Үшарал мешіті, Абдулла Ишан мешіті – Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарына жататын сәулет өнері ескерткіші.
Үшарал мешіті (Жамбыл облысы) | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы | Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Түрі | киелі нысан |
Сәулет стилі | қала қүрылысы және сәулет |
Орналасуы | |
Ғимараттың маңыздылығы | сәулет өнері |
Жөнделген уақыты | 2003-2004 жылдары |
Биіктігі | 3,5 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Диаметрі | 8 м |
Басқа да өлшемдері | 12,5x10,2 м |
Орналасқан жері
Жамбыл облысы Талас ауданындағы Yшарал ауылында орналасқан.
Кезеңі
Мешіт 1906 жылы тұрғызылған.
Тарихи деректер, құрылыс сипаты
ХІХ-ХХ ғасырларда мешіттердің құрылысы медреседе арнайы білім алған адамдарға ғана сеніп тапсырылды. Олардың бірі Абдулпа-ишан Саиди (1836-1914) болды, ол Бұхарада біліп алып, мұсылман дінін оқыту бойынша атақты білімпаз ретінде мойындалып, араб және парсы тілдерінде тақпақтар жазған.
Бұл мешітті тағы да Үшарал медресе мешіті деп атайды, оның сәулетшісі – халық шебері Ислам 20 ғасырдың бас кезіндегі көп күмбезді мешіт үлгісінде салған.
Құрылыстың өзінің жоспардағы өлшемдері 12,5x10,2 м, қабырғаларының биіктігі 3,5 м. Басты бөлмесінің барабанында диаметрі 8 м күмбез тағылған. 15 кіші күмбез басқа бөлмелер мен айванды бірдей үлкен аркаларға сүйеніп тұратын үш жақтан жауып тұрады. Кіретін есігінің үстінде ақ сылақта жасаған Құраннан алынған үзінді орналасқан. Залдың оңтүстік батыс қабырғасында діни сентенциялары бар эпиграфтық картушы бар П-тектес көмкерілген михрабты текше қарастырылған.
1948 жылы Қазақстан Министрлігі Кеңесі жанындағы Архитектура істері жөніндегі ресублика басқарма қызметкерлері мен 1977 жылы Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің “Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институтының экспедициясы зерттеді. Үшарал мешіті 1982 жылы республика маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.
Ескерткіштің реставрациялық жұмыстары 1985-1986 жылдары және 2003-2004 жылдары жүргізілді.
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үsharal meshiti Abdulla Ishan meshiti Zhambyl oblysynyn respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin kataryna zhatatyn sәulet oneri eskertkishi Үsharal meshiti Zhambyl oblysy Zhalpy mәlimetStatusyRespublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishiTүrikieli nysanSәulet stilikala kүrylysy zhәne sәuletOrnalasuyZhambyl oblysy Talas audanyҒimarattyn manyzdylygysәulet oneriZhondelgen uakyty2003 2004 zhyldaryBiiktigi3 5 mTehnikalyk sipattamasyDiametri8 mBaska da olshemderi12 5x10 2 mҮsharal meshitinin keskiniOrnalaskan zheriZhambyl oblysy Talas audanyndagy Ysharal auylynda ornalaskan KezeniMeshit 1906 zhyly turgyzylgan Tarihi derekter kurylys sipatyHIH HH gasyrlarda meshitterdin kurylysy medresede arnajy bilim algan adamdarga gana senip tapsyryldy Olardyn biri Abdulpa ishan Saidi 1836 1914 boldy ol Buharada bilip alyp musylman dinin okytu bojynsha atakty bilimpaz retinde mojyndalyp arab zhәne parsy tilderinde takpaktar zhazgan Bul meshitti tagy da Үsharal medrese meshiti dep atajdy onyn sәuletshisi halyk sheberi Islam 20 gasyrdyn bas kezindegi kop kүmbezdi meshit үlgisinde salgan Қurylystyn ozinin zhospardagy olshemderi 12 5x10 2 m kabyrgalarynyn biiktigi 3 5 m Basty bolmesinin barabanynda diametri 8 m kүmbez tagylgan 15 kishi kүmbez baska bolmeler men ajvandy birdej үlken arkalarga sүjenip turatyn үsh zhaktan zhauyp turady Kiretin esiginin үstinde ak sylakta zhasagan Қurannan alyngan үzindi ornalaskan Zaldyn ontүstik batys kabyrgasynda dini sentenciyalary bar epigraftyk kartushy bar P tektes komkerilgen mihrabty tekshe karastyrylgan 1948 zhyly Қazakstan Ministrligi Kenesi zhanyndagy Arhitektura isteri zhonindegi resublika baskarma kyzmetkerleri men 1977 zhyly Қazak KSR i Mәdeniet ministrliginin Қazak zhobalau kalpyna keltiru institutynyn ekspediciyasy zerttedi Үsharal meshiti 1982 zhyly respublika manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin tizimine engizilip memleket korgauyna alyndy Eskertkishtin restavraciyalyk zhumystary 1985 1986 zhyldary zhәne 2003 2004 zhyldary zhүrgizildi DerekkozderҚazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қazak Enciklopediyasy Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom