Дінәш Нұрмұхамедов (21.03.1948, Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы) Амангелді ауданы, ауылы-2006) - радиожурнадист.
Еңбек жолы
Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін 1972 жылы бітірген. 3-курста оқып жүргенде, Қазақ радиосына қызметке орналасады. Содан редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, Бас редактор қызметтерін атқарды. «Азат» газетінде тілші болып қызмет істеген.
Еңбектері
Алғашқы әңгімелері мен повестер жинағы 1982 жылы «Ең бақытты күн» деген атпен жарық көрді. Одан соң «Жаңа жылға қараған түн», «Өмір», «Он бес пен он алтының арасында», «Таңертеңнен кешке дейін», «Жарық күн» повестер жинағы оқырмандар қолына тиді. «Алтын арна», «Әкеден қалған аманат», «Саусақтан төгілген сәуле» атты деректі хикаялар жинақтары бар. Кабардин жазушысы Ә. Кешоковтың «Сынған таға» эпопеясының алғашқы кітабын, поляк, украин және басқа халықтар қаламгерлерінің әңгімелерін қазақшаға аударды. А. Байтұрсынұлы өмірінен «Сен ертең атыласың!» атты пьеса жазды. «Мейлі, өзендер шулай берсін», «Соңғы аялдама», «Деректірдің шопыры», «Адамның кейбір кездері», т.б. драмалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ «Сәукеле киген сайқал», «Сандық» хикаяттары республикалық әдеби журналдарда жариялайды, жекелеген әңгімелері өзбек, қарақалпақ, орыс тілдеріне аударылды.
Радиожурналист ретінде жүздеген хабарлары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы.
Дереккөздер
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dinәsh Nurmuhamedov 21 03 1948 Torgaj oblysy kazirgi Қostanaj oblysy Amangeldi audany auyly 2006 radiozhurnadist Enbek zholyҚazak Ұlttyk universitetinin zhurnalistika fakultetin 1972 zhyly bitirgen 3 kursta okyp zhүrgende Қazak radiosyna kyzmetke ornalasady Sodan redaktor aga redaktor bolim mengerushisi Bas redaktordyn orynbasary Bas redaktor kyzmetterin atkardy Azat gazetinde tilshi bolyp kyzmet istegen EnbekteriAlgashky әngimeleri men povester zhinagy 1982 zhyly En bakytty kүn degen atpen zharyk kordi Odan son Zhana zhylga karagan tүn Өmir On bes pen on altynyn arasynda Tanertennen keshke dejin Zharyk kүn povester zhinagy okyrmandar kolyna tidi Altyn arna Әkeden kalgan amanat Sausaktan togilgen sәule atty derekti hikayalar zhinaktary bar Kabardin zhazushysy Ә Keshokovtyn Syngan taga epopeyasynyn algashky kitabyn polyak ukrain zhәne baska halyktar kalamgerlerinin әngimelerin kazakshaga audardy A Bajtursynuly omirinen Sen erten atylasyn atty pesa zhazdy Mejli ozender shulaj bersin Songy ayaldama Derektirdin shopyry Adamnyn kejbir kezderi t b dramalyk shygarmalardyn avtory Sondaj ak Sәukele kigen sajkal Sandyk hikayattary respublikalyk әdebi zhurnaldarda zhariyalajdy zhekelegen әngimeleri ozbek karakalpak orys tilderine audaryldy Radiozhurnalist retinde zhүzdegen habarlary Қazak radiosynyn Altyn korynda saktauly DerekkozderҚazakstan zhazushylary Anyktamalyk Қurastyrushy Қamshyger Sayat Zhumasheva Қajyrnisa Almaty An arys baspasy 2009 zhyl