Жаппар Ералыұлы Өмірбеков (20 қараша 1920 жыл, Бесоба, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы – 3 мамыр 2010 жыл, Алматы) — кеңес және қазақ ақыны, балалар жазушысы, прозашы, аудармашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан.
Жаппар Өмірбеков | |
Жаппар Ералыұлы Өмірбеков | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Бесоба ауылы, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | Қазақ |
Мансабы | Ақын, балалар жазушысы, прозашы, аудармашы, редактор |
Шығармашылық жылдары | 1954 – 2010.жж |
Жанры | поэма, поэзия, повесть, роман, өлеңдер |
Шығармалардың тілі | |
Дебюті | Алғашқы сөз. Өлеңдер. 1954.ж |
Марапаттары |
Еңбек жолы
1920 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Бесоба кеңшарына қарайтын Қоңыртөбе тауының бауырында туған. Қарағандының қазіргі Жамбыл атындағы қазақ мектебінде, мұғалімдер институтында оқиды. Сосын Тельман ауданының мектептерінде ұстаздық етеді. 1944 – 1945 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды. 1947 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Әдебиет және искусство» журналы редакциясында бөлім меңгерушісі, 1951 – 1952 жж. жауапты хатшы қызметін атқарады.
Осы жылдары Қазақ ұлттық университетіің аспирантурасын бітіреді. 1952 – 1957 жж. қазіргі «Жазушы» баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі, 1957 – 1959 жж. М.Горький атындағы Әдебиет институтында, КСРО Жазушылар одағының жоғары әдеби курсында білім алған. 1959 – 1965 жж. Алматы телевизия студиясының, Қазақ КСР Телевизия мен радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, 1965 – 1977 жж. «Жұлдыз» журналының ғылым мен өнер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің жауапты хатшысы, ал 1977 – 1981 жж. «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі болып істейді.
Шығармашылығы
Тырнақалды жырлары баспасөзде 1938 жылдан бастап жарияланады. Өлеңдері мен поэмалары «Невеста героя» (СП, 1960), «Про тетю Аню» (Казгослитиздат, 1960), «Голубинный свет» (1970) деген атпен орыс тілінде жеке кітап болып басылып шықты.
Джордж Байрон, Пушкин, Лермонтов, Мацкевич, Некрасов, Маяковский, Исаковский, С.Михалков, С.Маршал А.Барто, т.б. аударуға қатысты. Қырғыздың «Манасынан» «Семетейдің еліне қайтуы» деген үлкен бөлімін, В.Кавериннің «Екі капитан» (Екінші кітабы), В.Богомоловтың «Қырық төрттің тамызы», Г.Лонгфеллоның «Гайавата туралы жыр» поэмасын, тағы басқа туындылар ды қазақ тіліне аударды.
Шығармалары
- Алғашқы сөз. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1954;
- Елеусіз. Әңгіме. А., ҚМ КӨБ, 1955;
- Батырдың қалыңдығы. Дастан. А., ҚМ КӨБ, 1958;
- Жиырма төрт сағат. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1959;
- Мың терезе. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962;
- Ерлік пен махаббат. Дастан. А., «Жазушы», 1966;
- Замандас сырласым. Әңгіме, очерктер. А., «Қазақстан», 1967;
- Көңілімнің құстары. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1969;
- Жер ұшқын дары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976;
- Қызыл су. Повесть. А., «Жазушы», 1977;
- Перзенттерім. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1980;
- Тас түйін. Повесть. А., «Жалын», 1980;
- Атыңнан айналайын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984;
- Шуақты күндер. Өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1986;
- Любовь и мужество. Стихи. А., 1991;
- Неепроста цветут сады. Стихи. А., 1991;
- Қызыл қырғын. Астана. «Елорда», 2004.
Марапаттары
«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен екі рет марапатталған. «Парасат» орденінің иегері (2006). Қарқаралы қаласының Құрметті азаматы.
Дереккөздер
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhappar Eralyuly Өmirbekov 20 karasha 1920 zhyl Besoba Қarkaraly audany Қaragandy oblysy 3 mamyr 2010 zhyl Almaty kenes zhәne kazak akyny balalar zhazushysy prozashy audarmashy Қazakstan Respublikasynyn enbek sinirgen mәdeniet kajratkeri Najman tajpasynyn Tortuyl ruynan shykkan Zhappar ӨmirbekovZhappar Eralyuly ӨmirbekovTugan kүni20 karasha 1920 1920 11 20 Tugan zheriBesoba auyly Қarkaraly audany Қaragandy oblysyҚajtys bolgan kүni3 mamyr 2010 2010 05 03 89 zhas Қajtys bolgan zheriAlmatyAzamattygy KSRO ҚazakstanҰltyҚazakMansabyAkyn balalar zhazushysy prozashy audarmashy redaktorShygarmashylyk zhyldary1954 2010 zhzhZhanrypoema poeziya povest roman olenderShygarmalardyn tiliҚazak tiliDebyutiAlgashky soz Өlender 1954 zhMarapattaryEnbek zholy1920 zhyly 20 karashada Қaragandy oblysy Қarkaraly audany Besoba kensharyna karajtyn Қonyrtobe tauynyn bauyrynda tugan Қaragandynyn kazirgi Zhambyl atyndagy kazak mektebinde mugalimder institutynda okidy Sosyn Telman audanynyn mektepterinde ustazdyk etedi 1944 1945 zhzh Socialistik Қazakstan kazirgi Egemen Қazakstan gazetinin Қaragandy oblysyndagy tilshisi boldy 1947 zhyly Қazak ulttyk universitetinin zhurnalistika fakultetin bitirip Әdebiet zhәne iskusstvo zhurnaly redakciyasynda bolim mengerushisi 1951 1952 zhzh zhauapty hatshy kyzmetin atkarady Osy zhyldary Қazak ulttyk universitetiin aspiranturasyn bitiredi 1952 1957 zhzh kazirgi Zhazushy baspasynda aga redaktor poeziya redakciyasynyn mengerushisi 1957 1959 zhzh M Gorkij atyndagy Әdebiet institutynda KSRO Zhazushylar odagynyn zhogary әdebi kursynda bilim algan 1959 1965 zhzh Almaty televiziya studiyasynyn Қazak KSR Televiziya men radiohabar zhonindegi memlekettik komitetinin bas redaktory 1965 1977 zhzh Zhuldyz zhurnalynyn gylym men oner boliminin mengerushisi Қazakstan Zhazushylar odagynyn balalar men zhasospirimder әdebieti kenesinin zhauapty hatshysy al 1977 1981 zhzh Zhazushy baspasynda redakciya mengerushisi bolyp istejdi ShygarmashylygyTyrnakaldy zhyrlary baspasozde 1938 zhyldan bastap zhariyalanady Өlenderi men poemalary Nevesta geroya SP 1960 Pro tetyu Anyu Kazgoslitizdat 1960 Golubinnyj svet 1970 degen atpen orys tilinde zheke kitap bolyp basylyp shykty Dzhordzh Bajron Pushkin Lermontov Mackevich Nekrasov Mayakovskij Isakovskij S Mihalkov S Marshal A Barto t b audaruga katysty Қyrgyzdyn Manasynan Semetejdin eline kajtuy degen үlken bolimin V Kaverinnin Eki kapitan Ekinshi kitaby V Bogomolovtyn Қyryk torttin tamyzy G Longfellonyn Gajavata turaly zhyr poemasyn tagy baska tuyndylar dy kazak tiline audardy ShygarmalaryAlgashky soz Өlender A ҚMKӘB 1954 Eleusiz Әngime A ҚM KӨB 1955 Batyrdyn kalyndygy Dastan A ҚM KӨB 1958 Zhiyrma tort sagat Өlender A ҚM KӨB 1959 Myn tereze Өlender A ҚMKӘB 1962 Erlik pen mahabbat Dastan A Zhazushy 1966 Zamandas syrlasym Әngime ocherkter A Қazakstan 1967 Konilimnin kustary Tandamaly A Zhazushy 1969 Zher ushkyn dary Өlender A Zhazushy 1976 Қyzyl su Povest A Zhazushy 1977 Perzentterim Tandamaly A Zhazushy 1980 Tas tүjin Povest A Zhalyn 1980 Atynnan ajnalajyn Өlender A Zhazushy 1984 Shuakty kүnder Өlender poemalar A Zhazushy 1986 Lyubov i muzhestvo Stihi A 1991 Neeprosta cvetut sady Stihi A 1991 Қyzyl kyrgyn Astana Elorda 2004 Marapattary Tyn zhәne tynajgan zherlerdi igergeni үshin Erlik enbegi үshin ҚR Tәuelsizdigine 10 zhyl 2001 Astanaga 10 zhyl 2008 medaldarymen zhәne Қazak KSR Zhogargy Kenesinin Қurmet Gramotasymen eki ret marapattalgan Parasat ordeninin iegeri 2006 Қarkaraly kalasynyn Қurmetti azamaty DerekkozderҚazakstan zhazushylary Anyktamalyk Қurastyrushy Қamshyger Sayat Zhumasheva Қajyrnisa Almaty An arys baspasy 2009 zhyl