi tүrik tatar tajpalarymen aradagy katynas baskasharak boldy Kүsh kuaty artyp kaptaj zhajylgan tanguttar VII gasyrdyn orta sheninde ezhelgi gun konysy Alashan men Ordosty algan kezde bul zherler mүlde ien emes edi Sonymen katar tygyz konystangan dep ajtu da kiyn Onyn үstine Ұly Tүrik kaganaty ydyragan oliara kezen Қajtkende de ordaly elmen eki arada Gobi sholi tur Zhaulap alu kiyndykka tүspegen siyakty Dalalyk koshpendi tajpalar tangut bodandygynda kalady Әuelden ak karasyny tolymsyz bolganymen basyp alu kezinde kyrgynga ushyramady dep endi bir shamasy bas saugalap argy betke boskyn tappady dep ajtu kiyn Bizge belgili әdebiette bul taraptan maglumat ushyraspajdy Birak otken zorlyk karymtasyz ketpegen Bilge kagan bitiginde 700 zhyly kok tүrikterdin tangut elin shabuy ojsyrata zhenip mol olzhamen katar kanshama zhurtyn tutkyndagany kuldykka әketkeni turaly ajtylady Қaganattan songy kezende tүrik tatar tajpalarymen ara tura kaktygys tiylmajdy Nakty belgili maglumat XI gasyrdyn sonynda kerejler bastagan Czubu konfederaciyasynyn azattyk sogysynda tanguttardyn kidanga kol zhalgap tu syrttan uruy Nәtizhesinde eki taraptan birdej auyr sokkyga ushyragan kerej kiyat najman merkit basymly odagy zheniliske ushyrap bүkil Tatar Dalasy ojran bolady Czubu birlestiginin dalaj hany kerej Mogusy kazaga ushyrap koshpendi zhurt kajtadan Қidan patshalygynyn tabanyna tүsedi Bul totenshe shapkyn umytylmaganyn urpaktan urpakka zhalgasyp oshpendi kekke ulaskanyn kejingi okigalar ajgaktasa kerek Ken kolemdi zhoryk majdan bolmaganymen de tangutpen aradagy kyrgikabak zhagdaj soz zhok ishinara әrkily kaktygystar kelesi XII gasyrdyn uzyna bojyna sozylgany bajkalady Ұly dala Shyngys han bastagan kuatty zhana ulys retinde ujyskan shakta tүstiktegi Tangut ezhelgi dushpan Shүrzhen patshalygynan son ekinshi kezektegi katerli zhurt retinde bagalanganyn koremiz Shyngys han ak kiizge koteriler karsanda 1205 zhyly zhәne zhurt birzhola ujyskannan son 1207 zhyly en algashky syrtky zhoryktar Tangutka karsy bagyttaluy kezdejsok emes Tanguttar 1209 zhyly bagynysh bildirgenimen 1219 zhyly ashylmak Batys zhorygynan bas tartady Sirә tangut sayasatkerleri Shyngys han kudiretti Harezmdi zhene almajdy almagajyp majdanda kiramasa da әlsirep bitedi dep shamalasa kerek En zhamany kaganga diplomatiyalyk kiturky syltau ornyna ote dokir zhauap kajtarylady Buryngy kelisimder buzyldy Tangut Eke Mogul ulysyna soz zhүzindegi bodandyktyn ozinen ajnydy degen kep Shyngys han Batys zhorygyn ayaktagan son kajta oralyp Tangutty birzhola kiratuga sert etedi Қajtkende de uly kagan zhat әri zhau patshalyktyn kak zhelkede turuyna zhol bermejtin edi Akyrgy nәtizhe belgili 1227 zhyly kanshama zaman eki zharym gasyr bojy saltanat kurgan Ortalyk Shygys Aziya tarihynda ozindik orny bar takau toniregine sayasi ykpal әseri mol bolgan halky iri mәdenieti zhogary kuaty zor bolgan Si Sya patshalygy zher betinen zhojylady Қisapsyz kyrgynga ushyrap ojsyraj kemigen tangut halkynyn en akyrgy bolshek zhukanalarynyn ozi kajgyly halge ushyraganyn koremiz Bagynysh tanytkan aman kalgan әskerdin azgana boligi Eke Mogul imperiyasy karuly kүshterinin kataryn toltyrady Eginshi malshy zhurty karasyny basym әri үstem zhagdajdagy koshpendilerge kiriptar zhagdajda kalady Birshama halky astana bajtak sakaraga koshiriledi Atkaminer bileushi әulet okilderi әsirese kytaj tili men sayasatyna zhetik kisileri memleket kyzmetine tartylady Shүrzhenmen Sunmen aradagy diplomatiyalyk zhumystarga zhegiledi Uakyt oza kele bul tarap kauymnan batysta Iran men Altyn Orda shygysta Yuan imperiyalarynda belgili әskeri kolbasylar men bedeldi sayasatker okymysty galymdar shygady Әli de ezhelgi konysynda otyrgan bәlkim osip onip kobeje bastagan tanguttyn songy sarkyny Yuan zamanynda Қytajdyn ishki olkelerine birzhola konys audaruga mәzhbүrlenedi Akyr tүbi eldiginen ajrylgan bytyrap әr tarapta telimde zhүrgen tangut ataulynyn bәri de ozderinin ulttyk bejnesin ana tilin zhogaltyp sany mol baska zhurttardyn arasynda zhutylyp ketedi Kejingi buryat halkynyn kuramynda tangut esimdi shagyn ru bar eken Halha ishinen de eles beredi Әjtkenmen bul argy tүbi tangutka katysty demesek mүlde baska zhurt buryat halha XIX gasyrdyn sonynda ezhelgi tangut mekeni kejingi Gansu olkesin sayahattagan Kokonor Amdo ajmagyn tonirektegen orys okymysty zhiһankezderi zhergilikti tibet tekti tajpalar arasynda bajyrgy tangut zhurtynyn әldebir zhurnagy ushyrasatynyn ajtypty Aty sol zaty baska Esebi zhok dese de bolady Tanguttyn bar tarihy 1227 zhylmen bitipti Al biz tarapka kelsek Batyska augan tүrik tajpalary taskynynyn ishinde az ba kop pe tanguttar da bar eken Nakty tarihi zhazbalarda Altyn Orda kuramyndagy Dәshti Қypshak zherindegi negizgi tajpalar sanatynda tangut ruy da atalady XV XVI gasyrdyn ozinde Tipti XVII gasyr derekterinde Kejin irgeli үlken tajpalardyn kuramyna sinisip ketken Yagni bүtin emes bolshektin bolshek pajyzy bolsa da bүgingi kazak halkynyn nәsil teginde ezhelgi tangut zhurtynyn da үlesi bar dep bilu kerek http writers kz journals ID 11 amp NUM 106 amp CURENT amp ARTICLE 3133 Muragattalgan 4 karashanyn 2013 zhyly