Домна пеші, домна — темір рудалы материалдардан шойын қорытатын шахталы тік пеш; аузы мен түп жағы бүйірінен сәл қушықтау; биіктігі 30 метрдей, бүйірінің диаметрі 6-8 метр, пайдалы көлемі 1400-1800 м3 шамасында, тәуліктік жұмыс өнімділігі 1600-1700 тонна.
Домна пешін отқа төзімді, аса берік кірпіштен қалыңдығын 1 метрдей етіп қалайды да, сыртын қалыңдығы 30-40 мм болат қаптамамен қаптайды. Табаны мен қабырғаларын отқа күймеу үшін сумен салқындатып тұратын етіп салады. Іргетасы мен табаны қалың етіліп, берік материалдардан жасалады.
Пештің ішкі бетінің балқымауы үшін және пеш қорабын (қаптамасын) жоғары температурадан қорғау мақсатында домна пешінде суы айналып тұратын салқындатқыштар пайдаланылады. Пештің сыртқы қорабы мен колошниктің құрылғысы іргетасқа орнатылған бағаналарға бекітіледі. Шихта (кентас, агломерат, кокс, флюс, т.б.) пеш колошнигіне скиптермен (сусымалы материалдар салынатын ыдыс) беріледі. Ауа үрлеуіш машинадан шыққан үрлеу пешінің горнына (көрігіне, яғни пештің төменгі бөлігіне) айнала орналасқан қыздырғыштар (мұнда ауа 1000 – 1200°С-қа дейін қызады) мен фурмалық приборлар арқылы жіберіледі. Сонымен қатар пешке фурмалар арқылы қосымша отын да (табиғи газ, мазут немесе көмір тозаңы) енгізіледі. Қорыту өнімдері горнның төменгі бөлігінде орналасқан балқыма ағатын науалармен шойын және шлак тасығыш шөміштерге жіберіледі. Пеште пайда болатын колошник газы пеш күмбезінде орналасқан газ шығарғыштар арқылы әкетіледі.
Қазақстанда Теміртау қаласындағы «Испат – Кармет» акционерлік қоғамы құрамында төрт домна пеші бар.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсінідірме сөздігі. Кен ісі және металлургия. — Алматы, «Мектеп», 2003.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Domna peshi domna temir rudaly materialdardan shojyn korytatyn shahtaly tik pesh auzy men tүp zhagy bүjirinen sәl kushyktau biiktigi 30 metrdej bүjirinin diametri 6 8 metr pajdaly kolemi 1400 1800 m3 shamasynda tәuliktik zhumys onimdiligi 1600 1700 tonna Domna peshin otka tozimdi asa berik kirpishten kalyndygyn 1 metrdej etip kalajdy da syrtyn kalyndygy 30 40 mm bolat kaptamamen kaptajdy Tabany men kabyrgalaryn otka kүjmeu үshin sumen salkyndatyp turatyn etip salady Irgetasy men tabany kalyn etilip berik materialdardan zhasalady Peshtin ishki betinin balkymauy үshin zhәne pesh korabyn kaptamasyn zhogary temperaturadan korgau maksatynda domna peshinde suy ajnalyp turatyn salkyndatkyshtar pajdalanylady Peshtin syrtky koraby men koloshniktin kurylgysy irgetaska ornatylgan baganalarga bekitiledi Shihta kentas aglomerat koks flyus t b pesh koloshnigine skiptermen susymaly materialdar salynatyn ydys beriledi Aua үrleuish mashinadan shykkan үrleu peshinin gornyna korigine yagni peshtin tomengi boligine ajnala ornalaskan kyzdyrgyshtar munda aua 1000 1200 S ka dejin kyzady men furmalyk priborlar arkyly zhiberiledi Sonymen katar peshke furmalar arkyly kosymsha otyn da tabigi gaz mazut nemese komir tozany engiziledi Қorytu onimderi gornnyn tomengi boliginde ornalaskan balkyma agatyn naualarmen shojyn zhәne shlak tasygysh shomishterge zhiberiledi Peshte pajda bolatyn koloshnik gazy pesh kүmbezinde ornalaskan gaz shygargyshtar arkyly әketiledi Қazakstanda Temirtau kalasyndagy Ispat Karmet akcionerlik kogamy kuramynda tort domna peshi bar DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsinidirme sozdigi Ken isi zhәne metallurgiya Almaty Mektep 2003 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet