Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан-ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.
Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан-жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған.
Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды. Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.
ХІХ ғасыр философиясында әлеуметтік философия онтологияны, гносеологияны, философиялық антропологияны, этиканы толықтырып отыратын қосалқы пән ретінде дамыған. Дүрбелеңге толы XX ғасырда әлеуметтік философияның қоғамдық маңызы аса түскенін атап айтуымыз қажет.
Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.
Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады.
Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек.
Дереккөздер
- “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Adamnyn barlyk obektivti mүmkindikteri dүnieni tanu tүsinu ugynu t b zhәne odan kisyndy tuyndajtyn shygarmashylyk zhasampazdyk is әreketteri nakty tarihi dәuirde kolajly zhagdajlarda gana iske asyrylady Adamnyn baska adamsyz kүni zhok o bastan ak ol oz bolmysyn baskalarsyz karastyrmagan Adamnyn dүniege karym katynasynyn mәnin ashu negizgi mindeti bolyp tabylatyn filosofiya kogamdy zhan zhakty zerttep onyn tүpki zandylyktaryna erekshe konil audaryp otyrgan Filosofiyanyn kogamdy erekshe kubylys retinde karastyryp onyn mәnin ashatyn bolimi әleumettik filosofiya dep atalady Ol kogamdy birtutas dinamikalyk zhүje retinde ala otyryp onyn negizgi zhәne kozgaushy kүshterin anyktap omir sүrui men damuynyn tetikterin ajkyndajdy Әleumettik procesterdin kisynyn tүsindiredi HIH gasyr filosofiyasynda әleumettik filosofiya ontologiyany gnoseologiyany filosofiyalyk antropologiyany etikany tolyktyryp otyratyn kosalky pәn retinde damygan Dүrbelenge toly XX gasyrda әleumettik filosofiyanyn kogamdyk manyzy asa tүskenin atap ajtuymyz kazhet Әleumettik filosofiya degenimiz kogamdyk damudyn zhalpy zandylyktaryn tүsindiretin teoriya Ol sociologiyamen tygyz bajlanysty Eger әleumettik filosofiya kogam turaly bilimderdin zhogary dәrezhedegi zhinaktaluy nemese toptastyryluy desek onda sociologiya osy bilimderdin orta dәrezhedegi zhinaktaluy nemese toptastyryluy Sociologiya kogamdagy zheke zhүjelerdin omir sүrip damu zandylyktaryn zerttejdi Mysaly otbasy sociologiyasy bilim beru sociologiyasy gylym sociologiyasy Әleumettik filosofiya men sociologiya birin biri tolyktyrady Ғylymi bilimnin tarih arheologiya etnografiya sayasattanu siyakty salalarymen birige otyryp kogamnyn tolyk sipatyn bere alady Degenmen kogamdy filosofiyalyk zertteudin ozindik erekshelikteri bar Өjtkeni tarihty sanasy bar adam zhasajdy Sondyktan kogamdyk omir әrtүrli shym shytyryk tipti shatasylgan onda kүtpegendik zhii bolyp turady Ol әrtүrli korinisterge ote baj onyn korinisterinin teren kabattaryna bojlaj otyryp ondagy zandylyktardy anyktau onaj zhumys emes Қogamdyk bolmysty tanuga en zhetilgen eksperimenttik baza komektese almajdy Bul zherde koptegen faktilerdi zhinaktap taldap tүsindiretin akyl ojdyn galamat kүshi men biliktiligi kazhet Әleumettik filosofiyada әrtүrli ojlar men teoriyalardyn akikattygyn birden tikelej dәleldeu kiyn olardyn durys burystygyna koz zhetkizu үshin uakyt kerek Derekkozder Filosofiya Esirkepova G K Shymkent 2008