Ұлттық продюсерлік орталық — мемлекеттік кино мекемесі.
Тарихы
ҚР үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы «Ш.К.Айманов атындағы «Қазақфильм» шығармашылық-өндірістік ұйымын қайта құру» туралы қаулысына сәйкес мекеме Ш.К.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы және Ұлттық продюсерлік орталық болып екіге бөлінді.
Көп ұзамай Қазақстан киноматографиясын дамыту және ұлттық фильмдерді прокатқа шығарып, көрсетуге жағдай тудыру мақсатымен 1996 ж. қазан айында «Қазақкино» мемлекеттік компаниясы құзырында Ұлттық продюсерлік орталық жеке мекеме ретінде ұйымдасты. Оның ақшалай қоры мемлекеттік бюджет, оған қоса инвесторларды тарту, сондай-ақ өзге қаржы көздері есебінен құралды. 1999 ж. қаңтар айында Ұлттық продюсерлік орталық ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына айналды. Ол қазақ киносын дамытып өркендету, жаңа кинотуындыларын жасауға инвестиция тарту, республикада ұйымдастыру ісін жетілдіру, халықаралық байланысты орнықтыру, отандық кино жасаушылар мүддесін қорғау, т.б. жұмыстармен айналысып, толық және қысқа метражды көркем, деректі, ғылыми-көпшілік, киношежірелік, оқу және анимациялық фильмдерді сонымен қатар видео, телевизиялық пен көп сериялы кинотуындылар, жарнамалық роликтер шығару өндірісін, оларды прокаттау мен тарату ісін ұйымдастырды.
Ұлттық продюсерлік орталықтың басқа студиялармен бірлесіп шығарған фильмдері қатарында “Заман-ай” (реж. Б.Шәріп), “Киллер” (реж. Д.Өмірбаев), “Омпа” (реж. С.Нарымбетов), “Тауқымет” (реж. Ұ.Қолдауова), “1997” (реж. А.Әмірқұлов), “Фара” (реж. А.Қарпықов), “Ағайынды үшеу” (реж. С.Апрымов), т.б. көркем, сондай-ақ деректі анимациялық киноленталар бар. Әр жылдары бұл фильмдердің көпшілігі Франция, Италия, Жапония, Иран, Ресей, Украина, Үндістан секілді елдерде өткен халықаралық кинофестивальдардың түрлі жүлделерін иеленді. 2000 ж. 28 наурызда Ұлттық продюсерлік орталық Ш.К.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы мен Қазақ кинопрокаттың бірігуі нәтижесінде Ш.К.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы болып қайта құрылды. Бұған қоса, 2005 ж. мамыр айында «Қазақстан киномотографияшылары одағының продюсерлік орталығы» (директоры И.А.Вовнянко) құрылған. Ол фильмдерге продюсерлік жасау, деректі және көркем фильмдер шығару, кинофестивальдарды ұйымдастырып, өткізу ісімен шұғылданады. 2006 ж. осы орталық арқылы грантымен «Ұлттық қор. Есепшот №...» атты деректі фильм шығарылды.
Дереккөздер
- Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұlttyk prodyuserlik ortalyk memlekettik kino mekemesi TarihyҚR үkimetinin 1996 zhylgy 20 tamyzdagy Sh K Ajmanov atyndagy Қazakfilm shygarmashylyk ondiristik ujymyn kajta kuru turaly kaulysyna sәjkes mekeme Sh K Ajmanov atyndagy Қazak kinofabrikasy zhәne Ұlttyk prodyuserlik ortalyk bolyp ekige bolindi Kop uzamaj Қazakstan kinomatografiyasyn damytu zhәne ulttyk filmderdi prokatka shygaryp korsetuge zhagdaj tudyru maksatymen 1996 zh kazan ajynda Қazakkino memlekettik kompaniyasy kuzyrynda Ұlttyk prodyuserlik ortalyk zheke mekeme retinde ujymdasty Onyn akshalaj kory memlekettik byudzhet ogan kosa investorlardy tartu sondaj ak ozge karzhy kozderi esebinen kuraldy 1999 zh kantar ajynda Ұlttyk prodyuserlik ortalyk ҚR Bilim mәdeniet zhәne densaulyk saktau ministrliginin respublikalyk memlekettik kazynalyk kәsipornyna ajnaldy Ol kazak kinosyn damytyp orkendetu zhana kinotuyndylaryn zhasauga investiciya tartu respublikada ujymdastyru isin zhetildiru halykaralyk bajlanysty ornyktyru otandyk kino zhasaushylar mүddesin korgau t b zhumystarmen ajnalysyp tolyk zhәne kyska metrazhdy korkem derekti gylymi kopshilik kinoshezhirelik oku zhәne animaciyalyk filmderdi sonymen katar video televiziyalyk pen kop seriyaly kinotuyndylar zharnamalyk rolikter shygaru ondirisin olardy prokattau men taratu isin ujymdastyrdy Ұlttyk prodyuserlik ortalyktyn baska studiyalarmen birlesip shygargan filmderi katarynda Zaman aj rezh B Shәrip Killer rezh D Өmirbaev Ompa rezh S Narymbetov Taukymet rezh Ұ Қoldauova 1997 rezh A Әmirkulov Fara rezh A Қarpykov Agajyndy үsheu rezh S Aprymov t b korkem sondaj ak derekti animaciyalyk kinolentalar bar Әr zhyldary bul filmderdin kopshiligi Franciya Italiya Zhaponiya Iran Resej Ukraina Үndistan sekildi elderde otken halykaralyk kinofestivaldardyn tүrli zhүldelerin ielendi 2000 zh 28 nauryzda Ұlttyk prodyuserlik ortalyk Sh K Ajmanov atyndagy Қazak kinofabrikasy men Қazak kinoprokattyn birigui nәtizhesinde Sh K Ajmanov atyndagy Қazakfilm Ұlttyk kompaniyasy bolyp kajta kuryldy Bugan kosa 2005 zh mamyr ajynda Қazakstan kinomotografiyashylary odagynyn prodyuserlik ortalygy direktory I A Vovnyanko kurylgan Ol filmderge prodyuserlik zhasau derekti zhәne korkem filmder shygaru kinofestivaldardy ujymdastyryp otkizu isimen shugyldanady 2006 zh osy ortalyk arkyly grantymen Ұlttyk kor Esepshot atty derekti film shygaryldy DerekkozderҚazakstan Ұlttyk enciklopediyasy