Ұлытау – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қорықша 1971 жылы облыстық маңызы бар мәртебеде ұйымдастырылды, 1986 жылы республикалық маңызы бар санатқа ауыстырылды, 1990 жылы «Ұлттық тарихи-мәдени қорық» - Ұлытау мұражайының құрамына кірді. Ауданы 19300 га. Құрылу мақсаты – Ұлытау тауларының бүкіл табиғи кешенін қорғау, негізгі бағыты – тау жануарларын қорғау және көбейту.
Ұлытау қорықшасы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 19 300 га |
Құрылған уақыты | 1971 жыл |
Орналасуы | |
48°45′24″N 66°36′09″E / 48.75664144°N 66.60255432°E | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ұлытау облысы |
Аудан | Ұлытау ауданы |
Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде, Ұлытау тауларының гранитті баурайында, "Ұлытау орман және жануарлар дүниесін қорғау" шаруа қожалығының күштерімен қорғалатын мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан.
Флорасы
Ұлытаудың жоғарғы белдеуі ұсақ топырақ пен жоғары сатыдағы өсімдіктерден айырылған, сарғайған, қара, жасыл түсті қыналармен боялған. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тек ұсақ топырақ жиналған жарықтарда, тас тақталардың ойыстарында және көбінесе ойықтарда шоғырланған. Тау беткейлерінің төменгі бөліктеріндегі тау шатқалдарында қызыл қаулы дала шөптесіндері кездеседі. Терең шатқалдардың кей беткейлері қайың, қайыңды-көктерек ормандарымен, кей жерлерде мойыл мен долана және қалың бұталармен жабылған. Таудың шеткі аласа бөліктерін шөлейтті жусанды-бетегелі және тобылғы мен садақбоз қау өскен далалар алып жатыр. Бұл бөлікте тек Ұлытау облысында кездесетін ерекше қорғауға алынған өсімдіктер өседі: қылшықты мыңжапырақ, ұсақ гүлді күреңот, ұлытаулық түймешетен, олармен қатар сирек кездесетін шегіргүл Селькирка, қазақ күреңі, жалтыршөп, қала шыршайы, қияқөлең, жоңғар талы. Қазақстанның Қызыл кітабына енгендер: қызыл қайың, сартүтік, Шренк қызғалдағы, ұлытаулық түймешетен.
Фаунасы
Қорықшада тұяқтылардың кейбір түрлері, соның ішінде арқарлар мен еліктер мекен етеді, құстардан – құр мен шіл түрлері, жыртқыштардан – түлкі, қасқыр, ақкіс, аққалақ, қарсақ, күзен және т.б. жануарлар түрлі кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген фауна түрлері: қара дегелек, бүркіт, ителгі, Қазақстан арқары, қарақұйрық, қылқұйрық бұлдырық, үкі, сабаншы.
Дереккөздер
- Сайт "Особо охраняемые природные территории Республики Казахстан" https://oopt.kz/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұlytau memlekettik tabigi zoologiyalyk koryksha Қoryksha 1971 zhyly oblystyk manyzy bar mәrtebede ujymdastyryldy 1986 zhyly respublikalyk manyzy bar sanatka auystyryldy 1990 zhyly Ұlttyk tarihi mәdeni koryk Ұlytau murazhajynyn kuramyna kirdi Audany 19300 ga Қurylu maksaty Ұlytau taularynyn bүkil tabigi keshenin korgau negizgi bagyty tau zhanuarlaryn korgau zhәne kobejtu Ұlytau korykshasyZhalpy maglumatAudany19 300 gaҚurylgan uakyty1971 zhylOrnalasuy48 45 24 N 66 36 09 E 48 75664144 N 66 60255432 E 48 75664144 66 60255432 T El ҚazakstanAjmakҰlytau oblysyAudanҰlytau audanyҰlytau korykshasyҰlytau korykshasyGeografiyalyk ornyҰlytau oblysy Ұlytau audany zherinde Ұlytau taularynyn granitti baurajynda Ұlytau orman zhәne zhanuarlar dүniesin korgau sharua kozhalygynyn kүshterimen korgalatyn memlekettik orman kory zherlerinde ornalaskan FlorasyҰlytaudyn zhogargy beldeui usak topyrak pen zhogary satydagy osimdikterden ajyrylgan sargajgan kara zhasyl tүsti kynalarmen boyalgan Zhogary satydagy osimdikter tek usak topyrak zhinalgan zharyktarda tas taktalardyn ojystarynda zhәne kobinese ojyktarda shogyrlangan Tau betkejlerinin tomengi bolikterindegi tau shatkaldarynda kyzyl kauly dala shoptesinderi kezdesedi Teren shatkaldardyn kej betkejleri kajyn kajyndy kokterek ormandarymen kej zherlerde mojyl men dolana zhәne kalyn butalarmen zhabylgan Taudyn shetki alasa bolikterin sholejtti zhusandy betegeli zhәne tobylgy men sadakboz kau osken dalalar alyp zhatyr Bul bolikte tek Ұlytau oblysynda kezdesetin erekshe korgauga alyngan osimdikter osedi kylshykty mynzhapyrak usak gүldi kүrenot ulytaulyk tүjmesheten olarmen katar sirek kezdesetin shegirgүl Selkirka kazak kүreni zhaltyrshop kala shyrshajy kiyakolen zhongar taly Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engender kyzyl kajyn sartүtik Shrenk kyzgaldagy ulytaulyk tүjmesheten FaunasyҚorykshada tuyaktylardyn kejbir tүrleri sonyn ishinde arkarlar men elikter meken etedi kustardan kur men shil tүrleri zhyrtkyshtardan tүlki kaskyr akkis akkalak karsak kүzen zhәne t b zhanuarlar tүrli kezdesedi Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen fauna tүrleri kara degelek bүrkit itelgi Қazakstan arkary karakujryk kylkujryk buldyryk үki sabanshy DerekkozderSajt Osobo ohranyaemye prirodnye territorii Respubliki Kazahstan https oopt kz