Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Құқық философиясы
Құқық философиясы – құқықтың мәні, мағынасы мен ұғымы, оның әлемдегі орны, құндылықтары мен маңызы, адам, қоғам және мемлекет өміріндегі және халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеумен айналысады.
Өзінің саналы жаратылысы бойынша адам белгілі дәрежеде пайымдалған және зерделенген әлемде өмір сүреді, әрі әрекет етеді. Бұл адам болмысының фундаметалды қасиеттерінің,әлемдегі бағдары мен әрекетінің қатарына жатады. Болмыстың адамзаттық тәсілі өз құрамына зерделеуді, пайымдауды, бұл болмысты, өзіңді және бүкіл әлемді, әлемдегі өзіңді, өзіңдегі әлемді түсінуді енгізеді. Мұндай принцип адамның құқық әлемімен өзара қатынастарында да орын алады. Ол құқықтық мәліметтерді өз ақыл-ойының теориялық, кәдуілгі, философиялық ақыл-ойының тұрғысында бағалайды, сынайды тексереді, күмән келтіреді. Бұл позитивті құқықты ақылды, әділеттілік, шынайылық ақиқаттылық және тағы да басқа тұрғысынан сынауды білдіреді. Және де ол позитивті құқыққа қатынасында өзге өлшемге де ие болады. Бұл өлшем биліктің немесе оның өкімдерімен емес, адамның қоғамдық болмысының іргелі қасиеттері мен мәселелері, табиғат пен құқықтың мәнін тану қажеттілігі, оның адамның бірлескен өмірдегі алатын орны мен маңызы сияқты нәрселер арқылы анықталады. Ақыл-ойдың мақсаты – ақиқат және құқық философиясы да құқық туралы ақиқатты іздеумен айналысады. Құқық философиясының пәндік аймағы құқық пен занның айырмашылығы және арақатынасы мәселесі.
Құқық философиясының тарихы ертеден басталғанымен, "құқық философиясы" терминінің өзі XVIII ғасырдың соңында пайда болды. Бұған дейін ерте заманнан бастап, философиялық-құқықтық сала проблематикасы бастапқыда жалпы тақырыптың бір үзіндісі және қыры ретінде қойылып,ал кейінірек зерттеудің жеке дербес пәні ретінде дамыды.
Бастапқыда "құқық философиясы" термині заңгерлік ғылымда пайда болды. Оның авторы, құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушы, неміс заңгері Г. Гуго болып табылады. Гугоның пайымдауынша юриспруденция үш бөліктен тұрады: заңгерлік догматика, құқық философиясы және тарихы. Бұл жағдайда құқық тарихы құқықтың заң шығарушылық нәтижесінде емес, тарихилық нәтижесінде қалыптасуы туралы тұжырымды ұстанады. Құқық философиясы терминінің кең таралуы Гегельдің "құқық философиясымен" байланыстырылады. Гугомен салыстырғанда Гегельдің ойынша құқық философиясы заңгерлік емес, философиялық пән. Оның үстіне философия ғылымын ол тарихи ғылым ретінде қарастырады.
Гегель бойынша құқық туралы нағыз ғылым құқық философиясында көрінеді. Құқық философиясы пәнін Гегель былайша сипаттайды: құқық туралы философиялық өзінің пәні ретінде құқық идеясын құқық ұғымы мен оның іске асуын қарастырады. Құқық философиясының мақсаты – құқық негізіне жатқан ойларды игеру. Ал бұл дұрыс ойлау, құқықты философиялық тану арқасында мүмкін болады. Құқық философиясы пәнінің гегельдік түсіндірмесінің алғышарттарына ойлау мен болмыстың, ақылдылық пен нақтылықтың бірегейлігі туралы философиялық идеялары жатады. Философияның, оның ішінде құқық философиясының да мәндеттері осыдан туындайды, – "бар нәрсені игеру, өйткені бар нәрсе – ақыл-ой".
Құқық философиясы пәні мен міндетінің гегльдік түсіндірмесі құқық пен заңның бұрынғы табиғи-құқықтық концепцияларында да, табиғи құқықтың антирационалистік сынына да және құқықтық рационалистік тәртібіне де қарсы шықты. Құқық философиясының пәндік сипатын заңгерлік және философиялық ғылымдарда анықтау мәселелерін қойған Гуго мен Гегель көзқарастары XIX-XX ғасырлардың философиялық-құқықтық зерттеулерінде онан әрі дамыды. Философиялық ілімдердің өздерімен қатар, құқықтың философиялық түсіндірмелері де бүкіл заң ғылымына, ондағы философиялық-құқықтық тәсілдер мен концепцияларға әлі күнге дейін ықпалын тигізіп келеді. Сонымен қатар, юриспруденцияның өзі құқық туралы, оның қалыптасу, жетілу және даму мәселелері туралы заңгерлік-теориялық концепциялар да құқықтық тақырыптың философиялық зерттелуіне айрықша әсерін тигізді. Философия немесе заң ғылымдары жүйесінде болсын, құқыққа деген барлық философиялық тәсілдерде осындай өзара ықпал және өзара әрекет байқалады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап және XX ғасырда құқық философиясы заңгерлік пән ретінде негізінен заң факультеттерінде оқытылғанымен, оның дамуы үнемі философиялық оймен байланыста болып қала береді. Ерекше философиялық пән ретіндегі құқық философиясында танымдық мүдде мен зерттеушілік назар құқық саласындағы белгілі бір философиялық концепцияның танымдық мүмкіндіктері мен әлеуеттік мүмкіндіктерін ашып көрсетуге бағытталады. Мұнда белгілі бір объект ерекшеліктеріне қарай, соған сәйкес концепцияны методологиялық және аксиологиялық тұрғыда, сол концепция тілінде объектіні пайымдауға, түсіндіруге және игеруге қолдана отырып, оның мазмұндық нақтылауына көп көңіл бөлінеді.
Ал заңгерлік тұрғыда дайындалған құқық философиясы концепцияларында жоғарыдағы саламен салыстырғанда әдетте зерттеудің құқықтық сарындары, бағыттары мен бағдарлары басым болады. Және бұл жағдайда философиялық талдау аймағына көбіне дәстүрлі юриспруденцияның нақты сұрақтары кіреді. Алайда ең бастысы, әрине, тақырыптар мен мәселелердің қайсысын таңдау емес, қазіргі философиялық және құқықтық ойдың жалпы контекстінде нақтыландыру ағымында оларды құқық философиясы тұрғысынан түсіндіру мен пайымдау болып табылады.
Дерек көздер
- Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Оқу құралы. — Алматы, 2005. — 304 б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Қukyk filosofiyasyҚukyk filosofiyasy kukyktyn mәni magynasy men ugymy onyn әlemdegi orny kundylyktary men manyzy adam kogam zhәne memleket omirindegi zhәne halyk pen adamzat tagdyryndagy rolin zertteumen ajnalysady Өzinin sanaly zharatylysy bojynsha adam belgili dәrezhede pajymdalgan zhәne zerdelengen әlemde omir sүredi әri әreket etedi Bul adam bolmysynyn fundametaldy kasietterinin әlemdegi bagdary men әreketinin kataryna zhatady Bolmystyn adamzattyk tәsili oz kuramyna zerdeleudi pajymdaudy bul bolmysty ozindi zhәne bүkil әlemdi әlemdegi ozindi ozindegi әlemdi tүsinudi engizedi Mundaj princip adamnyn kukyk әlemimen ozara katynastarynda da oryn alady Ol kukyktyk mәlimetterdi oz akyl ojynyn teoriyalyk kәduilgi filosofiyalyk akyl ojynyn turgysynda bagalajdy synajdy tekseredi kүmәn keltiredi Bul pozitivti kukykty akyldy әdilettilik shynajylyk akikattylyk zhәne tagy da baska turgysynan synaudy bildiredi Zhәne de ol pozitivti kukykka katynasynda ozge olshemge de ie bolady Bul olshem biliktin nemese onyn okimderimen emes adamnyn kogamdyk bolmysynyn irgeli kasietteri men mәseleleri tabigat pen kukyktyn mәnin tanu kazhettiligi onyn adamnyn birlesken omirdegi alatyn orny men manyzy siyakty nәrseler arkyly anyktalady Akyl ojdyn maksaty akikat zhәne kukyk filosofiyasy da kukyk turaly akikatty izdeumen ajnalysady Қukyk filosofiyasynyn pәndik ajmagy kukyk pen zannyn ajyrmashylygy zhәne arakatynasy mәselesi Қukyk filosofiyasynyn tarihy erteden bastalganymen kukyk filosofiyasy