Өндіріс пен ауыл шаруашылығында, сол секілді тамақ өнеркәсібі мен өндірісінде қолданылатын көптеген заттар мен шикізаттар, товарлар ұнтақ күйінде кездеседі, мысалы, ұнтақ отындар, күйе, ұн, крахмал, қүрғақ бояулар мен пигменттер, цемент, бор сияқты құрылыс материалдары, минералды және органикалық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер мен иісті препараттар, тағам өнімдері және басқалар.
Ұнтақтар өзінің көптеген сипатына орай аэрозольдерге өте жақын, тіпті оны қатты дисперстік фазасы жинақталған аэрозоль ретінде қарастыруға да болады. Ұнтақтарға ірі дисперстік, седиментациялық тұрғыдан тұрақсыз системаларды да жатқызуға болады.
Ұнтақ бөлшектерінің өлшемі және оған тікелей тәуелді болатын олардың меншікті беткі қабатының қолданбалы мәні зор/Айталық, баяу реңінің, ашықтығы мен бояғыштық қабілеті, тамақ өнімінде қолданылатын ұнтақтардың дәмділігі, тағы да басқалар олардың дисперстілік дәрежесіне байланысты. Ал ондағы бөлшек өлшемін микроскоптық, седиментациялық және елеу әдістерімен анықтауға болады. Ұнтақтағы бөлшектердің меншікті беткі қабатын, азоттың бөлшектерге адсорбциялануымен немесе ұнтау арқылы сүзілген сұйық мөлшерімен, сол сияқты ұнтақ арқылы сорылған ауа көмегімен анықтайды.
Бөлшектерден тұратын қабат бетін, осы қабаттағы кіші бөлшектердің қозғалуын қарастырудың мәні зор, өйткені олар ұнтақты тасымалдауға негіз болады. Бұл қозғалыстар үш түрлі тәсілмен жүзеге асуы мүмкін: 1. Бөлшектер ұнтақ бетінде домалап қозғалады. 2. Бөлшектер ұнтақ бетінен бөлініп көтеріледі және өте тез, сол сәтте-ақ төмен түседі, яғни бөлшек “секіре” қозғалады. 3. Бөлшектер аэрозоль күйінде қозғалады немесе ол жел ағымымен бірге жүреді. Бұл қозғалыстың үш түрін де түбіне қалып құм қабаты төселген аэродинамикалық трубадан байқауға болады. Ауа ағымының белгілі мәндегі жылдамдығы кезінде бөлшек домалай қозғалады. Ал егер олар кішігірім ойысқа кезіксе, тоқтап қалады. Егер ауа жылдамдығы бұдан біраз артық болса, онда бөлшектер тағы да домалай бастайды.
Ұнтақтарды да коллоидты системадағыдай конденсациялық және дисперсиялық әдістермен алады.
Конденсациялық әдіс
Конденсациялық әдіс бойынша екі не одан да көп электролиттер ерітіндіде химиялық, реакцияласқанда және осы өнімнің бірі тұнбаға шөгінді күйінде түскенде қолданылады. Мысалы, Nа2СОз + СаС12 = СаСО3| + 2NаС1. Сондай-ақ, кейбір жоғары дисперстіліктегі ұнтақтарды өртеп, мысалы, мырыш оксидін алады. Бүл реакция 300°С-та жүреді. Ал газ және сұйық отындарды оттек жеткіліксіз жағдайда жаққанда күйе алынады. Егер конденсациялық әдіс кезінде алынған зат ірі болса, оны ұнтақтайды.
Дисперсиялық әдіс
Бұл әдіс бұрында қарастырылған механикалық диірмен, коллоидты диірмен, ультрадыбысты аспаптармен берілген заттарды ұнтақтауға негізделген. Осында ұнтақталған заттарды електен өткізіп, оларды өлшеміне орай сұрыптайды. Қолданылатын диірменге орай түрлі ұнтақтар алынады. Ұнтақтардың өлшемін талдап бақылайды. Ол үшін електен өткізу, седиментациялық және адсорбцияны өлшеу сияқты тәсілдерді пайдаланады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өndiris pen auyl sharuashylygynda sol sekildi tamak onerkәsibi men ondirisinde koldanylatyn koptegen zattar men shikizattar tovarlar untak kүjinde kezdesedi mysaly untak otyndar kүje un krahmal kүrgak boyaular men pigmentter cement bor siyakty kurylys materialdary mineraldy zhәne organikalyk tynajtkyshtar dәri dәrmekter men iisti preparattar tagam onimderi zhәne baskalar Ұntaktar ozinin koptegen sipatyna oraj aerozolderge ote zhakyn tipti ony katty disperstik fazasy zhinaktalgan aerozol retinde karastyruga da bolady Ұntaktarga iri disperstik sedimentaciyalyk turgydan turaksyz sistemalardy da zhatkyzuga bolady Ұntak bolshekterinin olshemi zhәne ogan tikelej tәueldi bolatyn olardyn menshikti betki kabatynyn koldanbaly mәni zor Ajtalyk bayau reninin ashyktygy men boyagyshtyk kabileti tamak oniminde koldanylatyn untaktardyn dәmdiligi tagy da baskalar olardyn disperstilik dәrezhesine bajlanysty Al ondagy bolshek olshemin mikroskoptyk sedimentaciyalyk zhәne eleu әdisterimen anyktauga bolady Ұntaktagy bolshekterdin menshikti betki kabatyn azottyn bolshekterge adsorbciyalanuymen nemese untau arkyly sүzilgen sujyk molsherimen sol siyakty untak arkyly sorylgan aua komegimen anyktajdy Bolshekterden turatyn kabat betin osy kabattagy kishi bolshekterdin kozgaluyn karastyrudyn mәni zor ojtkeni olar untakty tasymaldauga negiz bolady Bul kozgalystar үsh tүrli tәsilmen zhүzege asuy mүmkin 1 Bolshekter untak betinde domalap kozgalady 2 Bolshekter untak betinen bolinip koteriledi zhәne ote tez sol sәtte ak tomen tүsedi yagni bolshek sekire kozgalady 3 Bolshekter aerozol kүjinde kozgalady nemese ol zhel agymymen birge zhүredi Bul kozgalystyn үsh tүrin de tүbine kalyp kum kabaty toselgen aerodinamikalyk trubadan bajkauga bolady Aua agymynyn belgili mәndegi zhyldamdygy kezinde bolshek domalaj kozgalady Al eger olar kishigirim ojyska kezikse toktap kalady Eger aua zhyldamdygy budan biraz artyk bolsa onda bolshekter tagy da domalaj bastajdy Ұntaktardy da kolloidty sistemadagydaj kondensaciyalyk zhәne dispersiyalyk әdistermen alady Kondensaciyalyk әdisKondensaciyalyk әdis bojynsha eki ne odan da kop elektrolitter eritindide himiyalyk reakciyalaskanda zhәne osy onimnin biri tunbaga shogindi kүjinde tүskende koldanylady Mysaly Na2SOz SaS12 SaSO3 2NaS1 Sondaj ak kejbir zhogary disperstiliktegi untaktardy ortep mysaly myrysh oksidin alady Bүl reakciya 300 S ta zhүredi Al gaz zhәne sujyk otyndardy ottek zhetkiliksiz zhagdajda zhakkanda kүje alynady Eger kondensaciyalyk әdis kezinde alyngan zat iri bolsa ony untaktajdy Dispersiyalyk әdisBul әdis burynda karastyrylgan mehanikalyk diirmen kolloidty diirmen ultradybysty aspaptarmen berilgen zattardy untaktauga negizdelgen Osynda untaktalgan zattardy elekten otkizip olardy olshemine oraj suryptajdy Қoldanylatyn diirmenge oraj tүrli untaktar alynady Ұntaktardyn olshemin taldap bakylajdy Ol үshin elekten otkizu sedimentaciyalyk zhәne adsorbciyany olsheu siyakty tәsilderdi pajdalanady