termininin ozi XVIII gasyrdyn sonynda pajda boldy Bugan dejin erte zamannan bastap filosofiyalyk kukyktyk sala problematikasy bastapkyda zhalpy takyryptyn bir үzindisi zhәne kyry retinde kojylyp al kejinirek zertteudin zheke derbes pәni retinde damydy Bastapkyda kukyk filosofiyasy termini zangerlik gylymda pajda boldy Onyn avtory kukyktyn tarihi mektebinin negizin kalaushy nemis zangeri G Gugo bolyp tabylady Gugonyn pajymdauynsha yurisprudenciya үsh bolikten turady zangerlik dogmatika kukyk filosofiyasy zhәne tarihy Bul zhagdajda kukyk tarihy kukyktyn zan shygarushylyk nәtizhesinde emes tarihilyk nәtizhesinde kalyptasuy turaly tuzhyrymdy ustanady Қukyk filosofiyasy termininin ken taraluy Gegeldin kukyk filosofiyasymen bajlanystyrylady Gugomen salystyrganda Gegeldin ojynsha kukyk filosofiyasy zangerlik emes filosofiyalyk pәn Onyn үstine filosofiya gylymyn ol tarihi gylym retinde karastyrady Gegel bojynsha kukyk turaly nagyz gylym kukyk filosofiyasynda korinedi Қukyk filosofiyasy pәnin Gegel bylajsha sipattajdy kukyk turaly filosofiyalyk ozinin pәni retinde kukyk ideyasyn kukyk ugymy men onyn iske asuyn karastyrady Қukyk filosofiyasynyn maksaty kukyk negizine zhatkan ojlardy igeru Al bul durys ojlau kukykty filosofiyalyk tanu arkasynda mүmkin bolady Қukyk filosofiyasy pәninin gegeldik tүsindirmesinin algysharttaryna ojlau men bolmystyn akyldylyk pen naktylyktyn biregejligi turaly filosofiyalyk ideyalary zhatady Filosofiyanyn onyn ishinde kukyk filosofiyasynyn da mәndetteri osydan tuyndajdy bar nәrseni igeru ojtkeni bar nәrse akyl oj Қukyk filosofiyasy pәni men mindetinin gegldik tүsindirmesi kukyk pen zannyn buryngy tabigi kukyktyk koncepciyalarynda da tabigi kukyktyn antiracionalistik synyna da zhәne kukyktyk racionalistik tәrtibine de karsy shykty Қukyk filosofiyasynyn pәndik sipatyn zangerlik zhәne filosofiyalyk gylymdarda anyktau mәselelerin kojgan Gugo men Gegel kozkarastary XIX XX gasyrlardyn filosofiyalyk kukyktyk zertteulerinde onan әri damydy Filosofiyalyk ilimderdin ozderimen katar kukyktyn filosofiyalyk tүsindirmeleri de bүkil zan gylymyna ondagy filosofiyalyk kukyktyk tәsilder men koncepciyalarga әli kүnge dejin ykpalyn tigizip keledi Sonymen katar yurisprudenciyanyn ozi kukyk turaly onyn kalyptasu zhetilu zhәne damu mәseleleri turaly zangerlik teoriyalyk koncepciyalar da kukyktyk takyryptyn filosofiyalyk zertteluine ajryksha әserin tigizdi Filosofiya nemese zan gylymdary zhүjesinde bolsyn kukykka degen barlyk filosofiyalyk tәsilderde osyndaj ozara ykpal zhәne ozara әreket bajkalady XIX gasyrdyn ekinshi zhartysynan bastap zhәne XX gasyrda kukyk filosofiyasy zangerlik pәn retinde negizinen zan fakultetterinde okytylganymen onyn damuy үnemi filosofiyalyk ojmen bajlanysta bolyp kala beredi Erekshe filosofiyalyk pәn retindegi kukyk filosofiyasynda tanymdyk mүdde men zertteushilik nazar kukyk salasyndagy belgili bir filosofiyalyk koncepciyanyn tanymdyk mүmkindikteri men әleuettik mүmkindikterin ashyp korsetuge bagyttalady Munda belgili bir obekt erekshelikterine karaj sogan sәjkes koncepciyany metodologiyalyk zhәne aksiologiyalyk turgyda sol koncepciya tilinde obektini pajymdauga tүsindiruge zhәne igeruge koldana otyryp onyn mazmundyk naktylauyna kop konil bolinedi Al zangerlik turgyda dajyndalgan kukyk filosofiyasy koncepciyalarynda zhogarydagy salamen salystyrganda әdette zertteudin kukyktyk saryndary bagyttary men bagdarlary basym bolady Zhәne bul zhagdajda filosofiyalyk taldau ajmagyna kobine dәstүrli yurisprudenciyanyn nakty suraktary kiredi Alajda en bastysy әrine takyryptar men mәselelerdin kajsysyn tandau emes kazirgi filosofiyalyk zhәne kukyktyk ojdyn zhalpy kontekstinde naktylandyru agymynda olardy kukyk filosofiyasy turgysynan tүsindiru men pajymdau bolyp tabylady Derek kozderTurgynbaev Ә H Filosofiya Oku kuraly Almaty 2005 304 b